Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 23:19, реферат
Оны оңтайландыру - елеулі тәжірибелік міндет және маңызды ғылыми мәселелері.Жоғарыда айтылған ойларға сүйене келе, біздің ойымызша, жоғары оқу орнындағы өзіндік жұмыстың мазмұны, сипаты, әдістемесі мен оны ұйымдастыру кәсіптік бағытта жүргізілсе, оқу – тәрбиелік іс-әрекеті қорытындылары жоғары болар еді.Студенттердің өзіндік жұмыстар қатарына мыналарды жатқызуға болады
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының міндеттері
Студент тұлғасын зерттеу әдістері
Білім беру процесіндегі студенттердің ғылыми жұмыстарының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Жоспар:
1. Студенттердің өзіндік жұмысы – болашақ мамандарды даярлаудың аса маңызды жолдарының бірі, жас тұлғаны жан–жақты жетілдіріп, қалыптастырудың міндетті шарты және құралы болып табылады. Оны оңтайландыру - елеулі тәжірибелік міндет және маңызды ғылыми мәселелері.Жоғарыда айтылған ойларға сүйене келе, біздің ойымызша, жоғары оқу орнындағы өзіндік жұмыстың мазмұны, сипаты, әдістемесі мен оны ұйымдастыру кәсіптік бағытта жүргізілсе, оқу – тәрбиелік іс-әрекеті қорытындылары жоғары болар еді.Студенттердің өзіндік жұмыстар қатарына мыналарды жатқызуға болады:
Өз бетімен орындайтын жұмыс аспектілерін қарастыра отырып жеке тұлғаның дамуына мынадай тұжырымдар жасадық:
Студенттерді кәсіби дайындауда өзіндік жұмыстың білімдік, дамулық және тәрбиелік қызметін теориялық түрде негіздеу, оның мазмұнын кәсіптік деңгейге көтеру, тапсырмалар жүйесін даярлау, студенттермен белсенді іс–әрекеттер талап ететін әр түрлі жағдайларды моделдеу, нәтижелілігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды айқындау, жоғары оқу орнындағы түлектердің өз саласында жұмыс істеуге дайындық деңгейлерін жоғарылата түседі.Қорыта келе, студенттің өзіндік жұмысы дегеніміз – олардың интеллектуалды, жігерлі және кәсіптік қасиеттерін дамытатын, оқу бағдарламасында қарастырылған, оқу материалының мазмұны мен керекті көлемін игерудегі оқу жұмысының жан–жақты түрлері.
2. Тұлғаны зерттеуде мотивация
проблемасы адам психологиясы аспектiсiне
кiрерi сөзсiз. Мотивация мұнда тұлға мен
индивидуалды ерекшелiктердi терең түсiндiрiп,
сипаттау кiлтi ретiнде немесе индивидуалды
ерекшелiктер қанша болса, соншалықты
мiнез-құлық түсiндiретiн процесс ретiнде
анықталады.Тікелей оқу процесін қарастыратын
болсақ, оралмандардың оқыған білім бағдарламасындағы
айырмашылықтар, білімді бағалаудағы
ерекшеліктерді ескеруге болады Осындай
ерекшеліктер оралман-студент тұлғасының
жаңа ортаға, статусқа бейімделуінде бірқатар
қиындықтар тудыратыны анық. Ал студенттің
бейімделу процесі тұлға белсенділігінің
артуымен, жаңа тұлғалық қасиеттердің
қалыптасуымен байланысты. Бір жағынан,
қарым-қатынас, оқу мотивация, өзіндік
сана сезім, құндылықтар бейімделудің
бір көрсеткіші болса, екінші жағынан,
бейімделудің бір құралы болып табылады.
Сондықтан, жай студенттерге қарағанда,
оралман-студенттердің қарым-қатынасында
өзіндік ерекшеліктердің болуы, сонымен
қатар оқу мотивациясы да оралман студенттердің
бейімделуінің бірден-бір себебі. Сол
себепті олардың осы ерекшеліктерін эмпирикалық
анықтау қажеттілігі туындайды.
Студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуына
мынадай ерекшеліктер қатары әсер ететіні
белгілі болды:
- өмірдегі өз орнын табу және болашаққа
жоспар құру қажеттілігі;
- азаматтық борышқа байланысты әлеуметтік
мотивтердің қалыптасуы;
- өзін-өзі дамытудың барлық формаларына
деген қызығушылық;
- қоршаған адамдардың пікіріне тәуелсіз
қызығушылықтарының тұрақтылығы;
- мамандыққа байланысты нақты мотивтер
мен мақсаттарды таңдауы;
- тек өзіне ғана емес, басқаларға да қатысты
шешім қабылдауы;
- мамандықты таңдаудағы өз мумкіншіліктерін
бағалауы, өмірлік позициясын түсінуі;
- әлеуметтік және танымдық мотивтердің
қоспасы ретінде студенттің өз дүниетанымын
түсіну адекватты болуы.
