Халық педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 15:42, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Халық педагогикасы.....................................................................................5
1.1 Халық педагогикасы – тәрбие көзі……………………………………10
1.2 Халық педагогикасының негізгі қағидалары........................................11
1.3 Қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні..............14
1.4 Бала тәрбиесіндегі халық педагогикасының тәрбиелік мәні...............15
II. Оқу тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың теориялық негіздері..................................................18
2.1 Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен
Бағыттары................................................................................................19
2.2 Тәрбие әдістерін қолдануда халықтық педагогиканың рөлі...........22
2.3 Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі..29
Қорытынды.....................................................................................................36
Қосымша………………………………………………………………………..38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................39

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой.docx

— 87.94 Кб (Скачать файл)

                                               МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

  1. Халық педагогикасы.....................................................................................5
    1. Халық педагогикасы – тәрбие көзі……………………………………10
    2. Халық педагогикасының негізгі қағидалары........................................11
    3. Қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні..............14
    4. Бала тәрбиесіндегі халық педагогикасының тәрбиелік мәні...............15

 

  1.  Оқу тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың  теориялық негіздері..................................................18

      2.1 Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен 

         Бағыттары................................................................................................19

       2.2 Тәрбие әдістерін қолдануда халықтық педагогиканың рөлі...........22

       2.3  Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі..29

Қорытынды.....................................................................................................36

Қосымша………………………………………………………………………..38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................39

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Кіріспе

 

        Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың жолдарын талдап көрсетіп берді. Бастауыш сыныптағы кез келген оқу пәнін, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық шығырмашылығының элементтерін пайдалану балалардың адамгершілігін, жақсы мінез құлығын қалыптастыру құралы болып табылатынын қазіргі мектеп мұғалімдеріне жеткізу өз қиыншылықтарын туғызуда.

Жас ұрпаққа  ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары бойынша еліміздің Президенті Н.Назарбаев  мемлекеттік идеология мәселесін  ұдайы есте ұстауымызды ескере келе былай деп жазады: “Бес арыстарымызға  арналған тарихи зерде кешенінде  мен қазақстандық отаншылдық сезімін  тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда  тұратын әрбір адам осы елдің  перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенің біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды...”. Осы қағиданы әр ұстаз басты мақсат етіп алдына қойса, оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда әр ата-ана мектепке көмек берсе, сонда ғана президентіміздің қойған мақсатының бәсекелестікке сай 50 елдің қатарына кіруге еңбек ететін 21 ғасырдың азаматын тәрбиелейміз.

Олай  болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең  қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ  зиялы қауымының еңбектерін, қоғам  дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру  арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз.

 Сондай-ақ  ұлттық салт-сананың өмірдегі  қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік  рәсімдері, перзенттік парыз,  адамгершілік борыш, ұрпақтық  міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады.

 Оқушының  ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік,  сыйласымдылық, имандылық, кішпейілділік,  кеңпейілділік, салауаттылық, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық,  мәдениеттіліқ, т.б. қасиеттері  арқылы ерекшеленеді.

 

 

Курстық жұмыстың мақсаты: осы халық педагогикасының білім беру процесіндегі орнын анықтап, маңыздылығын дәлелдеу.

Курстық жұмыстың міндеттері: алынған тақырып бойынша алға қойған мақсатыма жетуіме барынша талап қойып, орындау.

Зерттеу әдісі:

Әдебиеттермен жұмыс жасап, әдеби материал жинақтап жүйелеу

Курстық жұмысымның өзектілігі:

Қазіргі замандағы мектепке дейінгі балаларға  арналған шетелдік қызықтырушы материалдармен, жаһанды жайлаған компьютерлік ойындармен халық педагогикасын қатар қою  күрделі мәселе екені анық. Кез  келген мектеп оқушысы қазіргі уақыттағы сынды кейіпкерлерді Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасырдан жақсы білетіні ешкімге жаңалық емес екені анық. Осы ретте қоғамды, ақпарат құралдарын жаулаған жаңалықтармен қатар заман талабына сай деңгейде талаптарға жауап беретін халық педагогикасы негізінде нағыз қазақы болмыс қалыптастыру кезегін күттірмес мәселе болып қала бермек. Сондықтан да бұл өзекті мәселе дегім келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     І.   Халық педагогикасы

Адам  баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар  педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып  бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып  тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ  күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт  ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден  басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң  түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың  белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам  дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ  тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық  құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн  атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен  халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға  жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан  бастау алып, оны ғылыми теориялар  мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты  зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары  — халықтық педагогиканы ой елегiнен  өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң  өзектi құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк  ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен  байланысын зерттейтiн педагогиканың  ғылыми бiр саласы этнопедагогика пайда  болды.

