Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2015 в 09:07, реферат
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
I.Кіріспе
Педагогикалық қарым-қатынас
II.Негізгі бөлім
а) Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс
б) Маркова мен Никонова бөлген 4 педагогикалық стиль.
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе
Педагогикалық қарым-қатынас
II.Негізгі бөлім
а) Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс
б) Маркова мен Никонова бөлген 4 педагогикалық стиль.
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас
Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады. Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.Автократиялық стильді қолдануында құрылған оқу орнында “мектеп-фабриканың” белгілері болады, ал демократиялық бағытталған оқу орнында “мектеп-отбасының” белгілері болады, бірақ қазіргі кезге дейін педагогикалық жүйелердің артықшылықтары анықталған жоқ : “мектеп-фабрикаларда” әдетте үлгерім жоғары, ал “мектеп-отбасында” қатысушылардың мазасыздығы төмең, микроклиматы жақсырақ болады.Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы » деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады . Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.Маркова мен Никонова 4 педагогикалық стильді бөліп көрсетті: эмоционалды-импровизационды, эмоционалды-әдістемелік, импровизационды-пайымдаушы, пайымдаушы-әдістемелік. Эмоционалдылық оқушылармен жақсы контактіде болуды, педагогтың бірегей іс -әрекетке қатысуын, экстраверттілікті топшалайды. Пайымдаушы стильдер мотивациядан гөрі саналыққа және заттың логикасына жүгінеді.Сабақ берудегі импровизация оқытушының үйдегі дайындылығының нашарлығын болдырады, бірақ сабақтар педагогтардың шабыты секілді ситуативті өзгергіштеріне тәуелді бола алады. Ал әдістемелік жақсы құрастырылған бағдарлама бойыншы құралған оқытудың тұрақтылығы мен жоспарлылығын қамтамасыз етеді, нәтижесінде педагог “оқыту машинасына” айналып, оқытылу курсына субъективті ештенесін әкелмеуі де мүмкін. Сөйтіп, сабақ беруде де мәнді индивидуалды аралық вариативтілігі болады, соның арқасында әрбіреу өзіне іс-әрекеттің адекватты тәсілін құрап алуы мүмкін. ХХ ғасырдың ортасында дүниенің әр түпкірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамаман бір уақытта пайда болып, тарала бастады.Мұндай зерттеулер ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты еңбектер ерекше орын алады.Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы.Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде өзекті болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым-қатынасқа анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.“Қарым-қатынас” ұғымының көп анықтамаларының арасында біз оны — “коммуникативті іс-әрекет” ұғымымен синоним деп қарастыратын (А.Н.Леоньтев /6/, М.И.Лисина /7/, Х.Т.Шерьязданова, Т.И.Суркова /8/, Д.А.Исмайлова, Ж.А.Абишева /9/ және т.б.) позицияларына жүгініп, М.И.Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас деп — екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін атаймыз. Олай болса, біз зерттеуімізде қарым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына, әр жас шамасындағы балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас байланысын анықтауға, балалардың қарым-қатынас қажеттілігі мен мотивтерін анықтауға баса назар аудардық. А.Н.Леоньтев /10/ іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н.Леоньтевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, Б.Г.Ананьевтің /11/, А.А.Бодалевтің /12/ коммуникативтік әрекет жайлы ілімдері біздің зерттеулеріміздің әдіснамалық негізі болды.