Студентедің әлеуметтік және танымдық
мотивтерінің дамуын зерттеп қарасақ,
онда таным қызығушылықтарының дамуы
олардың кәсіби қабілеттерінің ары қарайғы
дамуының негізі екенін көреміз.
Кең ауқымды танымдық мотивтер арқылы
студенттер жаңа білімге деген қызығушылық,
оны меңгеру барысындағы қиыншылықтарды
бастан өткеру сияқты әрекеттерді жүзеге
асырады. Оларда білімге деген қызығушылық
тереңдей түсіп, тек оқу пәнінің ғана заңдылықтарын
емес, сонымен қатар ғылымның, кәсіби құзіреттіліктің
негізіне бет бұрады.
Оқу-танымдық мотив-теориялық және шығармашылық
ойлаудың әдістеріне деген қызығушылық
ретінде іске асады. Студенттерді әлбетте
ғылыми жұмыстарға араласу, зерттеу әдістерінің
әртүрлерін қолдану қызықтырады. Студенттерді
танымдық іс-әрекеттің нәтижелілігін
жоғарылату жолдары еліктететіндіктен,
олардың ой еңбегін рациональді ұйымдастыру
және оның мәдениеті туралы әдебиеттер
қызықтыра түседі. Бұл жас шамасында процессуальді
және нәтижелі оқу мотивациясының бірлігінің
пайда болуы туралы сөз қозғауға болады
П.Г. Белкин бойынша бейімделу прцесінде
әлеуметтік және әлеуметтік – психологиялық
– бұл оның әлеуметтік микро ортаға және
іс-әрекеттің өзгермелі шартына икемделуінің,
тұрақты, үздіксіз процесі деп санайды.
Әлеуметтік–психологиялық бейімделу
даралықты дамыту жағдайларының бірі.
Даралылықтың тұрақты қырының болуы бейімделу
процесінің жетістігінің бір көрсеткіші.
Бірақ кейбір жағдайларда нақты осы даралық
сол немесе басқа топта тұлғаның бейімделуіне
кедергі келтіруі мүмкін. Бейімделу механизімінің
құрылу денгейі даралықты дамыту жағдайын
қамтамасыз етеді. Өмір әрекеті процесінде
бейімделу механизімінің құрылуы автоматтандырылған
әдет, дағды, мінез–құлық, бейсаналы аймаққа
өтеді. Бұл даралықтың дамуы үшін шексіз
мүмкіншілікті ашады. Тұлғаның әлеуметтену
процесінің жетістігінің алғы шарты адамның
дара ерекшеліктері мен әлеуметтік –
психологиялық бейімделудің жанама түрде
болуы.
Әлеуметтік–психологиялық бейімделу
түсінігіне қысқаша қарастыратын болсақ,
жеке адам мен топтың өз ара қатынасының
жағдайын жеке адам созылмалы емес ішкі
және сыртқы қақтығыстарсыз басты әрекетке
сәтті қосылуы, негізгі социогенді қажеттіліктерді
қанағаттандыруы, оның топ ұсынатын ролдік
күтілімдеріне қарсы шығуы, өзінің ісін
көрсету және шығармашылық қабілеттерін
еркін көрсету жағдайы - әлеуметтік–психологиялық
бейімделу деп аталады.
Сонымен әлеуметтік–психологиялық бейімделу
– толық әлеуметтенудің бір жолы болып
табылады екен. Л.Д. Столяренко тұлғаның
әлеуметтену сатысын қарастырғанда, бірінші
сатыны біріншілік әлеуметтену немесе
бейімделу сатысы деп көрсетеді. Адамның
әлеуметтік бейімделуі жеке позицияны,
әлеуметтік статусын түсінуден, сондай-ақ
онымен байланысты рөлдік мінез–құлық
рөлі ретінде жалпы топтық міндеттерді
шешу процесінде тұлғаның дара ерекшеліктерін
жүзеге асыруды қарастырады. Студенттер
оқуының мотивациялық мақсатты негіздері
күрделі көп деңгейлі және көп мөлшерлі
жүйені құрайды. Оқу барысында мақсат-
үлгілер мен мақсат- міндеттер қолданылады.
