Роль пациентов в научных исследованиях

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:13, реферат

Краткое описание

Фармацевтикалық этика немесе фармацевтикалық деонтология– яғни бұл– фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша , фармацевтикалық этикаға келесі аспектілер кіреді: ғылыми және практикалық.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 17.99 Кб (Скачать файл)

             Фармацевтикалық этика немесе фармацевтикалық деонтология– яғни бұл– фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша , фармацевтикалық этикаға келесі аспектілер кіреді: ғылыми және  практикалық.

            Фармацевтикалық этика және деонтологияны білмеген фармацевт ешқашанда науқасқа шипалы ем бере алмайды және өз әріптестері алдында беделсіз болады.

            Фармацевтика  4 этикалық қағидатты әрбір ақ халатты фармацевттеріміз білуі қажет. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық    кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді.

           Әрбір фармацевт науқас және оның туысқандарымен ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет және  фармацевтика қызметкерлері арасында өзара сыйластылық болуы қажет .

           Этика дегеніміз гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен шықкан философиялық ұғым. Яғни адамдардың мінез-құлқы, әдептілігі туралы ілім. Этика адамдар мен адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарым-қатынастардың озық үлгілерін, жақсы дәстүрлерін оқытатын қағидалар жиынтығы.

         Этика - мораль туралы ілім, яғни адамгершілікті, ізеттілікті, кішіпейілділікті, әдептілікті оқытады. Ал мораль дегеніміз қоғамдық сананың бір түрі немесе бір көрінісі. Адамдардың арасында ежелден қалыптасқан жақсы мінез-құлқы мен инабатты, адамгершілікке толы қарым-қатынастарын реттейтін принциптер мен жиынтық ережелерін мораль дейміз. "Адам - адамға дос, жолдас, бауыр" деген ұлағатты сөз этиканың ең негізгі қағидаларының бірі. Фармацевтикалық этика - фармацевтика қызметкерлер жұмысындағы гуманизм көрінісі, деонтологияның теориялық негізі болып саналады.

          Деонтология - (гректің - тиіс, керек деген сөзінен шыққан) дегеніміз әрбір жеке адамның бүкіл адам баласы мен қоғамның алдындағы атқаруға тиіс міндетін, борышын, парызын оқытатын этиканың негізгі бір саласы.

         Деонтологияның негізгі принципі - адам жеке басының қамын ойламай, өз мүддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып, жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен гармониялық түрде үйлестіре алуында.

фармацевтикалық  деонтология  дегеніміз – фармацевтика  қызметкерлерінің адам баласы алдындағы, қоғам алдындағы атқаруға тиіс кәсіптік парызы мен өтеуге тиіс борышын оқытатын ілім.

           Дүние жүзі халықтарының әрқайсысының өздерінің ұлттық, діни, қоғамдық мәдени ерекшеліктеріне қарай әр дәуірде денсаулықты сақтау этикасы мен фармацевтикалық этика жөніндегі көзқарастары әртүрлі болған. Тарихқа жүгінсек, әртүрлі қоғамдық-экономикалық формацияларда адамның денсаулығы мен өнерін сақтауға байланысты этикалық нормалардың көптеген түрлері болғанына көзіміз жетеді.

           Қай заманда болмасын дәрігерлер мен емшілерден, медицина қызметкерлерінен адамзатқа қызмет ету жолында олардың бойында адамгершіліктің мейірімділіктің ізгі ниеттіліктің, адамға деген сүйіспеншіліктің, жанашырлықтың мол болуын талап етіп отырған.

 

                                                 

                                                   Сұрақ- жауап.

  1. Этика дегеніміз не?

Этика дегеніміз гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен шықкан философиялық ұғым. Яғни адамдардың мінез-құлқы, әдептілігі туралы ілім. Этика адамдар мен адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарым-қатынастардың озық үлгілерін, жақсы дәстүрлерін оқытатын қағидалар жиынтығы.

 

  1. Деонтология дегеніміз не?

Деонтология - (гректің - тиіс, керек деген сөзінен шыққан) дегеніміз  әрбір жеке адамның бүкіл адам баласы мен қоғамның алдындағы атқаруға тиіс міндетін, борышын, парызын оқытатын этиканың негізгі бір саласы.

 

  1. Фармацевтикалық этика дегеніміз не?

   Фармацевтикалық  этика немесе фармацевтикалық  деонтология– яғни бұл– фармацевтикалық  қызметкерлердің кәсіби міндеттерін  орындау барысындағы этикалық  нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша  , фармацевтикалық этикаға келесі  аспектілер кіреді: ғылыми және  практикалық.

 

  1. Фармацевтикалық этика және деонтологияны білмеген фармацевт не істей алмайды?

     Фармацевтикалық этика және деонтологияны білмеген фармацевт ешқашанда науқасқа шипалы ем бере алмайды және өз әріптестері алдында беделсіз болады.

 

  1. Қанша этикалық қағидатты фармацевттеріміз білуі қажет?

4

 

  1. Сол қағидат нені талап етеді?

Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық    кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді.

 

  1. Этика дегеніміз гректің қай сөзінен шыққан?

    Этика дегеніміз гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен шықкан философиялық ұғым.

 

  1. Этика не туралы ілім?

Этика дегеніміз гректің  мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен  шықкан философиялық ұғым. Яғни адамдардың мінез-құлқы, әдептілігі туралы ілім.

 

  1. Этика ненің жиынтығы?

Этика адамдар мен адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарым-қатынастардың озық үлгілерін, жақсы дәстүрлерін оқытатын қағидалар жиынтығы.

 

  1.  Деонтология сөзі қай тілінен шыққан?

Грек

 

  1. Деонтологияның негізгі принципі не?

      Деонтологияның  негізгі принципі - адам жеке басының қамын ойламай, өз мүддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып, жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен гармониялық түрде үйлестіре алуында.


Информация о работе Роль пациентов в научных исследованиях