Психоанализдің туындауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:56, реферат

Краткое описание

Зигмунд Фрейд өмір жолы жайлы мәлімет алу әжептеуір қиын. Зигмунд Фрейдті тұлғалық деңгейде көтерген көптеген биографиялық очерктер мен кітаптар бар. Алайда осы шығармалардың көбінде авторлардың бір жақты пікірге бой алдыратындықтарын байқаймыз. Мысалы, бұл мәселе жайлы А.М.Рудкевич былай жазады: Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд ең атақты психологтардың біріне саналады. Ол 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген. Психологиялық талдаудың негізін қалаушы. 1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада өткізеді. Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен,таңқаларлық ақылымен,кітапқа деген құмарлығымен ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға тырысты. Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамау мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена университетіне оқуға тапсырады. Университетте атақты профессорлар дәріс береді.