Кардиологиядағы
заманауи зерттеу тәсілдері.
Холтерлік мониторлау
Холтерлік
мониторлау бұл бірнеше тіркемелерден
ЭКГ көмегімен тәуліктік жазуға арналған
функциональді диагностика әдісі.ЭКГ
жазбасы үзіліссіз 24 сағ немесе (48,72,кейде
7 тәулікке дейін)жазылады.ЭКГ жазбасы
арнайы портативті аппарат рекордер
(регистратор) арқылы жазылады.Ол аппаратты
науқас өзімен бірге алып жүреді (беліне
белдік арқылы бекітіп).Регистратор электрокардиограммалық
жазба жүргізіп, 1 тәулік бойындағы жүректің
жұмысы жайлы ақпаратты компьютерге жібереді.
Зерттеудің даму тарихы
Холтерлік мониторлау Нормон
Дж Холтер құрметіне солай аталған. Ол
бұл әдісті алғаш 1961 жылы қолданған.Осы
жылдар аралығында 40 кг науқастың арқасына
бекітілетін радиотолқынды магнитті
ленталы регистратор , бастапқыда 2 кг,ал
қазір 0,5 кг регистраторға дейін дами түсті.Техникалық
дамуы жазбаның сапалы болуына алып келді.
Диагностика жасауға
дайындық:
- Науқасқа бұл зерттеу тәулік бойы жүректің электрлік белсенділігін бағалап,жүректің түрлі ырғақ және өткізгіштік бұзылыстарын анықтауға көмектесетінін түсіндіру қажет.
- Науқаста терінің айқын түктенуі болған жағдайда электродтар бекітілетін жерлері қырылып,75% этил спиртімен өңделіп,құрғақт салфеткамен сүртіледі.
- Электродтарды жылы бөлмеде қондырады.
- Электродтар қондырылған соң регистраторға науқас жайлы мәліметтер (аты-жөні,жасы,жынысы,бойы,салмағы жайлы мәлімет енгізіледі.
Холтерлік мониторлау
жасауға көрсеткіштер:
- Жүректің ырғақ бұзылысынан кейін дамуы мүмкін шағымдар (жүрек қағуы, естен тану, бас айналу).
- Шағымы жоқ науқастарда өмірге қауіпті аритмиялардың пайда болу қаупін бағалау мына ауруларда:
- а) гипертрофиялық кардиомиопатия;
- б) жақында өткерген миокард ингфаркты жүрек шамасыздығы немесе ырғақ бұзылысымен асқынса;
- Ұзарған QT синдромы
- Антиаритмиялық емнің тиімділігін,немесе проаритмиялық көріністерді бағалау .
- ЭКС жұмысын бағалау:
- Жүрек бұлшықетіндегі қанайналым жетіспеушілігін бағалау:
- а) Принцметал типті вариантты стенокардияға күдіктенгенде ;
- б)Кей жағдайларда миокард инфарктынан кейінгі науқастарды ары қарай жүргізу тактикасын шешу үшін;
- в)Кей жағдайларда ЖИА кезінде емнің тиімділігін бағалау үшін .
- Науқастарда синусты ырғақтың циклді вариабелдігін бағалау үшін:
- а) миокард инфарктын өткергендер ;
- б) ЖШ мен науқастар ;
- в) Вегетативті жүйе қызметінің бұзылысына күдіктенгенде, мысалы, қант диабетінде немесе түнгі апноэ синдромында.
- QT интервалының тәуліктік динамикасын бағалау,ұзарған QT синдромына күдіктенгенде
Холтерлік мониторлау
жүргізу
- Портативті ЭКГ регистратор ұялы телефон мөлшеріндей науқастың беліне бекітіледі.
- Тәулік бойы регистратор ЭКГ-ні фиксирлеп жазады
- Тәулік біткеннен кейін кордиолог дәрігер портативті регистратордан мәліметтерді алады,оларға анализ жасап,қорытынды береді.
Мониторлауды
жүргізу әдісі
Кардиолог дәрігер науқасты
қарап, портативті регистраторды бекітеді,тәуліктік
күнделік береді.Одан кейін науқас өзінің
табиғи белсенді өміріне оралып,тәулік
аралығында күнделік толтырады,күнделікте
келесідей жағдайларды тіркейді:
- Қозғалыс түрі (жүру, көлік жүргізу,физикалық жүктеме ,демалыс, эмоциональды жағдай)
- Түрлі қимыл кезіндегі науқастың жағдайы (қалыпты,бас айналу,әлсіздік,жүрек қағу, жүрек маңында ауырсыну сезімі) уақытын көрсету қажет.
- Егерде ауырсыну болса, ауырсынудың сипаты: шаншып,қысып,басып және ұзақтығы. Неден кейін пайда болатынын көрсету керек және немен басылады жүріп бара жатып тоқтағанда ма немесе дәріден кейін ба жазу керек.
Холтерлік мониторлау кезінде науқастан
сұралады:
- Күнделік жүргізу
- Мониторлау кезінде күн тәртібі бұрынғы режимде болу керек
- Электродтарды байқау керек,егер орнынан тайып кетсе қайта орнына жабыстыру керек.
