Әдебиеттік шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 09:18, контрольная работа

Краткое описание

Экологиялық нормалау қоршаған ортаға ықпал етудiң экологиялық қауiпсiздiкке және халықтың денсаулығын сақтауға кепiлдiк беретiн, қоршаған ортаның ластануын болдырмауды, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететiн, ғылыми негiзделiп жол берiлетiн шектi нормаларын белгiлеу мақсатын көздейдi.

Содержание

Кіріспе
Ι Әдебиеттік шолу
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Нормативті-құқықтық және әдіснамалық қамтамасыздандыру
Қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативті регламенттерді басқару жобасының сұрақтары
Қоршаған орта сапасын бағалайтын нормативтер
2 Кәсіпорын туралы жалпы мағұлмат
2.1 Жұмыс жүргізілетін ауданның климаттық жағдайы
2.2 Геологиялық сипаттама
3 Атмосфералық ауаға әсері
3.1 Құрылыс кезінде кәсіпорынның қоқыс шығру көздері туралы қысқаша сипаттама
3.2 Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың тізімі
3.3 Құрылыс кезеңінде ПДВ нормативтерін анықтау және есептеу
3.4 Құрылыс кезеңінде атмосфераның зиянды заттармен ластануын есептеу нәтижелерін талдау
3.5 Санитарлық-қорғау аймағының сипаттамасы
3.6 Құрылыс үрдісінде атмосфералық ауаға келтірілетін зиянды әсерлерді азайту үшін ұсынылатын шаралар
3.7 Жер бетіндегі және жер асты суларын ластанудан және тартылудан қорғау
3.8 Жер телімін қалпына келтіру (рекультивация), топырақ құнарлылығын пайдалану
3.9 Кәсіпорын қалдықтарының қоршаған ортаға әсері
4 Эксперименттік бөлім
4.1 Қоршаған ортаның ластануынан келген зиянды алдын-ала есептеу
4.2 Құрылыс кезінде атмосфералық ауаның ластануынан келген зиянды алдын ала есептеу
4.3 Су тұтыну және канализация жүйелеріндегі есептеу жұмыстары
4.4 ШРК мөлшерлемелері бойынша ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом толығымен.doc

— 654.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны:

Кіріспе

Ι Әдебиеттік шолу

    1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау
    2. Нормативті-құқықтық және әдіснамалық қамтамасыздандыру
    3. Қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативті регламенттерді басқару жобасының сұрақтары
    4. Қоршаған орта сапасын бағалайтын нормативтер

2  Кәсіпорын туралы жалпы мағұлмат

2.1 Жұмыс жүргізілетін  ауданның климаттық жағдайы

2.2 Геологиялық  сипаттама  

3 Атмосфералық  ауаға әсері

3.1  Құрылыс  кезінде кәсіпорынның қоқыс шығру  көздері туралы қысқаша сипаттама

3.2  Атмосфераға  шығарылатын ластаушы заттардың тізімі

3.3   Құрылыс кезеңінде ПДВ нормативтерін анықтау және есептеу

3.4  Құрылыс  кезеңінде атмосфераның зиянды  заттармен ластануын есептеу  нәтижелерін талдау

3.5  Санитарлық-қорғау  аймағының сипаттамасы

      3.6 Құрылыс үрдісінде атмосфералық ауаға келтірілетін зиянды әсерлерді    азайту үшін ұсынылатын шаралар

3.7  Жер бетіндегі және жер асты суларын ластанудан және тартылудан қорғау

3.8  Жер телімін қалпына келтіру (рекультивация), топырақ құнарлылығын пайдалану

3.9  Кәсіпорын  қалдықтарының қоршаған ортаға әсері

4 Эксперименттік  бөлім

4.1 Қоршаған  ортаның ластануынан келген зиянды  алдын-ала есептеу

      4.2 Құрылыс кезінде атмосфералық  ауаның ластануынан келген зиянды    алдын ала есептеу

     4.3 Су тұтыну және канализация  жүйелеріндегі есептеу жұмыстары

     4.4  ШРК мөлшерлемелері бойынша ұсыныстар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

Ι Әдебиеттік шолу

 

Экологиялық нормалау қоршаған ортаға ықпал етудiң экологиялық  қауiпсiздiкке және халықтың денсаулығын  сақтауға кепiлдiк беретiн, қоршаған ортаның ластануын болдырмауды, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететiн, ғылыми негiзделiп жол берiлетiн шектi нормаларын белгiлеу мақсатын көздейдi.   Экологиялық нормалаудың негiзгi мiндеттерiне:

  • Экологиялық нормаларды белгiлеу және олардың адам денсаулығына, табиғи ресурстарды қорғауға, молықтыруға және ұтымды пайдалануға ықпалын анықтау;
  • қоршаған ортаға зиянды әсердiң жол берiлетiн шектi шамалары мен деңгейлерiн белгiлеу кiредi. 

