Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 22:29, реферат
Мейірбикелік үрдіс – кәсіптік бикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.
Мейірбикелік үрдістің мақсаты – ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.
Мейірбикелік үрдіс – кәсіптік бикелік күтімді ұйымдастыру
мен орындаудың ғылыми әдісі.
Мейірбикелік үрдістің
мақсаты – ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен
қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық,
психологиялық - әлеуметтік және рухани
тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша
айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі
қажеттілікті қанағаттандыру, науқас
тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.
Қажеттілік дегеніміз – адамның денсаулығы
мен амандығы үшін маңызды психологиялық
және физиологиялық тапшылық.
Адам өмір бойы қоршаған ортаға сәйкес
өмір сүру үшін өз мұқтаждықтарын үнемі
қанағаттандыруы қажет.
Американдық психолог
А. Маслоу адамдағы 14 негізгі қажеттілікті
қарастырды:
Тыныс
алу қажеттілігі - оттегіні қажет ету адамның
негізгі физиологиялық қажеттіліктерінің
бірі. Тыныс алу мен өмір ажырамайтын түсініктер.
Оттегі жетіспеушілігінде тыныс жиіленеді,
беткей болады, ентігу, жөтел пайда болады.
Оттегінің ұлпаларда тұрақты жетіспеушілігі
цианозға алып келеді, тері мен шырышты
қабықтар көгереді. Бұл қажеттілікті қолдау
медицина қызметкері үшін басты ауықымды
(приоритетті) мәселе болуы керек. Адам
бұл қажеттілікті қанағаттандыра отырып,
өмір сүруге қажет болған қанның газды
құрамын қолдайды.
Тамақтанудың
қажеттілігі - денсаулықты сақтау үшін өте
маңызды. Рационалды және адекватты тамақтану
көптеген аурулардың қауіпті факторларын
жоюға көмек береді. Мысалы жүректің ишемиялық
ауруы жиі жануар майлары мен холестеринге
бай тағамдарды тұрақты қабылдағанда
дамиды. Тамақтың құрамында ақуыздың көп
мөлшерде болуы жаралардың тез жазылуына
көмектеседі. Медқызметкер науқастың
тамақтану қажеттілігін қанағаттандыру
үшін рационалды дұрыс тамақтануды үйретіп
ұсыныстар беруі қажет. Күнделікті жеміс-жидектерді,
сүт өнімдерін, ботқаларды, майсыз ет,
балық, құс етін қабылдау ұсынылады. Қант,
тәтті тағамдар, тұздар, алкогольді ішімдіктер
шектеледі. Тамақтану қажеттілігінің
қанағаттанбауы адам денсаулығының бұзылуына
алып келетінін ұмытпау керек.
Ішу
қажеттілігі - бұл күнделікті 1,5-2 литр сұйықтықтар:
су, шай, кофе, сүт, сорпа, жеміс-жидектер
қабылдау. Мұндай мөлшер зәрмен, нәжіспен,
терлеуде, тыныс алуда жоғалтқан сұйықтықты
толтырады. Су балансын сақтау үшін адам
бөліну мөлшерінен көбірек сұйықтық қабылдау
қажет. Сұйықтықты аз қабылдау дененің
сусыздануына, ал шамадан тыс яғни 2 литрден
артық қабылдау бірнеше жүйе, ағзалардың
қызметінің бұзылуына алып келеді. Мейірбикенің
сусыздану немесе ісіктердің пайда болу
қаупін алдын ала анықтауы көптеген асқынуларды
болдырмауға мүмкіндік береді.
Бөліп
шығару қажеттілігі -тағамның қорытылмаған бөлектері
ағзадан зәр, нәжіс түрінде бөліп шығарылады.
Бөліп шығару режимі әрбір адамда жекеше
болып келеді. Басқа қажеттіліктерді қанағаттандыруды
қалдыруға мүмкін болғанымен, бөліп шығаруды
ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.
