Менин отаным казакстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 13:36, творческая работа

Краткое описание

Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.
1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды.

Вложенные файлы: 1 файл

Менің Отаным – Қазақстан!.ppt

— 1.82 Мб (Скачать файл)

МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН! 

Қазақстан жерін ежелден  қоныстанып келе жатқан ел  — қазақ халқы.

 Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.

1991 жылы 16 желтоқсанда  қазақ халқы азаттық жолындағы  екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз  күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке  қол жеткізді.

1991 жылы 1 желтоқсанда  бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін  сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде  мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1992 жыл 4 маусым —  Парламент отырысында Қазақстан  Республикасының мемлекеттік рәміздері  — Туы, елтаңбасы және Гимні  қабылданды.

1992 жыл наурыз — Қазақстан  Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше  болып қабылданды.

1993 жыл 28 қаңтар —  Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы  қабылданды.

1994 жыл 6 шілде —  Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңесінің кезекті жалпы отырысында  Президенттің астананы Ақмолаға  көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.

1995 жыл 29 сәуір —  Республикалық реферундумда Қазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың өкілеттік мерзімі  2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін  ұзартылды.

1995 жыл 30 тамыз —  Қазақстанның жаңа Конституциясы  қабылданды.

1997 жыл 10 қазан —  Президенттің жарлығымен мемлекеттің  астанасы болып Ақмола жарияланды.

1997 жыл 11 қазан —  Президент Н. Ә. Назарбаев республика  халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын  қабылдады.

1999 жыл 10 қаңтар —  Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті  болып қайтадан сайланды.

2005 жыл 4 желтоқсан  — Қазақстан Республикасының  президенті сайлауында Н. Ә.  Назарбаев Президент болып сайланды.

 

2007 жыл 4 маусым —  Қазақстан Республикасының мемлекеттік  нышандары туралы Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңы қабылданды.

 

Елде бейбітшілік пен  келісімге, тұрақтылық пен дамуға  қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді  даму стратегиясы белгіленіп  жүзеге асырылды.

Тәуелсіздік — ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асырып, Ұлы Евразияның төсінде егемен, тәуелсіздік мемлекетін Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды.

 

Қазақстан Республикасы — Евразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 2724,4 мың шаршы км. Халқы — 16,1968 млн. Адам (2009 жылғы санақ бойынша). Ұлттық құрамы жағынан: қазақтар — 53,4%, орыстар — 30,0%, украиндар — 3,7%, немістер — 2,4%, ұйғырлар — 1,4%, корейлер (кәрістер) — 0,7%, өзге ұлттар — 5,9%.

Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Республикасы — демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады.

 Ел тұрғындары негізінен ислам және христиан дінін ұстанады.

 Басты қаламыз — Астана.

 Мемлекет басшысы — Президент.

Заң шығарушы жоғарғы  өкілді органы — Сенат (39 депутат) пен Мәжілістен (77депутат) тұратын  Парламент. Атқарушы билік органы  — Үкімет. Ақша бірлігі — теңге.

Парламент — заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілеттік орган болып табылады.

Үкімет дегеніміз — мемлекеттік атқару билігінің ең жоғарғы органы. Үкіметке министрліктер, агенттіктер, комитеттер, облыстық, аудандық және қалалық әкімшіліктер бағынады. Үкіметті ең басты министр — Премьер -Министр басқарады. Оны бұл лауазымға Парламенттің мақұлдауымен ел Президенті тағайындайды.

Ұлттық ақша — теңге. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді. Ақша белгілерін — теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып, Ұлттық банк жасаған болатын.

Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр  – жастар ғасыры. Мұқағали ағамызда  осындай сөздері бар:

       « Сендердікі қоғам, өмір, заман да,

        Сен түзеген қалаңменен далаң да,

Болашақта барлығы да  сендердікі, жас ұрпақ,

Сендерге аманат етіп  табыстаймыз, қабыл алыңдар!».

Біз - халқымыздың үміт  артарымыз, өлкемізді көркейтіп  жасартары да біз - жастар. Туған  жер! Біз сенің атыңды жер бетіне  жар салар перзентіміз, тәуелсіздікті  мықтап қолда ұстайтын баламыз!


Информация о работе Менин отаным казакстан