Тұлға туралы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2014 в 06:53, реферат

Краткое описание

Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. өйткені кісі болып ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менің» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.
Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері. Қызығу, дүинетану, сенім, мұрат. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасытек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Тұлға түсінігі. Адамға қатысты басқа категория (индивид, даралық, субьект, жеке даралық). Тұлғаның ғылыми – психологиялық бағытының тұлғаны танудағы философия, дін, өнерден айырмашылық ерекшеліктері.

Вложенные файлы: 1 файл

психология.docx

— 43.55 Кб (Скачать файл)

Тұлға туралы ұғым

 

16.07.2011, 19:37

Тұлға туралы ұғым  
 Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. өйткені кісі болып ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менің» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.  
 Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері. Қызығу, дүинетану, сенім, мұрат. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасытек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.  
 Тұлға түсінігі. Адамға қатысты басқа категория (индивид, даралық, субьект, жеке даралық). Тұлғаның ғылыми – психологиялық бағытының тұлғаны танудағы философия, дін, өнерден айырмашылық ерекшеліктері.  
 Тұлға туралы түсінік. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық. Тұлға - єлеуметтік индивид. Тұлға – қоғамдық жүріс-тұрыстың, өмірлік жолдың субъектісі. Тұлға писхикалық құбылыстардң интеграторы.  
 Тұлғадағы жеке даралық және әлеуметтік – типтің арақатынасы. Базалық тұлға түсінігі. Тұлға типологиясы (А.Ф. Лазурский, Э. Шпрангер, К.Г. Юнг).  
 Тұлға дифференциалды, жас ерекшелік, єлеуметтік, медициналық, педагогикалық, спорт психологиясы.  
 Психологиядағы тұлғаны зерттеу єдістері. Тұлғаны ғылыми зерттеу еркекшеліктері, психологтың этикасы жєне танымның объективтілігі. Табиғи эксперимент, бақылау, өзін-өзі бақылау, проективті және биографиялық әдістер тұлғаны зерттеуде маңыздырақ болып табылады. Тұлға психологиясындағы қалыптастырушы эксперименттің мүмкіндіктері.  
 Тұлға құрылымы жайлы түсінік. Тұлға құрылымының негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік мєртебесі, әлеуметтік қызмет- рөлдері, єлеуметтік жүріс-тұрыс, мотивтер, бағыттылық, мінезі. Тұлға қ±рылымындағы интеллект жєне қабілеттілік.  
 Қасиеттер женке адам қ±рылымын талдау элементі ретінде. Т±лға құрылымындағы факторлық бағыт (Р. Кэттел, Н. Айзенк, Дж. Гильфорд). Тұлғалық конструкт – тұлға құрылымының элементі болып табылады. Тұлға құрылымындагы когнитивті бағыттағы жалпы сипаттама (Г. Келли, Ф. Франселла, Д. Баннистер).  
 З. Фрейд, К.Г. Юнг, А. Адлер психоаналтикалық теорияларындағы тұлға құрылымының көрінісі.  
 Қатынас тұлға құрылымының элемиенті ретінде. А.Ф. Лазурский концепциясындағы тұлға құрылымы. В.И. Мясищев, Б.Г. Ананьев, С.Л. Рубинштейн концепцияларындағы жеке адам құрылымы. Оның іс-єрекет құрылымынан жєне мотивтерінен өндірілуі. Тұлға құрылымндағы мағыналық қалыптасу.  
 Даралық мєселесі (Б.Г. Ананьев). Даралық тұлға бірлігі, оның өзіндік реттелу деңгейлері. Даралық іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде творчество субъектісі ретінде. Тұлғалық – жеке даралықтың ішкі әлемі туралы түсінік. В.С. Мерлин интегралды жеке даралық туралы.  
 Теплов – В.Д. Небылицын мектептеріндегі даралықтың психофизиологиялық негіздері. Темперамент – психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың формальды – динамикалық қасиеттері. Темпераменттің мінез-құлықты реттеудегі рµлі. Темперамент жєне мінез жайлы В.С. Мерлин мектебіндегі зерттеулер.  
 Мінез – тұлғадағы әлеуметтік – типтік жєне жеке даралық ерекшеліктің бірлігі. Мінез-құрылымы. Коммуникативті, рефлексивті, эмоционалды, ерікті, мінездік, интеллектуалды қасиеттері.  
 әлеуметтік мінез-құлық туралы түсінік тұлғаның белсенділігі, оның адамдарға, еңбекке, қоғамға, әлемге қатынасын формасы ретінде кµрінеді. Қылық – тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқының бірлігі.  
 Әлеуметтік мінез-құлықтың сыртқы (жағдайаттық пен орта) және ішкі (өзіндік жекелік) детерминациялары. К.Левин бойынша психологиялық өрісте тепе-тең әрекеттеуші күш ретінде. Тұлғаның мінез-құлқын реттеудегі әлеуметтік норма, әлеуметтік бағдар, саналы қатынас. Тұлғаның өмірлік мақсаты – жоспары, бағдарламалары және стратегиялары. Тұлға белсенділігінің психологиясы. Тұлғаның жауапкершілігі жєне инициативасы (К.А. Абульхпнова, А.В. Брушлинский, С.В. Рубинштейн).


 

 

 

 

 

Әлеуметтік ғылымдардағыдай күнделікті өмір тәжірибесінде де «адам», «жеке тұлға», «индивидуальность» деген ұғымдар қолданылады. Солай қолдана оларды бір-біріне ұқсаттырады. Немесе қарама-қарсы қойылады. Кейде екеуі де қате қолданылады.

Жеке тұлға көптеген ғылымдардың зерттеу нысанасы болып табылады, мысалы философия, әлеуметтену, этика, құық, медицина және т.б. Осы ғылымдардың әрқайсысы жеке тұлғаны өзінің арнайы аспектісінде зерттейді.

Әлеуметтік психология үшін «жеке тұлға», «индивид,» «индивидуальность» деген ұғымдардың араларын ажырату керек.

Индивид деген топтағы немесе жалпы қоғамдағы жеке адам. Индивид ұғымы адамның табиғатпен байланысын көрсетеді.

Индивидуальность ұғымын жеке тұлғаның жанына да, одан жоғары да қоймау керек. Жеке тұлға үнемі қайталанбайтын индивидуальность.

- жеке тұлға дегеніміз әлемді жанадан жасайтын белсенді қызметтің субъектісі ретіндегі адам. Жеке тұлға ұғымы адамның қоғамменг байланысын көрсетеді.

- Жеке тұлға дегеніміз - өзінің көзқарастары және сенімдері бар, өзінің жеке дара біртұтастығын, өзара қоғамдық әлеуметік қатынастарда психологиялық қасиеттерінің бірлігін көрсететін, қандайда болсын қызметтерге қатысатын, өзінің іс-әрекеттерін түсінетін және оларды басқара алатын адам.

Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы психологиялық құбылыстардың категориялары

  1. Психикалық процестер, (сезіну, қабылдау, еске сақтау, назар, ойлау) сөздерінің өтуінің қысқаша мерзімділігімен анықталады.
  2. Психикалық жағдайлар (сергектік, шаршау, белсенділік, пассивтік, ашушаңдық, көңіл-күй т.б.), олар психиканың процестерге қарағанда ұзағырақ
  3. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері. Олар неғұрлым тұрақты. Олар адамның өмір сүру кезіндегі биологиялық дамуы нәтижесіндек өзгеріп тұрады. Кейдк ауруға байланысты, бірақ көбінесе әлеуметтік жағдайлардың әсерінен және бәрінен-бұрын тәрбиеден және өзін-өзі тәрбиелеуден.

Бұл категориялар: психикалық процестері, жеке тұлғаның жағдайлары және қасиеттері жеке психологиялық деп аталады және олар психикалық құбылыстардың жалпыпсихологиялық категориясына біріккен.

Жеке тұлғаның психологиялық құрылымшалары

2. Жеке тұлғаның ең төменгі деңгейі биологиялық құрылымша немесе элементарлы адами қажеттіктер болады.

3. Психологиялық  құрылымшаға жеке психологиялық процестердің барлық индивидуальді қасиеттер, жатады (ес, назар, ойлау, елестеу, сезім, қабылдау, сезім және еркіндік).

4. Әлеуметтік тәжірибе, оған адам арқылы алынған білім, дағдылар, іскерліктер және әдеттер.

5. Жеке тұлғаның ең жоғарғы деңгейі – бағыттаушылық. Олар елігу, қалау, қызығушылықтар, икемділіктер, идеялар, сенімдер.

Ядов бойынша тұтынудың иерархиясы.

    1. Адамның қажетілігі туатын бірінші сала, ең жақын отбасылық орта.
    2. Шекарасында тек индивид жұмысістейтін контакті топ.
    3. Еңбектің, демалудың күнделікті тірліктің белгілі бір саласымен байланысты неғұрлым кең орта.
    4. Белгілі бір әлеуметтік – таптың құрылым ретінде қызмет ортасы және оған индивид қоғамның идеологиялық және мәдени құндылықтарын меңгеру арқылы қосылады.

 

 

2. Психологияда жеке тұлғаны қалыптастыру ұғымы. Жеке тұлғаны қалыптастыру факторлары.

Әлеуметтендіру – қарым-қатынаста және әлеуметтік тәжірибені, индивидтің меңгеру және белсенді түрде жаңадан қайтадан шығарудың процесі және нәтижесі.

Әлуметтендіру ұғымы әлеуметтік психологияға 40-50жылдары А.Бандурдың еңбектерінде бірінші рет енгізілді.

