Жаңа технология тәжірибеде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 08:43, аттестационная работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде жалпы білім беру мәселесін қайта қарап, түрлі әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім оқыту технологияларын терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы тиіс. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологиясын меңгермейінше сауатты , жан-жақты маман болу мүмкін емес. Оқыту технологиясын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, көмектеседі.

Вложенные файлы: 1 файл

Білім сапасын арттыру мақсатында-оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісіне енгізу жолдары.doc

— 135.50 Кб (Скачать файл)

                          Кіріспе

                                                             «Қазақстанды жаңа ғасырға білімді               

                                                                                    жастар бастап барады»

                                                                                                   Н.Ә.Назарбаев

        Бүгінгі таңда  Қазақстанның дүниежүзілік білім  кеңістігіне ену қажеттілігі  көтеріліп отырған кезеңде жалпы  білім беру мәселесін қайта  қарап, түрлі әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім оқыту технологияларын терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы тиіс. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологиясын меңгермейінше сауатты , жан-жақты маман болу мүмкін емес. Оқыту технологиясын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, көмектеседі.

Оқыту технологиясын мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады.Ол оқушылардың тәртібіне, оқу ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар,  педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибенің нәтижелілігіне, жиынтығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие үрдісінің басты рөлін атқарады. Осыған орай оқушының тұлғалық  дамуына   бағытталған  оқыту  технологиялары пайда  болуда.  Атап  айтқанда: Ж. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі»,

 Н.А Оразахынованың «Сатылай  кешенді талдау», М.М Жанпейісованың  «Модульдік оқыту» педагогикалық  технологиялары.

Оқыту технологияларының бұл нұсқаларының ерекшелігі- білімді меңгерту ғана емес, оқушының өз бетінше ізденуіне бағыт беру, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын дамытуға бағытталады.

      Сан ғасырлар бойы ұрпақ қамын ойлаған ғұламалар оқытудың сан алуан әдістерін ұсынып, білімнің шәкірт бойына қиындықсыз даруына көмектесумен келеді. Білім негізі бастауышта қалыптасады. Ол шындық. Білімнің бұл баспалдағын аттамаған адам кемде-кем. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушының мінез-құлқын біліп, соған лайықты жұмыс жүргізе отырып, оқытудың кәзіргі заман талабына сай тиімді әдісін тандап алу әр мұғалімнің іскерлігіне, ізденгіштігіне, шығармашылығына байланысты. Шығармашылық өнер - әр баланы тәрбиелеуге қажет негізгі ұғымдардың бірі. Мектептегі басты тұлға – мұғалім, ал оқу процесінің негізгі – сабақ.

Демек, мектеп мұғалімі әр сабақтың тиімді әрі қолайлы әдіс-тәсілдерін таба білуі, әр сабақтың білімділік, тәрбиелік мәнін ғылыми тұрғыдан жете түсініп, әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастыра білуге міндетті.

Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығу. Ал ешнәрсеге бейімділігі жоқ қабілетсіз бала болмайтыны  педагогикада дәлелденген. Жеке адамды қалыптастыру үшін оған не керек? Ол үшін оқытудың мазмұнын жаңартатын жаңашыл, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз керек. Мектепте жаңаша әдіс-тәсілдер қолдануымыз керек. Білім беру технологиясын өзгертуіміз керек. Кәзіргі педагогика теориясында білім беру мазмұны жаңарып, жаңа технологиялар өмірге келді. Оқытудың жаңа технологияларын оқушылардың жас ерекшелігіне сай таңдап алу керек.

«Технология дегеніміз істегі шеберлік, ал педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізудегі жұмыс шеберлігі деп түсінік береді»  В.Кларин  

Педагогикалық технологияның ерекшелігі сонда, ең тиімдісін әр сыныпқа сай талғап қолдануда. Мемлекеттік стандарт талаптарын басшылыққа ала отырып жұмыс істеу. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибиеге еніп, нәтижелер беруде. Бұл жетістіктерге арнайы курс, тәжірибие алмасу және іздену арқылы жетеді

 

                          

 

 

   «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас   ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»                          Н.Ә.Назарбаев

Менің өзекті мәселем: оқыту үрдісіне жаңа технологияларды енгізе отырып, ойын арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, халықтық педагогика тұрғысында тәрбие беру. Міндетім: әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған сұранысын қанағаттандыра отырып білім беру. Оқушылардың ынтасы мен қабілетін есепке алу. Білім бере отырып дамыта оқыту. Осы міндеттерді шешу барысында  ең тиімді әдіс – ойын әдісі деген шешімге келдім. Қай пәнді болса да оқушыларға  түсінікті, қызықты әрі тартымды өткізу үшін, әрі алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. Ойын элементтері мұғалімнің түсіндіріп тұрған материалын, оқушылардың зор ілтипатпен тындап, сапалы меңгеруіне көмекші бола алады. Менің осындай байлам жасауымның себебін дәлелдеп айта кетейін. Сөзім дәлелді болуы үшін, балалар психологиясына, әсіресе бастауыш сынып оқушысының психологиясына тоқталайын. Оқушы деген атқа ие болмай тұрып, балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болды.Ойынды бірден оқумен алмастыра қою мүмкін емес еді. Макаренко дәл атап көрсеткендей үлкендер үшін ойын да дәл сондай орын алады.

