Оңтүстік Қазақстан облысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 22:21, реферат

Краткое описание

Оңтүстік Қазақстан облысы – кеңбайтақ Қазақстандағы тарихы терең өңір. Әсіресе, «Сайрам-Өгем» ұлттық паркі аумағында небір қасиетті әулие ата-бабаларымыздың кесене-күмбездері, тарихи-мәдени ескерткіштері бар. Олардың әрқайсысы өз алдына тұнып тұрған шежіре.

Мысалы, Түлкібас ауданының тауларында осыдан бірнеше млн. жыл бұрынғы фауна мен флораның іздері және көне тарихтан сақталған тастар табылды. Тарих пен мәдениет жиынтығына 31 археология ескерткіштері: Қасқабұлақ петроглифтері, 4 қалашық, неолит күңгірлі типтік тұрақтар, 20 қорғандық мазарат енгізілген. Археологиялық ескерткіштердің көбісі Арыс өзеніне құйылатын басқа да өзендер мен бұлақтардың маңында шоғырланған.

Вложенные файлы: 1 файл

Оңтүстік Қазақстан облысы.docx

— 53.35 Кб (Скачать файл)

  Оңтүстік Қазақстан облысы – кеңбайтақ Қазақстандағы тарихы терең өңір. Әсіресе, «Сайрам-Өгем» ұлттық паркі аумағында небір қасиетті әулие ата-бабаларымыздың кесене-күмбездері, тарихи-мәдени ескерткіштері бар. Олардың әрқайсысы өз алдына тұнып тұрған шежіре.

 

Мысалы, Түлкібас ауданының тауларында осыдан бірнеше млн. жыл бұрынғы  фауна мен флораның іздері және көне тарихтан сақталған тастар табылды. Тарих пен мәдениет жиынтығына 31 археология ескерткіштері: Қасқабұлақ петроглифтері, 4 қалашық, неолит күңгірлі типтік тұрақтар, 20 қорғандық мазарат енгізілген. Археологиялық ескерткіштердің көбісі Арыс өзеніне құйылатын басқа да өзендер мен бұлақтардың маңында шоғырланған.

 

Қаржантаудан солтүстік батысқа  қарай тарихы терең, аңызға толы қасиетті Қазығұрт (ең биік нүктесі 1768м) тауы тұр. Қазығұрт тауының оңтүстігінде Келес  өзенінің аңғары. Қазақтар осыдан мыңдаған жыл бұрын Қазығұртты кие тұтып, дүниенің тұтқасы санаған. Аудан аумағында 33 археологиялық ескерткіш бар. Оның көпшілігі Қаржантау жоталарының тау бөктері мен Келес өзенінің аңғарларында орналасқан. Ондағы «Исмаил-Ата» кесенесі республикалық санаттағы мәдени тарихи ескерткіштерге жатады.

 

Аудан аумағында «Қырық қыз» аталатын екі ескерткіш бар. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, бұрынғы жаугершілік заманда жау шапқыншылары елден тысқары Қарабау суына шомылып, алаңсыз серуендеп жатқан 40 қызды көріп, соңдарынан қуса керек. Сонда қыздар құдайға «Елімді, жерімді жауға таптатқанша, мына жауды да, бізді де тасқа айналдыр!» деп жалбарынған екен дейді. Қыздардың тілегі қабыл болып, жау әскері қара тасқа айналады. Ол жер қазір Қаратас деп аталады. Ал қыздар әсемделе тізілген қайталанбас ескерткішке айналған деседі. Бұл ескерткіш тасмүсіндер Тұрбат ауылының солтүстік шығысындағы Аққұм өзенінің бастау алар жерінде. Ауылдан 5-6 шақырым жердегі сарқырама жардың қасында.

 

Ысқақ ата мазары — Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылындағы орта ғасырлық сәулет ескерткіші. Салынған мерзімі анықталмаған. Тұрбат ауылындағы зираттың солтүстік бөлігінде биік мойындыққа орнатылып, шатырмен жабылған. Порталды-күмбезді құрылыс. Мазардың бір жағынан күмбезбен жабылған аласа апсидалар жасалған. Тұрбат ауылының тұрғындарының тұжырымдары бойынша, бұл мазарда жергілікті діни қауымның пірі — Ысқақ ата жерленген.

 

«Қырық қыз» деп аталатын екінші тас мүсіндер Өгем қойнауына түсе беріс жерде – Қаржантау тауының Қосмола жотасынан солтүстікке қарай 10-12 шақырымдай қашықтықта. Өгем қойнауына түсе беріс жер күрт ылдилап кететін бұралаң жолға айналады. Тас мүсіндер осы мүйісте. Аңыз бойынша бұл тасқа айналған қырық қыздың бейнесі. Мұнда да жаугершілік заманы тілге тиек етіледі. Бір ерекшелігі – осы тас мүсіндер маңында алшақтау тұрған жеке тас-мүсін бар. Оны жұрт «Күйеу тас» деп атайды.

 

ҚЫРЫҚ ҚЫЗ - көне тарихи, табиғи ескерткіш. Көп замандардан бері табиғаттың өзі жаратқан киелі ескерткіш болып саналады. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, бұрынғы жаугершілік заманда жау шапқыншылары елден тысқары Қарабау суына шомылып, алаңсыз серуендеп келе жатқан қырық қызды көріп, соңдарынан қуса керек. Сонда қыздар құдайға «Елімді, жерімді жауға таптатқанша, мына жауды да,  бізді де тасқа айналдыр!» - деп жалбарынған екен дейді. Қыздардың тілегі қабыл болып,  жау әскері қара тасқа айналады.  Ол жер казір қаратас деп аталады. Ал қыздар әсемдене тізілген қайталанбас ескерткішке айналған деседі. «Қырық қыз» деп аталатын мүсіндер Өгем қойнауына түсе беріс жерде - Қазығұрт тауының Шығыс мүйісінің (Орда қонған) оңтүстік шығысында 4-5 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Бір ерекшелік осы тас мүсіндер маңында алшақтау тұрған жеке тас-мүсін бар. Оны жұрт «Күйеу тас» деп атайды. Осыған қарағанда бұл жолы қыздар  күйеу жігітті ертіп барып, Қазығұртқа сыйынып келе жатқан болса керек. Олар көз ұшында көрініп тұрған етектегі ауылға  жете алмай, тас мүсінге айналған. Ел осы араны қасиетті орынға санап, қастерлеп жүреді.

 

 

Өгем тауындағы Мақпал көлі туралы аңыз былай дейді:

 Көл аймағы байдың жаз жайлауы болған. Жаздың бір күнінде осы елдің байы Ережептің қызын басқа ел сұлтанының ұлы айттырып келеді. Екі жақтың келісімі бойынша ұлан асыр үлкен тойға қызу дайындық жүріп жатқан. Байдың қызының есімі Мақпал екен. Мақпал өзін айттырған, көрмеген сері жігітті ұнатпайтынын әкесіне айтады. Әкесі Мақпалдың сөзіне құлақ салмайды. Мақпалдың өзінің көрші ауылда сөз байласып ұнатқан жігіті болады. Өзінің сүйген жігітіне қатігез әкенің қарсылығынан қосыла алмайтынына көзі жеткен жас сұлу, жеңгелеріне бар сырын айтып, өзі көлге секіріп шөгіп кеткен екен. Жағасында ақ қайраңға рахаттана аунап, мөлдір суына сан шомылған, қамыс қоға түбінде тұрып қармақ салып балығын аулағанда күн көзімен күлімдей шағылысып жалт-жұлт етіп жатқан көл, жас сұлуды өз құшағына сіңіріп кете береді. Осы оқиғадан кейін көлді «Мақпал көл» деп атап кеткен. Ал бір ғажабы сол оқиғадан соң көлде балық атаулы жойылып, тіршілік етуін тоқтатады».

 

Оңтүстік-Қазақстан облысы: Қожа Ахмет  Яссауи кесенесі, XIV ғасыр Түркістан  қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет  Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген  мағынада) бейітінің басына орнатылған.

ңтүстік-Қазақстан облысы: Қожа Ахмет  Яссауи кесенесі, XIV ғасыр Түркістан  қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет  Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген  мағынада) бейітінің басына орнатылған.

 

Ескерткіштің салынуын оның Ахмет  Яссауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен  байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде  Ахмет Яссауидің атына лайық  зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің  даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды  жеңілдетуге тиіс болған. ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң  Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның  қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол  қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың  ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі  белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір  уйдің ішкі сәні мен салтанаты  қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша  немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен». Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында  қазірге дейін жақсы сақталған  жазудан мынадай сөздерді оқуға  болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың  рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!» Қожа Ахмет Иассауи  кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны  бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі  ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Иассауи  кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Қорық – мұражай алып жатырған жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет  Иассауи кесенесімен бірге Үлкен  қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз  қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б. археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды. Қорық – мұражай құрамына кіретін 20 жуық археологиялық, тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына  келтіру және оларды ашық аспан астындағы  музейге айналдыру «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны  атқаруда. Ахмет Яссауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы  біздің занамызыға дейін сақталған  ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос  қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады. Ахмет  Яссауи ғимаратының құрылымындағы  тағы бір ерекшелік: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу (контрфорс) іспетті. Қабырғаның қалындығын белгілегенде де үйдің берік тұруы  көзделген. Ғимараттың павильондарда  бөлінуі олардың әрқайсысынің салмағы  өзіне түсіру ниетінен туған. Үйдің  қаңқасы түрліше қиюластырылған доға немесе күмбез тәрізді элементтерден  құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архитектурасында одан әрі дамытылды. Бөлмелердің  ішкі төбесі мен кіші күмбездеріненбастап, үйдің барлық бөлігі төрт бұрышты, сапалы күйдірілген 25х25х5 см және 26х26х6 см, қыштан қалаңған. Бұларды бір-бірімен байланыстыру үшін (ғаныш) ерітіндісі пайдаланылған. Аса мұқиятпен жасалған құрылым, ғимараттың жалпы схеманынң дәлдігі, құрылыс материалдары мен жұмыстарының сапалалығы үйдің ғасырлар бойы тапжылмай  мығым тұруын қамтамасыз еткен. Темір  дәуірінің сәулет өнеріне сай  ескерткіш геометриялық өсімдік  іспеттес ою-өрнектермен және жазу-суреттермен  безендірілген. Тепе-теңдіктің кемелденген  сәтімен ерекше көз тартатын сол  жақ қанат сол кездегі сәулетші-құрысшылар талғамының жоғары дәрежеде болғандығын  танытқандай. Сол жақ қабырғанының үйлесім тапқан тұстары сұлу иіндер мен сүбеленіп, бояуы қанық өсімдік  өрнектерімен безендіріліп алты қырлы  майоликалы тақшалармен тысталған. Бүйір жазықтары (батыс және шығыс) түрлі түсті күйдірілген әшекейлі қыштармен көмкерілген. Көгілдір тақталармен  өрілген геометриялық өрнектер (гирих) өте айқын, бояу ренінің үйлесімен  айнла қоршаған нәзік сызықтар шашыратпай тұтас композицияға үндестіріп тұр. Ғимараттың оң жақ порталы бөлігінің  басқа қабырғаларының биіктігі 13 метр келетін жоғары жағында екі 2,5 м  келетін эпиграфикалық басқұр берілген. Ол құран сурелерінен тұратын  сөздер геометриялық өрнектермен үйлесім  тапқан. Қабырғалардың төменгі жағы бес-бұрышты қыш тақшаймен қаланып, жұлдыз іспеттес өрнектермен көмкерілген. Ескерткішті тұрғызған шеберлер өздері қарастырған архитектуралық және құрылымдық шешімдері күмбездің  ішін сталактиттермен қабырға әшекеәлерімен  үйлестіре білген. Ғимарат негізгі  орталық зал болып табылатын  қазандықтың айналасына топтасқан  әр түрлі мақсатта бірнеше жайлардан  тұрады. Бұл – Ахмет Яссауи бейіті немесе қабырғахана, асхана қызметшілер  бөлмелері. Қазандық – комплекстегі ең сәулет зал. Бұл диаметрі 18,2 метрге жуық шар конус формалы асқақ  күмбезден жабылған. Яғни жобалық  шешімдерге сай келеді. Қазандық қабырғаларының дәл төбесінен ұштары төмен төнген қатпар-қатпар сталактиттер биіктігі 39 метрлік ақ күмбезге барынша сұлу, мейлінше асқақтық көрік беріп тұр. Залдың нақ ортасында аңыз бойынша  Түркістаннан 25 шақырым жердегі  Қарнақ қыстағында жеті металдың қосындысынан құйылған алып тай қазан тұрған. Ғимаратқа кірер бас қақпаға  қарама-қарсы төргі бетте (Қазандықпен  зиратханадан сон) қабірхана - Ахмет  Яссауидің бейіті орналасқан. Бұл  төрт бұрышты (7,5х7,5 м), қабырғаларында таяздау қуыстары бар кең бөлме. Орталығында ақ-жасыл тастармен (3,25х1,2х2,2) тысталған биік сағана тұр. Кезінде бұл жерге ешкім жіберілмеген. Қабірханаға кірер босағада ғана құран оқылатын болған. Мешіт ғимараттағы  құрылысы, нақыш безендерімен аса  тартымды. Жоспардағы кейпі төрт бұрыштылау (6,4х9,4 м), жарық түсетін көздері  мол күмбезден тұрады. Мешіттің ішкі интерьері де арнайы ізденістен туған. Кең иықтығ сүйір ұшты иіндермен  тұтасқан, қырлы сталактиттермен  жабылған, алты ұшты өрнектермен геометриялық дәлдікке өрілген. Мешіттің михрабы (Мекеге бағышталған мешіт иіні) құбылаға қараған иіні негізінен көгілдір ренде оюланған. Мұнда тік-төрт бұрыштар мен үшкір иіндердің көгілдір өңіндегі жазулар сан алуан реңді  өсімдік өрнектермен сабақтасып жатыр. Алтын түсті бояуларын  шуда жіптей иірімі көзге шалынады. Міне, осындай өрнек қоюлығы мен  ізденісінің сол архитектурамен жымдаса сүбеленуі тағы да Темір  дәуірін заманына саяды. Үлкен және Кіші Ақсарай деп аталуына сай  екі залдан тұрады. Кітапхана, құдықхана  және өзге бөлмелері екі қабатты  иіндер болып салынған да, өзара  баспалдақтармен жалғасып жатыр. XVI-XVIII ғасырларда, Түркістан қаласы Ұлы  жүз, Орта жүз хандарының орталығына айналған шақта, осы Ақсарай хана сарайы ретінде пайдаланылған. Кітапхана, Кіші Ақсарай секілді қазандықтың  екінші иығынан яғни батыс бөлігінен  орын алған. Ал, құдықхана мен асхана кіре беріс қақпаның екі қанатында. Ахмет Яссауи мавзолей-мешіті мейлінше тамаша қол өнер шығармаларының үлкен  бір қоймасы іспеттес. Мәселен, қазандар, құйма майшамдар, шырағдандар, үлкен  ту, алтын-күміс жалатылған, ағаш оюмен  әрленген үлкенді-кішілі есіктерді  айта аламыз. Тай қазан – бірлік пен қонақжайлық символы. Онық диаметрі – 2,4 метрде, салмағы – екі тонна. Қазанның көлемі кең болуы көне түркі  тайпаларының діни сеніміне байланысты – қазан ернеуі түреген тұрған кісінің иегімен тұстас болуға тиіс деген ұғымнан туған. Тай қазанның үстінгі жиегіндегі үш қатарлы белбеулі безендер сан алуан өсімдік іспеттес ою-өрнекпен нақышталған да көне араб жазуларымен толысқан. Бірінші қатардағы  жазулар Ахмет Яссауи ескерткіші үшін су құйылатын қазан ретінде  Темірдің сыйға тартқанын айтса, ортаңғы қатарда «Мерейің үстем  болсын!» және «1399 жылы» Тебриздік  шебер Абду-л Әзиз ибн Шарафуддиннің  соққаны жайлы жазылған. Ал, төменгі  белбеуде «Алла-ақбар» деген қорытынды  бар. Қазақ құлақтары Лотос қауызы іспеттес шығыңқы дөңес боп біткен. 1934 жылдан бері бұл тай қазан Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург, Ресей) мемлекеттік  Эрмитажда сақталанған. Былтырғы жылдары  қазақ үкіметі бқл тай қазанды  мемлекетімізге оралдырды. Тағы да Темірдің сыйы шырағданның сүбелі тұлғасы, өсімдік  тектес нәзік өрнектердің сәнді  жарасымы, алтын-күміс жалатылған жазулар  бұйымға қайталанбас тұтастық сыйлаған. Мұндағы жазулар 1397 жылы Изуддин  ибн Таджуддин шебердің жасағандығын баяндайды. Мейлінше жоғары сауаттылықтан  нәзік көркемдік талғамнан туған  ғимараттың барлық есігі, әсіресе қазандық пен қабірхана қақпаларына, ең таңдаулы ағаштар іріктелген де ол сүйекпен нақышиалған. Есіктер мен ке»бір сәулет бөлшектерінде дәстүрлі қазақ  ою-өрнектерінің сарыны сезіледі. Ахмет  Яссауи ғимараты Темір дәуірінің  айтулы төрт ескерткішінен, олар –  Шахрисябздегі Ақсарай, Доруссиядат (Темір әулетінің зираты), Самаркандтағы  Бибі ханым мешіті, бізге жеткен жалғыз құрылыс екендігімен де қымбат. Оның композициялық ауқымдылығы, пропорциялық өлшемнің дәлдігі, құрылымдық шешімінің  ұтқырлығы, бұған қоса, мейлінше бай  безендірілуі XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басындағы Орта Азия сәулет өнерінің сүбелелігінен сыр шертеді. Сондай-ақ, ол өзінен бұрынғы қараханидтер дәуіріндегі  құрылыс өнерінің сол кезде қалыптаса  бастаған кейбір ерекшеліктерін бойына сіңірген. Бұл ескерткіштің Қазақстан  мен Орта Азия сәулет өнері тарихында  алар мән-маңынасы жоғары. Талай ғасырлар бойы құрылыс мәдениетіне үлкен  үлгі боп келгендігі де рас. 1978 жылы Ахмет Яссауи архитектуралық комплексі  музей болып ашылды. Музей экспозициясы ескерткіштің құрылымы мен безендірілу  ерекшеліктермен, ежелгі Түркістан  қала құрылысымен, Қазақстан жеріндегі  жазба мәдениетінің тарихымен, қазақ  халқының қол-өнерімен таныстырады.

 


Информация о работе Оңтүстік Қазақстан облысы