Ертегі терапиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 21:30, практическая работа

Краткое описание

Қорыта келе психолог ертегіні қаншалықты жақсы көргенімен оны орынды қолдана білуі қажет. Ертегіге негізделген ғажайып ойындар адамның әлсіз және күшті жақтарын ашып, көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мінез-құлқындағы кейбір жағымсыз жақтарының себептерін анықтайды. Сонымен, оқу-тәрбие процесінде ертегі терапиясы дамытушы-түзетуші тренингтер кешенімен бірге байланыстыра отырып қолданылса, баланың тұлғалық үйлесімділігінің дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады. Өйткені ертегі терапиясы–психодиагностикалық, психопрофилактикалық және психокоррекциялық қызмет атқарады.

Вложенные файлы: 1 файл

кун1.docx

— 19.43 Кб (Скачать файл)

Балалардың психоэмоцианалды күйін реттеуде ертегі терапиясын қолданудың маңызы.

Кіші мектеп жасынан бастап балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеп, оларға өнегелі тәрбие беру мектеп алдында тұрған маңызды мәселердің бірі. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде қарастырылған. Оны шешуге мектеп психологының қосатын үлесі өте үлкен. Өйткені жеке тұлғаның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашу, оларды салауатты өмір салтына үйретіп, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін баланың психологиялық даму барысында орын алатын көптеген ауытқулардың алдын алып, даму қайшылықтарынан өтуге психолог көмек көрсетуі тиіс. Бұл тұрғыда кіші мектеп жасындағы балалардың эмоциясын реттеу маңызды. Қазіргі кезеңде ертегі терапиясы тек қана балаларға ғана емес ересектерге де кеңінен қолданылуда. Ертегі терапиясының дамуына, эмоциясын реттеуде  Н.М.Назарова,  В.В.Егорычев,  В.Г.Петрова, М.Н.Перова, Е.А.Стребелевой, Е.Васина, А.Барыбина, Т.Д.Зинченков, қазақстандық ғалымдар С.М.Жақыпов, Ә.Алдамұратов, Х.Т.Шерьязданова, А.Құдиярова, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде  қарастырған.  

Мектепке түсу бала сезімдерінің жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың (әсіресе, бірінші, екінші сыныптағылар) аса сезімтал, эмоционалды келеді. Бұл балалар  сергек те жайдарлы, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да әділ болып келеді. Олар кез келген нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін, не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар. Сыныбы жоғарлап, есейген сайын бала мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Мұғалімнің ерік-жігер тәрбиесін қосарластыру жүргізуі оқушыларға көп көмек көрсетеді. Кіші мектеп жасындағы балалар бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиеті бар. Мысалы, біреу күлсе, оған қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эмоциялары мен сезімдерін сыныптарға сәйкес бөліп көрсетуге болады. Бірінші сынып оқушыларының сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу - бәрі де олардың қажеттерінің өтелу - өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ кажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бұл жай оқу процесін балалардың сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру кажеттігін еске салады. Мектепте баланың жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде жақсы қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, косманавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу-кез келген баланың арманы.

Үшінші, төртінші сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделене  түседі, олар көңіл күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді. Кіші мектеп жасындағы балаларда ұялу сезімдері жетіледі. Ұялу-баланы жағымсыз іс-әрекеттен тоқтатып отыратын күшті моральдық сезім. Мұның элементі мектеп жасына дейінгі балаларда да жақсы байқалады. Мәселен, екі жасар балаға бөтен біреу сөз қатса, ол төмен қарайды не анасының артына тығылады. Әрине, мұны шын мағынасындағы ұялу деуге болмайды. Бұл- баланың танымайтын адамға тосырқау, немесе осы жастағы балаларға тән жасқаншақтықтың бір көрінісі. Егер осындай жағдайларда бала тәрбиесіне дұрыс бағыт беріп отырмаса, оның жаңағы әдеті бірте-бірте сүйегіне сіңіп, ынжықтық, құр босқа ұялшақтық, не керісінше, көкіректік, басқаны сыйлауды білмейтін паңдық қасиеттердің де қалыптасып кетуіне себепші болады. Баланы орынсыз ұялта беру де кажет емес. Бұл баланың өз күші мен қабілетіне сенімін жоғалтып, онда ұялшақтық пен тұйықтықтың дамуына жағдай жасайды. Мұғалім баланың ұялу сезімін асқан сақтықпен қарауы тиіс. Мәселен, салақтық, епсіздік немесе күйгелектіктен болған жағымсыз істерді әдейі жасаған тәртіпсіздік қылықпен бір дәрежеде қарап, ұялту қате. Бала өзінің жағымсыз іс-әрекетінің мәні неде екенін, қандай тәртітпі бұзғаның айқын білгенде ғана ұялтудың тәрбиелік әсері болады. Кейбір мұғалімдер баланың ағат істерінің шығу төркінін тексермей-ақ оны ұялта бастайды. Сондай-ақ, баланың өзі түзете алмайтын қатесі үшін де ұялтатындар болады. Сонымен  қатар,эмоция  танымдық  процестердің  басқада  бөліктеріне  әсерін  тигізеді.Осының  әсерінен  субьектінің  мінез – құлқы  өзгереді. Кіші мектеп жасындағы балалардың эмоциясын реттеуде ертегі терапиясын қолдану өте маңызды. Себебі, ертегі терапиясы өзiн бейнелеу мен өзiн-өзi тануда кең көлемдi қолайлылықтың көзi болғандықтан, адамдардың жағымсыз әсерлерден босануға, оң әсерлi эмоциялардың көрiнуiне, тығырықты, ішкі конфликтілі жағдайларынан шығуға және де белсендi өмiр позициясын құруға жол ашады.

