Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2014 в 16:15, контрольная работа
Педагогикалық шеберлік-Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті яғни оның тұлға ретінде жеке даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктері.
Жаңа ғасырда жаңа Қазақстанның мұғаліміне қойылатын талап та жоғары болмақ. Жаңа әлемнің жаңа мұғалімі ең бірінші кезекте инновациялық технологиямен қаруланған, оқушының жан дүниесін жете түсінетін, оның дара қабілеті мен шығармашылығының ашылуына ат салысатын, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына бар мүмкіндіктер жасайтын, өзінің инновациялық іс-әрекетіне жүйелі талдау мен сараптама жүргізе алатын және біртұтас педагогикалық үдеріс сапасының инновациялық жетілдіру жолдарын білетін мұғалім-инноватор болуы тиіс.
№1Кіріспе.Педагогикалық шеберлік.Педагогикалық мәдениеттің компоненттері
Педагогикалық шеберлік-Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті яғни оның тұлға ретінде жеке даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктері.
Жаңа ғасырда жаңа Қазақстанның мұғаліміне қойылатын талап та жоғары болмақ. Жаңа әлемнің жаңа мұғалімі ең бірінші кезекте инновациялық технологиямен қаруланған, оқушының жан дүниесін жете түсінетін, оның дара қабілеті мен шығармашылығының ашылуына ат салысатын, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына бар мүмкіндіктер жасайтын, өзінің инновациялық іс-әрекетіне жүйелі талдау мен сараптама жүргізе алатын және біртұтас педагогикалық үдеріс сапасының инновациялық жетілдіру жолдарын білетін мұғалім-инноватор болуы тиіс.
Мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған. Біз, дүниені жай ғана пайымдаушы ғана емес, оны өз қажеттіліктерімізге байланысты өзгертуші тұлғамыз.
Педагогикалық шеберлік үнемі
жетіліп отыруды қажет ететін балаларды
оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды
сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін
әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог
– өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті,
өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің
тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе
балалар психологиясының мәселелеріне
қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін
жетік игерген маман. «Мұғалімдер- қоғамның
ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе,
ең «сынампаз» бөлігі болып табылады»,
– деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса
керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз
елімізге білікті маман, өз ісінің шебері
қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі
неде?Шебер педагог білімді, тәжірибесі
мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды
жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында
білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет.
Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың
дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп,
жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер
мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру –
педагогикалық шеберлікті жетілдіруге
негізделеді деп есептейміз.Педагогикалық мәдениет.Мәдениет
(латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан).
Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші
табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген
ортасымен қарым-қатынасы.Мәдениет әр
түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың,
жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың
өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады.
.Педагогикалық мәдениет жөнінде сөз қозғағанда
қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған,
оның пайда болуы, дамуы және гүлденуіне
қолайлы жағдай туғызған - халық жайлы
есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет
кайраткерінің жеке шығармашылығы оған
дейін халық жөне адамзат жеңіп алған
жетістіктер негізіңде дамиды. Ол өз халқының
мәдениетін жетілдіруді бастаудан бұрын
өзінің көп ғасырлық тарихында халық туғызганды
меңгеруі, сонымен қатар өзге халықтар
мен адамзат жасаған игіліктерді игеруі
қажет.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан
бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет-адам
әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық
парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік
заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған.
