Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 22:25, лекция
1. Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының егізгі бағыттары (1984).
2. Білім берудің жаңа сипаты мен түрлері, дамуы.
3. Жаңашыл мұғалімдердің ғылыми-теориялық және әдістемелік ізденісі.
1980-1991 ж.ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы.
негізгі бағыттары.
80-жылдардың бас кезінде
Реформаның қағидаларының
70-80-жылдары мектептің
Елде қалыптасқан крезисалды жағдай
қоғамдық өмірдің тереңдей және шиеленісе
түскен тоқырау және қолайсыз құбылыстардың
негізінде қалыптасқан екі
Бірінші қайшылық ерекше өскелең қоғамдық өмірдің жалпы адамға және оның ішінде мектеп оқушыларына қойылған талаптармен мектептегі тәрбие мен оқытудың ескірген мазмұнымен, түрлері мен әдістерінің арасындағы қайшылық.
Екінші қайшылық мектептің барлық өмірін ұйымдастыру сипаты мен балалардың өздерінің арасында пайда болды. Өзгеріске ұшыраған өмір мектеп оқушыларына жаңа талаптар ғана қойған жоқ, оның өзін де өзгертті. Балалардың рухани және материалдық қажеттіліктері, қызғулары артты.
Көпшілік ақпарат құралдарының
дамуы балаларды жан-жақты
Акселерация балалардың физиологиялық жағынан жетілуін тездетті. Мектепте, бір жағынан, өскелең талаптарымен, әлеуметік-психологиялық және дене мүмкіншіліктерімен өзгерген балалар қалыптасты, екінші жағынан, оқу-тәрбие жұмысының ескі мазмұны, формалды түрде қалыптасқан түрлерімен әдістер сол күйінде қалды. Мектептер өмірдің жаңа талаптарына даяр болмады.
Осындай негізгі қайшылықтардың шиеленіскен жағдайында мектеп реформасының қажеттігі идеясы күн тәртібіне қойылды. Оны іске асырудың тұрақтап қалуы, ілгері баспауының себебі, оны іске асыру қоғамдық өмірдің барлық саласын қайта құрудан бұрын жүргізілді, тек ғана бір ғана сала – білім беруде қолға алынды.
Реформаның эволюциялық сипаты қайта құрудың революциялық мәнімен қайшы келді. Рефора мектептің әлеуметтік сұранысын орындаудың экстенсивтік түріне бағытталды.Осындай жағдайдан келіп, мұғалімдер, ғалымдар, ата-аналар, журналистер баспа бетінде өздерінің революциялық ұсыныстары мен мектепті қайта өзгертудің қажеттігін және жобаларын ұсына бастады. Әсіресе, баспасөз бетінде М.М.Постниковтың және Ю.П.Азаровтың жобалары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар “Учительская” газетінің бетінде білім беру жүйесін қайта құру туралы әртүрлі мақалалар жарияланды.
М.Постников кеңес мектебінің “құрылымын,
оның тамырымен қатты сынға ала
отырып”, оның бұқаралық сипаты және
еңбекке бағытталғандығы екірге
Ал екінші жобаның, Ю.Азаровтың ұсынған жобасының мәні М.Постников сияқты пәндік оқытуға ғылым негіздерін оқытуға қарсы болды. Ол “пәндік оқытуды” кешенді бағдарламамен өзгерту қажеттігін күн тәртібіне қойды. “Мәселен, оқу, жазу, ауызша сөйлеу бір пәнге бірікті – тіл өнері”. Ол оқу орындарында негізінен гуманитарлық және эстетикалық пәндер циклін оқытуға ерекше мән берді.
Жоғарыда келтірілген
Бұл кезеңде мектептердің оқу жоспарына реформаға байланысты бірнеше жаңа пәндер енгізілді: “Кеңес мемлекеті мен құқының негіздері”, “Жанұя өмірінің этикасы мен психологиясы”, “Информатика және есептеу техникасы”, “Қоршаған ортамен танысу”, “Өндіріс негіздері. Мамандық таңдау” кейінгі жылдары оқу жоспарларынан алынып тасталды.