Академик  Г.Н.Волковтың пiкiрiнше, халықтық педагогиканың  ерекшелiгi: оның адам баласының дүниеге  келген күнiнен бастап бiрге жасасып  келуiнде, адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны — табиғатты өзiне икемдеп игеруiнде, еңбек тәрбиесiнiң  алғашқы адамдар өмiрiнде басты  рөл атқарғаны, тәрбиенiң басқа  түрлерiнiң кейiн туғандығы, халықтық тәрбие жөнiндегi қағидалары өмiрлiк  тәжiрибеге негiздеген эмпирикалық  бiлiм болып келуi, оның ұлттар мен  ұлыстардың жазу мәдениетi шықпай тұрған кезiнде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны  шығарушы авторларының аты-жөнi халық  жадында сақталмай, бүкiл халықтық мұраға айналып кетуi, халықтың ұрпақ  тәрбиелеудегi озық тәжiрибелерi мен  ой түйiндерi сол халықтың ой-тiлегiмен, арманымен ұштасып келгендiктен, озық үлгiлерiнiң мәңгi сақталып, ал тозығының  бiртiндеп өмiрде қолданудан шығып  калуы, халық педагогикасы өнерге, еңбекке  негiзделгендiктен, үнемi жетiлдiру, ұшталу үстiнде болуы, сондай-ақ халық педагогикасының  ғылыми жүйеге, теорияларға құрылмай, жеке бастық тәрбиенiң озық үлгiлерiне және оның нәтижесiне құрылуы, тәрбие тәжiрибесiнiң ғасырлар бойы жалғасып келуi (преемственность), алғашқы тәрбие түрлерiнiң қоғамда бөлiнбей, синкреттi тұтас түрiнде берiлуi (мысалы, қол, би, музыка өнерлерiнде ой еңбегi мен дене еңбегi, ақыл-ой тәрбиесi мен еңбек тәрбиесiнiң бiрге ұштасып келуiнде)”, деп саралай көрсете келдi де, “халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесiне негiзделiп, халықтың тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлерi, ауыз әдебиетi үлгiлерi) арқылы iске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негiзделедi. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрiн, тұрмыс-тiршiлiгiн педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады... яғни, халық педагогикасы ғылымға шикi материал даярлаушы мәлiметтер көзi болып табылса, сөйтiп педагогика ғылымына қызмет етушiнiң рөлiн атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжiрибесiн, педагогикалық мәдениетiн зерттеп, оның прогрессивтiк үлгiлерiн бүгiнгi оқу-тәрбие iсiне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыда қарастырады” (16, 7), — дейдi.

Ал бұрынғы  КСРО Педагогика ғылым академиясының  корреспондент-мүшесi, профессор И.Т.Огородников, Г.Н.Волковтың “Этнопедагогика” атты еңбегiне жазған кiрiспесiнде: “Егер  халық педагогикасы мен этнопедагогикаға арналып екi хрестоматия жасалған болса, оның бiрiншiсiне бала тәрбиесi жөнiндегi ауыз әдебиетi үлгiлерi мен халықтың салт-дәстүрлерiне арналған этнографиялық  тәлiмдiк жазбалары енгiзiлген болар  едi де, ал екiншiсiне халық педагогикасы мен халықтың тәлiм-тәрбиелiк ойларын  зерттеуге арналған педагог-ғалымдардың  еңбектерi енген болар едi” (16, 6), - деп, халық педагогикасының таза тәжiрибеге негiзделген тәрбиенiң  эмпирикалық түрi екенiн және оның этнопедагогиканың ғылыми зерттеу  объектiсi болып саналатынын ашып көрсетедi.