Сонымен бірге мәдениет - адамды тұлға
деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби мәдениеті - әлеуметтік сұранысқа сай заңды құбылыс, өйткені тұтынушылар жоғары деңгейде сапалы білім беру мектептерін таңдауға мүмкіндік алады, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі – сол мектептің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші, түлектердің білім сапасында, тәрбиесінде, жаңа ақпараттық технологияны меңгеруінде, олардың бойынан пәндік және түйінді құзыреттіліктердің көрініс табуында бір мектеп пен екінші мектеп арасында бәсекелестік болады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін анықтауда тұлғаға бағдарлы, әрекеттік, жүйелілік, ақпараттық, мәдениетнамалық және құзыреттілік тұғырлар басшылыққа алынды. Тұлғаға бағдарлы тұғыр студенттің кәсіби мәдениетін қалыптасуында оларды өз ісінің субъектісі ретінде сезінуіне, өзіндік әлеуетін, сапаларын аша білуге және дамытуға ықпал етеді. Іс-әрекеттік тұғыр болашақ мұғалімнің іскерлігінің, жасампаздығының, қайраткерлігінің қалыптасуына түрткі болады. Жүйелілік тұғыр студенттің білім мазмұнын сапалы меңгеруін, білім, білік, дағды және тәжірибесін, тұлғалық даму деңгейін сипаттайды және өз ісін жүйелі де сапалы ұйымдастыра білуіне үйретеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби мәдениетін қалыптастыруда жекетұлғалық тұрғыдан келу дайындықтың мазмұнын таңдауға және мақсатын белгілеуге, нәтижелі білім беруде пәндік және түйінді құзыреттіліктерді айқындауға себеп болды. Мәдениетнамалық тұғыр болашақ мұғалімнің қоғаммен, адамдармен қарым-қатынастағы мәдени қатынастардың негізі ретінде олардың адамилық, өркениеттік сапаларын дамытуға ықпал етеді. Қазіргі заман талабына орай болашақ мұғалімнің кәсіби мәдениетін қалыптастыруда ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық телекоммуникативтік технологияларды қолдана білу қабілетін дамытуға себепші болады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениетін қалыптастырудың жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында көрсетілген жалпы білім, базалық, кәсіптендіру пәндері, педагогикалық тәжірибелермен қатар арнайы ұйымдастырылған оқу курстары болашақ мұғалімдерді дайындауға тікелей қатысты профессор-оқытушылардың жұмысын осы бағытқа бағдарлау, факультет, кафедра жұмыстарының бірлігі арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін біртұтас ғылыми-әдістемелік жүйесі жоғары педагогикалық оқу орнындарының оқу-тәрбие үдерісін жаңа мазмұнмен толықтырады.
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі эксперимент барысында дәлелденген тәжірибеге негізделеді және олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруға бағытталады.
Педагогикалық мәдениетінің мәнін, мазмұны мен ерекшеліктерін теориялық тұрғыда дәлелдеу оның болашақ мұғалімдердің қазіргі білім беру мен тәрбиелеу үдерісін жетілдірудегі потенциалды мүмкіндіктерін ашып көрсетуге септігін тигізеді.
Жүргізілген зерттеулер бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:
1. Педагогикалық мәдениет
мазмұнын болашақ мұғалімдерді
кәсіби даярлайтын жоғары
2. Болашақ мұғалімдерге
арнап жасалған элективті курс
бағдарламаларын жоғары оқу
Зерттеу проблемасы күрделі де көпсалалы проблеманы толығымен шешуді мақсат тұтпайды. Оның шешімі педагогикалық мәдениеттің студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесінде пайдаланудан; жоғары оқу орны студенттерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастырудан көрінеді.
Жүргізілген зерттеу нәтижелерін саралай келе, мұғалімнің педагогикалық мәдениетін қалыптастыруды акмеология, аксиология, синергетика ғылымдарының құндылықтары мен жетістіктері бағытында да зерттеуді қажет етеді деп есептейміз.
Бүгінгі жоғары білім берудің көп деңгейлі құрылымы, жоғары оқу орнының халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы және оларды қоғамның талаптарына сай басқару мәселелері білім беру саласына жаңа тәсілдерді енгізуді талап етуде. Білім саласына ендірілетін жаңалықтың қайсыбірі болмасын арнайы даярлықты талап етеді. Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың кәсіби даярлығына, педагогикалық мәдениетінің дамуына және олардың жаңа педагогикалық технологияларға терең түсіністікпен бейімделуіне жағдай жасау қажет. Білім берудің мазмұнын модернизациялау, педагог мамандарды даярлаудың мазмұны мен құрылымын саралап қайта ой-елегінен өткізу оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатуды, болашақ мамандардың жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді.
Мәдениеттану
теориясының проблемасы
Мәдениет арабша «маданият» – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты.
Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды алътерінативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтканда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы «тереңнен жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдедиет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «кұрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманның сөздіктерінде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі - мәдени әрекет. Әрекеттену - жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.
Ал осы ұғымдардың
ішіндегі мәдениеттану пәніне алғашқы
екі ұғымды, тікелей қатысуы екендігін
аңғаруға болады. Мәдниет ұғымы тарихи
қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті,
оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға
ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке
орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі
кезеңіне дейін, басты құндылық — адам
мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге
асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі
бір модельденген термин ретінде қолданылмады,
бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі
ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді
болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды
көне заманнан бастағанды жөн көрдік.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің
алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен
тығыз байланысты болды. Демек «мәдениет»
ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу,
яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен,
дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл
шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды.
Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен
«мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен
байланыстылығының тамыры да сонау көне
заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз
адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны
ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық
халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы
болып табылады. Сонымен бірге мәдениет
сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу,
табынушылық» деген мағыналарға ие. Осылардың
ішіндегі ең бастысы - дінге табынушылық.
Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар
қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі
берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар
адамдармен бірге болды, оларды жебеп,
қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды,
қала адамдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан
қорғады. Міне, сондықтан да болар Гелилік
эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді
ерекше дәріптейді. Полис дегеніміз —
шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары
сол қаланың азаматтары болып саналады.
Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы
сыртқы жаулардан қорғады қажетті азаматтық
міндеттері мен борыштарын (халық, жиналыстарын
өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа
да мекемелерінің жұмыстарына жәие т.б.
қатысуы мүлтіксіз орындап отырды. Мұндай
қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді,
әрі дінге табынушылықты, әрі жер өндеуді
де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік
көне полистерде қала азаматтарының азамат
болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады.
Гректер бұл үдерісті «пайдейя» (бала)
деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу,
оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру,
білімділік, ағартушылық, мәдениет деген
мағыналарға ие. Адамзат мәдениеті үздіксіз
дамып өркендей отырып, революция мен
прогрестің жалпы заңдарына сөзсіз бағынады.
Бірақ біз қарастырған мәдениеттің материалдық
негізіне мән берілмей, мәдениетті тек
құдайдың шапағатымен ғана байланыстырып,
бұл ұғымға мәдениеттің ғылым, адамгершілік,
өмір, философия, құқық және т.б. сияқты
салаларын ғана енгізген.
Әлемдік және отандық мәдениеттің теориясы мен тарихын зерттеген Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева болса, қазақтың төл мәдениетін батыстық мәдениетпен салыстыра отырып, оның өзіне тән ерекшеліктеріне тоқталады, қазақтың әлем туралы түсінігін алып бәйтерекке салыстыра отырып, мәдениеттің әлемдегі орнын қоршаған орта мен өркениет аясында қарастырады. Қоршаған ортаны әлем мәдениетінің өрістеу аймағы деп түсіндіреді және ұлттық мәдениетті бос кеңістікте емес, ол - адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді және тарихи ағымның өрісі болып табылады деген пікірді ұстанады. Табиғи ортаға халықтың санасында киелі мекені болып қалыптасқан тауларды, өзен-көлдерді, аңғарлар мен төбелерді, тіпті аруақтар жатқан молаларды да жатқызады. Демек, олар қазақ халқының ұлттық мәдениетіне айрықша экологиялық мазмұн беріп, адам мен табиғаттың арасында нәзік үндестік болатындығын дәлелдейді. Мәдениет мәселесін қазақ халқының дүниетанымында этиканың «жақсылық» пен «жамандық» ұғымдары аясында түсіндіреді, сонымен бірге әртүрлі халықтардың көне мәдениеттен алғашқы өркениеттерге өтуі – мәдениеттегі дамудың заңды құбылысы деген қорытындыға келеді.
Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компаненті ретінде.Педагогокалық шеберлік компаненттері; гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қаблет,педагогикалық техника.Мұғалімнің кәсіби білім-шеберлік негізгі.Бастауыш сынып мұғалімнің кәсіби білімінің ерекшеліктері. Педагог мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері.Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қаблетті іске асыру. Педагогикалық қимыл бір актердің театры секілді. Педагог пен актер-аудиторияға түлғалық ықпал етуді таратушылар.К.С. Станиславскийдің педагогтар дайындаудағы театралдық жүйесінің принцыптері.Көрнекі педагогтар шеберліг. Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі педагогикалық шеберліке негіздерін қалыптастыру.
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби – педагогикалық іс- әрекет
Педагогикалық
қызмет қоғамдық құбылыс
Муғалімінің жеке басы оның кәсіптік қызметінің өзекті факторы ретінде. Кәсіби – педагогтік кызметтегі мүгалімнің жеке басының қалыптастасуы. Мұгалімнің кәсіби шеберлігі. Педагогтің жеке басының кәсіби қасиеті. Педагоггикалық қызмет денгейлері: репродуктивтік, беймділік, жергілікті – үлгіленген, жүйелі – үлгіленген, қызмет пен мінез-қүлық. Шеберлік педагогтік қызметтің ең жогары деңгейі ретінде.
Информация о работе Педагогикалық шеберлік.Педагогикалық мәдениеттің компоненттері