Реформаның негізінде мектептерде оқу-өндірістік комбинаттары негізінен кеңінен ұйымдаса бастады. Сол кезде мектептерде ұйымдас оқу-өндірістік комбинаттар (УПК) материалдық игіліктерді өндіруден алшақ болды, оның орнына оқушылардың өндірістік оқуына баса көңіл бөлді. Кейін өмірдіңөзі оның дәрменсіздігін көрсетті.
1980 жж. тоқырау жылдары деп аталса,
бұл кезеңде, яғни 1970-жылдардың
аяғы мен 1980 жылдардың бас кезінде
мектептерде және жоғары оқу
орындарында Л.И.Брежневтің “
“Тоқырау” М.Горбачевтің “қайта құруымен” ауысты. Сонымен, жүргізілген қайта құрудың нәитжесінде еліміздің саяси және экономикалық жүйесі шайқалды, ұлтаралық қанды қақтығыстар мен СССР құлауына алып келді.
1980 жж. аяғында жалпы сенімсіздік жағдайында демократияға, жариялыққа, рухани және экономикалық өрлеуге, білімге ұмтылыс кенеттен түсіп кетті. Мәселен, 1989 жылы тек ғана мектеп бітірушілердің 10 пайызы оқуға қызығушылық білдірді, оны әлеуметтік құндылықтардың тізімінде тек ғана орта жерінде атады.
Сөз жоқ, бүкіл Ресейлік білім беру жүйесін қамтыған өзгерістердің жағымды жақтары да болды. Білім беру жүйесіне мемлекеттік монополияның жойылуынан кейін жаңа тұрпатты мектептер мен оқу орындары пайда бола бастады. Мемлекеттік оқу орындарымен қатар ақылы білім беру жүйелері, жаңа тұрпатты оқу орындары, гимназиялар, лицейлер, колледждер, атаулы мектептер, авторлық мектептер пайда бола бастады.
1980-1990 жж.аралығында жалпы білім
беру жүйесінде елеулі
Жекеменшік оқу орындары ақылы оқытылды, кейбіреулері өте қымбат тұрды. 1994-95 оқу жылында Ресейде шамамен 450 мемлекеттік емес бастауыш және орта мектептер болды. Онда 40 мыңға жуық мектеп оқушылары білім алды, бүкіл оқушылардың шамамен 0,1 пайызын құрайды.
Жалпы білім беру жүйесі үш сатыдан тұрады:
1-саты – бастауыш мектеп (3-4 жыл);
2-сатысы – негізгі жалпы
Пәндерді тереңдетіп оқыту мектептерінде (лицейлер, гимназиялар және т.б.) конкурстық негізде қабылданады. Негізгі мектепте оқыту стандарт бағдарламасын және таңдау бағдарламасын қамтиды. Ол міндетті жалпы кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының бірнеше түрін қамтиды: кәсіптік-техникалық училищелер (1-2 жыл), техникумдар (2 жылдан 4 жылға дейін) техникалық лицейлер (1-2 жыл) және техникалық колледждер (2 ден 4 ке дейін).
Кәсіптік мектептердің оқу-жоспарлары мен бағдарламалары жалпы білім беретін және арнаулы болып бөлінеді.
Жоғары білім беру жүйесіне университеттер, академиялар және институттар кіреді. 1987 жылы басталған жоғары мектепте реформа одан әрі жалғасты. Реформаның жетекші идеясы жоғары білім беру жүйесін демократияландыру болып табылады, оқу үрдісін ұйымдастыруды өзгерту және оқу орындарын басқару, жоғары білім берудің мазмұнын деидеологизациялау.
Жоғары оқу орындарының
1980 ж.ж.аяғына дейін Ресей
Ресейде мұғалімдердің мәртебесін арттыру үшін арнаулы шаралар алынды, мәселен, “Жыл мұғалімі” аймақтық, ұлттық сайыстар өткізілді. Жалпы Ресейлік сайыстың жеңімпазы атанды.
