Улттық сана сезім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 14:57, реферат

Краткое описание

1.Ұлттық сананың қалыптасуы
2.Ғалымдар пікірі
3.Қазақы ұлттық сана

Вложенные файлы: 1 файл

срсп№2.docx

— 24.57 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Инновациялық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

      СӨЖО№2

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:Ұлттық сана-сезім мәселелері

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра:Педагогика және псизология , дизайн.

    Топ:ПП11

                                     Тексерген:Байгундинова Б.И.

                                 Орындаған:Махатова А.М.

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Семей 2015жыл

 

Жоспар:

1.Ұлттық сананың қалыптасуы

2.Ғалымдар пікірі

3.Қазақы ұлттық сана 
Ұлттық сананың қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады:

1. сезімдік, түйсіктік.

2. саналы теориялық.

1-сі  ез елін, халқын, ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы ыстық сезімнен  туса, 2-сі өз елінің, халқының, ұлтының  өткенін, қазіргісін, келешегін толық  біліп, тексеріп, халық тағдырына, ұлт  мәселелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті  дүниежүзілік тұрғыдан теориялық  ұлттық бағыт-бағдарлама тұрғысынан  қарап, аңғару арқылы болатын  саналы ойдан туады. Ал, ұлттық  сананың жасаушысы, қолдаушысы, қорғаушысы, сақтаушысы әрқашанда ұлттық  интеллигенция, ұлттық зиялы қауым  халықтың тек сезімі ғана емес, ойы, санасы оянған өкілдері, артына, қазіргісіне, алдына ой жүгіртіп, көз жіберетін,

«Қыранша қарап Қырымға,

Мұң мен зарды қолға алып,

Кектеніп надан залымға,

Шиыршық атып, толғанатын» ұлы ойшылдар ғана ұлттық сананың негізін салып, ірге тасын қалаған. Дәл осы тұрғыдан Абай сезімтал да ойшыл, білімдар да кемеңгер. Халқының өткеніне қиналған, қазіргісіне күмәнданған, алайда келешегінен үміттеніп, «шиыршық атып толғанған» Абай: «Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді... Ондайым жоқ. Егер жек керсем, сөйлеспес ем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жата беру керек еді... бұлардың бәрі де жоқ... Мен өзім тірі болсам да анық тірі емеспін... Сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын...» деп, халқының қамын ойлап қиналады, қапаланады, халқының мінін, кемістігін көрсетіп, бетіне баса сынайды. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың. Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың» деп бір жағынан қатты қиналса, екінші жағынан «Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді? » деп, үміттенеді.

Ойшыл ақынның ұлттық сана жөніндегі пікірін үш тұрғыдан пайымдауға болады. 1-ден, қазақ халқының ұлттық санасының қалыптаса бастауы жөніндегі ойлары; 2-ден, Абайдың өз заманындағы ұлттық сананың ерекшеліктері, қайшылықтары, белгілері туралы ойлары; 3-ден, қазақтың ұлттық санасының қалыптасуын, дамуын Абай қазақ халқының шығуымен тікелей байланыстырады. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген еңбегінде аталған мәселелерге ерекше тоқтала келіп, адам баласының бір саласы Үндістан тарапынан келген, олар «ертерек ғылымға үйір болып, қайдан шыққандарын білгендер», екіншіден - моңғол жағынан келген; олар заманның кебін ғылымсыздықпен өткізіп, тауарларын терең білмейді... соның бірі - біздің қазақ, - деп, қазақтың сары нәсілге, оның ішінде монголоид тегіне жататынын білдіріп, қазақты өзінің тегімен таныстырады. Қазақтың ертеректе Амудария және Сырдария бойын жайлағанын, сонсоң Алатау бөктерін, Ташкент төңірегін, кейіннен «Ақтабан шұбырындыға» ұшырап, қалмақтардан қауырт жеңілген соң Сарыарқаға, Шыңғыс тауына ауыса көшкенін айта келіп, «Қазақтың қатты өсе бастағаны Құба қалмақтың жұрты бұзылған соң, осы Сарыарқаға орныққан соң ғана болса керек», - дейді.