Сабақ – мұғалім мен оқушы арасындағы жұмыстың аса маңызды түрі. Мұғалімінің сан алуан ізденісі, білімі, әдістемелік-теориялық біліктілігі осы сабақта көрініс табады. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған баланы оқыту үшін, әрине қызықтыра білу керек. Ал оның бірден-бір құралы - қазақ халқының ұлттық ойындары. Ұлттық ойын балалардың ой-өрісін қалыптастыратың білгірлікке шыңдайтын бірден-бір құрал болып есептеледі. Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі, мектепге дейінгі негізгі іс-әрекеті. Енді бұл бала мектепке келді. Оның ойын әрекетін бірден оқумен алмастыра салу мүмкін емес. Сондықтан баланы ойната отырып оқыту, ойната отырып тәрбиелеу, ойната отырып еңбекке үйрету тиімді деп есептеймін. Ойын арқылы бала ересек адамның мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады. Ал олардың бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады. Ойын арқылы олар өз құрдастарымен қатынас жасау дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре отырып, небір қызықты да қиын тапсырмаларды орындауға жетелейді. Оқытып үйрету барысында олар біртіндеп іс-әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Сабақ барысында пайдаланылатын ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады. Макаренко дәл атап көрсеткендей , ойын бала үшін әрі оқу, әрі ойын, әрі еңбек. Баланың мектепке дейінгі негізгі іс-әрекеті – ойын болды. Бірден оқу әрекетіне көшу де бала психологиясына ауыр тиеді. Мұғалім осы ерекшеліктерді басшылыққа ала отырып, 1-сынып оқушысын мектеп өміріне баули бастайды.

Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында мектептегі оқу-тәрбие ісінің даму жағдайын анықтайтын басты бағдар – оқытушы мен оқушының қарым-қатынасын жетілдіруге негізделген. Оқушыны сабақ үстінде мұғаліммен бірдей танып, дара тұлға ретінде қабылдау оқу-тәрбие ісіне енетін ең негізгі өзгеріс болып саналады. Жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке шешесін, ауылын, Отанын сүюден, ұлттық өнер мен мәдениетке, ана тіліне деген сүйіспеншілігінен туындайды. Оқу мен тәрбие тығыз байланысты. Сондықтан да тәлімді тәрбие беру мақсатында өз білімімді көтеріп отыру, жаңа педагогикалық технологиялардың элементтерін күнделікті сабағыма қолданып отыру менің басты міндеттерімнің бірі. Жас ұрпақ тәрбиесі сабақ барысында және сыныптан тыс уақытта жүргізіледі. Оқушыларға әрбір сабақты сапалы әрі саналы меңгерту үшін оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізудің  маңызы зор. Осыған орай баланың сабаққа деген қызығушылығын, ынта-жігерін арттыру қажет. Кәзіргі мектепке қойылып отырған қоғам талабын ескере отырып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді сабағыма қолдануға тырысамын. Мысалы: деңгейлеп оқыту әдіс-тәсілдері, модульдеп оқыту технологиясы, т.б. өз сабағыма енгіземін. Заман талабына сай оқыту технологиялары да жаңаруда. Мұғалім әрқашан жаңа жетістіктерден қалмауы, уақыт ағымымен бірге жылжуы тиіс.

Сабақта жаңа педагогикалық технологияларды қолданып отырамын. Мысалы: ұжымдық оқыту технологиясына тоқталайын. Бұл технологияның мақсаты: әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілетін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. өзін өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу. Ерекшелігі: жекелей оқыту, жұптық оқыту, топтық оқыту, ұжымдық. Талаптары: әр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек. өзінің ғана емес басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау, өзі оқи отырып өзгені де оқыту. Тәрбиелік мәні: өзін-өзі басқару, өзіне-өзі қызмет ету, жауапкершілікті сезіну, басқаның еңбегін бағалай білу.

Ш.А.Амонашвили бойынша «Білім беруді ізгілендіру технологиясының»  мақсаты: баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының мақсаты: әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. Оқытуды оқушының әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. Ерекшелігі: таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған, бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі. Сол бойынша өзін-өзі басқарады. Қазіргі мектептерде ойын-қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады:

  • жеке технология ретінде;
  • оқу пәнінің бөлімін, тақырыбын оқып меңгеру үшін;
  • кең технология бөлімі ретінде.

