Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 20:34, реферат
Тұлға және топқа психологиялық сипаттамасы. Адам индивид болып туылады, тұлға болып қалыптасады. Егер адам өзіндік санаға ие болып өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адамды «тұлға» дейміз. Тұлғаның психологиялық құрылымына оның мінезі, қабілеттілігі, темпераменті жатады. Тұлғаның тұлға болып қалыптасуына педагогикалық қарым-қатынастың ықпалы өте үлкен және маңызды.
І.Кіріспе.
Тұлға және топқа психологиялық сипаттама.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Топтағы тұлғааралық қатынастың мәні.
2.2. Кикілжің және одан шығу жолдары.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
ҚР Денсаулық сақтау
«Астана медицина университеті» АҚ
Кафедра: «Неврология, жалпы және медициналық психология»
Реферат
Тақырыбы: Тұлға және топ.
Орындаған: Тургинбоева Г.Н. 120ЖМ
Қабылдаған:Исимова А.Е.
Астана-2013.
Жоспар.
І.Кіріспе.
Тұлға және топқа психологиялық сипаттама.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Топтағы тұлғааралық қатынастың мәні.
2.2. Кикілжің және одан шығу жолдары.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Тұлға және топқа психологиялық сипаттамасы. Адам индивид болып туылады, тұлға болып қалыптасады. Егер адам өзіндік санаға ие болып өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адамды «тұлға» дейміз. Тұлғаның психологиялық құрылымына оның мінезі, қабілеттілігі, темпераменті жатады. Тұлғаның тұлға болып қалыптасуына педагогикалық қарым-қатынастың ықпалы өте үлкен және маңызды. Оның қалыптасуына тек қана педагог, ата-ана ғана емес қоршаған орта, айналасындағы араластын адамдардың да әсері баршылық.
Жеке тұлғаның
дамуы мен қалыпасуы
Психологияда «жеке
тұлға» деген ұғымның әртүрлі
түсіндірмелері бар, бірақ
Психологиялық ғылымда
"тұлға" категориясы іргелі ұғымдардың
қатарына жатады. Бірақ "тұлға" ұғымы
тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық
ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен,
әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда
психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны
зерттеу спецификасы неде және психологиялық
тұрғыдан тұлға дегеніміз не?
Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап
беруге тырысқан жөн. Мұны жасау оңай емес,
себебі тұлға деген не деғен сұраққа барлық
психологтар түрліше жауап береді. Олардың
жауаптары мен ойларыны әр қилы болуы
тұлға феноменінің күрделі екендігін
білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп
жазады: "Бір жағынан, он нақты индивидті
әрекет субъектісі ретінде, оның барлық
жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен
бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға
индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде,
осы адамның басқа адамдармен тура немесе
жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде
түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы
бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар
оны еңбек, таным және қарым-қатынас субьектісінде
көреді.
Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының
әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен
және теориялық негіздеулермен бекітілген,
сондықтан "тұлға" ұғымын қарастырғанда
оларды ескеру керек.
Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Демек, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі, даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасисттері болып саналады. Қазіргі кезде психологияның ерекшелігі психиканы зерттеуші бағыттың көптігі, тұлға теориясының кеңдігі мен мәселенің күрделілігі психологияның алдында тұрған теориялық міндеттерге және ғылымның дамуының ішкі қажеттіліктеріне байланысты.
Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.
Тұлға теориясы - бұл болжамдардың жиынтығы немесе тұлға дамуының табиғаты мен механизмінің болжамы.
Тұлға теориясын тек түсіндіруге тырысып қана қоймай, ол адамның жүріс-тұрысын сипаттайды.Мінез-құлықты түсіндіру жолдары бойынша, барлық тұлға теорияларын психодинамикалық, социодинамикалық және интеракционистік деп бөлуге болады.
Психодинамикалық теориялар психологияның немесе ішкі сипаттамаларына орай тұрғанын сипаттайды, адамның жүріс-тұрысын түсіндіреді. Ал социодинамикалық теориялар бойынша тәрбие детерминациясындағы басты рөл сыртқы жағдайларға беріледі. Интеракционистік теориялар сыртқы және ішкі факторлардың өзара әрекеттесу принципіне негізделген. Мұндай өзара әрекеттер адамның өзекті әрекеттерін басқарады.
Тұлға теорияларын жіктеу кезінде көңіл бөлінетін нәрселер: ішкі қасиеттері, тұлғаның қырлары мен қасиеттері немесе олардың сыртқы көріністері, мысалы, мінез-құлқымен жасаған іс-әрекеттері. Қазіргі кезде тұлға зерттеуде жеті негізгі тұлға теориялары дамыды. Әрбір бағыт өзінің теориясымен және өзінің әдісімен, құрылысымен ерекшелінеді.
Тәрбиелеу объектісі ретінде жеке тұлғадан гөрі әртүрлі сипаттар бойынша біріктірілген адамдар топтары қарастырылады. Адам тұлға ретінде топта қалыптасады, топ ішіндегі қатынастарды тікелей көрсететін амалданған көрсеткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы мынада: топ – белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі бір әрекет түрінің субъектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді.
Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады. Топ мүшелерінің бірлескен қызметінің мазмұны топ ішіндегі динамиканың барлық үрдістеріне себепкер болады, бұлар: тұлғааралық қатынастардың дамуы, серіктестердің бір-бірін қабылдауы, топтық нормалар мен құндылықтардың, ынтымақтастық және өзара жауаптылық нысандарының қалыптасуы. Өз кезегінде топта қалыптасқан қатынастар топтық іс-әрекеттердің нәтижелілігіне әсер етеді. Топтар, әдетте, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің объектісі болады. Бұл орайда, топ ішінде дамитын үрдістерде, сондай-ақ іс-әрекеттің тұтас субъектісі ретінде басқа топтармен өзара әрекеттестік үрдісінде әлеуметтік қатынастар жүйесіне қамтылған топтың өзі де зерттеледі. Әлеуметтік топ; бір топ оқушы; Топталып оқу. Топ белгілі біріккен іс-әрекеттерімен сипатталатын адамдар жиынтығы. Ішкі және сыртқы топтық қасиеттеріне қарай топтарды келесі түрлерге бөлуге болады: санына, байланысына, ұйымшылдығына, ынтымақтастығына, тұрақтылығына, тұлға үшін маңыздылығына т.с.с.
Топтағы тұлғааралық қатынасты социомет
Топ ұғымының шығуы күрделі. Европада бұл сөз ХVІІ ғасырдың аяғынан кейін пайда болды. Сонымен топты төмендегідей сипаттағы жеке адамдардың жиналысы құрайды деп саналады. Топтың сипаттамасы:
1) бір-бірімен жиі арақатынас;
2) өздерін бір топтың мүшесі ретінде санайтын;
3) өздерінің қызығушылықтары бойынша жалпы нормаларды бөлісетін;
4) рөлдер бөлісінің бірдей жүйесіне қатынасатын;
5) бірдей объектілермен, идеялармен өзін теңестіретін;
6) топты қанағаттанудың қайнар бұлағы ретінде қабылдайтын;
7) өзара байланыста болатын;
8) өздерін біртұтас сезінетін;
9) өздеріне қатысты іс-әрекетті реттейтін.
Топқа психологиялық анықтама беретін болсақ онда белгілі бір сипаттамалар негізінде негізінде әлеуметтік біртұтастылықтан бөлініп шығатын шамасы шектелген жалпыламалық болып табылады.
Топтарды өлшемі бойынша келесідей бөлу кең таралған:
● үлкен және кіші топтар;
● нақты және шартты.
Нақты топтар дегеніміз — белгілі бір бір іс-әрекетке түсетін күрделі түрде ұйымдасқан адамдар тобы.
Шартты топтар дегеніміз – бір-бірімен тікелей немесе жанама объективтік арақатынас жасамайтын субъектілерден тұрады. Олардың әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары ортақ болады.
Үлкен шартты топтарды зерттеу олардың мүшелерінің дамуын болжауға және оларға қатысты өзінің стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.
Кіші топтар бұл - ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен біріктірілген, әрқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар.
Ішкі құрылысының қарапайымдылығы кіші топтың ерекшелігі болып табылады. Кіші топта әдетте, беделді лидер немесе беделді жетекші болады.Топ мүшелерінің арақатынасын реттеуші ұйымның сипатына байланысты топтарды бөле отырып ресми ұйым топтың құрылымының сырттан берілетінін болжайды, ал топтың ресми емес ұйымын адамдардың психологиялық арақатынасы қалыптастыратын ішкі құрылымдық ерекшеліктер реттейді.
Бұл топтарды келесілер сипаттайды: олардың арақатынасы топтық іс-әрекеттің мазмұнына байланысты болмай симпатия – антипатияның тікелей қатынастарына ғана байланысты болады.
Мұндай бірлестіктер әдетте ерікті уақытша ғана болады, көзқарастырадың ұқсастығымен айқындалады.
2.1. Тұлғааралық қарым- қатынас теориясы пән аралық сипатқа ие. Өйткені қарым-қатынас процесіндегі адамдардың өзара байланысы сәйкесінше психологиялық, педогогикалық, ақпараттық- коммуникативтік, әлеуметтік- нормативтік тұрғыдан әртүрлі пәндер мазмұнында қарастырылады. Яғни, мұндағы пәнаралық дегеніміз, қарым-қатынас теорияларының көптеген пәндер бойынша алынған білімдер білімдер жиынтығы. Мысалы, әлеуметтік психологияда бұл теория ХХ ғасырдың 60-80 жылдары әлеуметтік әдептерді басқаруға байланысты туындаған.
Тұлғааралық қарым- қатынас
теориясының негізін А.А.
Тұлғааралық қарым- қатынас— білім мен тәрбиенің нәтижесі және мәдениеттің көрсеткіші. Сондықтан, адамдарды қарым- қатынас барысында толық түсінуге болады. Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі- қарым-қатынас. « Қарым-қатынас » түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым- қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н Леонтьев, А.Б. Добрович, И.А. Зимняя, Н.В. Кузьмина, М.И. Лисина, А.В. Мудрик, З.С. Смелкова еңбектерінде қарастырылған.
Тұлғааралық қарым-қатынас
адамдар болмысының қажетті
● Қоғамдық қатынастар анағұрлым
айқын көрінетін әлеуметтік бағдарлы
қарым-қатынастар (дәріс оқу, баяндама
және т.б.).