 

«Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі қырық жылға созылған қиян-кескі шайқас - қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастыруда аса үлкен орын алған 1-дүн.жүз. соғыс болғанын Абай аңғарғандай. «Ақтабан шұбырынды» жөніндегі ойларында Абай халықтың сан жағынан өсуін ғана емес, сапа жағынанда, әсіресе, сана жағынан есуін де ескеріп отыр. Алғашында ойсырай жеңілгеніне, қансырай күйрегеніне қарамастан Абылай ханның, Бұхар жыраудың, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің халықтың санасын оятып, төңірегіне үш жүздің халқын жинап, бүкіл қазақ «халық болып қаруланып» Отансүйгіштік, патриоттық ұлттық сананы рухани ту көтеріп, қазақ жерін азат етіп, тілін, дінін, тінін, әдет-ғұрпын, салт-сананы сақтап қалғанын Абай жақсы білген. Енді Абай кезеңіндегі ұлттық сананың қайшылықтары мен ерекшеліктеріне тоқталайық. 18 ғ-дың ортасында ұлттық сананың қалыптасу кезеңімен бірге үш жүздің басы қосылып, мемлекет болып құрылуымен қатар, осыған қарсы құбылыс Россия империясының қазақ халқын отарлау, боданға айналдыру процесі басталды. Бұл процесс ескі жараның - рушылдық жараның аузын қайта ашты. Осы орайда орыс патшасы ІІ-Екатерина езінің отарлаушыларына берген бір нұсқауында: «1. Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші ру басшыларымен араз етіп, бірімен-бірі қас етіп, бірінің етін бірі жеуге себеп болыңыз. 2. Султандардың бірімен-бірін араз қылып, бірімен- бірін иттей таластырып, бірін-бірі жеуге себеп болардай іс қылыңыз», - деп, қазақтардың отарлаудың ежелгі әдісі - «бөлшекте де билей бер» деген саясатын іске асыра бастады. Абай орыс халқын, Пушкинді, Лермонтовты, Толстойды т. б. орыс халқының озық ойлы қайраткерлерін өте жақсы көрді. Алайда, Ресейде Пушкин бар еді, сонымен бірге пушка да бар еді... Абай Пушкиннің кім екенін бар ынта-жігерімен түсінгенімен, пушкаға, патша империясының қазақты орыстандыру саясатына ашық қарсы шықпаса да іштей наразы болды. Абай өмір сүрген кезеңде ұлттық санада қайшылықтар шиеленісе түсті. Соның ең негізгілері рулық сана менулт бірлігіне ұмтылу, жалқаулық пен еңбекқорлық арасындағы қайшылық, арызқойлық пен шын мәнінде әділеттілікке ұмтылу арасындағы т. б. қайшылықтар.

Абайдың рушылдық санамен күресі. Абай заманында қазақ қоғамының дамуына, өсіп-өнуіне, прогреске ұмтылуына зиянды әсерін тигізген кесепат құбылыс - рушылдық сана, алтыбақан алауыздық, береке бірліктің жоқтығы, руға, тайпаға, жүзге бөлінушілік болды. Сананың жекеден жалпыға қарай даму сатыларын:

1) Аталық сана,

2) Рулық сана,

3) Ұлттық сана,

4) Әлемдік сана деп шартты түрде  бөлуге болады.

Абай өмір сүрген заманда осының бәрі де болды. Шоқан, Ыбырай, Абай алдыңғы қатарлы елдердің кемеңгерлеріндей әлемдік сананың деңгейіне көтерілгенмен, қалың бұқара халық рулық сананың шеңберінен шыға алмады. Бұның 2 түрлі себебі болды. 1. Молшылықта өмір кешкен көшпелі тіршілік. Ру-ру болып малымен бірге көшіп жүрген үлкенді-кішілі рудың, тіпті тайпаның өз көктеуі, жайлауы, күзеуі, қыстауы болды. Ру - бір жағынан әр адамның қазіргі тілмен айтқанда азаматтық паспорты болса, екінші жағынан ру - әр адамның қиын-қыстау кезеңде т. б. кезеңдерде табан тірер тірегі болды. Осыдан келіп жеке адамдар, әсіресе, ру басшылары елдік, бүкілхалықтық мақсат мүдделерден гөрі рулық, тайпалық мақсаттар мен мүдделерді алға шығарды, жер үшін, жесір үшін өзара жауласу, барымталасу күшейе түсті. Міне, сондықтан да Абай рушылдық сананы өзінің «Ызалы жүрек, долы қол, улы сия, ащы тіл, Не жазып кетсе, жайы сол, Жек көрсеңдер өзің біл», - деп, өзінің ұстарадай өткір тілімен аямай сынады. Өзі туып өскен қоғамның қандас жалғасы бола тұра, өз ортасынан рухының биіктігімен озып шығып