Ресей ғалымдары идеалдық мұғалімнің
және оны даярлаудың моделін талдады.
Мұғалім даярлаудың тамаша моделін
белгілі ғалым В.А.Сластенин
1990 жж.арнаулы тәрбие
Тәрбиенің жаңа парадигмасы идеялық төзімділікті қарастырды.
Көп мәдениеттік тәрбие интернационалдық социалистік тәрбиеге баламалы түрде ұсынылды әр ұлт өз мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дамытуға мүмкіншілік алды.
Даралап оқытудың ең негізгі бағыттарының бірі дарынды, талантты балалар мен жас жеткіншектерді оқыту болып табылады. Ресей ғалымы В.Юркевич дарындылықтың үш типін бөліп көрсетті: академиялық (оқуға анық байқалған қабілеттілік), интеллектуалдық (ойлауға ептілігі), шығармашылық (дәстүрлі емес ойлап білу).
Көп мәдениетті тәрбиеніңауқымы ұлғая түсті. 90-жылдардан бастап, орыс емес ұлт мектептерінде міндетті компонент ретінде көпұлтты Ресейде әр ұлттың тілінің, тарихының және мәдениетінің бағдарламасы енгізілді.
1990 жылдары жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларында тәрбиенің негізгі бағыттары қарастырылды: берік адамгершілік қағидалары, жалпы алынған рухани құндылықтар негізінде қалыптастыру, отандық және әлемдік мәдениеттің рухани байлығын меңгеру, әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің арасында қарым-қатынасты қалыптастыру.
Діни тәрбие идеяларына да көзқарас өзгерді. Мектепте дінді оқытуға тиым салуды дінге қарсы ескі тәрбиені сақатуа деген ұғым тумаса керек. Дінде негізгі қаланған адамзаттық идеалды ескеру ұсынылды. Имандылық тәрбиесіне қарай бетбұрыс байқалды.
Азаматтық тәрбие міндеттеріде жаңаша шешілді.
80-жылдары жаңашыл мұғалімдер
Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова,
И.П.Волков, Е.Н.Ильин, Т.И.Гончарова
және т.б. оқытуды жетілдіруде
және оны ғылыми-теориялық
Жаңашыл-мұғалімдердің ішінде донецкінің мұғалімі Виктор Феодоровичтің есімін ерекше атауға болады, оның азаматтық кәсіби қажырлығы білім берудің өткір және өзекті мәселелерін шешудің кілтін табуға талпыныс жасауы болып табылады. Бұл мәселелерге оқушылардың жүктемесінің ауырлығын жою, оқуға олардың қызығуын, белсенділігін және дербестігін тәрбиелеу В.П.Шаталовтың “Қайта және қалай үштіктер жойылды” кітабінің баспадан шығуына байланысты еңбекке кіріспе сөзінде белгілі психолог ғалым В.В.Давыдов былай деп жазды: “Оқу тәрбие үрдісін жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктерінің қатарына В.П.Шаталовтың есімі зерттеуге және зерделеуге лайықты екендігін ерекше атап өтті”.
В.П.Шаталовтың еңбектерімен қатар “Педагогика” баспасы басқа да жаңашыл-педагогтардың еңбектері мен іс-тәжірибелерін мұғалімдер жұртшылығына ұсынды. Олардың ішінде іс-тәжірибелері мен әдістемелік ізденістері жинақталған және жан-жақты талдау жасалған. Москва облысының Реутово қаласының 2 санды мектебінің мұғалімі И.П.Волковтың іс-тәжірибесінің негізінде “Шығармашылыққа үйретеміз” кітабы, Ленинград қаласының 516 санды мектебінің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильиннің іс-тәжірбиесі “Қарым-қатынас өнері” еңбегінде және Ленинградтың 536 санды мектебінің тарих пәні мұғалімі П.Н.Гончарованың іс-тәжірибесі “Тарих сабағы - өмір сабағы” атты еңбегінде жинақталған.
Информация о работе 1980-1991 ж.ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы