Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Июня 2015 в 16:48, реферат
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни әлеуметтік тапсырыспен жүзеге асады және адамдардың өмір тіршілігі үрдісінде пайда болған әлеуметтік проблемаларды шешуді ойластырады. Іргелі әлеуметтанулық зерттеулермен әдетте, университет ғалымдары шұғылданады, ал бірқатар елдерде ғылыми зерттеу институттары айналысады. Әлеуметтанушылардың мұндай еңбектерінің мамандануы зерттеулерді жүргізуге әлеуметтік тапсырыстардың пайда болуы мен кеңінен тарауына байланысты АҚШ-та XX ғасырдың 30-жылдарында пайда болған.
XX ғасырдағы әлеуметтану
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни әлеуметтік тапсырыспен жүзеге асады және адамдардың өмір тіршілігі үрдісінде пайда болған әлеуметтік проблемаларды шешуді ойластырады. Іргелі әлеуметтанулық зерттеулермен әдетте, университет ғалымдары шұғылданады, ал бірқатар елдерде ғылыми зерттеу институттары айналысады. Әлеуметтанушылардың мұндай еңбектерінің мамандануы зерттеулерді жүргізуге әлеуметтік тапсырыстардың пайда болуы мен кеңінен тарауына байланысты АҚШ-та XX ғасырдың 30-жылдарында пайда болған.
Қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулер көптеген елдердегі әлеуметтанушылардың кызметінің басым түрі болды. Алайда 80-жылдары Батыс Еуропада, әсіресе АКШ - та әлеуметтанушыларды бір-бірінен әлеуметтанудың объектісі мен пәнін талдау тұрғысынан, ғылым ретінде әлеуметтанудың әдістерін түсіндірумен ерекшеленген әлеуметтанудың бағыттарын ықпалдасу үрдісімен байланысты әлеуметтану теорияларын дамыту проблемаларын дайындау қызықтырды.
Өздері жасаған зерттеу дәстүрінің шеңберінде жұмыс істеуші әлеуметтанушылардың тобын әлеуметтанудағы кең мағынадағы қайсыбір мектеп ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтанудағы тар мағынадағы мектеп дегеніміз ортақ дәстүрі бар және сәйкес институттың формасы бар зерттеу тобын айтамыз. Эмпириялық (эмпирия — тәжірибе деген мағынаны береді) әлеуметтанудың Чикаго мектебінде ертеректе қалыптасқан зерттеу кызметінің дәстүрі орныққан және сол елдің, кейін бүкіл дүниежүзі әлеуметтанушыларының кызметіне үлкен ықпал еткен XX ғасырдың бірінші жартысында әмір сүрген университеттің ерекшелікті бөлімі іспетті болды.
1. XX ғасырдың бірінші жартысындағы
әлеуметтанудағы эмпиризм мен
әлеуметтік теориялар және
XX ғасырдың әлеуметтануы
20-30-жылдардан бастап 2000 жылға дейінгі
уақытты қамтиды, яғни қоғамның
дамыған индустриализм
Әлеуметтану ғылымында әр түрлі ілімдер дүниеге келді, оның бірін позитивтік - сциентикалық теориялар толтырса, екіншілерін позитивтік танымға балама тенденцияны көрсететін сапалы стиль ілімдері байытты. Олардың арасында қиыстырылған және аралас түсіндірме шеңберінде синтез орын алған.
Теориялық - методологиялық көп пікірлік батыс әлеуметтануында әр түрлі бағыттардың қалыптасуына себепші болды, олардың әрқайсысы әлеуметтанудың пәні жөнінде өз мағлұматын берді және керекті мәлімет пен нәтиже алу үшін қолданылатын зерттеу әдістерін жасақтады.
Әлеуметтанудың даму кезеңдеріне сәйкес сол кезеңдерді сипаттайтын және кеңінен танымал болған бағыттар қалыптасты, атап айтқанда, эмпиризм бағыты (20-40 жж.); теориялық-әдістемелік құрылымдарды күшейту бағыты (40 ж. екінші жартысы - 60 ж.); теориялық пен эмпириялық зерттеулерді біріктіру, теорияны жаңа деңгейге көтеріп, әлеуметтану дамуында түбірлі жаңа тенденцияларды табуға ұмтылған бағыт (казіргі кезең, 1970-2000 жж.). Теориялық - методологиялық кеп пікірлік жағдай сонымен катар әлеуметтанушылардың кәсіби кызметінің ұлғаюымен қабаттаса жүрді және әлеуметтану зерттеулерінде жаңа тұрғыдағы әдістер мен техникалар кептеп пайда болды.
