Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 20:00, реферат
Осы Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жөніндегі бағдарлама әзірленетін болады.
Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:
• ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар;
• Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;
• білім берудің деңгейлері мен мазмұны;
• Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер;
• Тұжырымдаманы іске асырудың кезеңдері.
1. Кіріспе.
2. Білім беруді дамытуды тежейтін факторлар.
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.
4. Білім берудің деңгейлері мен мазмұны.
4.1 Деңгейлері.
4.2 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту.
4.3 Орта білім беру.
4.3.1 І саты – бастауыш білім беру.
4.3.2 II саты-негізгі білім беру.
4.3.3 IIIсаты-орта білім беру.
4.3.3.1 Бейіндік оқыту.
4.3.3.2 Техникалық және кәсіптік білім беру.
4.4. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
4.5. Жоғарғы білім беру.
4.6. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
5. Тұжырымдаманы іске асырудан күтірілген нәтижелер.
6. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті.
СОӨЖ-№1
Педагогика психология пәні бойыеша.
Тақырыбы: « Жоғары кәсіптік білім берудің заңдылықтары»
Орындаған: ФКиС-13-02 топ студенті: Идешова Айғаным.
Тексерген аға оқытушы:
4.1 Деңгейлері.
4.2 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту.
4.3 Орта білім беру.
4.4. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
4.5. Жоғарғы білім беру.
4.6. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
5. Тұжырымдаманы
іске асырудан күтірілген
6. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері.
1. Кіріспе
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы (бұдан
әрі – Тұжырымдама) мемлекеттік тәуелсіздікті
қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл
дамуының негізін құрайтын Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін дамытудың
мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы
мен мазмұнын және негізгі стратегиялық
бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық,
әдіснамалық құжат болып табылады. Тұжырымдама
Қазақстан Республикасының Конституциясына,
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына, «Қазақстан-2030» стратегиясына,
«Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық
даму стратегиясына», «Білім» мемлекеттік
бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы
конвенцияға, Техникалық және кәсіптік
білім беру жөніндегі конвенцияға, Еуропа
аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті
тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары
білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік конференцияның
декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері
білім министрлері кеңесінің, Тәуелсіз
мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер
білім министрлерінің және ТМД-ға қатысушы
мемлекеттердің білім беру саласындағы
ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің,
Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының
Интеграциялық комитетінің жанындағы
білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы
құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы
жөніндегі кеңестің конференцияларының
ұсынымдарына сәйкес әзірленді. Тұжырымдама
білім беруді жалпы ұлттық басымдық ретінде
белгілейді және мемлекеттің Қазақстан
Республикасының ұзақ мерзімге арналған
білім беру саясатын дамытудың негізін
қалайды әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне,
білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің
құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне,
кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер
мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып
табылады.
Осы Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру
жөніндегі бағдарлама әзірленетін болады.
Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:
2. Ағымдағы жағдай
және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар.
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды
нарықтық экономика елі ретінде танып
отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи
кезең ішінде Қазақстан экономикада сілкініс
жасады, әлемдік өркениетпен ықпалдасуда,
жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда.
Елдің әлеуметтік- экономикалық даму перспективалары
айқындалған. Осыған орай қоғам өмірінің
жаңа сапасының негізін құрайтын және
елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің
аса маңызды факторлары әрі базасы болып
табылатын, қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері
ретінде, қазіргі білім беру жүйесінің,
адам капиталының рөлі мен мәні арта түседі.
Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі
өзгерістер өз кезегінде білім беру ісіне
ықпал етеді және одан жаңа тарихи кезеңнің
шақыруларына жұмыла үн қосуды әрі соған
сай жауап беруді талап етеді және де тұтастай
алғанда экономиканың даму қажеттіліктеріне
сәйкес келуге тиіс. Қазақстандық білім
беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім
беру кеңістігіне кезең-кезеңімен енуіне
жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім
беру әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының
жағдайында өтіп жатыр.
