Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 11:43, реферат
Қазіргі жаһандық өзгерістер заманында әр түрлі өзгерістер мен жағдайларға әр уақытта дайын болу қажеттігі туындап отыр. Осыған байланысты жас ұрпақтың бойында заманға сай қасиеттері мен құндылықтары болуы қажет. Осы мәселе тәрбие процесіне түгелдей байланысты болып табылады. Себебі, жас ұрпаққа заманауи тәрбие беру тікелей тәрбие процесінің ұйымдастырылуы мен мазмұнына байланысты болады. Сондықтан болашақ ұрпақты тәрбиелеу жұмысында дұрыс мақсат – міндеттерін анықтау мен әдіс-тәсілдерін таңдаудың маңызы зор. Бұнын бәрі де барып тәрбие процесінің құрылымына өзгерістер енгізеді. Себебі тәрбие процесі толығымен құрылымына байланысты болып келеді. Сондықтан тәрбие жұмысының ең алдымен компоненттерін дұрыс бөліп, әрбіреуінде тиімді жолдарды қолдану қажеттігі бірінші кезекте тұр.
Кіріспе.
Тәрбие түсінігінің мәні мен құрылымы.
Тәрбие түсінігінің мәні
Тәрбие процесінің құрылымы
Тәрбие процесінің негізгі көздейтін мақсаттары мен міндеттері.
Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері
Тәрбиенің мақсатын жеке тұлғалық қасиеттерге бағыттау
Тәрбие жұмысының бағыттары.
Тәрбиенің тұлғалық және ұжымдық бағыттарынығ ерекшеліктері
Тәрбиенің рөлі мен түрлері.
Қорытынды
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Сырттай оқыту бөлімі факультеті
Биология география кафедрасы
Ержанова Жазира Төлегенқызы
Мамандық 5В011300 «Биология», 1 курс (қысқартылған).
Сынақ кітапшасы № 836812
Пән «Педагогика»
Тақырыбы «Тәрбие жүйесі, оның мәні, құрлысы»
Тексерген: Кубеев М.С.
Орындалған күні – 17.03.2013.
Тексеруге берілген күні _____
Жоспар:
Кіріспе.
Қазіргі жаһандық өзгерістер заманында әр түрлі өзгерістер мен жағдайларға әр уақытта дайын болу қажеттігі туындап отыр. Осыған байланысты жас ұрпақтың бойында заманға сай қасиеттері мен құндылықтары болуы қажет. Осы мәселе тәрбие процесіне түгелдей байланысты болып табылады. Себебі, жас ұрпаққа заманауи тәрбие беру тікелей тәрбие процесінің ұйымдастырылуы мен мазмұнына байланысты болады. Сондықтан болашақ ұрпақты тәрбиелеу жұмысында дұрыс мақсат – міндеттерін анықтау мен әдіс-тәсілдерін таңдаудың маңызы зор. Бұнын бәрі де барып тәрбие процесінің құрылымына өзгерістер енгізеді. Себебі тәрбие процесі толығымен құрылымына байланысты болып келеді. Сондықтан тәрбие жұмысының ең алдымен компоненттерін дұрыс бөліп, әрбіреуінде тиімді жолдарды қолдану қажеттігі бірінші кезекте тұр.
Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Тәрбие үрдісі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада тәрбие жүйесі талаптарымен құрылған мынадай жүйелері белгілі: тәрбие жүйесінің мақсаты, міндеті, мазмұны, процестің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы, тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, процестің даму кезеңдері және т.б.
Мақсаттық талап тәрбие үрдісінің құрылымын шешуге бағытталған міндеттердің бірізділігін білдіреді.
Келесі құрылым тәрбие үрдісінің негізгі сатыларын белгілеуге негізделеді. Бұл сатылар - қойылған міндеттердің сапалы шешілуіне бағытталған бірізді кезеңдердің міндетті түрде өтетін процесі.
Құрылым тәрбие процесі бірізділігінің және бірлігінің терең заңдылығын түсінуде өте маңызды:
Келесі құрылым да бірізді процесс кезеңдерін анықтауға негізделеді, бірақ ол енді басқа талаптарға, яғни процестің жүруінің пәрменділігін қамтамасыз ететін бірліктер арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерге негізделеді:
а) тәрбиенің негізгі міндеттері мен мақсат-тарын қамтитын процесті жоспарлау;
ә) материалды (еңбек, табиғатты қорғау); қоғамдық (ұжымдық, ұйымдастыру-басқарушылық, коммуникативтік);
б)рухани (эмоционалды -сезімдік, танымдық, құндылық-бағдарлаушылық) іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
в) тәрбиеленушілердің негізгі іс-әрекеттерінде тұлға аралық қарым-қатынасын және оның дамуын реттеу;
г) жоспарланған және алынған нәтижелердің айырмашылығын бақылау және қорытындылар шығару, жіберілген қателіктер мен қол жеткізетін жетістіктерге талдау жасау.
Тәрбие процесі кезеңдерінің өлшем шектері ретінде педагогикалық әрекеттің бірізділігін пайдалануға болады. Бұл жағдайда құрылымда мынадай бірліктер пайда болады:
Бұл әрекеттердің барлығының нәтижесі - нормалық қалыптағы тұрақты мінез-құлық әдеттерін баулу. Әрекеттердің әдеттенуі біртіндеп мінез бітістеріне, тұлғалық қасиеттерге ауысады
Жалпы заңдылық ауқымының әрекеті тәрбие үрдісінің барлық жүйесіне таралады. Жалпы заңдылық осы процестің маңызды және ірі бірліктерінің арасын байланыстырып отырады. Жүйе ішіндегі бірліктерінің байланысын анықтайтын заңдылық жеке (нақты) заңдылық деп аталады. Тәрбие процесі жалпы педагогикалық процестің бөлігі ретінде осы процестің заңдылықтарына бағынады.
