Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 16:13, реферат
Жедел лейкоздар — жетілмеген бласттық қантүзу жасушаларының қалыпты сүйек миының орнын басып алуымен сипатталатын лейкоздың тез өрістейтін түрі. Жедел лейкоздар екі ірі топқа бөлінеді: жедел лимфобласттық лейкоз (ЖЛЛ) және жедел лимфобласттық емес (миелогендік) лейкоз (ЖМЛ). ЖЛЛ көбіне балалық шақта, ал ЖМЛ ересек жастағыларда кездеседі. Жедел лейкоздар гемобластоздардың ең ауыр және жиі түрі. Гемобластоздардың 1/3 осы лейкоздардың үлесіне тиеді. Жедел лейкоздар кез келген шақта дами береді, бірақ 3-4 және 60-69 жас аралықтарында жиілеу дамиды.