Көркем шығармалар арқылы бала тілін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2015 в 10:53, доклад

Краткое описание

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде күннен – күнге жаңарту үстіндегі әлемде бейімделу қабілеті жақсы жетілген бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген педагогика – психологиялық зертттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоцияналдық дамуын анықтайтын шарт екендігін дәлелдеді. Уақытылы берілген мектепке дейінгі білімнің балаға, оның фундаментальды білімнің дамуына тигізер үлесі зор.

Вложенные файлы: 1 файл

Көркем шығармалар арқылы бала тілін дамыту.doc

— 25.50 Кб (Скачать файл)

Көркем шығармалар

арқылы бала тілін дамыту

Мектепке дейінгі  тәрбие мен оқыту  үздіксіз білім беру  жүйесінің алғашқы  деңгейі ретінде  күннен – күнге  жаңарту үстіндегі  әлемде  бейімделу  қабілеті  жақсы  жетілген бала  тұлғасының  қалыптасуы мен дамуы үшін  жағдайлар жасайды. Жетекші ғалымдар мен  практиктер  жүргізген көптеген педагогика – психологиялық зертттеулер нақты  мектепке дейінгі  жастың  зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және  эмоцияналдық дамуын  анықтайтын шарт екендігін дәлелдеді. Уақытылы берілген мектепке дейінгі білімнің балаға,  оның фундаментальды білімнің дамуына  тигізер үлесі зор.

Қазақ елінде  тұңғыш рет «психология», «педагогика» құралдарын жазған  Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтар өз еңбектерінде  балаларды жан – жақты дамыта  тәрбиелей отырып, олардың психологиялық үрдістерін (ақыл – ой, қиял, есте сақтау, зейін, сезім, қабылдау, т.б.)  жетілдіру, ана тілінде сөйлеуге  үйрету мәселесіне  ерекше  назар  аударды.

  Сөз – тілдің негізі. Көркем мәтіндегі сөздер тілдің  бейнелік  құралдары болып табылады. Қылыштай  кесіп түсетін өткір де дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуде жандандыратын, ойлаудың  икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың  сөздік  қорын жетілдіре түсу қызметін атқаратын болғандықтан, сабақтың барысында  баланың жүрегін толқытып, бойын балқытып,  қиялын шарықтатындай жағдай туғызу керек. Мектепке дейінгі  бағдарламада бала тілін дамыту жұмысына  баса көңіл бөлінген.  Бұл жай  құбылыс емес, керсінше, баланың  техникалық қасиеттерінің  дамып – жетілуіне  әсер ететін үрдіс. Сондықтан мектепке дейінгі балалардың  тілін дамыту жұмысы – тәрбие жұмысының ұйтқысы.

  Балалардың сөйлеу  белсенділігін  арттырып, ой –  өрісін  кеңейтіп,  бағдарлай білуге  үйретіп, қатынас құралы ретінде  көркем шығармаларды пайдаланудың  маңызы аса зор.  Көркем шығармаларды оқып беру, оқылған шығарма  мазмұнын айтқызу барысында  баланың ойлау  қабілеті, тілдік қоры дамып, ой – өрісі кеңейеді.

   Мақал – мәтелдердің  тәрбиелік  мәні  күшті,   балаларды  жақсылыққа баулып,  жамандықтан  аулақ болуға үгіттейтін өнеге  сөздердің мағынасын  талдап, соған орай  белгілі бір қорытынды  жасалады. Балалардың өмірге  көзқарасын кеңейтіп, сөздік қорын байытуға  бағыт беру, сөз  шеберлерінің  ғажайып өнерін  сипаттауда  балаларға  көркемдік білім беру еді.


Информация о работе Көркем шығармалар арқылы бала тілін дамыту