Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 12:34, реферат
1. Ойын технологиясының даму тарихы.
2. Ойын бағдарламасыныњ негізін құрайтын тапсырмалар.
Тақырыбы: Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары Ойын технологияларының мүмкіндіктері
Жоспар:
1. “Қазақстан Республикасының жалпы орта білімінің мемлекеттік стандарты” туралы ережеде білім беру стандартының негізгі обьектісі – оның құрылымы, мазмұны, оқыту жүйесінің көлемі және оқушыларды даярлаудың дәрежесі деп көрсетілген. Білім стандартына қатысты түсінік барлық елдерде бірдей емес. Оқу орындарының ерекшеліктеріне, мақсаттарына қарай ғана емес, әр пәннің міндеттерін де айқындайтын стандарттық талаптар бар. Осы негізде қазір мектептерге де, лицейге де, гимназияға да қойылатын талаптар бірдей.
Мемлекет жалпы орта білім беру саласындағы саясаты: бастауыш, негізгі және толық орта білім берудің мемлекеттік стандарттарын талдап жасауды және оны өмірге енгізуді, білім алушылардың деңгейін бақылау ісін жетілдіруді, білім алудың әртүрлі нысандарын дамытуды, ақпараттық жаңа технология мен ұстаздардың шеберлігін арттыруға қажетті жабдықтар жасауды көздеуге тиіс. Бұл мақсатқа жеке дара қабілетінің сұранысына жауап бере аларлықтай білім беру бағдарламаларының әр алуандығы, білім беру ісі мен ғылымды кіріктіру, экономикалық реформа стратегиясы мен қоғамдық практиканың қажетіне сәйкес мамандарлың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау ісін қамтамасыз етеіндей үздіксіз кәсіби білім беруге жағдай туғызу арқылы қол жеткізу керек.
Бүгінгі таңда ойын технологиялары мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады.
Тақырыптық-сынақ сабақтары бағдарламаның тірек тақырыбы бойынша (опорные темы) жүргізіледі. Оны жүргізу мақсаты алынған білім, іскерлік пен дағдыны бекіту, оқушыларға көмек көрсету және олардың білім, іскерлік пен дағдыларын бақылау.
Оқытушы келесідей дайындық жұмыстарын орындайды:
Тақырыптық-сынақ жөнінде оқытушы ерте хабарлайды, сынақтың сұрақтарымен таныстырады.
Оң бағаға ие болған оқушылар сынақты тапсыруға қатыспайды. Сынақтың қорытындысы бойынша жалпы баға қойылады, ол оқушылардың нақты білімі мен іскерлігіне сәйкес келу керек.
Дидактикалық ойындар – имитациялық модельдеу бойынша оқытылатын жүйелер, құбылыстар, процестерде белсенді оқу әрекеті. Дидактикалық ойын – бұл ұжымды мақсатты бағытталған оқу әрекеті, мұндағы қатысушы мен команда негізгі мәселені шешумен бірігіп, өздерінің тәртіптерін ұтысқа бағдарлайды.
Ойынның құрылымдық элементтері мыналар болып саналады:
Дидактикалық ойын технологиясы – бұл проблемалық оқытудың нақты технологиясы. Дидактикалық ойындар оқу процесін жандандырады.
Ойындарды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке түлғасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.П.Блонский және т.б. үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары Ф.Шиллер, К.Гросс, В.Вундт және ағылшын әлеументтанушысы Г.Спенсер ерекше ден қойды.
Оқытудың құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану әдіскер ғалымдардың еңбектерінде де көп айтылды (М.И.Микитинская, Т.К.Жикалкина, т.б.).
Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесінде пайдалану қажеттілігі мен олардың педагогикалық мүмкіндіктері мәселесі қазақстандық ѓальмдардың зерттеу еңбектерінде ашып көрсетілді (Е.Сағындықов, А.Айтпаева, т.б.).
Аталған ғылыми зерттеулер педагогика ғылымының қ±нды дүниелері болып есептеледі. Алайда, бұл еңбектерде бастауыш сынып окушыларының жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін ойын технологиялары арқылы қалыптастыру мәселесі зерттеу арқауы болмаған.
Алдымен, «ойын теяюлогиялары» және «жалпы оқу интеллектуальдық біліктері» ұғымдарының мәнін ашып көрсетуді жөн көрдік.
