Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 16:16, реферат
Қазіргі кезде телекоммуникация өндірісінде және оның құрылғылары мен қызмет көрсету салаларында сымсыз ақпаратты тарату тораптары (CATT) үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Нарықта, оның көптеген сымсыз қосылу құрылғылары ұсынылады,білмейтін адамға олардың номенклатурасын және қолдануын түсіну қиынға соғады. Ол қарапайым локальдық сымсыз интерфейстен (Bluetooth, Home RF, UWB)басталып, глобальдық тораптар мен сымсыз компьютер желілерінің құрылғысымен (Wi-Fi, WiMAX, DECT, GSM) аяқталады. Жалпы алғанда,сымсыз байланыс тораптарын қолданудың 3 негізгі бағыты бар – жабық кеңседе жұмыс істеу, алыстағы локальдық тораптарды біріктіру және территорияда біркелкі орналастырылған сымсыз ақпаратты тарату торабы.