Осы тұрғыдан қарағанда XX ғасырдағы негізгі әлеумет танымдық тенденциялардың бірі — ол эмпириялық әлеуметтанудың дамуы болып табылады. Бұл тенденцияның мәні - нақтылы әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға байланысты сауалнама, әлеумет танымдық байқаулар, тәжірибелер жасау сияқты арнаулы әдістерді арнайы зерттеулерде қолдану. Мұндай зерттеулер 20-30-жылдарда әуелі АҚШ-та, содан кейін басқа да елдерде белсенді түрде жүргізіле бастады. Экономикалық жағынан дамып, тез әлеуметтік прогреске бағыт алған коғам кептеген нақтылы проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін эмпириялық әлеумет танымның жетістіктеріне көңіл аударудан бас тарта алмады. Қоғамдық өмірдің нақтылы проблемалары жөніндегі әлеуметтанушылардың еңбектері коғамның да және ғылым ретінде әлеуметтанудың да ашылғалы тұрған мүмкіндіктерін жаңа қырынан көрсетіп отырды. Сонымен бірге XX ғасырдың басында жүргізілген эмпириялық зерттеулер кеп ретте жетілмеген, бытыраңқы болды, оларды дайындау мен еткізудің жасақталған методологиясы мен әдістемесінің болмағандығы да рас. Сол кездегі қалыптасқан әлеумет танымдық теориялар мұндай зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бере алмады, себебі олар кең көлемдегі тарихи - эволюциялық схема сипатында ғана болған еді. Ал бұларды шағын деңгейде тексеру шын мәнінде мүмкін болмады. Дегенмен де, эмпириялық тенденцияның дамуына кедергі жасауға болмайтын еді. Ал, мұның негізгі себебі - әлеуметтану принципті түрде басқа кызметке — өндіріс аясына шығып, сол саланы да қамтитын ғылымға айналды. Ірі өнеркәсіптік әлеуметтанудың іргетасы қаланды. АҚШ оның орталығына айналды.
Басқа елдермен салыстырғанда әлеуметтану зерттеулерінің көбірек дамыған елі - АҚШ болды. Егер де XIX ғасырда әлеумет танымдық ойдың орталығы Батыс Еуропа болды десек, ал XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап дүниежүзілік әлеуметтанудың орталығы АҚШ ауысты. Ғылымтану ілімінің тұрғысынан қарастырсақ, кез келген ғылымның пайда болып, аяғынан нық басып кетуі ең алдымен оның ішкі және сыртқы институт тындырылуына, яғни әлеуметтік институттардың барлық қасиеттеріне ие болуына байланысты.
Бұл процесте әрқайсысы дәйекті түрде институттандыру ісін тереңдететін бірнеше сәттерді атап көрсетуге болады:
1) белгілі бір
ғылым саласы бойынша
2) арнаулы мерзімдік басылымдардың болуы;
3) ғылыми пәндердің
мәліметтерін түрлі оқу
4) сөз болып отырған
білім салалары бойынша
5) осы білім пәндері
бойынша жұмыс жасайтын
АҚШ-тағы әлеуметтанудың біркелкі жақсы дамуына бір-бірімен байланысқан екі жағдай:
1) жоғарыда келтірілген
институт тандырудың бес
2) нақтылы, эмпириялық
әлеуметтік зерттеулердің
Бұл елдегі әлеуметтану әуел бастан-ақ беделді университеттік ғылым ретінде қалыптаса бастады. 1901 жылы әлеуметтану оқу курсы ретінде 169 университет пен колледждерде оқытылды, ал 80-жылдардың аяғында бұлардың саны 250-ге жетті. АҚШ-тағы әлеуметтану әуел бастан қолданбалы эмпириялық ғылым ретінде орнықты. 1910 жылдың өзінде бұл елде 3 мыңнан аса эмпириялық зерттеулер жүргізілсе, ал қазір бұл көрсеткіш екі еседен асты.
