Отбасы кикілжіңі және оны тиімді шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 20:43, реферат

Краткое описание

Отбасы – баланың лайықты табиғи өмір сүру ортасы.
Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл - атқарушы отбасы. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана.
Адам баласының бір-бірімен қарым-қатынасы, өмірге нық сеніммен көзқарасы, сүйіспеншілігі, барлық рухани құндылықтар – ата-ана тәрбиесінің жемісі.

Содержание

Тәрбие – бесіктен басталады
Отбасындағы кикілжіңнің әсері
Отбасы кикілжіңінің туындау себептері
Отбасы кикілжіңін тиімді шешу жолдар

Вложенные файлы: 1 файл

Отбасы кикілжіңі және оны тиімді шешу жолдары.pptx

— 984.77 Кб (Скачать файл)

Отбасы кикілжіңі және оны тиімді шешу жолдары

Жоспар

 

    1. Тәрбие – бесіктен басталады
    2. Отбасындағы кикілжіңнің әсері
    3. Отбасы кикілжіңінің туындау себептері
    4. Отбасы кикілжіңін тиімді шешу жолдары

 

 

Адамның адамшылдығы – ақыл,  
ғылым, жақсы ата, жақсы ана, 
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан  
болады. 
Абай

    

    «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің», -демекші тәрбие басы отбасынан бастау алады.

 

Отбасы – баланың лайықты табиғи өмір сүру ортасы. 

     Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл - атқарушы отбасы. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. 

  Адам баласының бір-бірімен қарым-қатынасы, өмірге нық сеніммен көзқарасы, сүйіспеншілігі, барлық рухани құндылықтар – ата-ана тәрбиесінің жемісі.

      Алайда, отбасындағы жанжал мен орынсыз дау-дамайлар бала психикасына кері әсер етеді, жанұядағы түсініспеушілік баланың бойында орнықсыз эмоциялық жайттарды тудырады.

      Алғашқыда баланың адаптациялық қабілеттері төмендейді, үлгерімі нашарлайды, қызығушылық деңгейлері бәсеңдейді, көңіл күйі орнықсыз, ашуланшақ болады, ол күйзелісте болып, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінбейді. Өйткені ол әлі есейіп үлгерген жоқ. 

     Жасөспірімдер немесе жеткіншектер көп жағдайды терең түсіне алмай, күйзелісті жағдайға барады. Олардың бойында құндылықтар жүйесі әлсіз болады.

      Тәрбиедегі жағымсыз әрекеттер әлсіз қарсылықты күшейтеді де, ата-ана тарапынан болатын әртүрлі жазалар баланың көңіл күйінде эмоциялық орнықсыздықты тудырады, олар содан келіп өмірлік қиындықтарды көтере алмайды.

       Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлыққа бас ұрудың көбі отбасындағы кикілжің, ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік, бір-біріне деген реніштен туындауда.

      Отбасындағы кикілжің мен күнделікті айқай-шудан зәрезап болған жеткіншек «сырласатын» орта іздейді.

 

      Нәтижесінде жанына «тыныштық» іздеген буын жастайынан наша мен ащы судың дәміне дәнігіп, «қиын» жасөспірімдер қатарына қосылады. 

       Отбасындағы шиеленісті  жағдайлардың өршуінің көп себептерін біз ұлттық дәстүрлердің ұмытылып,азаматтарымыздың батыстық құндылықтарға көбірек еліктеуімен байланыстырып жатамыз.

       Бұл мәселеге отбасының экономикалық ахуалын қатыстыратындар да бар. «Жоқшылық, жетіспеушілік - жанжалдың бастамасы, «Қарын тоқ, көйлек көк болса» отбасындағы кикілжіңнің бәрі өз-өзінен жоғалар еді» деп жатады. 

      Сонымен қатар жұбайлар одағының күйзеліске ұшырауын экологиялық себептермен тоғыстыратын да табылады.  

        Шамасы, табиғат жаратылысындағы тұрақты тепе-теңдіктің бұзылуы, тағам құрамындағы химиялық қосындылардың көптігі адамдардың психикасына әсер етіп, олардың отбасы өміріндегі қарым-қатынасында ізін қалдырса керек.

       Отбасы балаға адамдармен өзара әрекеттесуге қатысты маңызды тәжірибе береді, мұнда ол қарым-қатынас жасауға, басқаларды тыңдауға және олардың көзқарастарын сыйлауға, туған туысқандарына шыдамдылықпен қарауға үйренеді.

      Ата-ана – толеранттылықтың үлгісі бола білу керек. Толерантты мінез-құлықтың тәжірибесін меңгеру кезінде ата-анамен туыстардың берген үлгілері үлкен мәнге ие.

       Ең негізгісі бұл бала бойында толеранттылықтың қалыптасуына отбасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен туысқандар арасындағы әрекет жасау стилі жатады.

 


Информация о работе Отбасы кикілжіңі және оны тиімді шешу жолдары