Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 09:29, реферат
Қазақстанның саяси жүйесіндегі прзидент және парламент инститтуттарының өзара қатынастары эволюциясы Қазақстан мемлекетінің нысаны мен табиғатын анықтауда ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында еліміздің саяси лидері мен интеллектуалдық күштері алдында аса күрделі міндеттер тұрғаны белгілі. Ахуал сол кезеңде ел тағдыры үшін тым күрделі, қатерлі сипат алды. Коммунистік әлеуметтік-экономикалық формация, оның саяси және басқару жүйесі уақыт сынынан өте алмады. КСРО күйрегеннен кейін пайда болған жас мемлекеттік құрылымдардың алдында енді өздерінің егеменді ұлттық мемлекетінің конституциялық архитектурасын анықтап, берік негізін қалау жауапкершілігі тұрды.