Қоршаған орта сапасының белгiленген нормативтерiн асыра көрсетуге немесе оларды уақытша және төмендетiлген нормалармен алмастыруға жол берiлмейдi. Нормативтер шамаларын аумақтардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты қатаңдату жағына қарай өзгертуге жол берiледi. Бекiтiлген экологиялық нормативтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады, жариялануға және еркiн таратылуға тиiс.

Экологиялық нормативтердiң  негiзгi түрлерiне:

  • Қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шоғырлану нормативтерi;
  • қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтерi;
  • Шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi;
  • Радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi;
  • Агрохимикаттарды ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында қолданудың жол беруге болатын шектi нормалары;
  • Қорғау, санитарлық-қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтарының нормативтерi;
  • Зиянды (ластағыш) заттарды шығарудың, тастаудың үлес нормативтерi;
  • Қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi жатады [1].

 

    1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

 

Қоршаған орта сапасының аймақтық мақсат критерилері  негізінде кәсіпорындар ең жақсы  және экологиялық жағынан тиімді тазалау технологияларын таңдаулары керек. Өндірістің анықталған салаларына эмиссиялардың үлестік нормативтері белгіленеді. Әрбір нақты кәсіпорын үшін эмиссияларға шектеулер қоршаған орта сапасының мақсат критерілерін, ең жақсы тиімді технологияларды ескере отыра қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) барысында анықталады. ҚОӘБ шектеуінде құрылатын немесе қайта құрылатын нысанның жұмысы ауа және су бассейндерінің сапа көрсеткіштері деңгейіне сәйкес келетіні расталуы керек, ол болмаған жағдайда жалпы республикалық нормативтерге сүйенеді. Заманауи математикалық үлгілерді қолдану арқасында қоршаған орта нысандарын аса қауіпті заттармен ластануын нормалайтын мүмкіндік бар. Мақсат критерилер (негізінен су объектілері) Еуропа елдерінің мысалында эталонды бөліктерге сүйене отыра (едәуір таза) бекітілуі мүмкін. Мақсат критерилер қабылданбаған аймақтар жалпы республикалық нормативтер негізінде жұмыс істеуі қажет. ШРК мәні де соңғы мақсат критерии түрінде болуы керек және белгілі-бір жобада барлық территорияларда қол жеткізілуі шарт, мұнда адамдар күнінеі 8-12 сағаттан артық бола алады

Негізгі үлгі ретінде қауіпті  бағалауда әдіснамалық ұсыныстарды  қолдану келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

    • Қоршаған орта сапасының мақсат критерилерін дамыту;
    • Эмиссияларға лимиттерді анықтау;
    • Адам және тірі табиғат үшін ластану эффектісін болжау;
    • Өндірістік нысандарды қауіптілік деңгейі бойынша жіктеу.

Өндірістегі лимиттер эмиссияларды тікелей және жанама бақылау  мүмкіндіктеріне сәйкес, (мысалы зертханалық  немесе нақты есептеу әдістерінің болуы) шектеулі заттар тізімі бойынша бекітілуі тиіс [2].

Қазақстанның БӘСҰ және Еуроодаққа  жақындауымен Қазақстанда құзырлы  органдар бекіткен нормативтер (дала) түседі. Бұл нормативтер жеке кәсіпорындарда сонымен қатар бүкіл аймақ бойынша да басты рөль атқарады. Жобалау кезінде қоршаған орта әсерді бағалау жұмыстары ШРЛ және ШРТ нормативтердің қатысуымен жүреді. Одан басқа кәсіпорынның қызмет аспектілері тағы да қоршаған ортаның ластануына жыл сайын рұқсат беру кезінде қарастырылады. Кәсіпорындар аса көлемді және шығынды тастауларды үнемі дайындап отыруға мәжбүр, ал қоршаған орта және территориялық саласындағы органдар тиімділігі төмен жұмыспен отырып басқа басқару мәселелеріне бас тартуларына тура келеді. Осы кезде қайталанып отыратын рұқсат беру іс шаралары басқару шешімін табады, ал табиғат пайдаланушы мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынастарға алып келеді. ҚОӘБ құжаттарында тастаулар, лақтырындылар, қалдықтар нормативтерін анықтайтын материалдар болуы керек. Өндіріс көлеміне ең жақсы отандық және шетелдік үлгілерді таңдау және жобалық баб қорғау іс-шараларын орындау кезінде қолданылатын техника мен технологияларға тәуелді эмиссиялар (нормативтер) көлемінің яғни жылдар бойынша анықталуы керек.

