Модульдік оқыту технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2014 в 12:21, реферат

Краткое описание

Кіріспе бөлімінде биоақпараттық технологмяның «Снежинка» - әдісі бойынша өткіздім оның негізгі ерекшелігі. Сынып оқушылары үш-үштікке бөлініп отырады. Мұғалім жаңа тақырыптар төңірегінде сөйлейді. Осы уақытта оқушылар төмендегі картаны толтырып отырады. Әр тақырып түсіндіріліп болғаннан кейін, оқушы бір-бірінің карталарындағы графаларды бірігіп отырып толтырады. Бұған екі минуттай уақыт беріледі.

Вложенные файлы: 1 файл

Модульдік оқыту технологиясы.docx

— 30.17 Кб (Скачать файл)

Модульдік оқыту технологиясы

Оқу циклі ретінде ұдайы қайталанатын оқу модулінің өз құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады. Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі. Бұл бағдарлама бойынша тараулар тақырыптар блогына, тақырып берілген сағат санына байланысты. Тарау көлеміне қарай, мен мұндағы тақырыптарды үш модульге енгіздім. Сіздерге ұсынарым №3 модуль. Бұл сабақты кіріспе бөліміне 1 – сағат, сұхбат бөліміне 4 – сағат, қорытында бөліміне 2 – сағат, жалпы 7 сағатқа бөлдім.

Электр құбылыстары 

Модульдің құрылымы

Сабақ реті

Сабақтың мазмұны мен түрі

Сағат саны

ескертулер

 

Кіріспе бөлім

 

1-сабақ

  1. Модульге кіріспе
  2. Әңгіме дәріс
  3. Тақтамен жұмыс
  4. Қорытындылау

1 сағат

Сұхбат бөліміне дайындық

 

 

 

Сұхбат бөлімі

 

1-сабақ

Диалогтық бөлім ойын түрінде

1 сағат

Ізденіс жұмыстарына баулу

 

2-сабақ

Деңгейлік тапсырмалар (есеп шығару)

 

1сағат

Есеп шығара білуге үйрену

 

3-сабақ

  1. Өзіндік жұмыс
  2. Технологиялық карта «Ромашка»- мен жұмыс 
  3. Брейн-ринг

 

1 сағат

Шығармашы лыққа баулу

 

  4-сабақ

  1. Топпен жұмыс

Технологиялық карта «триада – логика»- мен жұмыс

 

 

 

1 сағат

Қорытынды бөлімге дайындық

 

 

 

Қорытынды бөлім

 

1-сабақ

Сөзжұмбақ ребус, анограмма шешу. Тест тапсырмаларын алу.

 

1 сағат

 

Қайталау

 

2-сабақ

Бақылау жұмысы

1 сағат

 

 

Кіріспе бөлімінде биоақпараттық технологмяның «Снежинка» - әдісі бойынша өткіздім оның негізгі ерекшелігі. Сынып оқушылары үш-үштікке  бөлініп отырады. Мұғалім жаңа тақырыптар төңірегінде сөйлейді. Осы уақытта оқушылар төмендегі картаны толтырып отырады. Әр тақырып түсіндіріліп болғаннан кейін, оқушы бір-бірінің карталарындағы графаларды бірігіп отырып толтырады. Бұған екі минуттай уақыт беріледі.

Сұхбат бөлімінің 2-ші  сабағында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтің деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясын  пайдаландым. Ол оқушылардың оқу материалын  меңгеру  деңгейін 4 түрге бөледі.

1.       Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған  білімдеріне және  оқулықта  бар мәселелерге байланысты құрылады.

2.       Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа  ақпаратты  пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

3.       Эвристикалық деңгей. Оқушы  өзі ізденіп,  қосымша әдибеттерді  пайдалана отырып,  жауап береді. Бұл   тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі  қызмет атқарады.

4.       Шығармашылық деңгей. Оқушы таза  өзіндік  дағдысын,  білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Енді  осы негізде  «Тізбек  бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына арналып жасалған сабақ жоспарының  мазмұнына  тоқталайық.

Сабақтың  тақырыбы: Тізбек  бөлігі  үшін Ом заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:  Ом  заңын  қорытып  шығару.  Тізбек  бөлігіндегі

ток  күші  ол  бөліктін  кедергісіне  тәуелді  болатынын  тәжірибе  жүзінді  тағайындау.

Дамытушылық  мақсаты:  Күнделікті   өмірмен байланыстыра  отырып,  мысалдар  құрастырып, есептер  шығарып,  дамыту.