Халық педагогикасында  тәрбие мәселесi бiрiншi орынға қойылып  келдi. Ол заңды да едi. Себебi, халық  педагогикасы ғылым мен мәдениеттiң  жетiлмеген кезiнде пайда болғандықтан, тәрбиенi еңбек пен өнерге, оның iшiнде  қол өнерiне негiздей жүргiзудi уағыздады. Бертiн келе, оқу-бiлiм дамып, ғылым  мен техника өрiстей бастаған кезiнде, XVII ғасырдағы ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдiң атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми педагогиканың теориялық зандары  қалыптасып өмiрге келдi. Я.А.Коменский  өзiнiң атақты “Ұлы дидактика”, “Ағайынды  чехтарды тәрбиелеу” атты еңбектерiнде  тұңғыш бiлiм беру iсi мен тәрбие iсiн  бiртұтас процесс деп қарау идеясын  ұсынды. Тәрбие мен бiлiм берудi бiрiктiру тенденциясы оқу-тәрбие iсiнiң тұтастығынан туындады. Тәрбие-әлеуметтiк процесс, ал адамның жеке басының өсiп жетiлуi, дамып қалыптасуы — ол әрi әлеуметтiк, әрi биологиялық процесс. Осы ерекшелiктен келiп, педагогикада қоғамтану мәлiметтерiн  жаратылыстану мәлiметтерiмен бiрiктiре қарастыру қажеттiлiгi пайда болады. Оның себебi педагогика адам тәрбиесiнiң  қажетiн өтеушi, қоғамдық сұранысты iске асырушының рөлiн атқарушы болып  отыр. Ал педагогиканың жеке басты (индивидиумды) тәрбиелеп жетiлдiрудегi iс-әрекетi оқу-тәрбие орындары арқылы iске асырылады. Адам тәрбиесiнде бiлiмнiң теориялық жақтары шешушi рөл атқарғанымен, оны (теорияны) жеке басты оқытып тәрбиелеп жетiлдiруге пайдалану үшiн тәжiрибеде қолданудың әдiс-тәсiлдерi керек. Мiне, осыдан келiп, теория мен тәжiрибенiң, оқытудың өмiрмен байланысын, оны iске асырудың жолдарын    қарастыратын  педагогика ғылымының бiр саласы — оқыту мен тәрбиенiң методикасы туындайды. Бiлiм беру мен тәрбие iсiнiң теориялары мен өмiр тәжiрибесi тығыз ұштасқанда ғана адам қажетiн толық өтей алады. Ғылыми теориялар тәжiрибеге негiзделмесе, ол тиянақты ғылым болмайтыны сөзсiз.

Ол жөнiнде XVII—XVIII ғасырларда өмiр сүрген батыстың, орыстың педагог ғалымдары жақсы  ой-пiкiрлер айтқан болатын. Мысалы, Я.А.Коменский  “Ағайынды чехтарды” тәрбиелеудегi халықтық дәстүрдiң жақсы нәтижелерiне сүйене отырып, баланы жастайынан еңбекке  және жақсы мiнез-құлыққа тәрбиелеудiң  жолдарын көрсетiп бердi. Ал Швейцарияның  кемеңгер  педагогы  И.Г.Песталоцци  тәрбиенi  ана тiлiнде оқытатын халықтық мектептердiң бай тәжiрибесiне негiздей отырып жүргiзудi мақұлдады. Ол “Адамның ақыл ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тiлiндегi оқудың мазмұны мен оқыту әдiсiн дұрыс ұйымдастыруға байланысты” деп ерекше атап көрсеттi. И.Г.Песталоцци: “Бала тәрбиесi оның дүниеге келген күнiнен басталуы керек. Баланың дүниенi түсiнуi отбасынан басталып, мектепте әрi қарай жалғастырылуы шарт” (48, 72),— деген қағиданы ұсынды. Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо да бала тәрбиесiнiң көзi еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты жетiлген азамат етiп тәрбиелеудi жанұяда еңбекке үйретуден бастау керек деп қарады. Ал әйгiлi орыс педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенiң мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдiстерiне тоқтала келе: “Орыс халқының бала тәрбиесi сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенiң негiзiн халықтың жақсы-жаман дәстүрiнен iздестiру керек” (82, 482), — дедi. К.Д.Ушинский бала тәрбиелеудегi ауыз әдебиетiнiң рөлiне де ерекше тоқталды. Ол: “Ертегiлер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгiлерi. Ертегiлердегiдей халықтың асқан даналық тәрбиесiмен тепе-тең келетiн бiрде-бiр тәрбие құралы жоқ” (82, 161),—деген едi. Кешегi Кеңестiк дәуiрдегi ұлы педагогтар А.С.Макаренко адамды тәрбиелеп жетiлдiруде еңбектiң, әсiресе ұжымдық еңбектiң маңызына ерекше мән берген болса, ал В.А.Сухомлинский “Баланы iзгi жүректi азамат етiп тәрбиелеуде ойын түрлерiн кеңiнен қолдануды және баланы жазасыз тәрбиелеудi, ертек айтуға, табиғатты тамашалауға, сол арқылы олардың ой-қиялын өсiруге” баса көңiл бөлдi. “Табиғат тамаша тәрбиешi, тек оны түсiне бiлуге үйрету керек” деп қарады.