ҚОӘБ құжатын кәзіргі  заңнамаға сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама қарастырады, бұл тексеру негізінде экологиялық сараптаманың қорытындысы беріледі. Мемлекеттік экологиялық сараптама оң қорытынды берген жағдайда табиғат пайдаланушыларға рұқсат беріледі. Бұл рұқсаттың заңды күші техникалық және технологиялық көрсеткіштердің өзгерісіне дейін сақталады, бұл өзгерістер жағдайында қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуді қажет етеді.

Аймақтық экологиялық  бағалау және бағдарламалық құжаттардың стратегиялық бағасын беру жұмыстарын мақсатты түрде дамыту, жергілікті өнеркәсіптің кішігірім кәсіпорындарына қатынасты экологиялық талаптарды жеңілдету және оларды бақылауды жергілікті үкімет органдарына беру керек.

Қазақстанда басқа да ТМД  елдеріндегідей эмиссиялар нормативтерін  есептеу және ҚОӘБ–мен қатар мемлекеттік экологиялық сараптама да жургізіледі. Дамыған елдерде бұл үрдістер бірге жүргізіледі – ҚОӘБ және эмиссиялар нормативтерін есептеу және рұқсаттар беру мен экологиялық сараптама бір үрдіске біріккен. Бұл сұрақ бойынша нормативті-құқықтық құжаттарға белгілі бір өзгертулер еңгізілген. Экологиялық кодексте кәсіпорындар өндіріс күрделілігі және қоршаған ортаға әсер ету деңгейі бойынша 4 топқа жіктелген. Әр бір кезектегі топ үшін экологиялық рұқсатты беру реті қысқара туседі. Төрт топ үшін ҚОӘБ қоршаған орта қорғау жоба бөлімімен щектеледі, ал экологиялық рұқсатты декларация негізінде алады. Одан басқа ҚР ПМ 30м. 2009ж берген бұйрығы бойынша қарастыру және оңтайландыру үшін сараптамалық топ жұмысы жалғасып келеді. Сонымен ұсынылды:

-   ҚОӘБ кезеңдерін азайту (3кезеңге дейін) қоршаған ортаны қорғау  саласында жұмыстар мен қызмет көрсетулерге лицнзиялау жүргізуді алып тастау.

- Нысан категориясына  байланысты мемлекеттік экологиялық  сараптамасын жургізу мерзімін  қысқарту (2 есеге дейін);

- Бірінші және  екінші категориядағы нысандары  бар табиғат пайдаланушыға қоршаған  орта эмиссияларға рұқсат алу  үшін құжаттар тізімін азайту;

         - Қоршаған ортаға эмиссия рұқсатын алу үшін тапсырыстарды қарастыру мерзімін азайту;

Ең соңында  барлық рұқсат беру ісі мынаған келу керек. Кәсіпорын экологиялық рұқсат алу үшін тапсырыс береді (электрондық үкімет ресурстарын қолдана отырып). Құзырлы органдар бұл тапсырысты қарастырады, керек жағдайда бұл материалдарды экологиялық сарапшыларға немесе басқа да мемлекеттік органдарға жібереді. Көптеген дамыған елдердегідей құзырлы органның ішкі жұмысына кіруі керек [3]. 

Экологиялық жағдайдың  одан әрі нашарлауының  нақты  және ықтимал қаупінің алдын алуға  бағытталған шаралар кешені жүргізілді. Рұқсаттар беру кезіндегі эмиссиялар лимиттерін белгілеуге талаптар күшейтілді. Өндірістік экологиялық бақылау рөлі, оларды жургізу үшін табиғат пайдаланушылардың жауапкершілігі арттырылды. 