Ұйықтау,
дем алу қажеттілігі - ұйқы аз болған жағдайда қандағы
қант деңгейі төмендейді, мидың қоректенуі
нашарлап, ойлау процестері бәсеңдейді,
зейін тұрақсызданады, қысқа мерзімді
есте сақтау нашарлайды. Американдық ғалымдардың
зерттеуі бойынша жарты түн ұйықтамаған
адамда фагоцитоз үшін жауапты болған
қан жасушалары 2 есе төмендейді. Науқас
адамға ұйқы өте қажет, өйткені ұйқы науқас
жағдайының жақсаруына алып келеді. Зерттеу
барысында ұйқының бірнеше кезеңдері
анықталған.
І кезең-жәй ұйқы. Ұйқы жеңіл және бірнеше минутқа
ғана созылады. Бұл кезеңде ағзаның физиологиялық
белсенділігі төмендейді, өмірлік маңызды
мүшелердің қызметі, зат алмасу процестері
бәсеңдейді. Адамды ояту оңай, егер ұйқы
бөлінбесе, 15 минуттан кейін ІІ-кезең байқалады.
ІІ кезең - жәй ұйқы. Ұйқы терең емес, 10-20 минутқа
созылады. Өмірлік функциялар әрі қарай
әлсірейді, толық босаңсу байқалады.
ІІІ кезең-жәй ұйқы. Ең терең ұйқы кезеңі, 15-30 минутқа
созылады, ұйықтап жатқан адамды ояту
қиын. Өмірлік маңызды функциялардың әлсіреуі
жалғасады.
ІV кезең-жәй ұйқы.Терең ұйқы, 15-30 минутқа созылады,
ұйықтап жатқан адамды ояту өте қиын. Бұл
кезеңде физикалық күштің қалпына келуі
байқалады. Өмірлік маңызды функциялар
ояу қалпына қарағанда әлсіз. ІV-кезеңнен
соң 3-ші және 2-ші кезеңдер қайта байқалады,
содан соң ұйқының 5-ші кезеңі байқалады.
V кезең-тез ұйқы. І-кезеңнен 50-90 минуттан соң
түрлі түстер байқалады. Көздердің аз
қимыл -әрекеттері, жүрек соғуы, тыныс
алу жиілігі, қан қысымы өзгереді. Дене
бұлшық еттерінің тонусы төмендейді. Бұл
кезеңде адамның психикалық қызметтері
қайта қалпына келеді, ұйықтап жатқан
адамды ояту өте қиын. Бұл кезеңнің созылу
уақыты –шамамен 20 минут.
V-ші кезеңнен кейін қысқа уақыттан
соң 4, 3, 2 содан соң қайтадан 3, 4 және 5-ші
кезеңдер яғни, ұйқының келесі циклы байқалады.
Адамның ұйқысына бірнеше факторлар
әсер етеді: физикалық талығу, дәрілік
заттар, есірткілер, өмір сүру қалпы, эмоционалды
стресс, қоршаған орта және физикалық
жүктеме. Ауырсынумен, физикалық әлсіздікпен,
уайыммен, депрессиямен сипатталатын
кез-келген ауру ұйқы бұзылуына алып келеді.
Мейірбике науқасты тағайындалған дәрілердің
жалпы және ұйқыға әсерімен таныстыруы
керек.
Демалу - физикалық және психикалық
белсенділіктің төмендеу жағдайы. Диванда
жатып қана емес, сонымен қатар арнайы
жаттығулар жасап, кітап оқу арқылы да
демалуға болады. Емдеу мекемесінде қатты
шу, жарық, басқа адамдардың болуы демалуға
кедергі жасауы мүмкін.
Қозғалу
қажеттілігі – адам үшін қимыл - әрекеттердің
шектелуі немесе мүлдем жоғалуы адам үшін
көп мәселе тудырады. Мұндай жағдай аяқтардың
жарақаттарында, созылмалы аурулардағы
ауырсынумен, бас ми қан айналымы бұзылуы
салдарынан болуы мүмкін. Қимыл - әрекеттердің
жоғалуы ойылу дамудың қауіпті факторларына
жатады. Тірек-қимыл жүйесі қызметінің
бұзылулары жүрек пен өкпе қызметіне әсер
етеді. Қимыл -әрекеттердің ұзақ мерзімді
жоғалуы ас қорыту жүйесіндегі өзгерістерге:
диспепсия, метеоризм, анорексия, іштің
өтуіне, іштің қатуына алып келеді. Сонымен
қатар зәр шығару қызметі бұзылып, қуық
инфекциясына алып келеді. Науқастың басты
мәселесі адам тұлғасының қалыптасуына
елеулі әсер ететін қоршаған ортамен қарым-қатынас
жасай алмайды.