Ал отандық ғалым С.М.Жақыпов /13/ бүтіндей оқу-тәрбие үрдісініің тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі және оқытушы мен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетті (совместно-диалогическая познавательная деятельность) тиімділік критериі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, қарым-қатынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісіне жетекшілік жасау мүмкіндігі пайда болатындығы дәлелденеді.Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев концепциялары қарым-қатынаста “субъект-субъект” жазықтығында қарастыруды негіздейді, басқаша оқу-тәрбие үрдісіндегі ұйымдастырылатын қарым-қатынас тең позициялы түрде жүргізу басты мәселе болады. Осы тұрғыда қарым-қатынасты жетілдірудің өзі баланы коммуникативті қарым-қатынастың субъектісі ретінде қарау, тану, дамыту.Қарым-қатынас мәселесін талдауда оның құрлымдық компоненттерін анықтап алу зерттеуге арқау болатынын білдік. Бұл мәселені 1977ж. В.В.Давыдов /14/ көтергенді. Г.М.Андреев , П.Яноушек /15/ зерттеулерінде қарым-қатынас мақсат-бағдарлы, индивидтердің бір-бірін қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп іс-әрекет жасауды және ақпарат алмасу үрдісі деп қарастырылады.Балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасауы әр-түрлі ғылыми позициядан түсіндіріледі. Сол кезден бүгінге дейін “бала(лар) мен ересек(тер)” жүйесіндегі қарым-қатынас “бала-бала(лар)” жүйесіндегі зерттеулерден көш ілгері және жан-жақты қарастырылған.Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрлымдық компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында Г.М.Андрееваның қарым-қатынастың бір-бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативтілік, интерактивтілік және перцептивтілік. Коммуникативті жағы мәлімет беру-алмасу мәселесімен анықталады; интерактивті жақтың мәні қарым-қатынас жасаушы жұптастардың өзара әрекеттестігінде болады, ал перцептивті компонент-адамдардың бірін бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты ғана екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның 3 жағы да көрінетіндігін дәлелдейді. Біздің зерттеу де осы позицияны арқалана отырып, балалардың ересектермен, басқа балалармен қарым-қатынас жасауын зерттеуде коммуникация, интеракция және перцепция ерекшеліктерін дамытуды алға қойды. Бұл контексте қарым-қатынастың теориялық негізіне іс-әрекеттің құрлымы жайлы түсінікті қабылдаймыз. Біз балалардың қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет деп қарастыратын А.Н.Леоньтев /16/ М.И.Лисина /17/ концепцияларына сүйенеміз. Сонда қарым-қатынастың құрлымын анықтайтын коммуникация, интеракция және перцепция коммуникативті іс-әрекет деп қарастырылады.
Әдебиеттерде қарым-қатынастың пәні, қарым-қатынасты жүзеге асыруды қажетсіну, қарым-қатынас құрудағы мотивтер, қарым-қатынас әрекеті, міндеттері, құралдары мен нәтижесі де қарым-қатынас элементтері ретінде қарастырылады. Біз олардың әрқайысысын жекелей айқындадық.Мұнда Т.В.Драгунова /18/ бойынша қарым-қатынастың пәні қарым-қатынасқа субъект рөлінде болатын басқа адам, яғни қарым-қатынас жасаудағы жұптас адам болады.Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғылымдардың көпшілігі (А.Г.Ковалев /19/, М.И.Лисина, А.В.Петровский, К.Обуховский /20/, В.С.Мусина /21/, В:С.Мухина /22/ және т.б.) адамдардың қарым-қатынасты жүзеге асыруын қажетсіну, басқа адамды танып-білуге ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктерін тағайындаған.М.И.Лисина, А.Г.Рузская, С.Ю.Мещерякова, және т.б. еңбектерінде қарым-қатынас мотиві “затталған қажеттілік ” деген А.Н. Леоньтев түсіндірмесіне негізделіп, адамның қарым-қатынаста танымдық іскерлік және жеке бас мотивтері болатындығы, баланың коммуникативтік мотивтерінің топтары мен генезисі сипатталады.Психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі (А.А. Леонтьев).М.И.Лисинаның қарым-қатынас құралдарының үш тобын эксперессивті-мимикалық, заттық-әрекеттік және тілдік құралдарына бөліп қарастыруды біздің зерттеуіміз үшін де маңызды.Қарым-қатынас құралдарын қолданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де талдау жасалық. Қарым-қатынас тәсілі оның бірлігі деп танылды (М.И.Лисина, Д.А.Исмайлова т.б.). Әдебиеттерде қарым-қатынас тәсілі әрекеттік формада “коммуникациялық біліктілік ” (Т.В.Антонова), әсер ету, реттеу, байланыс жасау, ақпарат беру тәсілдері (Е.Г.Макарова ), жалпы нәтиже алуды қамтамасыз етуге беғытталған әсерлер жүйесі, әдіс пен амалдар жиынтығы (Д.А.Исмаилова, Ж.С.Әбішева) ретінде анықталады. Ал А.А.