Қорқыт ата

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Августа 2013 в 14:58, реферат

Краткое описание

Түрік дәстүрін,салтын,әдетін,сенімдерін,басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан,оны бүгін-
ге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз.Туған,қайтыс болған жылдары
белгісіз.Өмір сүрген ғасыры да даулы.Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді.Ал кейбір зерттеу-
шілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып,Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді.

Вложенные файлы: 1 файл

Қорқыт ата.docx

— 121.52 Кб (Скачать файл)

 

   

Қорқыт ата

Түрік дәстүрін,салтын,әдетін,сенімдерін,басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан,оны бүгін-  
ге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз.Туған,қайтыс болған жылдары  
белгісіз.Өмір сүрген ғасыры да даулы.Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді.Ал кейбір зерттеу-  
шілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып,Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді.  
Пертев Найили Боратов Қорқыт Ата ертегілері жөніндегі Ислам Энцик-  
Лопедиясына жазған мақаласында бұл ертегілердің XV ғасырға дейін ауызша болып келгенін,ал XV ғасырдың екінші жартысында Аққойын-  
Лылар тарапынан жазылып алынғанын еске түсіріп,қолымыздағы бар мәтіндерде екі бөлек дәуірдің оқиғалары бейнеленгенін көрсетеді.Қып-  
шақ-оғыз түріктерінің Сырдария солтүстігінде отандарында IX-XI ға-  
сыр арасында кешкен өмірлері осы ертегі-дастандарда көрсетіліпті.Жә-  
не бұл ертегі-дастандар жазылып алынған XV ғасырдағы Аққойынлы мемлекетінде болған оқиғаларды қамтиды.Қорқыт Ата ертегілерінің не-  
гізі қыпшақ-оғыз түріктерінің өмір-тұрмысына негізделген және осы за-  
манның салт,әдет-ғұрып және дәстүр түрлерін көрсетеді.Бірақ нақ осы-ндай салт-дәстүрмен жасаған Аққоынлылар ертелерді қағазға жазғанда  
кейбір хикаяларды ол күндердің оқиғаларына үйлестіре жасауы мүмкін.  
Кейбір ғылыми еңбектерде Қорқыт Атаның Пайғамбарға елші болып жіберілгені жазылды.Бұл қосымшалардың түріктердің ислам дінін қабылдағаннан кейін жазылуы ықтимал.Қорқыт Ата қыпшақ-оғыз тү- ріктерінің білгіші болып табылады.«Оғыз халқының басына қайыр ке-  
Летінін сөйлеген едім» деп айтқан хикметтерінен түріктерге жол көр-  
сеткені байқалады және оның бақсы болғандығы жөніндегі ықтималды күшейтеді.Бақсылар әріақын болатын,әрі өткен замандардың хикаяла-  
рын сөйлейтін,келешектен хабар беретін.Бақсы болғанының тағы бір  
дәлелі-қолындағы қобызы.Әдетте,қобыз-әулиелердің аспабы.Қазіргі за-  
манда түркі халықтары арасында Қорқыт Ата дастаны кең тараған.Қор-  
қыт Атаның біздің заманымызға дейін жеткен 12 хикаясы бар.Олардың сегізі ішкі және сыртқы соғыстар туралы.Екеуі ғашық оқиғалары жа-  
йында болса,екеуі мифологиялық сипатта.Бірақ бәрі де түркі дүниесін  
шын сипатында көрсетеді.Түркі қауымының қаһармандығы,мәдениетін,  
мінезін,діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып береді.Қорқыт Ата ер-  
тегілері мен дастандары-түркі мифологиясының қайнар көзі.  
Қорқыт-VIII ғасырда Сыр бойында бұрыңғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр,атақты ақын,асқан күйші.Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған.Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші,мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады.Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді.Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді  
екен.Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрі-  
неді.Ол күйлерін толласыз тартып,дүниеден өтеді.Өзі өлгенмен артын-  
да күйлері,ұлғатты сөздері қалады.Ал әдебиет тарихында деректі түрде  
Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабы VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады.Оларды жыр түрінде жазған-Қорқыт ата.Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар,тарихта белгілі оғыз тайпала-  
рының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады.Қорқыт ата кітабы  
мынадай жырлардан тұрады:Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр,Қазан  
бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр,Оғыз қаған жыры т.б.  
Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін,елін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырлары- ның ерлігі туралы толғайды.Дастанда ерлік,әділдік,адамгершілік,ата-ананы құрмет тұту,уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттер айтылады.Оның  
қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа,әдіпсіздік пен сарандыққа қарсы күреседі. Қорқыт ата кітабының қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы идеыларды аша түседі.Жырлардың тең жартысынан астамы Қазан бектің ел қорғаған ерлігін,ел-жұртқа жаса-  
ған ізгілікті істерін жырлауға арналған.Ерлерше қару асынып,жаумен тайсалмай соғысқан Қазан бектің әйелі Бөрілі сұлу және оның ұлы Ораз  
ел басқарған Баяндыр хан,Дерсе хан,оның баласы Бұқаш, т.б. кейіпкер- лер ерлікпен бірге ізгілік те танытады.Қорыта айтқанда, Қорқыт ата кітабы-әр түрлі жырлардың жинағы болса да,ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отырады. Қорқыт ата кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер көптеп ұшырасады.Мысалы:Жер қадірін ел біледі,ел қадірін ер біледі;Құлан құдыққа құласа,құрбақа құлағында ойнайды;Ат қиналмай жол шалмас;Көңілі пасық ерде дәулет болмас;  
Қар қаншама қалың жауғанмен-жазға бармас;Анадан өнеге көрмеген қыз;Ата даңқын шығарып,өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, т.б. Қолына қобыз ұстаған ұзан (абыз,жырау) елден елге жетеді -деп  
Қорқыт атаның өзі айтқандай,өнер-мәңгілік,ол елден елге,ұрпақтан ұр-  
паққа тарайды.



 

 

 

 


Информация о работе Қорқыт ата