Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 21:37, сочинение
Ауыз әдебиетінің баяғы заманнан ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған асыл мұраларының бірі – батырлар жыры. Қазақ батырлар жырында елін сүйген батыр мен оның елі үшін, Отаны үшін көрсеткен қаһармандығы суреттеледі. Туған жеріне немқұрайлы көзқараспен қарамаған батырлардың басты мақсаты – жерін, тума халқын, атамекенін басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүддесі көкселеді. Батырдың халыққа батыршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз үй-ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі де айқындалады.