Тәрбиелік  мақсаты:  Еңбекке  баулу,  ғылымға  қызығушылығын  арттыру, өз бітімен ізденуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: бекіту сабағы.

Сабақтың оқыту әдістері: Шығармашылықпен зерттеу, оқыту

техналогияларының түрлері, тез ойлануға үйрету, келелі мәселелер қоя білуге үйрету әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Баға рейтингісі, баға мониторингі, оқушыға үлестірілетін деңгейлік тапсырмалар, жалауша.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Шапшаңдық геманастикасы.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Сұрақ-жауап

Қорытындылау.

ІІІ. Өткен материалды пысықтау.

а) Логикалық есептер

Қорытындылау.

б) Тақтамен жұмыс

Қорытындылау.

в) Деңгейлік тапсырмаларды орындау

Қорытындылау.

IV. Қорытындылау, бағалау.

V. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгелдеп, назарларын  сабаққа аудару.

2. Шапшандық гимнастикасы.

4 амалға ауызша есептеуге  есептер беріледі, дәл болмаса  да 2-3 санға қателескен жауап та  дұрыс саналады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Электр тогы дегеніміз  не?

2. Ток күші дегеніміз  не?

3. Кернеу дегеніміз не?

4. Кедергінің физикалық  мағынасын айт.

Деңгейлік тапсырмалар.

І-деңгей.

1.        Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі 4,5 В батареяға қосылса, онда осы қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді?

  1. Кернеуі 120 В, ток күші 0,5 А электр шамының кедергісін анықтаңдар.

  1. Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін қандай кернеу түсіру керек?

ІІ-деңгей.

  1. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 никелин сымынан жасалған электр қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4 А. Сымның ұзындығы қандай?

  1. Ұзындығы 150 см және көлденең қимасының ауданы 0,025 мм2 болатын ток күші 250 мА темір өткізгіш ұштарындағы кернеуді анықтаңдар.

ІІІ-деңгей. 1. Ұзындығы 2 км және кедергісі 8,5 Ом мыс сымның массасы қандай?

IV-деңгей.  1. Қолда бір текті  екі өткізгш бар, бірі екіншісінен 8есе ұзын, ал екіншісінің көлденең қимасының ауданы біріншісінен екі есе үлкен. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі үлкен және неше есе үлкен?

Қорытындылау.

IV. Оқушылардың білімін  бағалау.

V. Үйге тапсырма.

Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттыратын негізгі тәсіл – оқушыларға осы деңгейлік тапсырма беру.

Сұхбат бөлімінің 4-ші сабағында биоақпараттық технологияның “триадалогика”-сы негізінде жасалған сабақ жоспары ашық сабақ ретінде ұсынылып отыр.

Технологиялық картаның негізгі ерекшелігі:

Биоақпараттық технологиялық процесс үшін пәндердің логикалық және құрылымдылық тиімділігін анықтауда технологиялық картаның маңызы зор. Бұл орайда, сынып оқушылары үш-үштікке бөлініп отырады. Әр үштік өз дәрежесіне қарай қызмет атқарады.

“Рухтандырушы” – ол есеп шығару кезінде басты идеяларды айтушы.

“Практик” – есептің берілуі мен шығару жолдарын бақылайды.

“Сыншы” – шығарылған есептің қате, дұрыстығын қадағалайды.

Мұғалім тақырыпты түсіндіру барысында уақыт үнемделуі керек. Белгіленген уақыт бойынша әр үштік өзіндік жұмыстар орындайды. Орындалған жұмыс грек алфавитінің әрпімен белгіленеді.

Тапсырманы бірінші біткен үштік тақтаға шығып, өзінің есебінің дұрыс шығару жолдарын көрсетеді. Осы уақытта сарапшылар қалған үштіктердің жұмыс процесі кезіндегі қателіктерін бақылайды. Егер тақтадағы түсіндіру жұмысы қанағатталынбаса, келесі үштік шақырылады. Түсіндірудің соңында басқа сыншылар сөз алып үштіктің жіберген қатесін тауып, байқаған қателері бойынша өз ойларын айтады. Орта есеппен кестеге тапсырманың қанша пайызға орындалғанын және қателерін жазып, мұғалім қорытындылап, келесі тапсырманы береді. Үштіктер әр уақытта сыныптың “жұмысшы ұяшығы” болып табылады және оқушылардың еркімен сондай-ақ, мұғалімнің айтуы бойынша тек белгілі мақсатпен ғана ауыса алады. Үштіктердің қайта-қайта ауысуына жол берілмеуі керек, себебі мұндай жағдай процестің тиімділігін және білім деңгейін төмендетеді.

