Биологиялық ырғақтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 18:35, реферат

Краткое описание

Биологиялық ырғақтардың маңызы. Табиғатта көптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты түрде үнемі қайталанып тұрады. Мысалы, күн мен түннің ауысуы - белгілі уақыт аралығында күн белсенділігінің өзгеруі және т. б. Ырғақты өзгеріс адам ағзасында үнемі байқалады. Мысалы, жүректің соғуы, жүйке талшықтары аркылы қозу мен тежелудің таралуы және т. б. Тірі ағзаларға төн ырғақты өзгеріс - биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік өрекетіне әсер етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Биологиялық ырғақтар.docx

— 16.48 Кб (Скачать файл)

Биологиялық ырғақтар. Ұйқы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет 

 Мұнда ауысу: шарлау, іздеу 

 

Биологиялық ырғақтардың  маңызы. Табиғатта көптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты түрде үнемі қайталанып тұрады. Мысалы, күн мен түннің ауысуы - белгілі уақыт аралығында күн  белсенділігінің өзгеруі және т. б. Ырғақты өзгеріс адам ағзасында  үнемі байқалады. Мысалы, жүректің соғуы, жүйке талшықтары аркылы қозу мен  тежелудің таралуы және т. б. Тірі ағзаларға төн ырғақты өзгеріс - биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір  уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік өрекетіне әсер етеді.

 

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар тікелей ғарыштық факторлардың өсері аркылы дамиды. Әсіресе күн  сәулесі белсенділігінің өзгеруі  тірі ағзаларға ерекше әсер етеді. Адам ағзасының ішкі ортасы күн сәулесі  белсенділігінің ауытқуына сәйкес өзгеріп отырады. Мысалы, магниттік  толқынның әсерінен адамның кан  кьісымьі өзгереді, орталық жүйке  жүйесінің қызметі бұзылады. Күн  сәулесі белсенділігінің өзгеруі  адамның шығармашылық жұмыстарына  да өсерін тигізеді. Тірі агзаларда  болатын ырғакка Айдың да әсері  бар. Жердің өз білігі (ось) бойынша  козғалуы (24 сағатта) төуліктік ыргакка  өсер етеді. Жердің күнді айнала қозғалуы маусымдык ырғактарды қалыптастырады.Мазмұны  [жасыру]

1 Ырғақтылық

2 Ұйқы және оның маңызы

3 Түс көру

4 Түс жору

5 Ұйқының гигиенасы

6 Ұйқысыздық

7 Пайдаланған әдебиет

 

Ырғақтылық[өңдеу]

 

Тірі ағзаларда болатын  ырғақты зерттейтін ғылым - хронобиология (гр. «сһronos» - уақыт) деп аталады. Кейде  бұл ғылымды биоритмология («bіоs» - тіршілік, «rhytmos» - ырғақтылық) деп  те атайды. Ырғақтылық - тірі ағзаларға  төн касиеттердің бірі. Биологиялық  ырғақтылық аркылы ағзалар сырткы орта жағдайларына бейімделіп өседі, дамиды, тіршілік етеді. Адам ағзасындағы ырғактылықтың  үйлесімділігі жүйке жөне эндокриндік  жүйелер аркылы реттеледі. Сонымен  бірге адам ағзасы кызметінің ырғақтылығын реттеуде өлеуметтік факторлардың да маңызы зор. Адам белгілі жұмыс төртібіне, қоғамдық мекемелердің жұмыс ережесіне  бағынады.

 

Ұрықтың құрсақта дамуы кезінің  өзінде-ақ биологиялық ырғақ калыптаса  бастайды. Нәрестенің дүниеге келуі  биологиялык ырғақтың қалыптасуында  ерекше рөл аткарады. Қанайналымға, тынысалуға, ұйқы мен сергектікке  байланысты ырғактар калыптаса бастайды. Ырғақтың қалыптасуында төрбиенің  де рөлі бар. Мысалы, күн тәртібін дұрыс  ұйымдастыру, бала ағзасындағы ырғактылыктың  онтайлы калыптасуьша өсерін тигізеді. Жасөспірімдік кезеңінде ырғактылыктыд  едөуір ауыткуы байқалады. Бұл негізінен  жыныстык жетілуге тікелей байланысты. 20-30 жаста адам ағзасындағы ырғақтылық тұрақталып, жұмыс істеу әрекеті  артады, өзін жақсы сезінеді. Адам ағзасында  ұзақ мерзімді ырғакка кейбір аурулардың бірнеше жылдан соң кайталануын  атауға болады. Жылдык ырғақ жыл  маусымдарының алмасуымен тікелей  байланысты. Температуралық өзгерістер, күн мен түннің ұзақтығы, құрғақ және ылғалды маусымдық өзгерістер басты рөл аткарады. Жылдық маусымдардың алмасуына сәйкес адамда зат алмасу, жылу реттелу, жұмыс істеу кабілеттері  өзгереді. Күз бен кыста ағзаның  жұқпалы ауруларға қарсы түру өрекеті төмендейді.

