Гистология, цитология, эмбриологияның даму тарихы. Гистологияның Қазақстан Республикасындағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 15:39, реферат

Краткое описание

Кіріспе:
Гистология курсына кіріспе. Негізгі бөлім:
1. Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері
2. Цитология – жасушалар туралы ілім
3. Эмбриология – ұрықтың тіндері мен мүшелерінің даму көзі
4. Гистологияның даму тарихы
5. Гистологияның міндеттері Қорытынды бөлім:
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержание

Гистология жануарлар организмдері ұлпаларының (тканьдарының) құрылысын, қызметін және дамуын зерттейтін ғылым ретінде биологиялық білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Ұлпалардың құрылысын, қызметін және дамуын білу барлық органдардың, органдар жүйесінің, тұтас организмнің тіршілік әрекетін дұрыс түсіну үшін қажет. Биология ғылымы организмдер кұрылысын зерттейтін морфологияға және организмдердің қызмет ерекшелігін зерттейтін физиологияға бөлі-неді. Гистология мен цитология және эмбриология биологиялық ғылымдар саласы — морфологияға жатады.