- Металлодетекторлерден қашық болу қажет,УДЗ, рентген түсуге болмайды.
Холтерлік мониторлаудың
артықшылығы:
- Зерттеудің жоғары сапалығы , толық ЭКГ-ні 12 тіркемеде тіркеу арқылы іске асады.
- Зерттеу ауырсынусыз
- Холтерлік мониторлау кезінде науқас өмір сүру саплтын өзгертудің қажеті жоқ
- Науқасқа бекітілген регистратор шағын әрі ыңғайлы
- Холтер бойынша ЭКГ жазбасының мысалы:
На фото: полный холтер "Кардиотехника-04-8 (M)" - высококачественная
суточная запись 12/3 отведений
Велоэргометрия
Мақсаты - жүректің оттегіге
сүранысын жа-санды күшейтіп, жасырын
коронар шамасыздығын айқыңдау.
Сынаманы 25 Вт/мин куаттылықтан
бастап, жүрек соғу саны (ЖСС) субмаксимальді
немесе
максимальді деңгейге келгенше әр 3 минут
сайын оны 25 Вт/мин көбейтіп отырады. Көбіне
ЖСС субмаксимальді деңгейге жеткізеді.
Субмаксимальді ЖСС адамның жасына қарай
анықталады:
Адамның жасы
Субмаксимальді ЖСС
20-29
170
30-39
160
40-49
150
50-59
140
60 және одан артық
130
Оны мына формуламен де табуға
болады:
ЖСС = 200 - адамның жасы
ВЭС тоқтату
көрсетпелерінің клиникалық белгілері:
- стенокардия ұстамасының пайда болуы;
- ауыр ентікпенің немесе тұншығудың пайда болуы;
- АҚ-нын 220/120 мм сын.бағ. биіктеуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, қол-аяқ бұлшықеттерінің ауырсынуы
- АҚ төмендеуі немесе оның күштеменің ұлғаюына сәйкес биіктемеуі;
- қорқыныш немесе басқа жағымсыз сезімдердің болуынан науқастың сынаманы аяқтаудан бас тартуы.
ВЭС тоқтатудың
ЭКГ-лық критерийлері:
- SТ сегментінің әртүрлі депрессиясы (горизонтальді, қиғаш, астау тәрізді);
- SТ сегментінің 1 мм артық биіктеуі;
- аритмияның пайда болуы (экстрасистолия, пароксизмдік тахикардия, жыбыр аритмия, өткізгіштің бұзылысы).
Велоэргометрия
сынамасының оң белгілері:
- стенокардия ұстамасынын дамуы;
- ауыр ентікпе немесе тұншығу;
- АҚ төмендеуі.
- 8Т сегментінің ишемиялық типті депрессиясы немесе биіктеуі. Теріс сынама ЖИА жоқтығын дәлелдемейді, ол коронарлық резервтің жеткілікті деңгейде сақталуын ғана дәлелдейді.
Жүрекшелерді
өңеш ішінен электрлік қоздыру (ЖӨЭК).
Бұрын
дене қызметімен шұғылданбаған адамдар
ВЭС-ын көтере алмай тез шаршайды, ентігеді.
Осыған байланысты тек жүрекке жеке күш
салатын әдістер қолданылуда. Соның бірі
- жүрекщелерді өңеш ішінен электрлік
қоздыру (ЖӨЭҚ) әдісі.
Өңешке салынған арнайы электродпен
жүрекшелерді минутына 100 импульстен бастап
қоздырады. ЖСС минут сайын 10-20-ға көбейтіп,
160-қа дейін жеткізіп, осы деңгейде 2 минут
ұстайды. Мынадай жағдайларда сынама оң
болып саналады:
- SТ аралығының горизонтальді депрессиясы немесе қиғаш төмендеуі;
- САҚ 10-20 мм сын. бағ. артық төмендеуі;
- SТ аралығының 1 мм артық биіктеуі.
Тредмил тест
Тредмил
тест – жүректің
ишемиялық ауруын анықтау үшін кардиологияда
кеңінен қолданылатын әдіс. Бұл тест ауруды
ерте кезеңдерінде анықтауға мүмкіндік
береді.
- Тест жай жүріспен басталады. Кейін әрбір 3 минут сайын жүгіртпе жолдың жылдамдығын арттырып отырады.
- Зерттеуді бастамас бұрын науқасқа арнайы электродтар қойылады. Оның көмегімен дәрігер тестті доғаруды жүректің жағдайын бақылай отырып анықтайды. Сонымен қатар науқастың қолына манжета қойып артериялық қан қысымын бақылайды.
- Тредмил тест науқастар жүрек аймағының ауырсынуына шағымданғанда омыртқа патологиясынан, жүйке жүйесінің дисбаланспен байланысты ауырсынудан ажыратуда маңызды. ЖИА диагнозы қойылған науқастарда медикаментозды емнің нәтижелігін және хирургиялық ем (стенттеу, аортокоронарлық шунттау) алғандар артерияның өткізгіштігін анықтауда маңызды.
- Қабылдаған: Мусахова М. О
- Орындаған: Кадиркулова А. А
702ТҚ