С.Ж.Асфендияров
атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Казахский Национальный Медицинский Университет
имени С.Д.Асфендиярова
кафедра:
медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы
заңнама негіздері
Тақырыбы:
Хирургияға байланысты
нормативті актілер
Орындаған: Арапатова А
Қабылдаған: Қасымхожин Д.Т.
Курс : 5 ЖМ
топ: 12-1
- Азаматтарға хирургиялық стерилизация
жургізу
ҚР денсаулық
сақтау министерінің
2009 жылғы 30 қазандағы № 625 бұйрығымен
бекітілген
- нейрохирургиялық көмек көрсететін мед ұйымның қызметі
ҚР денсаулық сақтау министерінің
2011 жылғы 3 қарашадағы № 763 бұйрығы
Азаматтарға
хирургиялық стерилизациялауды жүргізу
ережесі
- 1. хирургиялық стерилизациялау қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде 35 жастан асқан немесе кемінде 2 баласы бар азаматтарға қатысты , ал медициналық айғақтары мен жасына және балаларының бар жоқтығына қарамастан жасалуы мүмкін
- 2. хирургиялық стерилизациялауды тек азаматтардың
келісімімен , денсаулық сақтау ұйымдары
, жеке медициналық практикамен айналысатын,
осы қызметти жүзеге асыруға лицензиясы
бар жеке тұлғалар осы операцияның біржола
жасалатындығы туралы міндетті түрде
хабардар етип, жазбаша келісімін алу
керек
- Медициналық ұйымдарда хирургиялық стерилизациялау
жүргізу туралы шешім осы ережеге сәйкес
медициналық айғақтар мен қарсы айғақтарға
сәйкес акұрамында денсаулық сақтау ұйымдарының
басшылары, дәрігер акушер -гинеколог,
ауру бойынша маман дәрігер бар дәрігерлік
консультациялық комиссия белгілейді.
- хирургиялық стерилизациялау операцияларын
жасау үшін медициналық қарсы айғақтары
болмаған жағдайда азаматтарға ұйымдардың
атауы мен мекен-жайы, науқасты тексерудің
қорытындысы, ДКК қорытындысы , сондац-ақ
науқастың жазбаша келісімі көрсетіле
отырып азаматтарға медициналық ұйымға
жолдама беріледі. Бұл қорытынды отыз
күнтізбелік күнге жарамды.
хирургиялық
стерилизациялау жүргізі үшін медициналық
айғақтар
- Қазіргі немесе өткен уақыттағы барлық
орындағы қатерлі ісіктер
- Қайталанған кесер тілігі және балалары
болған кезде гинекологиялық операциядан
кейінгі жатырда тыртықтың болуы
- Эндокринді жүйе аурулары
- Қан және қан өндіру мүшелерінің аурулары
- Психикалық бұзылулар
- Жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің аурулары
- Қанайналым жүйесінің аурулары
- Тыныс алу мүшелерінің аурулары
- 9 . Асқорыту мүшелерінің аурулары
- 10. Несеп-жыныс жүйесінің аурулары
- 11 Суйек бұлшықет жүйесінің аурулары
хирургиялық
стерилизациялау жүргізу үшін медициналық
қарсы айғақтар
- Жіті ( немесе асқыну сатысындағы созылмалы) жұқпалы аурулар;
- Жіті ( немесе асқыну сатысындағы созылмалы) қабыну аурулар
- өмірлік маңызды мүшелердің декомпенсация
сатысындағы созылмалы аурулар
- жүрек қан-тамыры гемодинамика көрсеткіштерінің
бұзылуы ;
- қан және қан өндіру мүшелері ауруларв кезіндегі гемотологиялық көрсеткіштердің бұзылуы
Нейрохирургиялық
көмек көрсететін ұйымдардың негізгі
міндеттері мен функциялары
- нейрохирургиялық аурулары және жарақаттары бар науқастарға жаңа технологиялар көмегімен дәлелді медицина принциптеріне негізделген осы заманғы диагностика әдістерінің көмегімен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету
- кеңестер, семинарлар, конференциялар,
конгресстер, сеъездерді ұйымдастыру
және өткізу
- Дипломнан кейінгі білім беру және резидентура
, интернатурада нейрохирургтарды дайындау
Ересектер
нейрохирургиясы бөлімшесі
- Ересектер нейрохирургиясы бөлімшесі 18 жастан жоғары халыққа көп бейінді жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімшесі болып табылады
- бөлімше облыс орталықтарында, республикалық
маңызы бар қалаларда , 100 мыңнан аса халқы
бар ірі қалаларда орташа есеппен 10000 тұрғынға
0,9 төсе кесебімен ұйымдастырылады .
- Бөлімше меңгерушісі қызметіне «нейрохирургия
» мамандығы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес, жоғары немесе 1 санатты , мамандығы бойынша кемінде 6 жыл еңбек өтілі бар маман тағайындалады
- Бөлімшенің негізгі мақсаты- нейрохирургиялық аурулар
мен жарақаттар алған науқастарға
медициналық көмек көрсету
- бір медициналық
ұйымның құрамында 1 нейрохирургиялық
бөлімшеден артық болған кезде , бөлімшелердің
әрқайсысы нейрохирургиялық көмектің
жеке түріне , сонымен қатар жарақаттық
зақымдану, тамырлы, онкологиялық аурулар,
омыртқа және жұлын патологиясы ж.т.б
мамандандырылуы мүмкін
Балалар
нейрохирургиясы бөлімшесі
- Балалар бөлімшесі облыс орталықтарында
, республикалық маңызы бар қалаларда,
200 мыңнан аса халқы бар ірі қалаларда
орташа есеппен 7000 балаға 1 төсек есебімен
ұйымдастырылады