Жоғарғы оқу орын жағдайында студенттердің әлеуметтік бейімделуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2015 в 18:21, статья

Краткое описание

Жоғарғы оқу орын жағдайында студенттердің әлеуметтік , әлеуметтік -психологиялық бейімделуін,топтағы өзара үйренісу оқу қызметіндегі жағдайларына кәсіби білімін, біліктілігін қалыптастырудың жолдары қарастырылған.

Вложенные файлы: 1 файл

статья.docx

— 24.50 Кб (Скачать файл)

Тақырыбы: Жоғарғы оқу орын жағдайында студенттердің әлеуметтік бейімделуі

                                                Аннотация 

Жоғарғы оқу орын жағдайында студенттердің әлеуметтік ,    әлеуметтік -психологиялық бейімделуін,топтағы өзара үйренісу оқу қызметіндегі жағдайларына кәсіби білімін, біліктілігін қалыптастырудың жолдары қарастырылған.

Түйін сөздер: бейімделу, әлеуметтік-психологиялық бейімделу.

 Қазіргі таңдағы ғылым мен тәжірибеде бейімделу түсінігі студенттердің дайындығының тиімділігін жоғарлату әдісін өңдеумен айналысады.  Студенттердің бейімделуі білім берудің фундаменталді сурақтарының қатарына жатады. Демек, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жеке тұлғаның дамуы, мамандандыру, студенттердің әлеуметтенуі. Жоғары оқу орнына студенттердің бейімделуінің сәтті болуынан студенттің мамандануы жақсы қалыптасады және қоғамдық ортада дамуы жүзеге асады.

         Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев[1]: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі»- деп атап көрсеткен.

Бейімделу (ағыл. аdaptation, орыс. адаптация) – алғашында биологияда пайда болған термин, құрал мағынасын беріп, қоршаған орта мен ағза арасындағы байланысты зерттеу кезінде қалыптасты. Кейін әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардың жаңа идеяларымен толығып, жаңа мағынаға ауысты (физиология, медицина, биология, психология т.б.) Студенттердің бейімделуі ортаға қалыпты дамуды, еңбекке қабілеттілігі  және қоршаған ортаның әртүрлі жағдайындағы  организмнің ұзақ тіршілік етуін  қамтамасыз етеді.

Басқаша айтсақ, «бейімделу қабілет – ешқандай ішкі дискомфортты сезінбей және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз адамның қоршаған ортаның әлеуметтік, физикалық, әр түрлі талаптарына бейімделе алу қабілеті». Бейімделу – бұл белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді [2].

Бейімделу мәселесінің ең басты фокторларын және  студент тұлғасының дамуын зертеген және зерттеп келе жатқан отандық  (Б.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, И.А. Зимняя, С.Г. Вершловский, Т.Е. Конникова, В.Г. Лисовский, В.А. Сластенин, . Якиманскаясы тб.), және шетел (Джоул. Брунер, Джоул. Дьюи, Мэйдің Р., К. Роджерсінің тб.) ғалымдар.            Әлеуметтік   бейімделудің теориялық   жақтары А.А. Налчаджян ,

И.А. Милославованың, Д.А. Андрееваның зерттеулерінде қарапайым бейімделу үдерісі көп жағдайда ортаның белсенді реттеуші үдерісі жағдайында сипатталады. Әлеуметтік бейімделу үдерісінің басты идеясы – жеке тұлғаның жаңа әлеуметтік ортамен формалды және формалды емес әлеуметтік қатынас барысында ондағы қалыптасқан нормалар мен құндылықтар жүйесін қабылдауы [3, 48].

А.Л. Мацкеевичтің ойынша бейімделу –бұл тұлғаның қоршаған ортамен өзара әрекетінің процесі, бұл процесс тұлғаның идеясына, құндылығына қажеттілігіне сай ортаның өзгеруінен немесе  тұлғаның ортаға байланыстылығынан  көрінеді.[4-173-189]

В.Н.Дружин «бейімделу» - ағзаның ортамен нәтижелі әрекет ету процесі деп қарастырады[5,476]

Р.С.Немов «бейімделу» терминін адам тұлға ретінде өз әрекетін, тәртібін, сол кезеңдегі әлеуметтік жағдайларға икемдеу психологиясыретінде қарастырады.  [6,304]