Қауіпсіз
болу - көпшілік адамдар үшін қауіпсіз
болу сенімділік пен жайлылықты, ыңғайлылықты
білдіреді. Науқастың кереуеті немесе
каталка жақсы бекітілгенде, палата едені
құрғақ болғанда, онда бөтен заттар болмағанда,
жарық жеткілікті болғанда, көру нашар
болғанда көзілдіріктің болуы науқаста
қауіпсіздік сезімін туғызады. Науқас
өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен
қатар айналасындағыларға зиянын тигізбейтініне
сенімді болуы керек, стресті жағдайлардан
қашу керек.
Әлеуметтік
қажеттіліктер - бұл жанұяға, достарына, олармен
қарым-қатынасқа, қолдауға т.б. қажеттілік.
Егер адам өзін қажетсіз, жалғыз, ешкімге
керексіз сезінсе, демек оның әлеуметтік
қажеттіліктері қанағаттанбаған.
Қажеттіліктерді реттей отырып
сыртқы орта факторларын ескеру қажет.
Қажеттіліктерді қанағаттандырудың
деңгейіне байланысты болған сыртқы факторларға
адамның қоршаған орта жағдайлары жатады.
Өзгертуге болмайтын факторларға:
адамның жасы, жынысы, тұқым қуалаушылығы
жатады.
Адамның өмір сүру қалпына әсер
ететін қауіп факторлары қажеттіліктерді
қанағаттандыру бұзылуларына алып келуі
мүмкін. Оларға: экология, гиподинамия,
артық дене салмағы, зиянды әдеттер, стрестік
жағдайлар т.б. жатады. Оларды төмендегідей
топтауға болады:
|
|
|
|
|
-темекі тарту, арақ ішу |
1943 жылы американдық психолог
А.Маслоу адамның қымыл-
Пирамиданың 1-ші сатысы.
Маслоу пирамидасының 1-ші сатысынсыз
өмір сүру мүмкін иемес. Бұл тірі қалу
мұқтаждықтары, оған жататындар:
Бұл мұқтаждықтар төменгі физиологиялық
мұқтаждықтар деп аталады.
Пирамиданың 2-ші сатысы- қауіпсіздік мұқтаждықтары.
Адам өмір бойы өседі, дамиды,
өзін қоршаған ортамен үнемі қатынаста
болады, соған байланысты адамда өмірлік
маңызды мұқтаждықтар дамиды. Бұл мұқтаждықтар
адам қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Олар:
Бұл 1-2-ші саты Маслоу пирамидасының
іргетасын құрайды.
Пирамиданың 3-сатысы - әлеуметтік қажеттіліктер,
қажет болу мұқтаждығы жатады. Адамға
өмір сүру барысында қоғамға қажет болу,
қоғамның қолдауы, түсінуі, қоғам қабылдауы
қажет. Адамға қоршаған орта туралы мәліметтер
қажет. Бұны қарым-қатынас қажеттілігін
қанағаттандыру арқылы жүзеге асырады.
Бұл сатыға қарым-қатынас жасау қажеттілігі
жатады.
Пирамиданың 4-ші сатысы. Қоғамда өмір сүру табысқа жету қажеттілігін
тудырды. Бұл сатыға жетістіктерге жету,
өмірлік қазынаға ие болу қажеттілігі
жатады.
Пирамиданың 5-ші сатысы
- қызмет ету мұқтаждығын қажет
етеді. Адам өзінің төменгі сатылы мұқтаждықтарын
қанағаттандырмайынша, жоғарғы психологиялық-әлеуметік
мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмайды.
