Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:17, доклад
Азаттықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына да 20 жыл толғалы тұр. Осы сындарлы шақта елдің елдігін сақтап қалу, ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін ақтау аса күрделі іс болатын. Сол аса күрделі кезеңде Н. Назарбаевтай көреген басшы салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты сүріндірмей сара жолға шығарды. Елбасы осыдан 20 жыл бұрын: – Біз зайырлы құқықтық мемлекет құруымыз керек. Адам құқығы әркез қорғалуы тиіс. Заңдылықтар сақталса, адам өзінің заңды түрде қорғалатынын айқын сезінсе онда дұрыс жолмен келе жатқанымыз, – деп еді. Енді міне, сол сәттер де сағымға айналып, еліміздің егемендігіне 20, Ата Заңымызға 16 жыл толғалы тұр.
Азаттықты аңсаған
қазақ халқының асыл арманының орындалғанына
да 20 жыл толғалы тұр. Осы сындарлы
шақта елдің елдігін сақтап қалу,
ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін
ақтау аса күрделі іс болатын.
Сол аса күрделі кезеңде Н.
Назарбаевтай көреген басшы салиқалы
саясат ұстанып, елді, халықты сүріндірмей
сара жолға шығарды. Елбасы осыдан 20
жыл бұрын: – Біз зайырлы құқықтық
мемлекет құруымыз керек. Адам құқығы
әркез қорғалуы тиіс. Заңдылықтар
сақталса, адам өзінің заңды түрде
қорғалатынын айқын сезінсе онда
дұрыс жолмен келе жатқанымыз, –
деп еді. Енді міне, сол сәттер де
сағымға айналып, еліміздің егемендігіне
20, Ата Заңымызға 16 жыл толғалы
тұр.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына
дәстүрлі Жолдауында биылғы жылы атқарылуы
тиіс негізгі бағыттар мен міндеттер айқындалды.
Соның ішінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығын
ел болып жоғары деңгейде атап өту мәселесіне
ерекше мән берілді. Тәуелсіздік – тәңірдің
біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың
мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі
барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің
арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде
елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз
бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде
қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім,
ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша
даму үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең
басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл
осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір
жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға
байланысты. Сондықтан да Тәуелсіздік
ерекше маңызға ие. Біздің алдымызда осы
жылы Тәуелсіздік мерейтойын асқан ұйымдастырушылықпен
және жоғары идеологиялық деңгейде өткізу
міндеті тұр. Ел тарихындағы осындай бірегей
белесті толайым табыстармен қарсы алу
баршамыз үшін үлкен сын. Тәуелсіздік
тойы жалпыхалықтық сипатқа ие болып,
отандастарымызға айрықша рух беруі керек.
Тәуелсіздік тойына әрбір қазақстандық
өз үлесін қосуы тиіс. Ол – ауыл шаруашылығында,
өндірісте, өнеркәсіпте жұмыс істеп жүрген
кез келген отандасымыздың сапалы еңбек
етіп, ел игілігін арттыру деген сөз. Яғни,
азаматтарымыздың адал еңбегі мен елге
деген шынайы құрметі тәуелсіздік тойына
жасалған үлкен тарту болмақ. Жиырма жылдық
– елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен
келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне
айналуы тиіс. Мемлекет басшысының атап
өткеніндей, Жолдауда мемлекеттік саясаттың
алдағы жылдардағы басымдықтары нақты
белгіленген. Биылғы Жолдау негізінен
әлеуметтік бағытта болды. Онда еліміз
халқының әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге
қатысты үлкен блокты шаралар қарастырылған,
экономиканы индустриялық инновациялық
дамыту бойынша жаңа міндеттер қойылған.
Сонау алыста қалған
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігі туралы
Конституциялық заң қабылданған
болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары
мен бостандықтарының, меншіктің, саяси
плюрализмнің және билік бөлінуінің
негізгі қағидаларын
Қазақстан халқы
Тәуелсіздігінің алғашқы
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2011 жыл «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы» деп жарияланды. Осыған орай, биылғы жыл «Бейбітшілік пен жасампаздыққа – 20 жыл» ұранымен өтеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеудің басты атрибуттары атқарылған нақты істер болады.
Ал, Тәуелсіздіктің
20 жылдығын мерекелеудің басты мақсаты
– мемлекеттілік пен Қазақстан
халқы бірлігін нығайту және базалық
құндылықтар төңірегінде
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде елімізді дүниежүзі танып, Елбасы ерен еңбегінің, сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік алдық.
Қазіргі уақытта
ҚР кемелді тәуелсіз мемлекетке айналды.
