Эпидемия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 08:12, доклад

Краткое описание

Эпифитотия (эпи... және грек. phyton – өсімдік) – өсімдіктегі жұқпалы аурулардың белгілі бір мерзім мен үлкен аймақта кең таралуы. Астық таты мен қаракүйесі, картоп фитофторозы, жүзім мильдасы, алманың таз ауруы, мақта солмасы, қант қызылшасының тамыр жегісі мен церкоспорозы, т.б. – Эпифитотия түрінде пайда болатын инфекциялы аурулар. Эпифитотия әдетте көктемде немесе жаз басында байқалады. Эпифитотия ауру қоздыратын организм санының көбеюі нәтижесінде індеттің таралу ареалы мен өсімдіктердің індетке шалдығу мөлшері күрт көбейетін динам. процесс.

Вложенные файлы: 1 файл

Эпифитотия.docx

— 15.08 Кб (Скачать файл)

Эпифитотия (эпи... және грек. phyton – өсімдік) – өсімдіктегі жұқпалы аурулардың белгілі бір мерзім мен үлкен аймақта кең таралуы. Астық таты мен қаракүйесі, картоп фитофторозы, жүзім мильдасы, алманың таз ауруы, мақта солмасы, қант қызылшасының тамыр жегісі мен церкоспорозы, т.б. – Эпифитотия түрінде пайда болатын инфекциялы аурулар. Эпифитотия әдетте көктемде немесе жаз басында байқалады. Эпифитотия ауру қоздыратын организм санының көбеюі нәтижесінде індеттің таралу ареалы мен өсімдіктердің індетке шалдығу мөлшері күрт көбейетін динам. процесс. Эпифитотия белгілі бір жағдайларда дамиды. Мыс.: а) инокулюмнің (кеселді бастама) – спора, мицелий, склероций, т.б. көп болуы; ә) ауруға бейім өсімдік сорттарының егілуі; б) кеселді бастаманың таралуы мен өсімдіктердің ауруға төзімсіз мерзімінің дәл келуі; в) кеселді бастаманың таралуы мен оның өсімдікке жұғуына қолайлы жағдай тууы, сондай-ақ егілген сұрыптарға вирулентті немесе авирулентті ауру қоздырғышы нәсілдері, биотиптері болу тән. Эпифитотия жергілікті жерден немесе көрші, сондай-ақ алыс аймақтан жел, т.б. жолдармен таралуы мүмкін. Белгілі бір аурудың Эпифитотиясы ауа райы жағдайына, агротех., шаруашылық-ұйымдастыру шараларына байланысты әр түрлі жиілікпен қайталанып отырады. Эпифитотияге қарсы күресте белгілі бір ауруға қарсы тағайындалған шаралар қолданылады

 

Эпизоотия-бұл жаппай жан-жануарлардың ауруы.

Эпизоотия келесі түрлерге жіктеледі:

  • Таралу аймағына қарай – жеке, тұрғылықты, аймақтық;
  • Қауіп төну дәрежесіне қарай- жеңіл, ауыр, жедел ауыр;
  • Экономикалық шығын деңгейіне қарай- орташа және үлкен:

 

1996 жылы Ұлыбританияда  500 мыңнан көп ауылшаруашылық  жануарлар ірі мүйізді малдан  оба ауруын жұқтырды.Бұл аурудың  ықпалынан  ауру жануарларды тазалау  яғни, өртеу керек болды. Мемлекеттен ет өнімдерін экпорттау тоқтатылды сонымен қатар Европа елдерінде ет  өнімдерін пайдалану төмендеді.

Панзоотия-бұл біруақытта  ауылшаруашылық жануарларының  жоғары деңгейде ауруы және өте үлкен аймақты алу.

Энзоотия- бұл бір уақытта ауылшаруашылық малдарының белгілі аймақта ғана инфекциялық аурумен ауруы.

Адамдар жыртқыш жануарларды қолға үйрете бастағаннан кейін оларды инфекциялық аурудан қорғау керек болды. Ежелден бергі медициналық зерттеулерде жануарларды емдеу жолдары қарастырылып келген.Қазіргі таңда мал дәрігерлігінде белгілі емдеу жолы  және инфекциялық ауруларды емдеу  танымал. Осыған қарамастан әлемде инфекциялық аурулардан миллиондаған жануарлар қырылуда. Ең қауіпті инфекциялық аурулардың түрлеріне африкандық сап, энцефалит,оба,аусыл (сиырда т. б. қара малда ауызы көпіріп ауыратын я аяғынан сарп болып ауыратын ауру),туберкулез,тұмау, топалаң(сібір язвасы),құтыру жатады. Эпизоотияның пайда болуына бірнеше факторлар әсер етеді. Инфекцияны қоздырушы қайнары (ауру жануар немесе микробтасығыш жануар), инфекцияны таратушы немесе тірі таратушылар.

 


Информация о работе Эпидемия