XX ғасырдың басынан бастап
ірі өнеркәсіптік әлеуметтану
АҚШ-та да пайда бола бастады.
Бұл елдегі өнеркәсіптік
ЕҒҮ жүйесі әдетте еңбектік операциялардың толық сараптамасын, артық және икемсіз қозғалыстарды аластату, енбектің оңтайлы әдістерін анықтап, оларды автоматтандыруға дұрыс жеткізу, жұмыс айналымының қатаң тәртібін, еңбек және демалыс элементтерінің ауысуын, т.с.с. қарастырады. Өндірісті ұтымды басқару әз кезегінде мына шараларды жүзеге асыруды:
— өндірісте қатаң тәртіп орнату мен қадағалауды;
— кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыруды;
— жүмысшылардың біліктіліктерін арттыру және кызмет бабында көтерілуін;
— олардың өндірістегі материалдық мұқтаждықтарын жіктеу негізінде (яғни әр түрлі деңгейде белгілеу), еңбек нәтижесіне байланысты жалақы беруді және т.б. жүзеге асыруды қарастырады.
Тэйлор ендірісті басқаруда ешқандай филантропия, яғни адамдарды сүюшілік, қайырымдылық, көмекке мұқтаждарға көмектесу болмауы тиіс деп санады. Әр адам өзінің сәттілігіне өзі жауап беруі тиіс. Енбек процесі қажетті түрде тиімді, ал әнім шығару нормалары жоғары болуы керек. Кім нормаларды орындамаса, басқалардан жалақыны кем алады. Жұмысшының жалақысы оның жеке басының өндіріске қосқан үлесіне сәйкес болуы керек деп есептейді. Бұл тұжырымдама бойынша адам механизмнің тек қосағына айналды.
Конвейерлі тасымалдық деген қисын осыған негізделген. Адам мен оның өндірістегі орны жөніндегі мұндай ұғымды Э. Мэйо жоюға тырысты. Мұның өзі адамға деген басқаша көзқарастың — «адамдық» деп Мэйо атаған жана әлеуметтік қатынастардың пайда болып, қалыптасуына негіз қалап қана қойған жоқ, сонымен бірге еңбек өнімділігінің өсуіне мүмкіндік тудырады, Мэйо осыны дәлелдеп бақты. Өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы қатынастарды Мэйо бригада деп атады да, бригадалардың өз ішіндегі қатынастарды ол «адамдық қатынастар» деп бағалады, себебі бұл қатынастар адамдардың бірін-бірі ұғынуға деген ұмтылыстарына негізделген.
Хоторн қаласында қолданылған тәжірибесінің басты міндеті — өндірістің тиімділігін арттыру бағытындағы қосымша факторларды іздестіру болды. Еңбек өнімділігіне ықпал жасайтын көптеген факторлардың ішіндегі ең бастысы — еңбек процесінің психологиялық және әлеуметтік - психологиялық алғышарттары екендігін Мэйо тәжірибесі дәлелдеді. Өндірістің өнімділігін арттыру үшін тек материалдық қана емес, сонымен қатар психоз әлеуметтік ынталандыру қажет, олар:
- жағымды моральдық ахуал;
- жұмысшының мүдделерімен санасу;
- оның жұмыспен қанағаттануы, т.б.
Осы тәжірибенің негізінде пайда болған «адамдар арасындағы қарым - қатынастар» теориясының методологиялық негізін мынандай принциптер құрайды:
- адам басқа
адамдарға бағытталған және
- адам табиғаты
қатал басқарушылық және
- өнеркәсіп
басшылары өз қызметін
- егер жеке адамдарды көтермелеуді топты, ұжымды көтермелеумен қатар жүргізсе, бұған қоса экономикалық тартымдарды әлеуметтік - психологиялық тартымдармен қосарлап отырса, сонда ғана еңбек өнімділігі неғұрлым тиімдірек болады.