Ертегі терапиясын тәжірибеде қолдану - адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның әдістерінің бірі. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді [3]. Ертегі терапиясын сол себепті де адамның рухани жан дүниесіне үйлесімділікте тәрбиелеуге мүмкіндік береді.  Сондықтан да психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.

Ертегі терапиясының жетекші идеяларын бөліп көрсетуге  болады:

-      өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік әлеуетін сезіну;

-  оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;

-  қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;

- қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;

- үндестік пен күшті  сезіну.

Ертегі терапиясының когнитивті және шығармашылық аспектілері ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты  көзқарасты өзгертеді,  байытады. Қиялдың шығармашылық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (шығармашылық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді. Ертегі терапиясымен әсер ету  ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады: көркемдік, дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық және медитативті. Әрбір жағдайға, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер қатысушыларға әртүрлі бағытта ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б.

Ертегі терапиясының мақсатында психологиялық  тәжірибеде ұлттық және атақты авторлардың (Х.К.Андрсен, К.С.Льюс, Е.Шварц) ертегілерін және психотерапияға арналып арнайы жазылған авторлық ертегілерді қолдануға болады. Ертегінің әрбір түрінің өзіндік жетістігі мен өзіндік кем жақтары бар. Ұлттық ертегілерді қолданудың негізгі жетістіктеріне тоқталып кетер болсақ, оларға мыналарды жатқызуға болады:

-     ертегінің метафоралығы және бейнелігі жекелік проекцияның мүмкіндіктерін  қамтамасыз етеді;

-     топтың және клиенттің белгілі бір қойылыммен  немесе ертегі мәтінімен сөзбе-сөз таныс болуы;

-     жете түсіндіруді қажет етпейтін, ғасырлар бойы айтылып келе жатқан қойылымдар;

-     динамикалылығы;

-     алуан түрлілік, қажетті тақырыпты таңдап алуға мүмкіндіктің болуы;

-     ұлттық ерекшелік пен ұлттық мінез-құлыққа сәйкестік.

Қорыта келе психолог ертегіні қаншалықты жақсы көргенімен оны  орынды қолдана білуі қажет. Ертегіге негізделген ғажайып ойындар адамның әлсіз және күшті жақтарын ашып, көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мінез-құлқындағы кейбір жағымсыз жақтарының себептерін анықтайды. Сонымен, оқу-тәрбие процесінде ертегі терапиясы дамытушы-түзетуші тренингтер кешенімен бірге байланыстыра отырып қолданылса,  баланың тұлғалық үйлесімділігінің дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады. Өйткені ертегі терапиясы–психодиагностикалық, психопрофилактикалық және психокоррекциялық қызмет атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:       

1. Қазақстан Республикасының  "Білім туралы" Заңы.–2007 ж.      

2. Жарықбаев Қ. Жантануға  кіріспе. Хрестоматия.Ж.О.О.-ның студенттеріне  арналған оқулық. –Алматы.: Дарын, 2005- Б.186.      

3. Ткач Р.М. Сказкотерапия детских проблем. – СПб.: Речь; М.: Сфера, 2008.-118 с.       

4. Короткова Л.Д. Сказкотерапия  в школе. Методические рекомендации  – М.: ЦГЛ, 2006.- 144 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ Мемлекеттік  Қыздар Педагогикалық Университеті

 

 

 

 

   Өзіндік жұмыс

 

         Тақырыбы: Ертегі терапиясы.

 

 

 

 

 

 

 

                                              Орындаған: Шаймерденова Ш.

                                              Тексерген: Құлымбаева А.

 

 

 

 

 

                                        Алматы,2013


Информация о работе Ертегі терапиясы