Экология кодексіне  сәйкес, эмиссияларға рұқсат алу өтінімдерін  қарау, сондай ақ табиғат пйдаланушылардың нақты орындау мерзімі мен  кепілді қаржыландыруы көрсетілген техникалық және ғылыми зерттеу шаралары бар табиғат қорғау іс шараларын келісу кезінде қоршаған орта нормативтік көрсеткіштерін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жургізілуде.

Табиғат қорғау іс шаралардың жоспарын іске асыру ластаушы заттардың шығарындыларының мөлшерін 2009 жылы  (2,653 млн.тонна )   2008 жылмен салыстырғанда (2,794 млн. тонна) 141 мың  тоннаға, ал 2007 жылмен салыстырғанда (2,943 млн. тонна) 290 тоннаға төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге республика аймақтарындағы техногендік жүктемені төмендету және экологиялық жағдайды жақсарту саясатын іске асыру барысында жыл сайын рұқсат етілген эмиссиялар мөлшері азаю үстінде. 

2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы қоршаған ортаға рұқсат етілген эмиссиялар мөлшері:

  • Ластаушы заттардың шығарындылары бойынша 3,3 млн. тоннадан  3,1 млн. тоннаға дейін немесе 6,1 пайызға;
  • Ластаушы заттардың төгінділері бойынша 2,9 млн. тоннадан 2,85 млн. тоннаға дейін немесе 1,8 пайызға;
  • Қалдықтарды орналастыру бойынша 1190,3 млн. тоннадан  907,365 млн. тоннаға дейін немесе 22 пайызға төмендеді.

Қоршаған орта эмиссияларға рұқсат беру өтінімдерін  қарау  кезінде бұған дейінгі  белгіленген табиғат қорғау іс шараларының  орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын, қоршаған орта эмиссиялардың рұқсатын алған соң және табиғат қорғау іс шараларының жоспары бекітілгенннен кейін, көп жағдайда табиғат пайдаланушылар эмиссиялар көлемін ұлғайту бойынша эмиссиялар нормативтері жобаларына бірнеше рет түзетулер енгізілді [4]. 

 

    1. Нормативті-құқықтық және әдіснамалық қамтамасыздандыру

1. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар, «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» және «Климат және озон қабатын қорғау туралы» заңдар жобасы әзірленген. Республикалық семинарда экологиялық  сараптама сұрақтары бойынша материалдар дайындалды ( 12 мамыр 2000 жыл), онда Министрліктер мен қоршаған ортаны қорғау облыстық басқармаларының мамандары қатысуымен нормалау жүйелері және оны оңтайландыру жөніндегі сұрақтар талқыланды.

2. Қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативті-құқықтық актілер, әдіснамалық құжаттар тізімі дайындалды, сонымен қатар (25 нормативті-құқықтық және әдіснамалық құжаттар) олардың жұмысын тоқтату тізімі әзірленді.

3.  Есептеу мерзімі аралығында бөлімшеге 265 хат түсті, оның ішінде құжат жобалары және нормативті актілер.

    • Облыстық, қалалық басқармалар мен қоршаған ортаны қорғау қорларына 174 әртүрлі әдіснамалық сипаттағы сұраныстарға жауап жіберілді;
    • Әртүрлі министрліктер, ведомстволар 21 әдіснамалық құжат жобаларына және 19 нормативтік-құқықтық актілеріне түйіндер дайындалды және берілді.

1.95 әртүрлі ұйымға  табиғат қорғау жобасын және  нормасын әзірлеуге уақытша рұқсаттар берілді, 38 лицензияны басқа да құзырлы органдар беретін болды.

2. Жер қойнауын  пайдалануға 97 жоба қарастырылып, келісілді. 

3.4 нұсқаулық  ұсынылып, бекітілді:

    • Атмосфераға ластаушы заттардың шекті рұқсат лақтырындыларын (ШРЛ) нормалау нұсқаулығы;
    • Су объектілеріне шекті рұқсат тастауларды (ШРТ) нормалау нұсқаулығы;
    • Лақтырынды көздерін инвентаризациялау нұсқаулығы;
    • Жер беті суларын жылулық ластағаны үшін төлемдерді анықтау нұсқаулығы.

4. «Белгіленген  шаруашылық қызметтің қоршаған  ортаға әсерін бағалау бойынша нұсқаулық » жобасына қоршаған ортаны қорғау облыстық басқармалары мен қызығушылық білдірген ұйымдардың ескертулерін, «Жер беті суларын қорғау ережелерін» ескере отыра алдын-ала түйін дайындалды  [5]. 

Информация о работе Әдебиеттік шолу