Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 07:21, реферат
Қан тамырлары (vasa sanguinea, лат. vasa — тамыр, sanguis — қан) — адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер. Қан тамырлары: қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға ( артерияларға), қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға( веналарға) және оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша — артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша — венула) бөлінеді. Артериялар мен вена тамырлары қанды тасымалдаушы тамырларға жатады. Олардың қабырғасы қалың. Түтікше мүше ретінде артериялар мен веналардың қабырғалары үш қабықтан құралған: ішкі - интима, ортаңғы — медиа, сыртқы - адвентиция. Микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен оны қоршаған ұлпалар арасында зат алмасу процесі жүреді. Қан тамырла- рының ішкі беті эндотелиймен астарланған. Вена тамырлары интимасында жүрекке қарай ғана ашылатын қақпақшалар (клапандар) болады.[1]