Бодалев қарым-қатынас әсер ету тәсілдерін интелектуалдық, эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі. Біздің зерттеу аспектімізде қарым-қатынас тәсілдерін жетілдіру – ең негізгі мәселе болып табылды.Қарым-қатынас анықтамасындағы (М.И.Лисина бойынша) оның жалпы нәтижесі ретінде қарым-қатынастан шығатын материалдық және рухани сипаттағы құрылым алынады. Нақтыласақ, жалпы нәтиже — өзара қатынас (Я.Л.Коломинский /23/), таңдамалы бауырластық (С.В.Корницкая, Р.А.Смирнова), қарым-қатынас субъектілерінің бейнесі (А.А Бодалев, Н.Н. Авдеева, А.Н.Силвестру) деп қарастырылады.Әдебиеттерге талдау жасай отырып қарым-қатынас механизмдерін қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсіністік сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В.С.Агеев, А.А.Бодалев / сынды ғалымдар топ ішіндегі және өзара қарым-қатынастың меха/низмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия, стереотипизация, каузалды атрибуция, ореол эффектісін жатқызады.Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде интегралды, тұтас құрлым пайда болады. Ол коммуникативті іс-әрекеттің даму деңгейін анықтайды. А.В.Запорожец, М.И.Лисина бұл ерекше құрлымдарды “қарым-қатынас онтогенезінің сатылары”, “қарым-қатынас формалары” деп атаған. Біз өз зерттеуімізде осы тұжырымдарға сүйенеміз.Ал М.И.Бобнева /26/ қарым-қатынас барысында жеке адамның ішкі жан-дүниесі қалыптасатындығын қарым-қатынас формаларын зерттеу арқылы көз жеткізген. Көп ретте қарым-қатынас жайлы қарастырғанда “қарым-қатынас стилі” деген ұғым да анықталынады, “қарым-қатынас стилі” деп адамдардың байланыс жасау техникасын, не болмаса позициясын айтады (Х.Т.Шерьязданова, Т.Н.Суркова).В.С.Мухина қарым-қатынас стилін “әлеуметтік” психологиялық әсер етудің дара –типологиялық ерекшелігі деп түсіндіріледі. 1930-шы жылдары Н.Левин үш стилін ұсынғанды. Осыдан соң Р.Липпит, К.Уйтд қарым-қатынас стилінің авторитарлық, демократиялық және либералды-босаң деген классификациясын жасаған еді. Қазірде Г.Андерсон, А.А.Бодалев, Р.С.Буре, И.М.Юсупова, т.б. ғалымдар қарым-қатынас стилінің классификацияларын ғылыми қорда берген.Психологиялық, педагогикалық зерттеулерде педагог пен балалар арасындағы қарым-қатынас мәселесі басқы орын алады. Бұл қарым-қатынасты анықтауда арнайы “педагогикалық қарым-қатынас” деген ұғым қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А.Бодалев, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, В.А.Петровский, А.А.Леонтьев /25/ т.б. еңбектерінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипаталады. Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен балалар арсындағы нақты психологиялық контракт деп түсіндіріледі.Педагогикалық қарым-қатынас негізінде балалардың мінез-құлқы, таным дүниесі, адамгершілік позициясы қалыптасып жетіледі. (Х.Т.Шерьязданова, В.Ф.Моргун т.б.).Педагогикалық қарым-қатынастың формасы — балалар мен педагогтың “субьект-субьект” жүйесіндегі бірлескен әрекеттестіктері болып табылады.Педагогикалық қарым-қатынас педагогтың жеке басы, балалар психикасына әсер етудегі рөлі, яғни қарым-қатынас стилі арқылы әр деңгейде көрінеді.В.С.Мухина қарым-қатынас стилін педагогтың балаларға әлеуметтік психологиялық әсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі деп анықтайды.Әдебиеттерге талдау жасағанда педагогтық қарым-қатынас стилінде коммуникациялық тәсіл, қатынас сипаты, даралық, балалар ерекшелігі, әлеуметтік-адамгершілік құндылықтар, әлеуметтік рөлі мен статус көрінеді.
Қорытынды
Әрбір қарым-қатынас стилі де педагогтың балаларға әсер етуін байқатады. Педагогтың қарым-қатынасындағы авторитарлық стиль педагогтың позициясымен сипатталады. Онда педагогтың балалардан бағынуды талап етуі, не іс-әрекетті күшпен орындатуы, жазалау тәсілдерін қолдануы, балалар инициативасын табан асты етуі, балалар мүмкіншілігінен тыс жетістікке үміттенуіне әсер ету, тәрбиелеу тәсіліне айналады. Мұндай жағдайда балалардың өз мінез-құлқын, жүріс — тұрысын реттей алмауы, қорқыныш-үрейлі күй кешуі, кез-келген іс-әрекетке қызығушылық, ниет, мотивтің болмайтындығы талай зерттеулерде белгілі болған. Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық стилі педагог пен балалардың бірдей белсенді позициясын қамтамасыз етеді. Педагог балалардың жағымды эмоцияларды қажетсінуі мен өзінің ішкі мүмкіндіктерін шығаруға мүмкіндік жасайды. Мейірім, достық негізіндегі дара стиль арқылы балалардың өз-өзіне сенімді болуын, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруы, дамытуы мүмкін болады. Мұнда педагог сендіру және иландыру тәсілдерін пайдаланып қарым-қатынас құрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
3.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9