Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 20:51, реферат
Түркілік кезеңнің дүниетанымы абыздардың мазмұны мен атқарар қызметі аралас өнер үлгілері мен туындылары арқылы дəріптелген. Абыздар тəңірлік дүниетаным негізіне сүйеніп, қоғамдық санаға сол тұрғыдан бағыт-бағдар берген. Байырғы бақсылар табиғатқа жақын, ал өмірі оның сырларына толы, үндес болған. Күй атасы Қорқыт атанған абыз баба Тұранды жайлаған түркi халықтарының ой-санасында таза тəңірлік діннің өкілі болғанымен, түркi халықтары ислам дінін қабылдағаннан кейін, исламият əлеміне қоян- қолтық тікелей араласып кеткен.