«Менсінбеуші ем наданды,

Ақылсыз деп қорытуын,

Түзетпек едім заманды,

Өзімді өзім тым-ақ зор тұтып» деп ашына жазған.

Абай кемеңгерлігінің өзіне дейінгі, өз кезіндегі, өзінен кейінгі зиялылардан ерекшелігі сол - Абай халық санасын өзгертуді өз аулынан, өзінің туып өскен ортасы, тайпасы, руы - Тобықтыны сынаудан бастайды. «Ел бұзығы тобықты, Көп пысыққа молықты, Малдының малын көре алмай, Борышын түгел бере алмай, Көрінгенге обықты» деп, сол кездегі тобықты ішіндегі пысықтарды түйреп өтсе, «Арғын, найман жиылса, Таңырқаған сөзіме, Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне» деп, өз аулында, өз руында өзін түсінбейтін, тек болыс болуды арман ететін, күштілері сөз айтса, шыбындап бас изейтін, жағымпаз, санасыз, ел қамын ойламайтын тоғышарлардан жиренеді.

Рушылдық сананың есуінің негізгі себебі - Россия империясының қазақ даласын толық отарлауға бағытталған 1822-68 ж. шыққан аға султандар мен болыстарды сайлау, уездік соттарды тағайындау жөніндегі ережелер мен заңдар болды. Осындай заңдар мен ережелердің ішіндегі ең зияндысы, халықтың санасын аздырушы - болыс сайлау мен сот сайлауы. Болыс сайлауы - рушылдықты жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай өсіріп, отқа құйған майдай маздатса, сот сайлауы - қазақ даласында бұрын-соңды болып көрмеген «арызқойлық»деген жаңа індетті тудырды. Сайлау заңдарына наразы Абай «Орыс айтты өзіңе ерік берем деп, Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп. Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ, Ұлық жүр бұл ісіңді жек көрем деп». Әр ру болыстыққа өз адамын сайлағанды қалайды... Үш жылға болыс сайланады, үшінші жылы сайлау жақындап қалып, тағы да болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді. Осыдан келіп ел іші жік-жікке, ру-руға бөлініп, өзара топтасып партия құрысады, ұйымдасады. Шығу тегі жақын екі ру, екі тайпа бір-бірімен бірде жауласып, бірде жарасып, бірде жақындасып, бірде қас, бірде дос болып күн кешеді. Патша өкіметіне керегі де осы. «Болды да партия, Ел іші жарылды, Әуре мінмен тия, Дауың мен шарыңды» деп налыған кездері аз болмаған. Рушылдыққа, жікке бөлінушілікке Абай ұлттық береке-бірлік идеясын қарсы қояды. Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды-тірлік»дейді, бірақ, «бірлік»дегеннің не екенін қате түсінеді. Олардың ойынша «бірлік» - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. «Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не зиян?». Бұл бірлік емес, біреуге біреу тегіннен-тегін міндетсігендік, жатыпішерлік. Шын мәніндегі бірлік - ақылға бірлік, ел қамын, ұлт қамын ойлаудағы санадағы бірлік, халықтың келешегі үшін күрестегі бірлік екенін кесіп айтады. Тек бірлік болса ғана қазақ ел бола алады, бостандыққа, тәуелсіздікке жете алады, оның керісінше, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді»деген мақалмен түйіндейді. Абай нысанаға алған моральдық кемістіктің ең бір көбірек еріс алғаны - жалқаулық пен еңбекқорлық арасындағы қайшылық. Қазақтың... жалқау болатындығының себебі не? - деп сұрақ қояды да, өзі жауап береді: «Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді, әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады», - дейді. Жалқаулыққа, еріншектікке Абай еңбек қорлық идеясын қарсы қояды, өз ұлтының келешегін барлық халық болып жұмылып істеген баянды еңбектен күтеді. «Әуелі енер ізделік қолдан келсе, ең болмаса еңбекпен мал табалық», «Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес, Еңбектің будан езге бәрі жалған». Әркім өз еңбегімен күн көріп, еңбегінің жемісін жеп, оны мақтан етуі керек. «Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық. Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық» деп ой түйеді. Сол кездегі аса шиеленісіп тұрған мәселенің бірі - ұлттық сананың әділеттілікке ұмтылуы мен арызқойлықтың көбеюі арасындағы қайшылық болды. Халық санасына тереңдеп сіңе бастаған арызқойлық кесапаттың ел арасын бұлдіруден басқа берері жоқ екенін жанымен түсінген ақын:

«Қазақтың қайсысының бар санасы?

Қылт етерде дап-дайын бір жаласы.

Пысықтықтың белгісі - арыз беру,

Жоқ тұрса бес бересі, апты аласы» -

немесе:

«Барып келсе, Ертістің суын татып,

Беріп келсе, бір арыз бұтып-шатып», -

деп, арызқой жылпостарды аямай сынға алады. «Елді алып, Еділді алып өсіреді, ісіп-кебіп, қабарып келе жатып». Осы бір арызқойлық кесапатты Абай өзінің Қырық екінші сөзінде «Бұл күндегіге байлық та мақтан емес, ақыл, абырой да мақтан емес. Арыз бере білу - мақтан... Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, қаракеті де - осы» деп жазады. Россияға бағынғанға дейін қазақта арыз жазушы да, арызды қабылдап алушы да болмаған. Ол кездегі ел ішіндегі дау-шарлар қазақтың өзіне тән ағайыншылық, адамгершілік жолымен шешіліп отырған. Бұл жөнінде Абай Отыз тоғызыншы сөзінде біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Ол ел басы, топ басылары қалай десе, халық соған көніп, ағайындарының жақсылығын асырып, жамандығын жасырып, бәрінде бауырындай көріп, қамын жеген. Екіншісі - намысқор келеді екен. Аты аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен... «Ағайынның азары болса да, безері болмайды» деп, бір-бірімен келіседі, бірлеседі, берекелеседі екен», - дейді. Мұндай жағдайдың пайда болуының негізгі себебі - патшалық Россияның қазақ даласын қалай басқару туралы 1822, 1824, 1838, 1854, 1855, 1867- 68 жылдары шыққан заңдары мен ережелері және соларды іске асырудың зұлымдық тәсілдері еді. Бұл заңдар қыр қазақтарының санасында орыс мемлекетінде әділеттілік бар, заңдылық бар деген жалған үміт, жалған сенім тудырды. Үстірт қарағанда бұл заңдар сыпайы ғана «ереже», («положение») деп аталды. Шын мәнісінде қыр қазағын Россия империясының «әділ» заңына сендірудің зымиян әрекеті еді. Барлық ақиқат, әділеттілік, шындық ақ патшаның заңдарында деген жалған пікірге сенген аңқау, ақ көңіл қазақ құрсаулы қақпанға қалай түскенін байқамай да қалды. Міне, осыдан келіп арызқойлар, жалақорлар көбейді. Сол қақпанға түскен, жалған ойға иланған, бала мінезді қыр қазағы бірінің үстінен бірі арызданып, әділеттілікті уезд бастықтарынан, ояздан, ген.-губернаторлардан іздеп, Омбыға, Орынборға, Ташкентке шын-өтірігі аралас арыз жаудыратын болды. Абайдың сөзімен айтқанда: «Құтырды көпті қойып азғанасы, Арызшы орыс - олардың олжаласы. Бірде оны жарылқап, бірде мұны, Қуды унатты-ау, Семейдің бұл қаласы». Әділеттілікті іздестіруден туған бұл пиғыл бара- бара әдетке айнала бастады. «Арызшылар көбейді, болыстыңк... шөмейді, қайтсын байғұс демейді», - деп, уытты сөзімен түйреп өтеді. Ертеден келе жатқан «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы Майқы би», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген әдеттегі сананың қағидалары ұмытылып, орыс империясының заңдарын, ережелерін жергілікті пысықтар, белсенділермен бірге орыстың әкімдері (ояздар, майырлар, жандаралдар) өздерінің бас