Педагогикалық іс әрекет тұралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 08:31, реферат

Краткое описание

Педагогиканың ірге тасы- философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия – педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданға

Содержание

Негізгі бөлім
1. Жоғары мектеп педагогикасы және қызыметі.
2. Педагогикалық іс әрекет тұралы түсінік.
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

хамит МОӨЖ1.docx

— 25.82 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жоғары мектеп педагогикасы  және қызыметі.

2. Педагогикалық іс әрекет тұралы түсінік.

Қорытынды

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

         Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.

         Педагогиканың ірге тасы- философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия – педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданға

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1. Жоғары мектеп педагогикасы және оның қызыметі.

       Қазақстанда инновациялық экономиканың құрылуы жоғары оқу орындарында мамандар даярлауда жаңа талаптар қоя бастады. Бұл өзгерістер студенттердің ғылыми-инновациялық білімділігін қалыптастыру талаптарына қаншалықты қатысты болса, жоғары оқу орындарында соншалықты ғылыми-инновациялық ортаны кеңейту қажеттігі туындайды. Тіпті ортағасырлардан бері университет өз қызметінің институционалдық құрылымында  білім беру, зерттеу, тәрбиелеу сияқты маңызды үш бағытты айқындап, бекіткен болатын. Білім беру, зерттеу және тәрбиелеу үштағаны университеттік білімнің іргетасын қалайды. Педагогикалық ғылымда дидактика және тәрбиелеу теориясы бар. Біздің ойымызша,  жаңа жоғары мектептегі ғылыми қызметтің теориясы немесе концепциясын қарастыратын «жоғары мектеп педагогикасы» бөлімін бөліп қарастыру қажеттігі туып отыр.

       Біріншіден, қазіргі заманғы ғасыр – білім  және ғылыми-техникалық прогресс  ғасыры, ал бұл жоғары оқу орындарының  жаңа білім беруді жасау мен  беру функциясын күшейте түседі.

        Екіншіден,  студенттердің білім берудің,  ғылыми-техникалық прогресттің қашан  да жаңарып отыруына байланысты  жаңа кәсіби проблемаларды шешуде  дайындықтарын қалыптастыру талаптары  мен стдуенттердің шын мәнінде,  ғылыми технологияларды меңгеруге  дайындығының болмауы арасында  қарама-қайшылық бар. Мұндағы  басты түсінік ғылыми қызмет  технологиясының саналы түрде,  бірнеше рет жүзеге асырылып, пайдаланылған технология екендігін  баса айтып отырмыз. 

        Үшіншіден,  жоғары мектепте үйлесімді нығайтушы  ғылыми қызмет теориясы болашақ  мамандардың ғылыми-инновациялық  мәдениет негіздері мен білгірлігінің  қалыптасуына педагогтар мен  студенттердің күш салуын үйлестіруге  мүмкіндіктер береді. Төртіншіден,  аталмыш теория педагогикалық  ғылымның дамуын жаңа деңгейге  көтерілуіне мүмкіндік береді.

        Жоғары  мектеп педагогикасына қарағанда  теорияның мектептегі педагогикадан  айқын айырмашылығы байқалады.  Онда білім берудің логикасы, құрылымы және жүйесі, негізгі  категориялары бар, онда теорияның  заңдылықтары мен принциптерін  айқындауға болады. Аталмыш теорияға: жоғары оқу орындарындағы ғылыми  қызметтің даму тарихы, әлемнің  түрлі елдеріндегі жоғары мектептегі  ғылымның дамуын және қазіргі  заманғы жай-күйін салыстырмалы  сипаттауды,  ғылыми қызметтің  мақсаты мен міндеттері, мазмұны, әдістері мен принциптері, дәстүрлері мен ғылыми мектептері сияқты негізгі категорияларды, жоғары оқу орындарындағы ғылыми қызметтің жағдайы мен ғылыми-инновациялық ортаны қосуға болады.

         ХХІ ғасырда Қазақстанның тәуелсіздігі  қалыптасу кезеңінде ғылымның  реформалануы дамыған елдердің  тәжірибесіне негізделіп, қазақстандық  жоғары оқу орындарында бірлескен  ғылыми-зерттеу иснтитуттары мен  орталықтары  құрылуда. Сонымен,  жоғары оқу орындарындағы зерттеушілік  тәжірибесі белсенді түрде қабылданып, жетілдірілуде. Сондай-ақ Қазақстанның  инновациялық экономикасының  даму  бағытынасәйкес ерекше инновациялық  ортаның пайда болуына жағдайлар  жасалуда.

        Жоғары  оқу орындарындағы ғылымның қалыптасуын  шартты үш кезеңге бөліп қарастыруға  болады. Оларды мазмұндық және  процессуалдық дамуына қарай  сипаттаймыз. Алғашқы кезең университеттердің  пайда болуынан – XVII-XVIII ғғ. дейін  сәйкес келеді. Ол кезеңде жоғары  оқу орындарындағы ғылым мазмұндық  жағынан –  кітап оқу (пәндердің  орнына),  процессуалдық жағынан  – диспутация жүргізу (диспутатор  – тек қана пікір айтып қоймастан,  сондай-ақ зерттеп /зерттеуші/) және  таным әдістерін  игеру арқылы  дамып, айқындауға болатын. Екінші  кезең ХІХ ғасырдың ІІ екінші  жартысы мен ХХ ғасырдың І  жартысы аралығын қамтиды. Пәндерді  оқу студенттердің ғылымның даму  деңгейіне сәйкес келетін ғылыми  көзқарастары негізінің қалыптасуына  әкелді,  студенттер меңгерген   ғылыми зерттеулердің әдістері  белсенді түрде жасалып, әзірлене  бастады. Жоғары оқу орындарындағы  ғылыми бөлімшелері – зертханалар   қызметі кеңінен тарай бастады.  ХХ ғ. ІІ жартысы ХХІ ғ.  болашақ маманның кәсіби мәдениеттің  құрамдас бөлігі ретінде ғылыми  мәдениетінің қалыптасуын, сондай-ақ  ғылыми қызмет технологиясын  меңгеруді  талап етуде. Жоғары  оқу орындарында ғылымды өзіндік  өнімді қызмет жасайтын ғылыми-инновациялық  құрылымдар құрылуда.

        «Зерттеу  мен білім берудің бірлігі»  принципі идеясын дамыта,  мағынасын  кеңейте отырып, ғылыми-техникалық  прогресс кезеңінде  (үшінші кезең)  жоғары оқу орындарындағы өнімді  күшке айналған ғылым өзінің  инфрақұрылымын (материалдық, ұйымдастырушылық  және т.б.) құра  бастағанын айтуға  болады.  Сонымен, жоғары оқу  орындарында ғылымның көпкомпонентті, түрлі деңгейлі диверсифициялық  жүйесі көрініс табуда. Бұған   сондай-ақ білім берудің мазмұны  да, кәсіби біліктілік те, ғылыми  қызмет үрдісі де, ғыылми мектептер де, жоғары оқу орнындағы ғылымның өнімдік құрылымы да жатады.

         Оқытушылар мен студенттердің  ғылыми қызметінің мақсаты оқу-зерттеу  және ғылыми-зерттеу жұмыстарын  орындау негізінде жаңа білім  алу, жаңа технологиялар әзірлеу,  танымның жаңа әдістерін алу  мен игеру болып саналады. Ғылыми  қызметтің міндеттерін зерттеудің  негізгі категорияларының мәнін  анықтау; проблеманың теориялық  негіздерін әзірлеу; үрдісті,  жүйені және құбылысты модельдеу;  жаңа технологиялар мен әдістерді  өңдеу, зерттеу нәтижелерін талықлау  және енгізу арқылы  айқындауға   болады. Ғылыми қызметтің мазмұынна  нақтылы ғылыми-зерттеу жұмыстарының  мазмұны, яғни білім жүйесі, концепциясы  мен теориясы, жаңа технологиялар,  таным тәілдері, сондай-ақ оқу-зерттеу  және ғылыми-зерттеу қызметі тәжірибесінің  қалыптасуы жатады. Осындай тәжірибенің  жинақталуы болашақ маман ретінде  студенттің шығармашылық және  тәжірибелік қызметінің қалыптасуына  негіз болады [11].

           Зерттеу әдістері әдетте жалылай  жіктеледі (сараптау, синтез, салыстыру,  қарсы қою, балама, индукция, дедукция  және т.б.), жалпығылыми (әлеуметтік: сауланама, анкета жүргізу, әңгімелесу, сұхбат алу және т.б.; статистикалық:  орташа көлемді айқындау –  орташа арифметикалық, мадиандар,  орташаквадраттық  ауытқулар; математикалық:  шкаласын анықтау, өлшеу, .... , математикалық  модельдеу және т.б.), жеке-ғылыми. Өткізу түрлері: студенттің оқу-зерттеу  жұмысы және студенттің ғылыми-зерттеу  жұмысы – курс және дипломдық  жұмыстары, магистрлік диссертация,  ғылыми конференция, олимпиада,  студенттік ғылыми жұмыстардың  конкурсы, жазғы ғылыми мектептер,  стденттік конструкторлық бюро  және басқалар.

        Бақылау  әдістеріне курс, диплом жұмыстарын, магистрлік диссертациялар, ғылыми  нәтижелердің презентацияларын  және т.б. көпшілік алдында  қорғау; ал бақылау формасына  – аттестация (бағалау) жаатды. Ғылыми  қызмет нәтижелері мақсат пен  міндеттерге сәйкес келіп, қол  жеткен мәліметтер бағалануы  тиіс.

        Ұсынылған  теория-тұжырымдама дербестік пен  бірыңғай ден саналмайды. Бұл  тек жоғары мектеп педагогикасы  даму мүмкіндігін бағалау әдістерінің  бірі ғана болып саналады. Ғалым-педагогтарды  пікірсайысқа шақырамыз. 

 

          Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық жəне технологиялық міндеттер.

Педагогиканың теориялық  міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:

- сипаттау немесе түсіндіру  – озат əрі жаңашыл педагогикалық  тəжірибені зерттеу;

- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің  нəтижелілігі немесе тиімділігін  жəне оларды қамтамасыз етуші  шарттар мен себептерді айқындап  алу; 

- болжау (прогноздау) – барша  педагогикалық жағдаяттарды табиғи  тұтастық күйінде эксперименталды  зерттеуден өткізу жəне оның  негізінде сол педагогикалық  болмыстың жаңаланған моделін  құрастыру. 

        Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.

Педагогиканың технологиялық  қызметтері де үш көрініс береді:

- жобалау (проекттеу) –  педагогикалық іс-əрекет пен оның  мазмұны əрі сипатын қалыптастыру  жəне реттеуге нұсқау болғандай  теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды  қамтыған қажетті əдістемелік  материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары,  педагогикалық ұсыныстар) жасауға  байланысты;

- жаңалау – тəрбие  жəне білім беру тəжірибесін  жетілдіру мен қайта түзу мақсатына  орай педагогика ғылымының замандық  жетістіктерін мектеп өміріне  енгізе, пайдалану; 

- ықпал таныту (рефлексивтік)жəне  реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу нəтижелерінің  оқу-тəрбие ісіне болған əсер-ықпалын  бағалау жəне одан соңғы ғылыми  теория мен тəжірибелік іс-əрекеттер  байланысына қажет болып қалатын  реттеу-түзетулерді іске асыру. 

Өзінің қоғамдық қызметтерді  орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену  процесінде адам тұлғалық кемелдену  сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар  мен шарттарға икемдесе білуі  ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған  процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған  мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның  ынта-ықыласына негізделсе, кейде  кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге  орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару  процесі білім (образование) деп  аталады. Білім мəні – əр адамның  өте күрделі өзіндік басқару  жүйесінің тиімділігін көтеру жəне оны жоғары моральдық жəне азаматтық  мұраттар рухында тəрбиелеу.

Сонымен, əлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған  екі бағыты танылған – үлкендердің  бедел – абыройына жəне балалардың бағыныштылығына негізделген əкімшіл (авторитарлы) ағым, шəкірт құқығы мен  еркіндігін құрметтеуші – гуманистік ағым. Олардың арасында –сан қилы педагогикалық  бағыттар өрбіген. Əлемнің ізгілікті  педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдады.

2. Педагогикалық іс әрекет

        Педагогикалық  іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің  оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін  әрекеттер  құрылымы. Мұғалімнің  шеберлігі педагогикалық мамандық  негізінде басқара білу.   Педагогикалық  іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан  тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет  объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы. Аталған іс-әрекет  құрылымдары бір-бірімен  байланысты  комплексті жүзеге асырылып, іс-әрекеттің  компоненттері де болады. Осы  аталған іс-әрекеттер компоненттері   де болып табылатын іс-әрекеттер  мақсаты, объектісі, субъектісі  және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке  алып қарайтын болсақ: іс-әрекет  мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты  тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты  тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс  жүзеге асыруы қажет етеді.  Комплесті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас  бір-бірімен ұштастыра жүргізу  болып табылады. Тәрбие  жұмысын  комплексті жүргізу тәрбиеленушінің   санасына да, мінез-құлқына да, олардың   тіршілік қызметіне де бір  мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік  береді.  Жеке  адамды жан-жақты  дамыту жас ұрпақтың тіршілік  қызметінің алуан түрлі:өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында  барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.

Информация о работе Педагогикалық іс әрекет тұралы түсінік