Білім беру саласының жай-күйін талдау
бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың
ұйымдастырылған бағдарламаларымен нашар
қамтылғанын көрсетеді. Қазіргі жалпы
білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны
фактология күйінде қалып отыр, пәндік
тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар
моральдық тұрғыдан ескірген. Оқушының
даралығына бағдарланған білікті көзқарас
жоқ. Мектепте оқу оқушының өмірлік жолын,
мүдделері мен перспективаларын таңдауына
нақты дәлелдемелер бермейді. Жоғары сынып
оқушыларының тек 30%-ы ғана өздерінің қабілеттеріне
сәйкес келетін кәсіби қызметті таңдайды.
Демек, бұл жоғары сынып оқушыларының
70%-ының өмірден өз орындарын табуға мүмкіндігі
аз деген сөз. Соңғы бес жылдағы ЮНЕСКО-ның
зерттеулері мен жалпы білім беретін мектеп
бітірушілерді тестілеудің нәтижелері
білім сапасының ұдайы төмендеп келе жатқанын
көрсетеді. Орта білім берудің жоғары
сатыларында кәсібилендірудің жеткіліксіздігінен
мектеп бітірушілер еңбек рыногында талап
етілмей отыр. “Кәсіптік бастауыш және
орта білім берудің” мазмұны мен атауының
сәйкессіздігі 1997 жылғы ISKED Білім берудің
халықаралық стандарттық жіктелімінің
өлшемдеріне қарсы келеді. Техникалық
және кәсіби білім беру жұмыс берушілер
мен еңбек рыногының қызметкерлердің
біліктілік деңгейіне қоятын жаңа талаптарына
байланысты “кадрлық ашығу” проблемасын
толық көлемінде шеше алмайды. Жоғары
білім жүйесінде де жағымсыз үрдістер
қалыптаса бастады. Жекелеген жоғары оқу
орындары мен олардың көптеген филиалдарының
қазіргі талаптарға сәйкес келетін интеллектуалдық,
кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетінің
жоқтығынан, жоғары оқу орындарына түсудің
жалпыға бірдей қол жетімділігі мамандарды
қайта өндіруге және еңбек рыногын талап
етілмеген кадрлармен тоғытуға әкеліп
соқтырды. Бұған сондай-ақ бұрыннан қалыптасқан,
тұрақты салаларға және тұтынушыларға
ғана бағдар ұстанған тар шеңбердегі мамандықтар
бойынша жаппай даярлауға ықпал етті.
Біздің білім беру бағдарламалары мен
олардың шетелдік баламаларының өзара
есептесу, білім туралы құжаттарды өзара
тану тетігінің жоқтығы студенттердің,
оқытушылардың және жұмысшы күшінің академиялық
ұтқырлығын тежеп отыр. Жаңа жүзжылдықтың
басында елдегі экономикалық ахуалдың
жақсаруы тұтастай алғанда білім беру
жүйесіне оң әсерін тигізді. Жаңа мектептер
салу ісі жандандырылды. Білім беру ұйымдарының
материалдық-техникалық базасын нығайтуға
қаражат бөліне бастады. Алайда бұл білім
беру жүйесіндегі жағдайды түбірімен
өзгертуге жеткіліксіз. Білім беру жүйесінің
нарықтық экономиканың, ашық азаматтық
қоғамның қажеттіліктерінен қалыс қалуы
айқын көрініп отыр.
Білім беру жүйесіндегі мұндай
жағдайдың негізгі себептері мыналар:
Білім беру саласында қалыптасқан
ахуал республиканы дамытудың қазіргі
әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағдайларына және жоғары дамыған елдердің
прогресшіл тәжірибесіне сәйкес келеңсіз
құбылыстарды болдырмау, түбегейлі
ұйымдық, құрылымдық қайта құрулар,
білім берудің мазмұнын жаңарту
және мамандар даярлаудың сапасын жетілдіру
қажет екенін көрсетеді.
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіне
ықпалдастырылған және жеке тұлға мен
қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын
көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық
моделін қалыптастыру үшін білім беруді
дамытудағы стратегиялық басымдықтарды
белгілеу.
Міндеттері:
4. Білім берудің деңгейлері
мен мазмұны
4.1. Деңгейлері
Қазақстанның білім беру жүйесі мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру,
орта білімнен кейінгі кәсіптік білім
беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
кәсіптік білім беру деңгейлерінен тұрады.