пайдасына икемдеді. Осы жағдайды жақсы түсінген Абай: «Орыс айтты өзіңе ерік берем деп, кімді сүйсең соны бек көрем деп, бұзылмаса бұған жұрт түзелген жоқ, ұлықтар жүр бұл ісіңді кек керем деп», - деп, орыстың заңдарымен таза ауамен дем алып, тұнық сумен шөл қандырып өскен дала халқының санасының уланып бара жатқанына қынжылады. Бұрын хаттан басқа ешкімге ештеме жазып көрмеген қазақтың арызқойлыққа үйрене бастағанына, «қазақтың қайсысының бар санасы», - деп ызаланады. Рушылдық, жалқаулық, арызқойлық, өтірік-өсек, мақтаншақтық, бақастық, надандық, залымдықты т. б. адамгершілікке, халықтың санасына жат, жағымсыз қылықтарды талдай келіп: «Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр, сұрамсақтар нәсібін тыя алмай жүр. Сәлем борыш, сөз қулық болғаннан соң, Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?» деп, «ашуланса ызалана алмай, күлсе қуана алмай» қасіреттенуі, қиналуы өз халқының тағдырына, салт-санасына әлем биігінен, өте жоғары моральдық сана тұрғысынан қарағандықтан туған күйзеліс. Абай өз елінің санасындағы қайшылықтарды ашып көрсету, кемістіктерін сынаумен бірге, оның жақсы жақтарын да сезе, түсіне білген. Халқының бала мінезділігіне, ақ көңілділігіне, қонақжайлылығына, ел, жер қорғаудағы ерлігіне қуанған, сүйсінген. Бұрынғылардың адалдығына, ақкөңілдігіне, аңқаулығына күлме, олардан үйрен деген ойды айта келіп: «Бала мінез ойыншы бұрынғылар. Аңқау екен, мазақтап соны сынар. Артқа қарап, ақпейіл шалға күліп, Абұйырсыз, атақсыз көрге құлар», - дейді. Абай қазақтың қиындық кезде (кісі өлімі, апатқа ұшырау т. б.) біріне-бірі тірек, тиянақ, көмекші болып, бауырласып, бірлесіп қайғыны азайтып, ауыртпалықты көтеріп кететін мінезіне, әдетіне, ағайыншылдығына іштей қатты ризашылық білдіріп: «Дүниелік көңіл тоқ, Ағайынға бауырмап. Тәкаппар жалға нанда жоқ, Айнымас жүрек, күлкің - бал», - деп қуанса, «Аты аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салады екен» деп халқының қазақ даласындағы кең мінезіне мейірленеді. Гуманист ақын халықтың мейірбандық, қайырымдылық ниетін, іс-әрекетін де жоғары бағалайды. Әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне нендей жақсылық, игілік ойласа, өзгеге де сондай жақсылық ойлау - адамгершіліктің ісі, - дейді. Қазақ халқының қанына сіңген көрінісі - қонақжайлылық. Алыс болсын иә жақын болсын, танысын, танымасын.бай болсын иә кедей болсын басқа жақтан үйге келген адамды, мейманды барымен қарсы алу, жақсы асын беру, жайлы төсекке жатқызу - қазақ халқының ежелден қанына сіңген салт-дәстүрлерінің бірі. Қазақтың осындай мейірбандығын, қонақжайлылығын 19 ғ-да қазақ даласына әртүрлі себептермен келген орыс, поляк халқының ойлы адамдары ізгі ниетпен, ілтипатпен ерекше атап өткен. Орыстың әйгілі тіл маманы В. И. Даль: «Қазақ жеріне өттің екен, әмияныңды қалтаңа салып қой. Жылтыратып тиын санап отырғаның бұл елдің әдет-ғұрпына ерсі», - дейді.