Тәрбиелеу тәжірибесі үшін оның кейбір бірліктерін тәрбие сапасына ықпал жасайтын заңды қатынастар пәрменділігімен байланыстыру қажет.
Тәрбиелеу пәрменділігі мыналарға байланысты:
Тәрбие мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер жүйесі деп қабылданған.
Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы - бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен политехникалық, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы. Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне мына идеялар жатады: Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы.
Бүгінгі нақты мақсат - бұл адамның ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудің құралы - әр адамның мәдениет қоры негіздерін игеруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлғаның ''базалық мәдениеті'' келіп шығады. Бұл өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті болып табылады, яғни, экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік пен экологиялық мәдениет, көркемөнер және дене мәдениеті, отбасы қатынастар мәдениеті.
Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны балалармен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге, іс-әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен заңдылықтарын өңдеуден құралады. Тәрбие процесінде оқушының өзіндік белсенділігі көрінеді
өзін-өзі тану. Адамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы арқылы тұлғаның толық қалыптасуы нақты тәрбиеде жобаланады.
Тәрбие мазмұнындағы маңызды элемент - адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. өмірлік өзіндік таным - бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамты-майтын өте кең ұғым. өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз бақытының және өз өмірінің субъектісі ретінде сипатталады. Адамның өзіне-өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік өзіндік танымы қалыптасады.
Тәрбиенің тұлғалық бағыты. Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогика-лық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың жеке қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез-сипаты мен бірге өз қадірін сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет.
Өз еркіндігі. Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту, бірлесе жұмыс істеу идеяларын іске асыру мүмкін емес. Тәрбие процесі еріксіз ұйымдастырылса, ол балаға да, мұғалімге де кері әсерін тигізеді. Балаларды «тәрбиелеуге» міндеттеме керек. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына, азаматтық және жолдастық міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына сүйенсе, сонда тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады.
Ұжымдық бағыты. Тәрбие жұмысының мазмұны ұжымда тәртіп құралы ретінде қолданылатын тұлғаны мәжбүрлеу әдісіне емес, оның рухани, адамгер-шілік күштерінің ырықты артуына бағытталады.
Мектептің нақты тұрмыс, өмірге қарай бағыт-талуы тәрбие мазмұны мен тәсілдерін жаңартудың тірегі. Ол келесі мүмкіндіктерге жол ашады:
Бүгінгі күнде тәрбиеленушіге ақпарат жеткізіп, оны ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық т. б. тәрбие әрекетіне қосу басты мәселе. Осыдан, бұл не үшін керек, ол не береді? - деген сұрақтар туады. Шетел тәрбие жүйе-сінде нақты осы тұрмыс-тәжірибелік сұраныс бірінші орында, сонымен тапсырыс осы қоғамдық тәрбие маз-мұнына дұрыс ықпал жасап, оның іске асуында табысты қызмет ететіндігі алға тартылуда.
Өз дәрежесінде және жақсы ұйымдастырылған тәрбие адамды өмірдегі үш негізгі қызметке, яғни азамат-тыққа, іскер жұмысшы болуға және үлгілі жанұялық адам болуға дайындайды.
Ғылыми дүниетаным тəрбиесі. Дүниетаным негізі – əлемді түсіну, яғни қоршаған болмыс жөніндегі білімдер тобын меңгеру. Бұл білімдер мен ұғымдар ертеңге де, бүгінге де, алыс болашаққа да қатысты. Олардың бəрі адамдардың рухани дүниесінің кəусар көзі. Дүниетаным құрамы күнделікті өмір барысында, өнерде, əдебиетте, ғылым мен дінде қалыптасатын белгілі мұраттар мен шындық бейнелерінде көрінген болмыстық қабылдаулардан құралады.
Дүниетаным наным, сеніммен байланысты. Дүниетаным көзқарастары адамның ұзақ уақыт айналысқан күрделі ақыл-ес жұмыстарының негізінде орнығады. Бұл көзқарастар тұлғаның рухани өмірінің тұғырына, оның «Мен» мəніне айналып, өмірлік ұстанымын айқындауға негіз болады.
Дүниетанымның қалыптасуы кездейсоқ жəй, тұрмыстық тəжірибеден не əрқилы дүниетанымдық ұстанымдар тоғысынан, немесе саналы, тұғырлы идеялар, мұраттар мен принциптердің теориялық зерт-теулері арқасында болуы мүмкін.
Адам дүниетанымында əрқашан белгілі уақыт, заман белгілері көрініс береді. Əлем жөніндегі бүгінгі ұғым, дүниетаным бүкілдей ғылым жетістіктерінің негізінде қаланды. Біздің қазіргі дəуірімізге тəн дүниетанымдық көзқарастар: демократия құндылықтары жəне адам құқын, оның экономикалық жəне саяси еркіндіктерін, ар-намыс жəне дүниетанымдық еркіндікті бүкіл əлем болып қолдап-қуаттау жəне қорғау. Күннен күнге білім құндылығы артуда. Қоғам болашағы да осы білімге иек артады, стратегиялық əлеуметтік бағдарламалар да көбіне білімді негізге алып түзетілетін болды.