«Әлеуметтендіру», «жеке тұлғаның дамуы», және «тәрбие» деген сөздер синонимдер түрінде қарастырылады.

Әлеуметтендіру үрдісі адам өмірінің алғашқы сәттерінен басталатын жеке тұлғаны қалыптастырушы үрдіс.

Психологияда жеке тұлғаның қалыптасуының үш санасы бар:

  1. қызмет;
  2. қарым-қатынас;
  3. өзін-өзі тану.

Осы үш саланың жалпы сипаттамасы жеке тұлғаның өзін қоршаған сыртқы әлеммен қызметтік қарым-қатынастарының кеңеюі, көбеюі.

Әлеуметтендіру үрдісінің кезеңдері

  1. Еңбекке дейінгі;
  2. Еңбек;
  3. Еңбектен кейінгі.

Жеке тұлғаны қалыптастыру факторлары

  1. Биологиялық
  2. Әлеуметтік

 

 

4. Темпераменттің  психологиялық сипаттамасы және жеке тұлғаның қызметінің ерекшеліктері.

Әр адамның жеке бас ерекшеліктерін анықтайтын ең маңызды құрылымдық компоненттер болып темперамент және мінез-құлық саналады.

Темперамент (латын тілінің temperamentut – жататын бөлік, сәйкестік) – адамның мінез-құлығында және қызметінде көрініс табатын оның психикасының жеке бас, әсіресе тұрақты психодинамикалық қасиеттерінің жиынтығы.

Темперамент психиканың басқа ерекшелітерінен айырмашылығы салыстырмалы түрде тұрақты.

Темпераменттің төрт түрі бар:

  1. Сангвиник;
  2. Флегматик;
  3. Холерик;
  4. Мелонхолик.
  5. Жеке тұлғаның, әсіресе жеке адамның жан дүниесін нұрландыратын қасиеттердің енді бірі – мұрат идеал. Бұл – адамның өмірден өзіне өнеге іздеуі, қадір-қасиеті халыққа танылған біреуді ардақ тұтып, қастерлеуге ұмтылуы. Мұрат – адамның алдына қойғанмақсатқа жеті жолындағы асыл түрткісі. Адам ізгі мақсатына жету үшін ақылға сыйымды әдіс-тәсілдедің бар-бәрін пайдаланады. Бұл үшін өзін-өзі тәрбиелеуге кіріседі, барлық күш жігерін соған арнайды. Нағыз мұрат берік дүниетаным мен сенім, сөз бен істің байланысты бар жерде ған орын тебеді.
  6. Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеетің бірі – талғам. Мұның қалыптасуына дүниетаным мен сенім, кісінің ұстаған өмірлік ұстанымы позициясы, білімі мен тәрбиесі отбасы ұжым, т.б., жолдас-жорасымен құрбы-құрдастары елеулі әсер етеді. Модаға сән байланысты да жастарда әртүрлі талғам қалыптасып отырады. Мәселен, кейбіреулердің ала-құла, көзге қораш киініуін, қыз балалардың темекі тартып, ішімдікке үйір болуын талғамы жөнді қалыптасқан адам деп айтуға болмайды. өйткені, дұрыс талғам – жүйелі жақсы тәрбиенің, айқын дүниетаным мен берік сенімнің, асыл мұрат пен әсерлі, терең қызығудың орнымен қиюласқан көрінісі.
  7. Тұлғаның қалыптасуында қызығу мен бейімділіктің алатын орны ерекше. Қызығу – қандай болмасын бір нәрсеге асыра, артығырақ бағытталған қатынас. Егер біреуді театрды қызық көреді десек, онда осы адамның театрға жиі баратынын, театр туралы кітаптарды оқуға ерекше әуес екендігін, театр жөнінде газет – журналдарда басылған мақала, хабарларды үзбей оқып отыратынын, теледидар мен радионы , тіпті жәй әңгімені тындағанда да, яғни театр жөнінде айтылған – жазылғанның бәр –бәрін білуге аңсары ауатынын , оның есіл – дерті әр уақытта да театр төңірегінде болатынын байқаймыз.
  8. Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
  9. «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
  10. Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.
  11. Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқолық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.
  12. Мысалы, кездеймоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерінтарихтан жақсы білеміз. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың барлылығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеттері болмаған. Кейбір олардың қолға түскендерін адам қалпына келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.
  13. Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Ол үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) іс-тәжірибелерін, сапа қасиеттерін өзінің бойына сіңіруі қажет.
  14. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен туады.
  15. Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
  16. Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Бологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
  17. Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды.
  18. Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.
  19. Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
  20. Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшілігі, айырмашылығы барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:
  21. а) Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
  22. ә) Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.
  23. Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
  24. Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары.
  25. Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы қажет. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
  26. Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұғаның құрылымын қалыптастырады.

 


Информация о работе Тұлға туралы ұғым