Өткен ғасырлардағы педагогика тарихына көз жiберсек, ұжымдық  педагогикалық тәрбиенiң мәнi мен  маңызына, халықтық тәрбие жөнiндегi данышпандық  ой тұжырымдарына әл-Фараби, Ибин-Сина, Фердауси, Омар Хаям, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бiрде-бiрi көңiл бөлмей өткен емес. Олар халықтың бала тәрбиелеудегi тәжiрибесiнiң, педагогикалық ойларының прогрессивтiк жақтарына ерекше мән берiп, халықтық тәрбиенiң негiздерiне ғылыми талдаулар жасады. Алайда, Қазан төңкерiсiнен кейiнгi Кеңестiк дәуiрде халық педагогикасын зерттеу, оны тәжiрибеде қолдану iсiне керенаулық көрсету, қала бердi адамдардың санасындағы ескi қоғамдық идеялардың қалдығы деп қарау өрiс алды. Ол идея коммунизм кезiнде бiр тiл, бiрыңғай мәдениет болады деп қараушылықтан, пролетарлық жаңа мәдениет жасаймыз деген жалған ұраннан туындаған едi. Көне мәдениеттiң шедеврi шiркеулер мен храмдарды, мешiт-медреселердi қирату, халықты дiннен, ұлттық тiлден, салт-дәстүрден бездiру, тарихи ескерткiштерге мән бермеу, жер-су, ауыл-село, қала аттарын кеңестiк саясатқа негiздеп өзгерту т.б. солақай саясаттың әсерiнен туындаған терiс әрекеттер болатын.

Кеңестiк  дәуiрдiң 1970—1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың прогрессивтiк мәнiн  ғылыми тұрғыда қарастырып зерттеу iсi бiртiндеп қолға алына бастады. Халық педагогикасын кеңестiк  дәуiрде ғылыми-теориялық, методологиялық жағынан жан-жақты тұңғыш зерттеушi академик Г.Н.Волков болды. Халық педагогикасын  ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеудiң  қажеттiлiгi туралы пiкiрлер (1970—1990ж.ж. арасында) профессорлар: В.Ф.Афанасьев, В.X.Артюнун, А.Ш.Гашимов, И.Я.Ханбиков, К.Пирлиев, А.Ф.Хинтибизде, А.Э.Измайлов т.б. еңбектерiнде де айтылған болатын.

Этнопедагогикалық зерттеулердiң Кеңестiк дәуiрдегi маңызы мен мәнi, қажеттiлiгi мен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың  құрамдас бөлiгi деп қараудың керектiгi туралы педагог-ғалымдар: И.Т.Огородников, В.М.Коротов, А.Г.Гордина, М.Ф.Шебаевалар да кезiнде келелi пiкiрлер айтқан едi. Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс  елдерiнде XVII-XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретiнде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөлiп қарастырамыз.

Бiрiншi - XIX ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрiп, қазақтың ұлттық тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi мен салт-дәстүрлерi жайында тұңғыш зерттеу еңбектерiн жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд. т.б.) қолжазбалары десек, екiншi - XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл iстi ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, бұл кезеңдi қазақ этнопедагогикасының ғылым ретiнде туып, қалыптасу кезеңi деп қараймыз. Үшiншi кезең - 35-40 жылдық үзiлiстен кейiн (1970-2000 ж.ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуiрi деп аламыз. Ежелден Қазақстан жерiнiң байлығына қызыға қарап, көз тiккен және мұхитқа шығар қақпа деп есептеген орыс, батыс мемлекеттерi бұдан әлденеше ғасыр бұрын саяхатшы, елшiлер жiберiп, жер-суы мен шаруашылық кәсi бiн, қазба байлығын, салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын зерттеудi көздеген.

Информация о работе Халық педагогикасы