«Жер шарының белдеуін жағалай қазақтарды жайғастырса, жер жүзін бір тиынсыз айналып шығуға болады», - дейді қазақ жеріне жер аударылып келген поляк революционері А. Янушкевич. Қазақтың ақ көңілділігін, қонақ жайлылығын, соғыс өнеріне бейімділігін көзімен көрген, 20 ғ-дың басында Түркістанда болған пиғылы таза орыс генералы А. Суздальцев: «Қазақтар - сунит мұсылмандары. Әйелдері біршама еркін жүреді. Беттері ашық, ежет, өткір. Тілдері түрік, мінез-құлқы жағынан ең ұнамды халық. Кек сақтамайды, көп сөйлемейді, қонақжай. Сарттар сияқты жалтақтап, жарамсақтану оларға жат - ақкөңіл, сенгіш. Соғыс өнеріне аса бейім. Әрі ержүрек, жылқыны жақсы кереді және ең мықты шабандоздар», - деген («Қазақ әдебиеті», 6. 7. 1993). ы шығармаларында жиі кездесетін «қазақ» - «қазағым», «ел»-«елім», «жұрт»-«жұртым», «халық» -«халқым» деген ұғымдарды Абай әр түрлі контекстке, сез пайдалануға орай «ұлт», «ұлтым» деген мағынада қолданады. Мысалы, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»деген туындысын да бүтін қазақ ұлтын «бірлікке, берекеге, шын пейіл» бірлестікке шақырады. Жиырма бесінші сөзінде қазақтың қамын ойлаған Абай «қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек», - дейді. Әкесі Құнанбай туралы «Мұқым қазақ баласы. Тегіс ақыл сұрапты, Тобықтыны ел қылып, Басын жиып қурапты» дей келіп Абай бүтін қазақтың басын қосып, жаманын жасырып, жақсысын асырып, халқын алдыңғы қатардағы елдердің қатарына қосуды арман етеді. Қазақ халқын дүн.жүз. өркениетті елдер қатарына қосу үшін не керек? - деген сауалға жауап ретінде Жиырма төртінші сөзінде «Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллионнан аса қазақ бар». Қырық бірінші сөзінде «қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: әуелі - зор өкімет керек. Ол өкімет халықты білімге, ғылымға, өнерге, еңбекке жұмылдыруы қажет. Екінші - өкімет басындағы адам аса бай болу керек, ол өз байлығын, ел байлығын жас ұрпақты әділ де адал жолға салуға, мәнді іс атқаруға жүмсауы керек», - деп, келешекке бағыт сілтейді.

Ұлттық сананың ең негізгі белгісі - әр ұлттың өзін-өзі танып білуі, өзін өзге ұлттардан айыра білуі, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді іске асыру үшін күресу, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді бүкіл адамзаттың мақсаттары мен мүдделеріне ұштастыра білу. Өз ұлтының жетімсіздер, мешеулеу жағымен күресе отырып, ілгері дамыған ұлттардың жақсы, жағымды жақтарынан үйрену, дүн.жүз. гуманистік санаға жету. Қазақ ұлтының келешегін ойлаған Абай өзінің өмірлік мақсатын халықтың болашағымен байланыстырып, ұштастырып: «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ. Наданның көзін қойып, көңін ашпақ. Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ», -дейді. Халқының қамын ойлаған Абай: «Мазлымға жан ашып, ішің күйсін, қарекет қыл, пайдасы көпке тисін. Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін», - дейді. тұра, сананы байлық сана, кедейлік санаға бөлмейді, өйткені, бай мен кедейдің саналысы да, санасызы да, адамгершілігі бары да, жоғы да бар екенін жақсы біледі. Байды да, кедейді де еңбек етуге шақырады. Таптық көзқарасты дәріптемей «Қайран елі қазағының» қамын ойлайды. Абайдың дүниеге көзқарасындағы ұстаған негізгі принципі - «Адам бол». Ойшыл ақынның аңғаруынша көптеген адамдарда «адам» деген ат бар, бірақ, «Адам» деген зат жоқ. Сондықтан да Абай «Адам бол - бай тап, Адам бол мал тап, Қуансаң қуан сол кезде», «Бес нәрседен (өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, текке мал шашпақтық) қашық бол, Бес нәрсеге (талап, еңбек, ойшылдық, қанағат, рахым) асық бол, Адам болам десеңіз» деп, өз елін, келешек ұрпағын жалпы гуманистік рухқа, бірлікке шақырып, «Біріңді, қазақ, біріңді дос, көрмесең, істің бәрі бос», - дейді.

Информация о работе Улттық сана сезім