Қатерлі ісіктер.Рак түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2014 в 15:58, реферат

Краткое описание

Ісік,яғни жаңа өскін,бластома-жасушалар тоқтаусыз көбейетін патологиялық үдеріс.Ісіктік жасушаның организмнің реттеу әсеріне бағынбай ,автономды ,яғни ретсіз өсуі-ісіктің негізгі қасиеттерінің бірі.Ісіктің дамымайтын тіні мен мүшесі жоқ және ол адамда ғана емес,көптеген жануарлар мен өсіидіктерде де кездеседі

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1Қатерлі ісіктер.Рак түсінігі.
2. Рактың микроскопиялық нысандары.
3. Бауыржасушалық рак.
4.Сүт безі рагы.Тері рагы.
5.Жатыр рагы.
ІІІ.Қорытынды
ІҮ.Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

инфекциялы0 аурулар.pptx

— 544.64 Кб (Скачать файл)

    М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медициналық университеті

 

              

 

 

 

Факультет: Жалпы  медицина

Кафедра: Патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасы

Дисциплина:Патологиялық анатомия

Курс: 2

Группа: 206 «Б»

ТАқырыбы:Түрлі гистогенезді қатерлі ісіктер

Орындаған:Ерболатова А.м.

Тексерген:Адилгереева А.С.

 

 

  І.Кіріспе

 ІІ.Негізгі бөлім

 1Қатерлі ісіктер.Рак түсінігі.

 2. Рактың микроскопиялық нысандары.

3. Бауыржасушалық рак.

4.Сүт безі рагы.Тері рагы.

5.Жатыр рагы.

ІІІ.Қорытынды

ІҮ.Қолданылған әдебиеттер

 

        Жоспар

 Кіріспе  
Ісік,яғни жаңа өскін,бластома-жасушалар тоқтаусыз көбейетін патологиялық үдеріс.Ісіктік жасушаның организмнің реттеу әсеріне бағынбай ,автономды ,яғни ретсіз өсуі-ісіктің негізгі қасиеттерінің бірі.Ісіктің дамымайтын тіні мен мүшесі жоқ және ол адамда ғана емес,көптеген жануарлар мен өсіидіктерде де кездеседі.

    •  
    • Шала толысқан немесе толыспаған эпителийлік жасушалардан дамитын қатерлі ісіктер рак деп аталады.
    • Рак-қатты немесе жұмсақ,айқын шектелмеген,кейде төңірегіндегі тінмен бірігіп кеткен түйінді құрылым.Оның кесіндісінің ақшылдау түсті бетінен рак шырыны деп аталатын ылайсаңдау қырынды сұйықтық алуға болады.Кілегейлік қабықшалар мен терінің рагы ойылып,жаралар өте ерте кезеңінде қалыптасады.

 

 

 

Рактың микроскопиялық нысандары:

  • «Орнындағы рак»-атипизм мен пролиферациялық айқын бейнелі болып,атипиялық митоз байқалатын,эпителийлік жасушалардан дамитын рактың инвазиясыз нысаны.Ісік эпителиийлік қабатты қамтып,оның астына жайылмайды.
  • Эпидермалық рак -теріде,жайпақ өтпелі  эпителиймен қапталған қабықшаларда дамиды.Қасаңды және қасаңсыз болып жіктеледі.
  • Аденокарцинома –кілегейлі қабықшалардың призмалы эпителийі мен бездердің эпителиийінен дамиды.Кілегейлі қабықшалар мен безді мүшелерде кездеседі.Ацинустық,тубулалық,бүрлі түрлерге жіктеледі.
  • Кілегейлі рак- жасушаларында атипизмнің морфологиялық та,қызметтік те нышандары бар аденогендік рак.Рак жасушалары кілегейлі орасан мол өндіріп,өздері сол жалқаяқта жойылады.

 

 

 

 

 

 

  • Тығыз,солидты рак -рактың атипизм айқын дамитын толыспаған нысаны.Онда рак жасушаларының арасын дәнекер тін жолақтары бөлген трабекулалар жайғасады.
  • Ұсақ жасушалы рак- белгілі бір құрылымдар түзбейтін,стромасы өте аз,лимфоцит тәрізді мономорфты жасушалардан құралған рактың толыспаған нысаны.Митоз көп және некроз жиі байқалады.
  • Фиброзды рак-скирр -рактың жуан талшықты дәнекер тін қабаттары мен жолақтарының арасына жайғасқан өте атипиялы гиперхромды жасушалардан құралған нысаны.Строма айқын басым.
  • Медуллалы(аденогендік)рак -рактың толыспаған нысаны;Стромасы өте аз,паренхимасы тым көп.Ісік ми тіні тәрізді жұмсақ,ақшыл қызғылт болады ,сондықтан оны ми тәрізді рак деп те атайды.Ол атипиялы жасушалардан құралады.