4.2. Мектепке дейінгі
тәрбие және оқыту
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (бастауышқа
дейінгі білім беру – ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына
сәйкес атауы) – баланың жасын және өзіне
тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның
толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын
құратын үздіксіз білім берудің бастапқы
деңгейі.
Балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен
оқуға деген құқығын мектепке дейінгі
ұйымдардың, жалпы білім беретін мектептердің
мектепалды сыныптарының, сондай-ақ жетім
балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған балалар үйлері
мен мектеп- интернаттардың мектепке дейінгі
топтарының және мектептен тыс ұйымдардағы
мектепке дейінгі топтардың желісі қамтамасыз
етеді. Осы кезең сонымен бірге мектепке
дейінгі арнайы түзеу ұйымдары мен топтарында,
“мектеп – балабақша” кешендерінде болуға
айрықша мұқтаж балалардың ұйымдасқан
тәрбиесі мен оқуын қамтиды.
Мақсаты –мектепке
дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу
бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде
ұлғайту жолымен балалардың білім алуына
бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз
ету.
Міндеттері:
Тәрбие мен оқыту мазмұны
4.3. Орта білім беру
Орта білім беру елдің тұтас үздіксіз
білім беру жүйесінің базалық буыны ретінде
жұмыс істейді.
Балалардың орта білім алуға деген құқығы
жалпы білім беретін мектептердің желісімен
қамтамасыз етіледі. Оқытудың ерекше жағдайлары
бойынша мектептер мектеп-интернаттар,
дарынды балаларға арналған мектептер,
даму және оқу мүмкіндіктері шектеулі
балаларға арналған мектептер және т.с.с.
болып бөлінеді.
Мектептен тыс мекемелер балаларға қосымша
білім беру мен тәрбиелеуді қамтамасыз
ете отырып, орта білім беру жүйесіне енеді.
Орта білім берудің мақсаты – жылдам
өзгеріп отыратын дүние жағдайларында
алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі
іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз
бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан
жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері:
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін
мыналар қажет:
1) білім берудің мазмұнын орталық білімнен
біліктілік мазмұнына қарай (нәтижеге
бағдарланған білім беру) өзгерту;
2) білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай
қабылдауды қамтамасыз ететін: тіл мен
әдебиет, адамтану, қоғамтану, математика,
информатика, жаратылыстану, өнер, технология,
дене тәрбиесі сияқты білім берру салалары
арқылы іске асыру;
3) оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне
сәйкес жоғарғы сатыдағы бейіндік және
кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін құру;
4) білікті жұмысшы кадрларын, техникалық
және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын
даярлаудың кәсіптік білім беру бағдарламаларының
құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
5) техникалық және кәсіптік білім беруді
сапалы ұйымдастыру үшін ынталандырудың
және жұмыс берушілердің қаражаттарын
тартудың нормативтік және құқықтық тетіктерін
әзірлеу.
Қазақстан жағдайында орта білім берудің
неғұрлым оңтайлы, ыңғайлы және экономикалық
жағынан тиімді құрылымы 4+6+2 болып табылады.
Бұл құрылым балалар дамуының ғылыми негізделген
жас кезеңдеріне (6-10 жас – балалық шақ,
11-16 –жеткіншектік шақ, 17-18 –жасөспірімдік
шақ) сәйкес келеді және қазіргі мектептің
барлық оң тәжірибелерін бойына жинақтаған.
Он екі жылдық орта білім беру үш сатыда
іске асырылатын болады. Әрбір сатының
білім бағдарламаларын меңгеру сыртқы
бақылаумен аяқталатын болады.
4.3.1. І
саты – бастауыш білім беру, 1-4-сыныптар.
Оқудың ұзақтығы – 4 жыл. Оқу 6 жастан
басталады. Бұл жас баланың ақыл-ойының
дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше
қолайлы кезең болып табылады. Білім мазмұны
шетел тілі мен информатика негіздерін
ерте үйрену арқылы байытылатын болады.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті –
баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды
қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау
және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие
оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін
білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын
үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым
тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан
таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне,
жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының
негіздеріне бағдарланады, сонысымен
кейін негізгі мектептің жалпы білім беру
бағдарламаларын меңгеруге база жасайды.
