Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 12:35, реферат
Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамы — Халықаралық Қызыл крест және Қызыл Жарты ай қозғалысының гуманизм, бауырмалдық және ақысыз көмек идеялары мен принциптерін Қазақстан қоғамында орнықтыруға күш салады. 2002-жылы құрылды. Алғаш рет 1937-жылы құрылған Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қазақ Қоғамының (ҚКҚЖҚҚ) құқықтық мұрагері болып табылады. 2000-жылғы қарашада Қазақстан Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қоғамын Халықаралық Қызыл крест Комитеті тарапынан мойындау туралы өтініш беріліп, ХҚКҚЖҚФ мүшелігіне өтуге сұраныс жасалды. Алайда, Қоғам қосарланған атауды және қос таңбаны пайдаланғандықтан сұраныс қанағаттандырылмады.