 

Апта ішінде де ырғақтылық өзгеріп тұрады. Сондықтан да ерте кездерден бастап-ақ апталық күн  тәртібі белгіленген. Осыған сәйкес адамның жұмыс істеу кабілеті де өзгеріп тұрады. Әрбір 5 - 7 күн  аралығында ағзадағы зат алмасу, орталық  жүйке жүйесінің қызметі өзгеретіні анықталды. Адам ағзасында тәуліктік  ырғақ айқын байқалады. Күн мен  түннің ауысуы үйқы мен сергектілікке, жалпы зат алмасуга ерекше әсер етеді. Көптеген аурулар тікелей төуліктік  ырғактың бүзылуынан пайда болады. Төуліктік ырғақ бұзылмау үшін дұрыс  тамақтану, белгілі бір уақытта  ұйықтау, тынығып алу қажет.

Ұйқы және оның маңызы[өңдеу]

 

Адам күндіз белсенділік  көрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап, тынығады. Адам өз өмірінің үштен бір  бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы кезінде  зат алмасу бөсендейді, жүректің соғу жиілігі баяу лайды және т. б. Дегенмен де, ұйқы - белсенді түрде жүретін  психикалык және физиологиялық үдеріс. Ұйқы - мидың үйлесімді кызметінің бір көрінісі. Ұйқы кезінде ми күндізгі алған ақпараттарды асыкпай талдап, ертеңгі қызметіне кажетті бағасын  белгілейді. Ұйқы аркылы ағза өзінің жұмыс  істеу кабілетін калпына келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды белсенді түрде пайдаланып, энергия жинакталады. Үйқының белгілі бір уакытында  мидың белсенді қызметі күндізгіден  де артатыны анықталды.

 

Ағза ұйқы арқылы тынығады, өзін ширақ сезінеді, еңбек етуге  деген құштарлығы артады. Дене температурасының бәсеңдеуі ұйқыға кірісудің ішкі белгісі (сигналы) болып саналады. Ұйқысыздық адам ағзасы үшін зиянды. Ұйкы қанбаса, бас ауырып, мең-зең болады, шаршайды. Есте сақтау кабілеті төмендеп, жүйке  жөне т. б. ауруларға шалдығуы мүмкін.

 

Жаңа туған нәресте  тәулігіне - 21-22 сағат, алты айлық нәресте 14 сағат, бір жасар сәби 13 сағат  үйыктайды. Төрт жасар сәби төулігіне - 12 сағат, жеті жасар бала - 11 сағат, он жасар бала - 10 сағат ұйықтайды. 15 жасар жасөспірім төулігіне - 9 сағат, 17 жасар жасөспірімдер 7 - 8 сағат ұйықтаса да жеткілікті. Ұйқы кезіндегі мидың белсенділігіне байланысты үйкы екі түрге бөлінеді. Оның бірі баяу ұйқы екіншісі - тез ұйқы. Баяу ұйқы кезінде ми қыртысында баяу, биоэлектрлі толқындар пайда болады. Бұл кезде тынысалу, тамырдың соғуы баяулайды, бұлшықеттер босаңсиды, қан қысымы төмендейді. Адамның козғалыс белсенділігі төмендеп, тез ұйқыға кетеді.

 

Белгілі бір уакыт өткен  соң баяу толкындар тез ырғакты  толқындарға ауысады. Бұл - тез ұйқыға кетудің белгісі. Бүл кезде өте  ұсақ, бірак жиі биоэлектрлік толқындар  байқалады. Ұйықтап жаткан адамның  кан кысымы артады, тынысалу, тамырдың соғуы жиілеп, зат алмасу күшейеді. Бұл кезде адам ұйықтап жатканымен, миы белсенді қалыпта болады. Бірақ  ондай адамды ояту киынға соғады. Мұндай ұйкыны огаш ұйқы деп те атайды.

 

Адам тез, оғаш ұйқы кезінде  түс көреді. Ұйкының екі кезеңінде  де ми мен ағза тынығады. Ми қыртысында тежелудің таралуы да ұйқыға әсер етеді. Ұйқы аралық мидағы жүйке орталықтарында сергектіктің алмасуы арқылы жүзеге асады. Мұны ұйқының рефлекстік жолмен реттелуі дейді. Ұйқының реттелуіне химиялық заттар да әсер етеді. Түс  көру. Барлық адам түс көреді, бірак  кей адамдар оны есінде сақтай алмайды. Түс көру - тікелей мидың  қызметіне байланысты, күрделі психикалық үдеріс. Түс көру көбінесе адамның  бұрын бастан кеш кен күйзелістеріне немесе көптен бері ойында жүрген жағдайларға  негізделеді. Кейде адамның ойында жоқ түрлі шынайы оқиғалар да түске  кіреді.