4.3.2. ІІ
саты – негізгі білім беру, 5-10-сыныптар.
Оқудың ұзақтығы – 6 жыл. Негізгі мектептің
функционалдық қызметінің басым бағыттары
оқушылардың ғылым жүйесінің базистік
негіздерін меңгеруі мен олардың бойында
жеке бастың және этникааралық қарым-қатынастың
жоғары мәдениетін қалыптастыру, тұлғаның
өзін-өзі айқындауы мен кәсіби бағдарлануы
болып табылады. Бұл сатыда әрбір пәннің
мазмұны негізгі базалық білім беру деңгейінде
қисынды түрде аяқталып отырады. Оқу пәндерін
таңдауы бойынша зерделеу үшін оқу жоспарының
вариативтік бөлігі кеңейтіледі. Бейіндеу
алдындағы даярлық жүзеге асырылады.
Сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша
орта білім берудің ІІІ сатысында оқытудың
одан кейінгі бейіні мен нысандарын таңдау
үшін оқушылардың қабілеттері мен даярлық
деңгейі айқындалады.
4.3.3. ІІІ
саты – орта білім беру.
4.3.3.1. Бейіндік
оқыту, 11-12-сыныптар. Оқудың ұзақтығы –
2 жыл. Орта білім берудің жоғары сатысының
функционалдық қызметінің басым бағыты
оқушылардың тереңдетілген кәсіптік білім
беруге дейінгі даярлығын жүзеге асыру
үшін бейіндік оқытуды енгізу болып табылады.
Орта білімнің ІІІ сатысын құрудағы принципті
жаңа көзқарас оқытудың оқу мазмұнын саралау,
ықпалдастыру және кәсібилендіру негізінде
жүргізілуіне байланысты туып отыр.
ІІІ сатыда білім алуға берілген нұсқаудан
әлем, қоғам және адам туралы жүйелендірілген
түсініктерді меңгеруге және оларды өз
бетінше кеңейтіп, тереңдете білуге көшу
қамтамасыз етілуі тиіс.
ІІІ сатының оқушылары оқытудың нысандары
мен тәсілдерін, жеке білім беру бағдарламаларын
таңдауына болады, онда шығармашылық қызметке
және оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту
үшін жағдай жасауға айрықша орын бөлінген.
Ауылдық жерде шағын жинақталған мектептердің
балаларына арналған бейіндік мектеп-интернаттар
ашу және салу қажет.
4.3.3.2. Техникалық
және кәсіптік білім беру. Оқудың ұзақтығы
– 2 жыл. Неғұрлым білікті техникалық және
кәсіптік білім алу үшін оқу мерзімі 1
жылға ұзартылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру –
негізгі білім беру базасында қоғамдық
пайдалы қызметтің барлық бағыттары бойынша
техникалық және қызмет көрсету еңбегінің
білікті кадрлары мен мамандарын даярлауды
қамтамасыз ететін кәсіптік білім беру.
Техникалық және кәсіптік білім беру қызметінің
негізгі бағыты білім алушылардың жаңа
технологиялар талаптарының деңгейінде
және еңбек рыногының дамуына сәйкес білікті
кәсіптік даярлығын қамтамасыз ету үшін
жеткілікті және қажетті жағдайлар жасау
болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім берудің
мақсаты жеке тұлғаның және жекелеген
әлеуметтік топтардың өзіндік ерекшеліктерін
ескере отырып, қоғам мен еңбек рыногының
техникалық және қызмет көрсету еңбегінің
жоғары білікті жұмысшы кадрлары мен мамандарына
деген қажеттілігін қанағанаттандыру
болып табылады.
Мақсатқа жету және жоғарыда көрсетілген
міндеттерді іске асыру үшін техникалық
және кәсіптік білім беруді дамытудың
басым бағыттары мыналар болып табылады:
Информация о работе Жоғары кәсіптік білім берудің заңдылықтары