 Л.Д. Столяренко, бейімделу  –адамның  қоршаған ортаның түрлі  талаптарына ішкі қолайсыздықты  сезінбей, ортамен қақтығыссыз икемделе алу қабілетін атайды. [7,82]

 Студенттердің жоғарғы оқу орнына бейімделуі Л.Д.Столяренко бойынша келесідей жіктеледі:

а) кәсіби бейімделу, оқу үрдісінің мазмұны, сипаты, жағдайлары мен ұымдастырылуына икемделу, оқыту және ғылыми өзбеттілік дағдыларының жасалуы;

б) әлеуметтік – психологиялық бейімделу – индивидтің топқа, онымен өзара қарым-қатынасқа икемделуі, өзіне тән мінез-құлық стилінің анықталуы.

Студент — материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшін белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері ұйымдастырылатын әлеуметтік жеке тұлға.

         Студенттік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі болып келеді. Қазіргі кезде студент қоғамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді. Соңғы жылдардағы білім беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі екінші жоғары білім, магистратура, аспирантураларда білім алып жатқан жастардың саны арта түсуде.

 Жоғарғы оқу орнындағы  жағдайларда студенттердің бейімделуі  оқу процесіндегі білім сапасының  артуына әсер ететін маңызды  факторларының бірі. Бейімделу субьектісінің  оқу орнындағы міндеттерге, жаңа  жағдайларға икемделу процесін, негізгі әрекет-оқу әрекетіне  жағымды қатынасын қалыптастыруға, тұлғааралық қатынас жүйесіне  енуіне, тұлғаның өзін-өзі көрсету, реттеу және қажеттіліктерін  қанағаттандыруға негіз болады.

          Егер студентті жеке адам деп зерттесек, онда 18-20 жас – бұл адамгершілік және эстетикалық сезім-дердің белсенді дамуының, мінездің қалыптасып және тұрақтануының, әсіресе, ересек адамның әлеуметтік рөлдерінің толық жиынын: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. меңгерудің кезеңі. Бұл кезеңмен «экономикалық белсенділігінің» басталуы тығыз байланысты. Демографтардың пайымдауынша экономикалық белсенділік – ол адамның өз бетінше өндірістік іске араласуы, еңбек жолын бастауы және өз жанұясын құруы. Бір жағынан мотивациялардың, барлық құндылықтар-дың жүйесінің қайта жасалуы, екінші жағынан кәсібиленуге байланысты арнайы қабілеттерінің қалыптасуының шапшаң-дығы осы жас кезеңін мінез бен интеллект дамуының орталық шағы ретінде бөліп қарастырады. Студент жеке басына арналған зерттеулер ішкі әлемінің қарама-қайшылығы, өзінің өзбеттілігін табуымен және ашық байқалатын, жоғары мәдениетті индивидуалдылығының қалыптасуын көрсетеді.

           Б.Г. Ананьевтің тұжырымы бойынша студенттік жас кезеңі адамның негізгі социогенездік потенцияларының дамуы үшін сензитивті кезең болып табылады. Жоғарғы білім адам психикасына, оның жеке басының дамуына үлкен әсер береді. Оқу орнында білім алу кезінде жағымды жағдайлар болғанда студенттерде психиканың барлық деңгейлерінің дамуы өтеді. Олар адам саналылығының бағыттылығын анықтайды, яғни, жеке адамның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын ойлау қоймасы қалыптасады. Оқу орнында үлгерімді оқу үшін жалпы интеллектуалдық дамудың, соның ішінде қабылдау, елестеу, ес, ойлау, зейін, эрудицияланған, танымдық қызы-ғушылықтардың кең аясы, белгілі бір логикалық операциялардың аумағын меңгеру және тағы сол сияқтылардың жеткілікті жоғары деңгейі қажет. Осы деңгейдің кейбір төмендеуі оқу әрекетіндегі жоғарғы мотивация немесе жұмысқа қабілеттілік, табандылық, мұқияттылық және ұқыптылықтың компенсациясы болуы мүмкін. Бірақ бұндай төмендеудің де шегі болады, мұнда компенсаторлық механизмдер көмектесе алмайды да студенттің оқудан шығарылуы да мүмкін. Әр түрлі оқу орнында осы деңгейлер аз да болсын ерекшеленеді, бірақ жалпы алғанда тіпті беделді және беделді емес мамандықтар деп аталынатын астаналық және периферилік оқу орындарын салыстыратын болсақ, олар бір-бірімен өзара ұқсас болып келеді. Оқу орнында гуманитарлық білімді жеткілікті меңгеру үшін адам интеллектінің айқын көрінетін вербальды типін игеруі керек [8,48-52].