 

    • Бауыржасушалық рак-(гепатоцеллюлалық)-бауырдың бір бөлігін түгелдей қамтыған ірі,жалғыз түйін,бірнеше жеке түйіндер (түйінді нысан) немесе бауырды диффузды жайлаған , әрең байқалатын түйіншіктер түрінде болады.Ісік белгілі бір бітімі жоқ,ретсіз жайғасқан трабекулалар қалыптастыратын,атипиялы гепатоциттерден құрылады.Оның азғантай стромасында жұқа қабырғалы тамырлар болады.

Емшек безінің органоспецификасыз рагына:инфильтрациясыз бөлікшелік пен өзекшеішілік рак және Педжет ауруы тән.

  • Инфильтрациясыз бөлікшелік рактің біразы түрлі себеппен алып тастаған емшек тінін зерттегенде ғана анықталады.Ісік мультицентрлі дамып,оның солидты және безді варианттары болады.Оның :
  1. Бүрлі-өзекшелердің саңылауын жайлай өсіп,сыртына шықпайды.
  1. Безеу тәрізді-сүт безінің бір сегментімен шектеледі,
  2. Криброзды-өлі жасушалар орны тесік тәрізді болатындықтан ,торлы деген түрлері бар.

Сүт безінің Педжет ауруына:емшек үрпісі мен ареолының экземасы,емшек үрпісі мен ареолының эпидермисіндегі ірі ,ашық түсті жасушалар және сүт безі өзегіндегі рак тән.Қалыңдап ,қопси жұмсарған эпидермистен Педжет жасушалары деп аталатын ,ашық түсті,ерекше жасушалар байқалады.Олар ешқашан дермаға жайылмайды,эпидермистің өнгіш,орталық қабатында жайғасып,қасаң қабатқа дейін жайылады.

 

 

Жатырдың органоспецификалық эпителиийлік ісіктерінедиструкциялы қағанақ кезбесі мен хорионэпителиома жатады.

  • Қатерлі қағанақ кезбесі -хорион бүрлері жатыр мен кіші жамбас қуысының веналарына жайылады.Хорион бүрлері  ұсақ,трофобластының құрамында синцитиилік жасушалар басым болады.
  • Хорионэпителиома -түсіктен,түтіктік жүктіліктен ,босанғаннан кейін қалған бала жолдасы қалдықтарынан ,әсіресе деструкциялы қағанақ кезбесінен жиі дамитын трофобластылық қатерлі ісік.Ісік-тарғыл түсті,кеуекті түйін;миометрийге жайылады.

 

 

  Терінің қатерлі ісігіне-базал жасушалық рак (базалиома) -теріде ең жиі кездесетін ісік.Ол деструкциялы өсетін,қайталанғанмен,метастаз бермейтін және мойын мен бетте жиірек кездесетін түйін немесе ойық жара тәрізді. Бұл рактың біразы көптүйінді.Микроскопиялық бейнесі жасушааралық жалғамдары жойылған,жұқа ғана,цитоплазмасы базофильды,бітімі жұмыр,сопақша немесе ұршық тәрізді ұсақ жасушалардан құрылғаны көрінеді.Тері қосалқыларынан тері безінің рагы мен май безінің рагы,шаш фолликулдарының рагы дамиды.

         

 

Қорытынды

 

 

 

  

 

Қатерлі  ісік –шамалы немес мүлде толыспаған жасушалардан құрылып,өзі туындаған тінге ұқсастығын жоғалтады.Олардың органтиптік және гистотиптік қана емес,цитотиптік те толысуы ауытқиды. Олар инфильтрациялы жайылып,жылдам өседі.Қатерлі ісіктердің толысқан-қатерлілеу және толыспаған –өте қатерлі түрлері болады.

Ісіктің толысу дәрежесін анықтаудың сол ісіктің қатерлілік дәрежесін,яғни даму беталысының болжам жасау үшін клиникалық маңызы өте зор.

    • А.И.Струков,В.В.Серов «Патологиялық анатомия»,Ақтөбе-2010
    • Ж.В. Ахметов «Патологиялық анатомия»,Алматы-2003
    • Интернет желісі

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1


Информация о работе Қатерлі ісіктер.Рак түсінігі