Өкпе аускультациясы: қосымша дыбыс шуылдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 16:14, доклад

Краткое описание

Аускультация әдісі - тыңдап тексеру – Гиппократ еңбектерінде бар; бірақ еңгізу мен қолдануы – француз дәрігері Рене Лаэннек – 1819ж.
Аускультация негізі - ағзада, пайда болған дыбысты дене үстінен тыңдау.
Аускультация түрлері - тікелей құлақты қойып; жанама – фонендоскоп, түтік арқылы.

Вложенные файлы: 1 файл

Окпе аускультациясы, пальпация, перкуссия.ppt

— 8.34 Мб (Скачать файл)

тақырыбы: Өкпе аускультациясы: қосымша дыбыс шуылдар

 

орындаған: Асқаров М

топ: 303 ОЗ

 

 

АСТАНА 2015

  • Аускультация әдісі - тыңдап тексеру – Гиппократ  еңбектерінде бар; бірақ еңгізу  мен  қолдануы – француз дәрігері Рене Лаэннек – 1819ж.
  • Аускультация негізі - ағзада,  пайда  болған дыбысты дене  үстінен тыңдау.
  • Аускультация түрлері -  тікелей құлақты  қойып; жанама – фонендоскоп, түтік арқылы.
  • Өкпе аускультациясында   - тыныс  шулары 2 түрде:

 

    а) негізгі және  б) қосымша  тыныс  шулары.

 

Негізгі  тыныс  шулары  н/е  дыбыстары:

 

1- везикулярлық немесе альвеолярлық әлде  көпіршікті  тыныс  дыбысы:

 

2-  бронхиалды тыныс  дыбысы

 

Везикулярлық немесе альвеолярлық

тыныс  дыбысы

а- пайда  болу  орны  -  альвеолаларда;

б - пайда болу жолы, яғни дамуы -  тыныс алуда  альвеолалар ауаға  толып, олардың қабырғалары  кернеліп, тербеліс береді -  дыбыс - үрлеген,  жұмсақ,  “ф” әрпі  тәріздес;

 в – естілу кезеңі – тыныс кіруінде толық,  ал  шығаруында – жоғарғы  3/1 бөлігінде.

Өкпенің барлық көлемінде  естіледі.

Өзгерістері:

1 – физиологиялық;

2 - дерттік  н/е патологиялық:

 

Физиологиялық өзгерістері:

а- әлсіреуі- бұлшық еттер,  тері  асты шел  майы жақсы  дамығанда, жәй   тыныста; өкпе  ұшында,  қолтық астында,  жиегінде;

 

б - күшеюі- жүдеу,  жұқа  адамдарда;  ауыр жұмыста.  

Физиологиялық  өзгерістер екі жақта бірдей  болады.

 

2 - дерттік  н/е патологиялық:

  • а- әлсіреуі- естілуі нашарлайды –

-плевра  өзгерісі - плевра қуысында  сұйықтық,  ауа  жиналуында, плевра  қатаюы, қалындауы,

-альвеолалар  өзгерісі – ауалығы  жоғарлағанда – эмфизема; ауалығы төмендегенде - қабынулық н/е қабынулық емес сұйықтық жиналғанда;

-бронх бітелгенде – обтурациялық  ателектазда;    Тыныстың  екі  кезеңіде  қысқарады;

  • б- күшеюі – 1) қатаң дыбысты – тыныс шығаруда  жақсы,  ұзақ естіледі -  бронх (майда, ұсақ)  тарылуында (қабыну,  жиырылу);

 

2)- үзілісті-саккадирлі  -  тыныс бөлініп  естіледі -бронхтарда қабыну үрдісі бір  келкі   тарамаған  н/е  бұлшық   еттерінің бір  келкі  жиырылмауы (тоңғанда). Жиі  жағдайда - твс дертіне тән.

 

Дерттік өзгерістер  жиі  бір  жақты болады.

  • 2-  бронхиалды тыныс  дыбысы: 

а) - пайда  болу  орны – көмей-кеңірдекте, сол себептен көмей-кеңірдек тыныс дыбысы делінеді;

 б) -  даму  жолы – ауа  кірердеде және шығардада кең жерден тар көмейге  иіріммен өтіп, айналасындағы  тығыз дауыс байламдарының  тербелісін тудырады, яғни дыбыс береді, әсіресе шығарда  көмейдің қосымша  тарылуына байланысты ұзақ  болады;

  • в) - естілуі –тыныс алуда және  шығаруда - ұзағырақ;  “Х” әрпі   тәріздес дауысты жуан дыбыс;
  • г)- тыңдалу орындары - көмей, кеңірдек, ірі  бронхтар

 - кеуде үстінде – алдынан -  бұл  - мойылдырық  шұңқыры, төстің  тұтқасы  мен  денесінің  жанасқан  жері;  артынан -  7 мойын және І-ІV  кeуде   омырт-қалары  бойында.

  • Б.Т. қалыптыда өкпе тінінде естілмейді -альвеола көлемі көп болғандықтан  - альвеолярлық тыныс басады.

 

  • Кейбір дерттік жағдайларда  бронхиалды тыныс  өкпе тінінде пайда болады –
  • бұл “Б.Т. қалыпты орнынан тыс жерде пайда болуы” деп  аталады.

 Себептері:

  • 1-өкпе тіні тығыздалуы (қабыну, компрессиялық ателектаз) -  тығыз дене дыбысты жақсы өткізеді;
  • 2- өкпеде қуыс н/е кеңістік п.б.- оның айналасындағы қабынулық  тін арқылы күшейтіліп   естіледі.