Нәтижесінде, психологиялық бағытта мақсат-
үлгі өз негізінде когнитивті мазмұнға,
ал мақсат- міндет мотивациялы мазмұндарға
ие. Аталған мақсатты аспектілерге қоса
түсінікті қалыптастыруда оқу мақсаты
мен оқыту міндетін де атау қажет. Оқыту
мақсаттары ілгеріде айтылғандай сырттан
беріледі. Онда қоғамдық қажеттіліктер
мен құндылықтар ерекшеленеді. Оқу мақсаты
жекелеген қажеттіліктер мен мотивтер
негізінде анықталады. Оқу мен оқыту мақсаттары
ерекше жағдайда ғана сәйкес келуі мүмкін.
Оқыту мен тәрбиелеу міндеттері жекелеген
және қоғамдық қажеттіліктер құрылымын
біріктіру, яғни студенттердің қоғамдық
маңызды мақсаттарын қабылдауын қамтамасыз
етуде көрінеді. Бұндай бірігу қоғамдық
және жекелеген маңызды мақсаттар тұрғысында
мотивациялы- мақсатты резонанс деп аталады.
Негізі жоғары оқу орнында оқудың түпкі
мақсаты мамандарды кәсіби дайындау болып
табылады. Адамның мамандыққа жинақты
қарым- қатынасының түрі, мамандыққа, оны
меңгеруге қызығушылықты арттырумен анықталады.
«Бағыттық» түсінігі өз құрамына мақсаттарды:
мотивтері, әрекетке талаптануы, осы әрекетке
сезімталдық қатынасты біріктіреді. Кәсіби
бағыттылықтың өзі көптеген сипаттармен
ерекшеленетін көпдеңгейлі күрделі білімді
құрайды.
«Жоғарғы оқу орынында оқу мотивациясы»
әдістемесі бойынша оралман студенттердің
білім игеру мотивациясы 25% қалыптасқан,
яғни студенттердің ойынша мамандықты
толық меңгеру үшін барлық пәндерді бірдей
терең оқу керек, әкімшіліктің ескертулерінсіз
оқуға күштерінің жететіндігіне сенімді,
емтихандарды барлық білімін қолданып
тапсыру керек деп есептейді, стимул беріліп
отырса оқу үлгерімі жоғарылайды. Оралман
студенттердің арасында мамандықты меңгеру
мотивациясы 40% балада қалыптасқан, яғни
студенттер болашақ мамандығы туралы
әңгімелескенді ұнатады, қызықтыратын
нәрсенің бәрі болашақ мамандықтарымен
байланысты, жоғарғы жалақы маңызды болып
табылады, оқуға түспес бұрын осы мамандық
жайлы жан жақты сұрастырып білген, мамандықты
болашағы бар деп есептейді. Диплом алу
мотивациясы 35% оралман студенттерде қалыптасқан.
Студенттер жоғары білім туралы дипломға
ие болуды өте маңызды деп есептейді; диплом
алуды қоғамда қалаулы орынға ие болуға
мүмкіндік беретін жол деп есептейді;
қызметке тұру үшін жоғары білім қажет
деп санайды; жоғары білімі бар достарынан
қалысқысы келмейді; дипломға ие болуды
бедел деп санайды.
Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту - мамандар даярлаудағы негізгі мақсат болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ мамандардың жоғары оқу орындарында алған білімін, дағдысын жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыруға, ғылыми әдістемені, зерттеу тәжірибесін меңгеруге көмектеседі. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білімі бар мамандар даярлаудың деңгейін көтеру, талантты жастарды анықтау, университеттің педагогикалық кадрларын толықтыру болып есептелінеді.
3.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:
- ғылыми қызметке талабы бар студенттерді анықтау;
- ғылыми-әдістемелік зерттеулер тәжірибесінде шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасау;
- жан-жақты дамуына, өзін-өзі бағалауының қалыптасуына, өзіндік жұмыс дағдысын және шығармашылық ұжымда жұмыс істеуге, ғылыми-зерттеу әдістемесін меңгеруге көмектесу;
- ғылым мен техниканың түрлі саласында қолданбалы, іргелі, іздену, әдістемелік және педагогикалық ғылыми зерттеулер жүргізуге студенттердің қатысуын қамтамасыз ету;
- педагогикалық және ғылыми кадрларын толықтыру үшін қабілетті, дарынды және талантты жастарды тиімді іріктеуді қамтамасыз ету;
- ғылым мен техниканың түрлі саласындағы ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге арналған әлеуетін біріктіру.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары:
- пәндік жарыс пен сайыс ұйымдастыру және жүргізу;
- студенттердің ғылыми үйірмелерінің жұмысына;
- түрлі деңгейдегі ғылыми-техникалық баяндама дайындау және қатысу;
- республикалық және халықаралық конференцияға қатысу;
- студенттер жұмысымен республикалық конкурсқа қатысу;
- ғылыми мақала мен тезис дайындау және жариялау;
- курс жұмысы мен диплом жобасы сайысын ұйымдастыру және өткізу, қатысу;
- мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім бойынша жұмысқа тарту;
Арнайы ғылыми-зерттеу зертханасында өткізілетін зерттеуге тікелей қатысуы, ұйымдастыру типі және іс-шаралар жүйесімен қамтамасыз етіледі де, үш топқа бөлінеді: оқу үрдісімен қатар жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы; оқу мерзімінен тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы; ғылыми, ғылыми-техникалық жалпы ұйымдастыру шаралары, оның ішінде СҒЗЖ жүйесін дамытуды ынталандыратын жарыс, ғылыми конференция, семинар, ғылыми еңбегінің нәтижелілігін және тиімділігін анықтайтын іс-шаралар.
