Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2015 в 21:41, реферат
1.Детерминизм принципі.
2.Іс-әрекет пен сана бірлігінің принципі.
3.Даму принципі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ № 1
Тақырыбы: Психологияның методологиялық принциптері.
Семей, 2015.
Жоспар:
1.Детерминизм принципі.
2.Іс-әрекет пен сана бірлігінің принципі.
3.Даму принципі.
Кез келген ғылымның өзінің методология ретінде анықтайтын принциптері болады. Эксперименталды психологияның да өзінің методологиялық принциптері бар:
1.Детерминизм принципі. Детерминизм- психика өмір сүру үлгісімен анықталып, өмір сүру үлгісі өзгерсе, ол да өзгереді дегенді білдіреді. Детерминизм психикалық құбылыстар және олардың мағынасы туралы сауалдармен байланысты. Психологиядағы детерминистік көзқарас диалектикалық-матералистік дүниетанымды меңгеру үрдісі кезінде дамыды. ХХ ғасырдың басындағы философиялық күресте детерминизм мәселесі өзекті болды. Детерминистік көзқарас интроспективтік әдістемені және оған сай психологиялық зерттеу ұйымдарын ығыстырды.Өзін-өзі бақылаудың орнына объективтік әдіс ие болды. Объективтік әдіс-адамға не әсер ететінін анық білуге, осы әсерлерге сапалық және сандық сипаттама беруге, сыртқы реакцияларды, көрінетін мінез-құлықты тіркеуге, тітіркендіргіштерді салыстыруға мүмкіндік беретін психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру.
Детерминизм принципін жүзеге асырудағы басты кезең болып Выготскийдің тарихи-мәдени концепцияны жасауы саналады. Бұл концепцияның мағынасы мынада: психикалық үрдістердің табиғи механизмдері адамның онтогенетикалық дамуы барысында тарихи-қоғамдық факторлардың ықпалынан, адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында түрленеді.
Детерминизм ұстанымы психологияның теориясы мен тәжірибесінде тағы бір мәселені- психикалық дамуд, оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Психологиядағы детерминистік көзқарасты жүзеге асыру жолдарының бірі болып психиканың ми әрекетіне қатынасының мәселесін шешу болып табылады. Детерминизм бұл кезеңде психикалық құбылыстарды түсінудегі физиологиялық заңдылықтарды қолдану түрінде көрінді.
Рубинштейн 50-жылдары бұл принциптің әдіснамалық ұстаным мағынасында болатынын атап көрсетті. Рубинштейн детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін ьалдау үшін қолданды, ол оларды материалдық дүние құбылыстарының жалпы өзара байланыстарында қарастырады.
2.Іс-әрекет пен сана бірлігінің принципі. Сана мен әрекет ұғымдары- психология ғылымының негізгі дәрежелері. Бұл принцип 30-жылдары жүйелі түрде жасала басталды.
Әрекеттің,мінез-құлықтың және сананың бірлігі туралы ережені алғаш рет Рубинштейн ұсынды. Ол былай деп жазды: «Әрекет пен сана- екі түрлі жаққа бағытталған аспектілер емес, олар теңдікті емес, бірлікті-органикалық біртұтастықты құрайды».
Бұл принцип маңызды әдістемелік мағынаға тез ие болды. Онда сананың іс-әрекетсіз және іс-әрекеттің санадан тыс болуы мүмкін еместігі атап айтылды. Осылайша сананы әрекет арқылы зерттеуге мүмкіншілік пайда болып, сана мен психиканы объективті зерттеуге жол ашылды. Сонымен, сана мен әрекет принципі психологияның барлық объективтік әдістерінің негізі болды.
Бұл принципті енгізу, әрекеттің құрамы мен құрылымын ашуда теориялық және әдіснамалық мәселелерді тудырды. Сана психологиясындағы «психика- бұл ішкі, ал әрекет-сыртқы» деген көзқарасқа тойтарыс беру керек болды. Шынында да психика, сана іштегі бір нәрсе емес, сондай-ақ әрекетті де, тек қана сыртқы деуге болмайды: ол сыртқы түрде болады, бірақ оның бұл түрі әрекетті біркелкі сипаттамайды.
Рубинштейннің анықтамасы бойынша, әрекеттің өзі ішкі мен сыртқының бірлігі болып табылады. Бұл кезде сана мен психика әрекеттің ішкі сипаттамалары болады, ал әрекеттің ерекшелігі- іштен бақыланатын мінез-құлық ретінде болуы-психиканың өзінің сипаттамасы ретінде қарасытырлады. Сонымен, психолог психика туралы айта отырып, жеке құбылыстың ғана емес, сонымен қатар әрекеттің жақтарын немесе бөлінбейтін бөлігін меңзейді. Сана мен әрекет бірлігінің принципі ғалымдарға мінез-құлықты, іс-әрекетті зерттей отырып, әрекетті мақсатқа жеткізетін ішкі психологиялық механизмдерді анықтауға, яғни психиканың объективтік заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді.
3.Даму принципі. Дамудың ережесі, философия негізі бола отырып, психология ғылымының ғылымдар жүйесінде де жетекші болып табылады. Даму идеясы психологияға Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен енді және баланың, ал кейінірек ересек адамның психологиясының қалыптасуына негіз болды. Рубинштейн былай деп жазды: «Психиканың дамуы біз үшін- зерттеудің қызықты саласы болып қана қоймай, сонымен қатар психологияның барлық мәселелерін зерттеудің әдісі немесе жалпы принципі де болды. Енді барлық құбылыстардың заңдылықтары олардың дамуында, олардың қозғалуы және өзгеруі, пайда болуы және жойылуы үрдістерінде ғана танылады».
Психология үшін даму принципі ерекше маңызды, өйткені ол зерттейтін құбылыстар, Ломовтың айтуынша, «ерекше жоғары динамикалығымен» айрықшаланады. Психикалық құбылыс шынайы даму үрдісі кезінде болып, өзгереді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Психологияның методологиялық принциптері