Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 22:13, реферат
Желілік технологиялар Қазақстан мектептерінде алғаш рет 2005 жылы пайдаланды. Қазақстандық-сингапурлық жоба шеңберінде тілдерді оқытуға арналған «MERiTS» желілік бағдарламасы енгізілді, ол -MERiTS CRMS (Class Room Management System) – сабақ кестесін құруға, оқушылардың екеулеп немесе микротоптағы жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, сыныпты басқару жүйесінен; - MERITS LMS (Learning Management System) – оқу үрдісіне басқарушылық ету мен оның мазмұнының дамуын қамтамасыз ететін оқу үрдісін басқару жүйесінен, COURSEWARE – қазақстандық білім стандартына сәйкес 2-11 сыныптар үшін қазақ, ағылшын, орыс тілдері бойынша мультимедиалық оқыту бағдарламасынан тұрады.

СMERІTS CRMS жүйесі екі модульден тұрады: мұғалімнің компьютеріне орнатылатын Мұғалім Модулі және оқушының компьютеріне орнатылатын оқушы Модулі.
Мұғалім Модулінің сабақ өткізген кездегі негізгі қызметі: басқару, бақылау және оқушылармен байланыс жасауды қамтамасыз етеді. Мұғалім сабақ өткізген кезде компьютерлік сынып толық бақылауда болады.
Оқушы Модулінің мұғалім Модулімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі бар. Ол өзара қатынас жасауға, сондай-ақ, мұғаліммен, басқа да оқушылармен байланысуға мүмкіндік алады.
MERІTS LMS жүйесі иерархиялық құрылымнан тұрады:
Басқарушы Модулі, Мұғалім Модулі, Оқушы Модулі
Басқарушы Модулі мектептің жүйелік басқарушы қызметін қамтамасыз етеді. Басқарушы болып келесі пайдаланушылар танылады: жүйе пайдаланушылардың өкілеттік шеңберін анықтау, LMS қолдануында тілдері тағайындау, оқу үрдісіне қатысушыларды тіркеу, оқушыларды сыныптарға бөлу және оларға мұғалімді бекіту, жаңа курстарды енгізу, жалпы жүйені басқару.
Мұғалім Модулі тек әкімшілікке тіркелген оқушылармен ғана қарым-қатынаста бола алады, COURSEWARE жүйеленген оқыту курсына кіруіне мүмкіндігі бар, курс мазмұнын игергенін бақылауға, тапсырмалардың орындалғанын байқауға, оқушылардың нәтижесін бағалауға, жұппен, топпен, микротоппен т.б. жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі.
Оқушы Модулі хабарландырумен танысуға; COURSEWARE бағдарламасына кіруге мүмкіндік береді және жеке өзіндік оқу-танымдық іс-әрекет үшін жағдай тұғызады (мақсатынан бастап нәтижесіне дейін).