Дамыту ойындар технологиясы – Б.П. Никитин

Ойындар қызметінің бағдарламасы түрлі дамыту ойындарынан тұрады. Тапсырмалар әр түрлі деңгейде беріледі: үлгілер түрінде т.б. тапсырмалардың қиындығы өте көлемді: олар төменгі сынып оқушыларына лайықтыдан жоғарғы сынып оқушыларының шамасынан жоғары болып келеді. Сондықтан ойындар оқушының тұрақты қызығушылығын туғызады. Ойындағы тапсырмалардың бірте-бірте өсу қиындығы балалардың алға ұмтылуына көмектеседі, сол арқылы шығармашылық қабілетін дамытады. Оқушыларға тапсырмаларды шешу дерексіз түрдегі жауап сияқты емес, олар сурет, ою-өрнек, геометриялық денелер, бұйым бөлшектері көрінетін және сезінетін заттар түрінде беріледі. Дамыту ойындарының негізгі ерекшелігі мынада:жеңілден ауырға деген ең бір негізгі көзқараспен қабілетіне қарай өз бетінше шығармашылықпен қызмет жасау көзқарасы біріктірілген, сонда ғана бала өз мүмкіндігін пайдалана алады. Бұл ойын кезінде бірнеше мәселелерді, шығармашылық  қабілетерін дамытуға байланысты шешуді қамтамасыз етеді. Мазмұнына қарай дамыту ойындары әртүрлі, олар мәжбүрлікті көтермейді, қуанышты  бостандықты шығармашылық жағдай туғызады .Жаңа материалды меңгеру, қорытындылау кешенді мәселелерін шешу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жалпы оқу іскерлігін қалыптастыру үшін іскерлік ойыны пайдаланылады.

          Дәстүрлі емес технологиялық сабақтар :пәнаралық байланыс негізінде біріктірілген сабақтар, жарыс және ойын түрінде өтетін сабақтар, байқау, жарыс және іскерлік ойындар, сөзжұмбақ, сұрақ-жауап т.б. Оқу материалын дәстүрлі емес түрі негізінде ұйымдастыру сабақтары, даналық сабағы, сиқыршы, басқа планетадан келушілер т.б. Қоғамдық мәдени шараларға еліктеу сабақтары:саяхат, сапар шегу, қонақ бөлмесі, репортаж т.б.

         Бастауыш мектептерде жалпы оқыту  біліктілігін жетілдіру технологиясы(В.Н.Зайцев)Бұл технологияның негізгі бағыттары :бірінші сынып оқушыларын тіл дамыту психологиясынна дайындау. 2-3 сынып оқушыларының ең жақсы жылдам оқу деңгейін жетілдіру (минутына120 сөз).

3-сынып оқушыларының жазу жылдамдығын  арттыру (минутына 60 әріп). Оқығанын  қайта айтуға үйрету (90% нашар оқитын оқушыларды орташа оқитындар қатарына қосу ). Қазіргі кезде қандай да болмасын білім беруде бағыттар шығарылып ,дәстүрлі оқыту шеңберінен шығу ұмтылысы ,оқу процесінде жаңа ізденіс біріктіруде. Оқытудың инновациялық моделі (Кларин .М.В) Инновациялық оқыту *-білім берудің ерекше түрі,дәстүрлі оқытудың баламасы. Ол екеуінің арасындағы негізгі айырмашылығы: болашаққа деген көзқарастары әртүрлі.

         Осындай  жаңа педагогикалық технологияларды  қолдана отырып,сабағыма жаңа  өзгерістер енгіземін. Оқыту технологиялары көптеген педагогикалық инновациялық іс-тәжірибелер,мектептер мен жаңашыл – мұғалімдердің проблемалары: жан-жақты талдауды және жүйелеуді талап етеді.

          Уақыт  талабы қазіргі мектептерде жаңаша  жұмыс істеуді талап етуде. Жаңаша  жұмысты жүргізу үшін мұғалім жан-жақты білімді , педагогика мен психология ғылымын жетік игерген және сабақты құрудың және өткізудің диалектикалық ыңғайын тауып, жаңарған техника мен икемді технологияны пайдалана білу керек. Ең бастысы, әдістемелік әдіс-тәсілді де жете меңгеру қажет.

Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дегеніндей, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы мол еңбекшіл парасатты азаматы болу керек. Өйткені, баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген аттаққа ие бола алады.

Оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін жан-жақты іздену мектептің келелі мәселесі.

Мақсатым:

  1. Сабақтың тиімділігін арттыру
  2. Оқушының тілін дамыту
  3. Жаңа  технологияны оқу-тәрбие жұмысында жүйелі пайдалану.

Информация о работе Жаңа технология тәжірибеде