Түс көру[өңдеу]

 

Түс көру - ми жұмысының бір  көрінісі. Тез ұйқы кезінде көрген түс көбірек есте қалады. Адам ұйқының  екі кезеңінде де (баяу және тез) түс көреді. Түс көру кезінде ми белсенді жұмыс атқарады. Көптен бері ойда жүрген жагдайлар белгілі реттілікпен  түске кіреді. Кейде өмірде шешуі  табылмай жүрген мәселелер түс көру кезінде нақты бейнеленеді. Түс  көру - ми жұмысының бір көрінісі. Тез ұйқы кезінде көрген түс көбірек  есте қалады. Адам ұйқының екі кезеңінде  де (баяу және тез) түс көреді. Түс  көру кезінде ми белсенді жұмыс атқарады. Көптен бері ойда жүрген жагдайлар  белгілі реттілікпен түске кіреді. Кейде өмірде шешуі табылмай жүрген мәселелер түс көру кезінде нақты  бейнеленеді.

 

Күнделікті тұрмыстағы немесе ғылыми мәселелердің шешімі күндіз емес, түнде түс көру кезінде ойға келетіні туралы мысалдар көп. Д.И.Менделеев  элементтердің периодтық жүйесінің  толық құрастырылуын ол ұйықтап  жатып түсінде аяқтағанын дәлелдейді. Ал немістің химик ғылымы ұзақ уақыт  жұмыс істеген химиялық қосылыстың құрылымдық формуласын түсінде көрген. Ұйқы бойынша бал ашу және жорамал  жасау бұрыннан бар.

Түс жору[өңдеу]

 

Көп адамдар түсінде көрген оқиғаларды өзінше жориды. Түсті жору көп халықтарда ерте кездерден таралған. Сондыктан да «түсті көруінен - жоруы  артық» деген сөзде ерекше мән  бар. Түс көрудің күпиясын ғалымдар әлі толық шешкен жоқ.

Ұйқының гигиенасы[өңдеу]

 

Ұйқының бұзылуы ағзада бұрыннан қалыптасқан биологиялық ырғақтардың  бұзылуына өсер етеді. Ұйқының бұзылуынан жеке мүшелердің, мүшелер жүйесінің  қызметтерінде ауытқу байқалады.Ұйқының  көп таралған бұзылуының бірі - ұйқысыздық. Ол, әдетте, жүйкенің жұқаруы, ұзақ уақытқа  созылған ауыр ақыл-ой еңбегі,мазасыздық,ұйықтар  алдында кітап оқу салдарынан болады.Ішімдіктер ішу адамның ұйқысының  қатты бұзылуына әкеп соғады.Ұйқысыздықты болдырмау үшін дұрыс демалып,көп  таза ауада серуендеу керек.Міндетті түрде жақсы желдетілген бөлмеде  ұйықтау, жәнеде көрпемен бетті жауып  алмай, барынша жеңіл әрі ыңғайлы  киімде ұйықтау керек.

Ұйқысыздық[өңдеу]

 

Ұйқының бұзылуының кең тараған  түрі - ұйқысыздық (орыс. бессонница). Бүл  жүйкенің шектен тыс шаршауынан, ұзақ уақытқа созылған ауыр ой еңбегінің  өсерінен болады. ішімдікті, есірткіні  пайдалану, шылым шегу, зиянды әдеттер  ұйқының бұзылуына негізгі себеп  бола алады.

 

Ұйқысыздықтан құтылудың  жолы:

1) еңбек жөне тынығу  ережесін қатаң сақтау;

2) таза ауада серуендеу;

3) ой еңбегі мен қимыл-әрекетке  байланысты еңбектерді бірімен-бірін  үйлестіре білу.

 

Кейде адам летаргия (гр. «lete» - «ұмыту», «argia» - «әрекетсіздік») - қимылсыз ұйқы ауруына душар болады. Оның бірнеше аптаға, кейде бірнеше  жылға созылуы да мүмкін. Қалыпты, тыныш ұйқыны камтамасыз ету үшін қарапайым ережелерді есте сақтау керек.

1. Белгілі бір уақытта  ұйықтауға дағдылану.

2. Ұйықтар алдында тойып  тамақ, сусын ішпеу.

3. Ауыр ой еңбегімен  шұғылданбау. Ұйықтаудан 1 , 5 - 2 сағат  бұрын ауыр ой еңбегін тоқтату.

4. Айналаңда тыныштық орнату (жарықты, радионы, теледидарды  өшіру, кітап оқуды доғару және  т. б.).

5. Таза ауада серуендеу,  бөлмені желдету.[1]

Пайдаланған әдебиет[өңдеу]

Jump up ↑ Биология:Жалпы  білім беретін мектептің 7-сыныбына  арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0


Информация о работе Биологиялық ырғақтар