«Технология» - латынның «техне»-өнер, шеберлік, қолөнер және «логос»-ғылым деген сөзінен шыққан. 60-70-жылдардан бастап педагогика ғылымында педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды:
- практикада іске асырылатын белгігі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.А.Беспалыо);
Ойын мәнділігі нәтижесінде емес, процестің өзінде болып табылатын іс-әрекеттің бір түрі, өмірдің керемет ќұбылыстарының бірі, баланың барлыќ маңызды ақыл-ой қалыптастыруға бағытталған әсерімен дамитыны мойындалған. Бүл ойын арқылы баланың барлық қабілеттерінің дамуына, күрбыларымен дұрыс қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалатынын дәлелдейді. Ойын технологиясын оқыту процесінде пайдалану баланың қалыпты дамуына єсер етіп, шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттырады.
Сөйтіп, ойын технологиялары дегеніміз баланың қалыпты дамуына эсер етіп, оның шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттыратын педагогикалық процесті үйымдастыру формаларының бірі болып табылады.
Жалпы оқу интеллектуальдық біліктері ақыл-ой әрекеті ретінде оқу іс-әрекетінің негізгі өзегін қ±райды, оны іштей ұйымдастырады, тереңдетеді, белсендіреді.
Оқу іс-әрекеті түрғысынан алып қарағанда, жалпы оқу интеллектуальдық біліктерінің маңызды, мәнді блоктарына мыналар жатады (Н.Я. Чутко):
1-ші блок - бақылау, тыңдау,
оқу - іс-әрекетінің ақпараттық-
2-ші блок - жіктеме, жинақтау - оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру-орындау қызметімен байланысты және оқып-үйренілетін материалдың логикалық қайта өнделуін қамтамасыз ететін біліктер;
3-ші блок - өзін-өзі баќылау - оку іс-әрекетінің бақылау-түзету қызметін атқаратын және жүргізілетін оқу-таным әрекеттерінің барысы мен нәтижесін бақылауды қамтамасыз ететін біліктер.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген бастауыш сынып оқушылары жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін жеткіліксіз меңгереді; бүл біліктердің қалыптаспағандығы олардыњ кейбіреулерінде орта және тіпті жоғары буынға өту барысында байқалып, оқу іс-әрекетінің өнімсіздігіне әкеліп соғады. Бүл интеллектуальдық біліктердің тек баланың жеке тәжірибесінде, белсенді іс-әрекетінде қалыптасатындығымен байланысты және бұл іс-әрекет пен тәжірибені игеру оқытатын ересектердің тікелей қатынасуымен тйымдастырылғанда ғана дамудың жоғары деңгейіне жетеді.
Жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруда ойын технологияларын пайдаланудың екі педагогикалық тиімділігі бар: біріншіден, ойын барысында балалардың орындайтын ақыл-ой єрекеттерінің сипаты мен ойын формасында қалыптасатын біліктер жиынтығы маңызды болып табылады; екіншіден, дидіктикалық ойындардың ережесі бар ойынның түрі ретінде құрылуының өзі ерекше мәнге ие болады. Ойында дайындық, үйымдастыру кезеңдерінің міндетті түрде болуы баланы табиғи және занды түрде іс-әрекетке баулиды. Мүндай іс-әрекет оқу іс-әрекетінің бір көрінісі сияқты, өйткені кез келген дидактикалық ойында міндетті түрде ойын міндеті, ойын әрекеті және ойын тәртібінің ережесі болатыны анық. Сондықтан ойын тешологиялары өз бетімен білім алу және саналы ойлау, сонымен бірге түтас алғанда оқу іс-әрекетін қалыптастыруға ықпал етеді.
2. Ойын бағдарламасының негізін мынадай тапсырмалар түрлері құрайды:
4. Хабарламаны тындау; олардағы танымдық жағынан мәнді мәлшеттерді жинақтау - оларды неғұрлым жинақталған түрде беру; жинақтаудың дұрыстығын тексеру;
5. Мәтінді оқу және ондағы басты, оқу-танымдық жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау; жасалынған жинақтаудың дұрыстығын тексеру (Н.Я.Чутко).
Біз осы дидактикалық тапсырмалардың түрлеріне байланысты зерттеу барысында ойындарды мынадай түрлерге бөліп, оларды оқу-тәрбие процесінде пайдаландық:
Сонымен мектептің оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын тиімді пайдалану оқу іс-әрекетінің ақпараттық-бағдарлы, үйымдастыру-орындау және бақылау-түзету функцияларын іске асыруға, оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.
Дамыта оқыту технологиясында ойын әдісі маңызды орыналады. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мұмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруға зор маңызы бар. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқагыштығын. зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Ойын тұрлері әте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.