 

 

 

 

Б.Т. дерттік түрлері:

  • 1- амфорикалық (құмыра) -  қуыстың d – үлкен – 8см жоғары, қабырғасы  жұқа,  тегіс ж/е  ірі бронхпен жанасса- дыбыс  тар мойынды ыдысқа үрлеген  дыбысқа  ұқсайды.
  • 2- “темір” соққандағы дыбыс тәрізді” – ашық пневмоторакста- плевра жарақаты. Қасиеті – дыбыс қатты,  жоғары.

 

 

 

  • Қосымша  тыныс дыбыстары -  дерттік тыныс  шулары.   

Түрлері:

1.Сырылдар    2.Сықырлар

 

3.Плевраның  үйкеліс  шуылы

 

 

Қосымша  тыныс дыбыстары -  дерттік тыныс  шулары

  •        Сырылдар - бронхтарда сұйық  немесе тұтқыр қақырықтың,  қанның  әлде дерттік емес  сұйықтықтың (транссудат) ауамен бірге қозғалысынан әлде бронхтар тарылуында пайда  болатын дерттік тыныс шулары.
  • Сырылдар 

  - ылғалды және

- құрғақ болып  бөлінеді.

 

     Бұл бронхтардағы  қақырықтың сұйық (ылғалды) әлде тұтқыр  және бронхтардың тарылуына  (құрғақ) байланысты

Құрғақ  сырылдар:

 

  • а)-даму жолы - бронхтар  тарылғанда (жиырылуы, қабыну, бөгде зат, сыртынан қысылуы) н/е тұтқыр (кілегейлі), шірішті  қақырық  жиналғанда пайда болады;

 

 

 

  • б) -  сипаты - бронхтардың көлеміне байланысты  -  төмен, гүрілдеген (ірі бронхтар); ызыңдаған  (орташа);  жоғары, ысқырықты  (майда, ұсақ). Өкпе үстінде таралып н/е шектеліп  естілуі мүмкін.
  • Бронхилды астмада – алыстан естіледі.

       

 

Ылғалды сырылдар:

 

  • а)-даму жолы-бронхтарда н/е қуыстарда
  • жиналған сұйықтардан ауа өткенде пайда болған көпіршіктердің жарылған дыбысы;
  • б)- сипаты - бронхтардың көлеміне байланысты - ірі (ірі бронхтар, кеңірдек, бронхтармен жанасқан кеңістіктер), орташа, майда көпіршікті сырылдар болып бөлінеді.
  • Ірі көпіршікті сырылдар қашықтықтада  естіледі (өкпе ісінуі, өлім  халінде). Сырылдар бронхтар  қабынуына  тәндік белгі.

 

  • Естілуі- тыныстың екі кезеңіндеде;  ал  бронхтар (ұсақ, майда)  тарылуында –тыныс шығарғанда жақсы естіледі (тыныс шығару ұзарады);  жөтелден  кейін азаюы  н/е жоғалуы  мүмкін.

 

 

Сықырлар:

  • а) – даму жолы - альвеола  қабырғаларына  сұйықтық (тұтқыр, қан, транссудат)  жиналғанда -  олар бір-бірімен  жабысып,  келесі  тыныс  алуда күшпен   ажырап,  сықыр  тәрізді  дыбыс береді (аяздағы қардың  сықыры, саусақтарды бір-бірімен үйкегендегі дыбысқа  ұқсайды);
  • б) - естілуі -  тыныс алудың  ең жоғарғы кезеңі (өкпе қабынуының І-ІІІ кезеңі, твс,  өкпе инфарктісі, компрессиялық   ателектаз, ал    жұрек  дерттерінде  - өкпенің  төменгі бөлігінде).
  • Сырылдан айырмашылығы (ұсақ көпіршікті):1)-естілу кезеңі; 2) - жөтелгенде - өзгермейді.

 

Плевраның  үйкеліс  шуылы:

 

  • а)- даму жолы – плевра үйкелісі  қалыптыда естілмейді – сурфактант және беті  тегіс, ал  қабынуда – осы қасиеттері жоғалады, фибрин тұнып,  беті бұдырланады – үйкеліс шуылы    пайда болады;
  • б)- сипаты

- құрғақ плевритте  болады;-

-тыныстың екі кезеңінде    естіледі;

-жөтелден  кейін  өзгермейді;

-құлаққа  жақын  естіледі;

-фонендоскоппен бассаң- күшееді;

-ал мұрын мен ауызды  жауып, құрсақты қозғалтса – диафрагма  қозғалуына  сәйкес естіледі, өйткені    оған  жанасады (сырыл мен  сықырдан  айырмашылығы).

    

 

  • Баланың айқайы аускультацияға кедергі болмайды- керіснше тыныс тереңдеп сырылдар жақсы естіледі;
  • Жаңа туған және 3-6 ай аралығында - әлсіреген везикулярлы тыныс болады;
  • 6 айдан 5-7 жасқа дейін пуэрильды тыныс –тыныс алу мен шығару кезеңі бірдей – күшейтілген везикулярлы тынысқа ұқсайды;
  • Ерекше тыңдалатын аймақтар:

-қолтық асты –пневмонияларда бронхиалды тыныс ерте дамиды

-омыртқа бағанасының екі жаны –кіші балаларда пневмонияның жиі дамитын ошақтарына сәйкес келеді

-омыртқа бағанасы мен жауырын орталығы  (өкпе түбірі аймағы)- пневмония мен туберкулездың     бастапқы дамитын аймақтары

-жауырын асты –крепитациялар ерте естіледі


Информация о работе Өкпе аускультациясы: қосымша дыбыс шуылдар