 Студенттердің әр курстағы дамуы бірнеше сипатқа

 Бірінші курс ұжымдық өмірдің студенттік түрлеріне кешегі абитуриентті үйрету міндетін шешеді. Студенттердің мінез-құлқы конформизмнің жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Бірінші курстағы студенттер де өз рөлдеріне дифференциацияланған қадам жоқ.

Екінші курс – студенттің оқу әрекетіндегі ең қысым түсетін оқыту мен тәрбиелеудің барлық түрлері жедел араласады. Студенттер жалпы дайындықты алады, олардың мәдени сұраныстары мен қажеттіліктері қалыптасады. Берілген ортаға бейімделу үрдісі негізінен аяқталған деп саналады.

Үшінші курс – мамандандырудың басталуы, ғылыми жұмысқа қызы-ғушылықтың күшеюі студенттің кәсіби қызығушылығының тереңдеуі мен ары қарай дамуының бейнеленуі ретінде көрінеді. Мамандануға табанды қажеттілік жеке адамның жан жақты қызы-ғушылықтары аумағының таралуына жиі әкеліп соғады. Әдетте, жоғарғы оқу орнындағы жеке адамның қалыптасуының түрлері мамандану факторымен анық-талады.

Төртінші курс – оқу іс-тәжірибесі кезінде мамандықпен бірінші нақты танысу. Студенттер мінез-құлқын арнайы дайындықтың рационалды түрлері мен жолдарын интенсивті іздестіру. Студенттер мәдениет пен көпшілік өмір құндылықтарын асыра бағалайды; оқу орнын жақында тәмәмдау перспективасы – болашақ іс-әрекет түрін нақты тәжірибелік қағидалары қалыптасады. Жұмыс орны, материалдық және жанұялық жағдаймен байланысты одан әрі өзекті бола бастаған жаңа құндылықтар пайда болады. Студенттер біртіндеп оқу орнының ұжымдық өмірінен алшақтай бастайды.

Студенттің білімді меңгеруі мен білім алуға деген қызығушылығы және оның үлгерімінің жоғары дәрежеде болуына оның жаңа қоғамдық ортадағы студенттермен, оқытушылармен, жоғары оқу орнының әкімшілігімен өзара қарым-қатынасының жақсы болуы үлкен әсер етеді. Сондықтан профессор-оқытушылар құрамының студенттермен жұмыс жасау жағдайы олардың бейімделуіне үлкен әсерін тигізеді.

 

 

                              Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. . Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жария ету кезінде сөйлеген сөзі // Ана тiлi. - 2007. - 8-14 наурыз (№10)
  2. Воронский В.А. Исследования студентов к условием в вузы / В.А. Воронский // Соционика. – 2001. - №6. – С. 29-33.
  3. Любимова Г.Ю. От первокурсника до выпускника / Г.Ю. Любимова// Вестник Московского Университета. Сер 14. Психология. –2001.- №1. 48 – 52
  4. Зотова О.И. Кряжева И.К.  Некоторые аспекты социально-психологических аспектов адаптации личности. //Методология и методы социальной психологии.// отв Шорохова Е.В.-М:Наука,1997-173-189с.
  5. Дружинин В.Н. Эксперементальная психология. 1997-476с.
  6. Немов Р.С. Психология: словарь-справочник:в2ч-М:2003-304с.
  7. Столяренко Л.Д. основы психологии. Учеб. Для вузов. Изд. Фениск, Ростов-на-Дону, 1997 -82 с.
  8. Любимова Г.Ю. От первокурсника до выпускника / Г.Ю. Любимова// Вестник Московского Университета. Сер 14. Психология. –2001.- №1. 48 – 52 с.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жоғарғы оқу орын жағдайында студенттердің әлеуметтік бейімделуі