Ақпаратық технологияларды айдалану арқылы оқушылардың оқу белсенділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 14:45, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнды білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты.
12 жылдық білім беруге көшуде мектеп алдына негізгі үш бағыт басшылыққа алынады.
Оқушының жеке қабілеті;
Әлеуметтік мүмкіндіктері;

Вложенные файлы: 1 файл

ГО.doc

— 43.00 Кб (Скачать файл)

 

№39 жалпы орта білім  беретін мектеп

 

 

 

Шығармашылық  есеп

«Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдалану арқылы оқушыларлың оқу белсенділігін  арттыру»

(педагогикалық кеңес)

 

 

 

 

 

 

 

Молдамсеитова Г.О.

 

 

 

 

 

 

 

Семей -2011 жыл

Өз сөзімді Ыбырай Алтынсариннің

Маған жаксы мұғалім  бәрінен де қымбат,

Өйткені мұғалім мектептің  жүрегі. – деген сөздерімен бастағым келеді.

Қазіргі таңда Қазақстан  бүкіл әлемдік білім кеңістігіне  ену табалдырығында. Өмір ағымына  қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнды білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты.

12 жылдық білім беруге  көшуде мектеп алдына негізгі  үш бағыт басшылыққа алынады.

  • Оқушының жеке қабілеті;
  • Әлеуметтік мүмкіндіктері;
  • Ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып, жеке адаралық бағытта оқыту.

Сондықтан

  • Баланы қалай оқыту керек?
  • Ойлауға қалай үйрету керек?
  • Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек? – деген сұрақ

төңірегінде ойлана келе, мектептің әдістемелік ізденіс тақырыбы: «Білім беру үрдісінде интерактивті технологияларды пайдалану арқылы ақпартаттық және коммуникативтік құзіреттілікті дамыту» тақырыбына негіздей өз әдістемелік ізденіс тақырыбымды алдым.

Ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың оқу белсенділігін арттыру.

Мақсатым:

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім, білік, қабілетін  қалыптастыру, қоғаммен және өз-өзімен үйлестікте өмір сүруге қабелетті, жан-жақты  терең біліммен қаруланған жеке тұлға тәрбиелеу.

Міндетім:

  • Танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
  • Ақпараттық және компьютерлік сауаттылығын арттыру;
  • Алған білімді өмірге, күнделікті нақты іске қолдана білуге бағыттау;
  • Коммуникативтік біліктіліктерін, ауызекі және жазбаша өз ойын түсінікті жеткізе алу, басқаларды тыңдау және түсіне алу, оқылған мәтінді түіне және талдай алу біліктілігін дамыту.

Өзекті тақырыбым бойынша  даму бағдарламасын жасадым.

1-кезең. Оқып-үйрену, дайындау.

Оқыту технологияларын оқып үйрену.

Мақсатым: Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді жүзеге асыру, ғылым, мәдениет, техника жетістіктерімен танысу.

Міндетім: Оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеру.

2-кезең. Меңгеру, енгізу. Технологияны  таңдаудың тиімділігін білу, әдіс-тәсілдерін  меңгеру.

Мақсатым: Инновациялық технологияларды  тәжірибеге енгізіп, тиімді пайдалану.

Міндетім: педагогикалық шеберлік, кәсіптік құзыреттілік – оқу мен  тәрбие сапасын көтеруде біліктілікті арттыру курстарында оқу, семинар, конференцияларға, шығармашылық есеп беруге қатысу, ақпараттық технологияны пайдаланып, сабақтар өткізу.

3-кезең. Дамыту, бақылау, саралау.  Ақпараттық-коммуникациялық технологияларын  пайдаланудағы жетістіктер.

Мақсатым: Әдістемелік  ізденіс тақырыбында белгіленген  мақсат, міндеттердің жүзеге асырылуын қорытындылау.

Міндетім: Педагогикалық  мониторинг жүргізу, рефлексия. Авторлық бағдарлама жасау.

Бастауыш сыныпта ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдаланудың маңызы:

  • Веб-сайттар және басқа да ресурстар қолдану есебінен материалды түсінікті, әсерлі етіп жеткізуді қамтамасыз етеді;
  • Түрлі тартымды ресурстарды қолданудың арқасында оқушылардың қызығуын арттырады;
  • Ұжымдық жұмысқа араласу үшін үлкен мүмкіндіктерді туғызады;
  • Сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді;
  • Сақталған файлдар негізінде меңгерілген материалдарды тексеруді жеңілдетеді.

АКТ-ның тиімділігі:

  1. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.
  2. Сабақтан тыс уақыттарды өзіндік жұмыстарды орындау.
  3. Сабаққа деген қызығушылығын ояту негізінде білім сапасын арттыру.
  4. Ағымдағы сабақ бойынша ішкі және сыртқы тексеруді жүзеге асыру.
  5. Танымдық қабілетін дамыту.
  6. Мультимедиялық ақпараттық техлогияны пайдалану.

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды сабақтарда қолданудың тиімділігін сабақтардан үзінді арқылы көрсетуге рұқсат етіңіздер.

Дүниетану. Тақырыбы: Адамның  сезім мүшелері. Сабақ жұмбақ жасыру арқылы басталады. Жұмбақтың шешуін оқушылар тапқан соң экраннан тексере  алады. Сонымен қатар көз, құлақ, мұрын, тіл туралы қысқаша мағлұматты оқи отырып, дәптерлеріне де жаза алады.

Мақалды оқып, мағынасын  ашып, өз ойларын ортаға салады.

Даусын тап. Қалам арқылы әр жануардың даусын сәйкестендіреді.

Қорытынды, сәйкестендіру  әр мүше қай сезім мүшесі екенін қалам арқылы сызып сәйкестендіреді.

Бірден сабақта түсінгендерін  тест тапсырмаларын арқылы тексеруге болады.

Математика. Көбейту мен  бөлу.

Оқушыларға флипчартты түрлі тапсырмалар беріп, оқушылар қаламды таңдау арқылы өрнектің мәнін  тауып, болған соң пердені қозғау арқылы өз жауабын тексере алады.

АКТ-ны сабақтарда қолдану  нәтижесінде:

  • Оқушының танымдық қызметі;
  • Белсенді оқу бағыты;
  • Шығармашылық талабы;
  • «Маған қызық, менің білгім келеді» деген ынтасы дамиды.

Ұстазы бейілді болса,

Шәкірті зейінді келеді.

Оқушылармен сабақ және тәрбие жұмыстары үстінде.

Іс-тәжірибемдегі жетістіктерім:

2006 жылы  Мерғазы Тоғжан математика пәнінен ІІІ орын.

Тастекей Айгерім қазақ  тілі пәнінен ІІ орын

2007 жылы  Досанова Айым ана тілі пәнінен І орын

2007 жылы қалалық авторлық  білім беру бағдарламалары және  әдістемелік материалдар байқау-конкурсында ІІ орын

2009 жылы «Бастауыш  сынып мұғалімдерінің таңдаулы  әдістемелік бірлестігінің үздік  жетекшісі» конкурсында І орынды  иелендім.

Сонымен қатар

2006 жылы Республикалық ғылыми-практикалық  конференция материалдарында «Жаңа  технологияның жеке тұлғаның  дамуына әсері»,

2010 IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында «ЖПТ-ның инновациялық әдіс-тәсілдері арқылы оқушының оқу белсенділгін арттыру» атты баяндамаларым басылып шықты.


Информация о работе Ақпаратық технологияларды айдалану арқылы оқушылардың оқу белсенділігін арттыру