Мэйоның зерттеулері бригада мүшелерінің топқа бірігуге тілек білдіретіндігін, солай ете тұра олар әздерін ерікті ұстағысы да келетіндігін көрсетті. Мэйо адамдардың белгілі бір қауымдастыққа бірігуге деген ұмтылысын «социабильность» («әлеуметтік орын ауысу») сезімі деп атады. Демек, өндірісте мұндай орын ауысушылық құрылымдарды жасауға, яғни қызметкерлердің маңызды шешімдерге әздерінің де қатысы барлығын сезіне білуіне ұмтылдырады. Мінеки, таза пайдалылық сипаты бар және біраз экономикалық әрі әлеуметтік тиімділік әкелген Мэйо қорытындыларының бірі осындай. Сонымен, өнеркәсіптегі эмпириялық зерттеулер — әлеуметтік – психологиялық факторлардың үлкен рөл атқаратынын және олар әлеуметтанудың кең мүмкіндіктерін ашып, бұл ілімнің өндіріс орындарының кызметіне белсенді түрде енгізілуіне түрткі болғандығын көрсетті. Бірыңғай тәжірибелік зерттеулердің артуы теориялық әлеуметтануға бір жағынан зиянын да тигізді. Дегенмен, бұлай болу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін емес еді.
Қоғамды зерттеу жұмысының ішінде методология мен теория проблемалары өздерінің лайықты орнын таба бастаған уақыт туды. Әлеуметтанудағы эмпириялық зерттеуді теориялық зерттеумен біріктіру идеясын Р. Мертон өзінің «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» деген еңбегінде өзекті мәселелердің бірі етіп қойды. Оның пікірінше, бұларды біріктірудің «алтын ғасыры» басталды. Р. Мертонның идеялары эмпиризмнің баса-көктеуіне қарсы, зерттеушілерді теориялық ізденістерге қатыстыруға бағытталды. Теориялық зерттеулерге П. Сорокиннің (1889— 1968 жж.) методологиялық және теориялық тұжырымдамалары да ықпал етті. Бұл белгілі әлеуметтанушы ғалым алғашқы маңызды еңбектерін Ресейде, кейін АҚШ жазды. Оның көптеген ғылыми еңбектері халықаралық деңгейде мойындалған еді. Солардың арасында «Революция әлеуметтануы», «Қазіргі әлеуметтанулық теориялар», «Әлеуметтік және мәдени мобильдік», төрт томдық іргелі шығарма: «Әлеуметтік және мәдени динамика» және т.б. бар.
«Әлеуметтану жүйесі» атты туындысында П. Сорокин әлеуметтанудың ғылыми принциптерін жан - жақты, толық етіп баяндайды. Оның пікірінше, әлеуметтану ғылым ретінде жаратылыстану ғылымдарының типі сияқты құрылуы тиіс. «Табиғат туралы ғылым» мен «мәдениет жөніндегі ғылымды» бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. Өйткені басқа ғылымдардың зерттеу объектілері әр түрлі болғанымен олардың бұл объектілерді зерттеу әдістері бірдей. Әлеуметтану дүниені зерттегенде өзгеріссіз, сол қалпында қарастыруы қажет. Кез келген нормативизм, яғни ғылымға адамгершілік және басқа да субъективтік нормалар тұрғысынан қол сұғулар әлеуметтанудан біржола аластатылуы керек. Бұл тұрғыдан алғанда шындық, қайырымдылық, әділеттілік және т.б. сол сияқты принциптер мен нормалардан бөлінуі тиіс. Әлеуметтану «объективтік пән» болуы керек, яғни адамдардың объективтік өлшеуге және зерттеуіне қолайлы нақты өзара әрекеттерін қарастыруы қажет. Әлеуметтану тәжірибелік және нақты ғылым болғысы келетіндіктен кез келген философиялық, құрғақ ой түріндегі пайымдаулардан, ғылымда дәлелденбеген құрулардан бас тартуы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда жақсы жасалған статистикалық диаграмма қандай да болсын әлеуметтік – философиялық трактатқа тұрарлық. Философиялық пайымдаудан алшақтау — монизм идеясынан да, яғни кез келген құбылысты қайсыбір бастауға апарып қоса салудан да бас тарту болып саналады. Монизмнің орнына П. Сорокин табанды әлеуметтанулық плюрализмді ұсынды.