 

 

Күні:

Сыныбы:

Пәні:

Оқушы саны:

Тақырыбы:

 

Үштіктер саны:                    Сарапшылар:

Құрылымы

Шығарылу уақыты

Түсіндіру уақыты

Қатесі:

Білім сапасы %

І-деңгей

       

ІІ-деңгей

       

ІІІ-деңгей

       

IV-деңгей

       

 

 

 Қорытынды бөлімінде тест тапсырмаларын аламын.

Тест №1

1. Кедергісі 20 Ом, ток күші 5 А қыл сымды 100 секундта қанша  жылу мөлшері бөлінеді?

а) 50000 Дж  б) 2500 Дж  с) 200 Дж                    д) 500 Дж    е) 200 Дж

2. Кедергісі 200 Ом болатын  резистордің паспорт бойынша  бөлінетін қуаты 0,5 Вт. Резисторға  берілетін максимал кернеу қандай?

а) 100В б) 20 В с) 10 В д) 5 В е) 40 В

3. Өткізгіштің ұштарындағы  кернеу 6 В, кедергісі 2 Ом. Ток күші  неге тең?

а) 12 А  б) 6 А с) 3 А д)    А е) 10 А

4. Өткізгіштерді тізбектей  қосқанда, барлық өткізгіштерде  қай шама бірдей болады?

а) Ток күші                 б) Кернеу                с) U . I көбейтіндісі        д) анықтамайды                     е)     қатынасы

5. Ток қуаты қандай өлшем  бірлікпен өлшенеді?

а) Вольт (В)  б) ампер (А)  с) Ватт (Вт)                     д) Джоуль (Дж) е) Ом

7. Электр тогы дегеніміз  не?

а) Электр зарядтарының тәртіпсіз қозғалысы              б) Электр зарядтарының реттелген қозғалысы

с) Бейтарап бөлшектердің тәртіптелген қозғалысы           д) Бейтарап бөлшектердің ретсіз қозғалысы

 е) Жауаптар арасында  дұрысы жоқ

8. Джоуль-Ленц заңының  формуласын көрсетіңіз.

а) Q=I2.R ∆t  б) Q=I.R2 ∆t  с) Q=I. ∆t/R2                     д) Q=U. ∆t/R2 е) Q=I2/R

9. Электр лампасының қыл  сымының ұштарындағы кернеу 2 В, ток 

күші 0,5 А. Қыл сымының кедергісі қандай?

а) 0,5 Ом б) 1 Ом с) 2 Ом д) 4 Ом е) 1,5 Ом

10. Ток күші дегеніміз  не?

а) I=∆q/∆ б) I=U/R c) I=kU д) I=q/S e) Qs

11. Өткізгіштерді параллель  қосқанда қай шама бірдей болады?

а) ток күші  б) кернеу  с) кедергі             д) жұмыс  е) анықталмайды

12. Кернеуді өлшейтін құралды  көрсетіңіз.

а) Амперметр б) Вольтметр  с) Ваттметр                д) Омметр  е) Реостат

13. Ток күшін өлшейтін  құралды көрсетіңіз.

а) Амперметр б) Вольтметр  с) Ваттметр                  д) Омметр  е) Реостат

Осы тұжырым негізінде жасақталған жаңа педагогикалық

технологияның арнаулы талаптары бойынша мектепте өткізілген сабаққа қатысты деңгейлік тапсырмаларға арналған арнайы кітапша шағарылады. Онда төрт деңгей бойынша тапсырмалар дайындалған. Кітапшаның алғашқы бетінде Ом заңына байланысты негізгі тұжырымдамалар мен анықтамалар беріліп, формулалар мен сызба-нұсқа көрсетілген. Яғни, деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушының осы шағын сілтемеге сүйенуіне болады. Ал деңгейлік тапсырмалардың өзі дамымалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдаятын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді, сонымен қатар, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технологияларды физика

сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім.

Оған дәлел – біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.

Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік – дағдыларын қалыптастырды.

Сондай-ақ, оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін ұштаумен бірге, өткен жылдарға қарағанда олимпиада жетістіктерін де жоғары дәрежеде көрсете білді.

Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.

 


Информация о работе Модульдік оқыту технологиясы