Адам әлеуметтік және шығармашылық табысқа
жету үшін осы мұқтаждықтарды үнемі, өмір
бойы қанағаттандыруға тиісті.
Медбикелік үрдіс
кезеңдері
Медбикелік
үрдіс 5 кезенге бөлінеді:
1-кезең
Емделушінің денсаулығы жайлы
ақпарат жинау
Науқас туралы ақпарат көзі:
Медбикелік тексеру дәрігердің
тексерумен алмаспайтын, тәуелсіз болып
келеді, яғни дәрігер мен медбике өз жұмыстарында
түрлі мақсаттарды көздейді.
Дәрігердің міндеті – дұрыс диагноз қойып, ем тағайындау.
Медбикенің міндеті – емделушіні толық ыңғайлы
жағдайды қамтамасыз ету, өзінің медбикелік
міндетімен шектелген көмегін беру. Мейірбикеге
аурудың сыртқы көріністері маңызды. Мысалы:
демікпе, жөтел, қорқыныш сезім.
2-кезең
Медбикелік диагноз (диагностика)
Медбикелік диагноз түсінігі
алғаш рет ХХ ғасырдың 50-ші жылдары ортасында
Америкада пайда болып, 1973 жылы ресми және
заңды тұрғыда бекітілді. Медбикелік диагноз
– емделушінің физиологиялық және психологиялық
өмірлік маңызды қажеттілігін қамтамасыз
етуге бағытталған симптомдық немесе
синдромдық диагнозы.
Дәрігерлік және медбикелік
диагноздың айырмашылығын сипаттау
|
|
|
|
Медбикелік мәселелердің негізгі
саласы
Медбике ауруды емес емделушінің
ауруға және өз қалпына жауабын қарастырады.
Бұл жауап:
Физиологиялық
медбикелік мәселелер
Психологиялық
және рухани медбикелік мәселелер
Әлеуметтік
медициналық мәселелер
Мейірбике медбикелік ауру тарихына
емделушінің жағдайын, ойландыратын мәселелерді
жазады, артықшылықтарын айрықша белгілейді.
Артықшылық дегеніміз - емделушінің
қазіргі кездегі басты, бірінші орынға
қойған мәселелері. Мысалы, кеуде торының
ауыруымен, бас ауруымен, ісікпен, демікпемен
азап шегетін жүрек ауруымен ауыратын
науқас өзінің ең басты азабы ретінде
демікпені көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда
«демікпе» артықшылықты медбикелік мәселе
болып саналады.
Медбикелік диагнозды синдром
ретінде қойса да болады. Синдром бір себеппен
біріккен белгілердің жиынтығы. Мысалы,
қан қысымы жоғары емделуші бас ауруына,
айналуына, құлақ шуылдауына, жүрек айну
т.б. белгілерге шағымданады. Медбикелік
диагноз: қан қысымы көтерілу синдромы.
3-кезең
Мейірбикелік көмекті
жоспарлау
Медбике емделушінің күту жоспарын
құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу
керек.
Жоспарлау барысында әр артықшылықты
мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын
тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу
қажет:
Мақсат қоюдың талаптары:
Жоспар түрлері:
Әр мақсат 3 компоненттен тұрады:
Стандарт дегеніміз – берілген
медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен
қамтамасыз ететін шаралар тізімі.
Стандарт медбикеге көмек ретінде
жасалады, ол оның «шпаргалкасы» сияқты.
Бірақ стандартта түрлі клиникалық жағдайларды
алдын-ала ескеру мүмкін емес. Сондықтан
оны ойланбастан қолдануға болмайды.
Медбике мақсаттарын анықтап,
күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс
- әрекеттерімен емделушіні таныстырып,
оның келісімін алады және емделушімен
бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды.
Күтім жоспары міндетті түрде
медбикелік тарихта жазылуы керек.
4-кезең
Жоспарлауды жүзеге
асыру
Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі
қатысуды жоспарлайды:
Информация о работе Мейірбикелік үрдіс, мейірбикелік диагноз