Жиырма жылдық мерзім ішінде елімізде
кең көлемді мемлекеттік
Еліміздің халықаралық
саясаты мемлекеттің егемендігі
мен тәуелсіздігінің
Жыл сайынғы Президенттің
халыққа арналған Жолдаулары мен
қабылданған мемлекеттік
Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын көрсетіп берді, олар – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекеттің мүддесін қорғауға ауыстыру. Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету, құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі күнде жүзеге асырылып отырған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың сотқа берілуі азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуының кепілі болып, сот жүйесінде қолдануда жақсы қорытындыларын көрсетуде.
Халқымыз ежелден заңға, тәртіпке аса мән бере білген. Бабаларымыздың «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты өте маңызды ереже-заңдары болғаны баршамызға аян.
Әділдік іздеп келген адамға әділ шешімін айтып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тауып, ердің құнын, нардың пұлын екі-ақ ауыз сөзбен таразылаған би, шешендер елдің небір содыры мен тентегін тоқтатып, шекіскенді бітістіріп, араздасқанды татуластырған.
Демек, кең байтақ жерімізді ежелден мекендеген халқымыз әділдік пен адалдықты әрқашан ту етіп, әділ де сындарлы заңы бар өркениетті ел болуға ұмтылған. Енді тәуелсіздігін алып, азат атанып, көк туын тік ұстаған Қазақ елінің өз Конституциясы, яғни Ата Заңы бар құқықтық мемлекет. Өркениетті қоғам құруды алдына мақсат еткен елдің Ата Заңы, заңды қорғайтын әділ соты, заңды құрметтейтін адал азаматы бар.
Бүгінде егемендігін
алып, тәуелсіздігінің тұғырын
Қазақстан Республикасы
Конституциясының 76-бабында «Сот билігі
Қазақстан Республикасының
Ата Заңымызда адамның азаматтық, саяси, экономикалық құқықтары мен бостандықтарының негізі айқындалған. Конституцияның бірінші кезекте жеке адам, азамат мүддесін қорғауға бейімделуі – Қазақстан егемендігінің және оның тек
құқықты мемлекет болуға ұмтылысының айғағы. Жалпы, Ата Заңымыз еліміздің демократиялық қоғам құруына негіз қалап берді. Еліміз ішінде болып жатқан оң өзгерістердің барлығы да Конституциямыздан бастау алады және заңдар арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы
13-бабының 2-тармағында «Әркім өз құқықтары
мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына
құқығы бар» деп көрсетілген. Мұның
өзі адамдардың құқықтары мен
бостандықтарын кеңес заманындағыдай
партия емес, басқа емес, осы іспен
тікелей айналысатын арнайы орган
– соттың ғана қорғауға құдіреті бар
екендігін заң жүзінде
Азат еліміздің Негізгі Заңының қабылданғанына биыл он алты жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Қазақстанның өз тәуелсіздігін орнықтырып қана қоймай, одан әрі нығаюы, әлем таныған мемлекетке айналуы, жүзеге асырған экономикалық, әлеуметтік, саяси қайта құрулары мен қол жеткізген жетістіктері түгелдей Конституциямызбен тығыз байланысты.
«Конституция – елдегі қоғамдық күштердің шын мәніндегі арақатынасы» деп Фердинанд Лассаль осыдан 140 жыл бұрын айтқан екен. Осы бір қанатты сөздің ақиқатына дербес өмірге жолдама алған әр мемлекеттің көзі жеткені анық. Ендеше, еркін халықтың санасында мәңгі орнаған бостандық идеясының жүзеге аса бастауының негізі болып отырған Конституцияның Қазақ елі үшін орны бөлек. Демек, елдігіміздің айнасы – Ата Заңымыз жасай берсін!
20 жыл ішінде
еліміздің сот билігі ел
Егемен еліміздің тәуелсіз сот жүйесін қалыптастырудағы оң өзгерістер 1991 жылы 16 желтоқсанында қабылданған «Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы» заңнан бастау алды. Бүкіл әлемдік қауымдастықтың алдында, Қазақстан Республикасының демократиялық дамудың сара жолына түскендігін жариялаған аталмыш заң, еліміздегі мемлекет билігінің заң шығару, атқару және сот билігі тармақтарына бөлінуін заңдастырды.
Сот билігінде реформаның
бастамасы егемен еліміздің 1993 жылғы
ақпан айында тұңғыш Конституциясын
қабылдаумен басталды. Ата Заң
сот билігінің ұйымы мен
Алайда, сот жүйесі әлі де жетілдіруді қажет етті.
1994 жылы ақпан
айында Елбасы Н.Ә.
30 тамыз 1995 жылы
қабылдаған жаңа Конституцияға
сәйкес, судьяларды Президенттің
тағайындауы және Жоғарғы Сот
судьяларының Парламент Сенаты
арқылы сайлауға енгізіліп,