Оқу үрдісімен қатар жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы өндірістік, тәжірибелік, зертханалық жұмыстарды, ғылыми зерттеу сипаттағы курстық және бітіру біліктілік жұмыстың орындалуын қарастырады.
Оқу мерзімінен тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысының формасы: ғылыми семинардағы, конференциядағы жұмысы; топпен немесе жеке қатысуы; студенттік ғылыми қоғамда, конструкторлық, жоба, технологиялық зертханада және үйірмеде, ғылыми-техникалық зертхана орталығында және т.с.
Ғылыми-зерттеу жұмысының үдемелі формасы: арнайы бағытталған өндірістік тәжірибе кезеңінде ұйымдастырылатын студенттік шығармашылық топтар, жұмыстар; курстық және бітіру жұмысын өндіріске енгізу мақсатындағы шығармашылық топтар; ғылыми үйірмелер. Онда студенттер отандық шетелдік арнайы әдебиеттер бойынша аңдатпалар мен рефераттар жасайды. Сынақ жүргізу дағдысын және алынған нәтижелерді өңдеуді меңгереді. Үйірме отырысында, кафедраның ғылыми семинарда пайдаланатын көрнекі құралдар, зертханалық құрылғылар және оқытудың техникалық құралдарын жобалайды және дайындайды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін белсендендіруде ұйымдастыру-жаппай іс-шаралардың ролі маңызды:
- жылсайынғы өткізілетін студенттік ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасауы;
- ғылыми шығармашылық көрмесі;
- студентті ең жақсы ғылыми-зерттеу жұмысы сыйлығын алуға ұсынуы;
- ғылыми зерттеудің есебінің нәтижелі аяқталған кезеңіннің сәтті болуы;
- баяндамасының нәтижесін талқылағаннан кейін орындалған жұмыстың жан-жақты бағасын, жетістіктері мен кемшіліктерін айқындайтын ғылыми жетекшінің болуы;
Мадақтау мен ынталандырудың негізгі формасы:
- ғылыми жұмыстарды орындау үрдісінде, пәндік, курстық жұмыстар және тәжірибелік бағалау кезінде алынған нәтижелер бойынша есебі;
- үлгерімдері жоғары студенттерді мемлекеттік және атаулы шәкіртақыларға және түрлі мекемелер мен қорлар ұсынатын шәкіртақылар алуға ұсынуы;
- ең жақсы студенттер жұмысын жеңімпаздарды марапаттайтын сайыстарға, көрмелерге және өзге де ұйымдастыру-жаппай іс-шараларға ұсынуы;
- студенттердің түрлі отандық және шетелдік ғылыми форумдарда қатысу үшін іссапарға жіберуі;
- ғылыми-зерттеу жұмысына жеткен табысы үшін студентті құрмет грамотасымен, дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталуы;
- университетте студентті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуі;
- студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға тартуда және СҒЗЖ ұйымдастырудағы оң өзгерістерді атап өту қажет.
Білімді жас ғалымдар кемел келешегіміздің кепілі екені белгілі. Жаңа Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін де білімді жастар деп білеміз. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту - мамандар даярлаудағы негізгі мақсат болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ мамандардың жоғары оқу орындарында алған білімін, дағдысын жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыруға, ғылыми әдістемені, зерттеу тәжірибесін меңгеруге көмектеседі. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білімі бар мамандар даярлаудың деңгейін көтеру, талантты жастарды анықтау, университеттің педагогикалық кадрларын толықтыру болып есептелінеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1 .Интернет көздерінен алынған мәліметтер
2. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие
үрдісін ақпараттандыру
Информация о работе Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының міндеттері