Полиандрия мен полигамия неке

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 13:07, реферат

Краткое описание

Полиандрия (поли… және грек. аndros — ер, еркек) — көп күйеулілік, бір әйелдің бірнеше ері болуы. Полиандрия топты некенің сирек кездесетін сарқыншағы. Алеуттер мен эскимостардың кейбір топтарының арасында 19 ғ-ға дейін сақталып келді. Тибет пен Үндістандағы кейбір этногр. топтарда Полиандрияның “ағайындық” (Тибетте) және “жаттық” (Үндістанда) түрлері 20 ғ-ға дейін жетті.

Вложенные файлы: 1 файл

полиандрия.doc

— 25.00 Кб (Скачать файл)

Полиандрия (поли… және грек. аndros — ер, еркек) — көп күйеулілік, бір әйелдің бірнеше ері болуы. Полиандрия топты некенің сирек кездесетін сарқыншағы. Алеуттер мен эскимостардың кейбір топтарының арасында 19 ғ-ға дейін сақталып келді. Тибет пен Үндістандағы кейбір этногр. топтарда Полиандрияның “ағайындық” (Тибетте) және “жаттық” (Үндістанда) түрлері 20 ғ-ға дейін жетті.

 

Полигамия, полигамды жануарлар (поли... және gamos — неке) — жануарлар арасында кездесетін жыныстық қатынастың түрі. Полигамды жануарлар 2 топқа бөлінеді:

  1. полиандрия — көбею кезінде бір аналық дарабастың бірнеше аталық дарабаспен шағылысуы. Бұған су түбіне жақын тіршілік ететін балықтардың көпшілік түрлері, үшоймақ шалшықшы, қалытқы балшықшы, аққұйрық құмдауық, алқалы татрең, келтеқұйрық тауқұдірет, т.б. жатады. Бұл құстардың мекиендері 4 рет жұмыртқа салады, оларды бірнеше қораз жеке-жеке шайқайды. Ал нанду мен тинамудың бірнеше мекиені салған ұядағы жұмыртқаны бір ғана қораз шайқайды. Полиандриялы жануарлардың аналықтары аталықтарына қарағанда әдемі әрі ірі болады, ұрпақтарына қамқорлықты тек аталықтары жасайды;
  2. полигиния — көбею кезінде бір аталық дарабастың бірнеше аналық дарабаспен шағылысуы. Бұл құбылыс шоғыр құрып тіршілік ететінторғайтәрізділерде, қолқанаттыларда, кеміргіштерде, төменгі сатыдағы аңдарда байқалады. Үйір құрып тіршілік ететін жануарлардың кейбір түрлерінде аталығы күйіт кезінде маңына бірнеше аналығын жинайды да, күйіт қайтқан соң үйір тарқап кетеді. Мысалы, тауықтәрізділер, ескекаяқтылар, тұяқтылар (ақ бөкен, қарақұйрық, арқар, т.б.).

Кейбір  топтанып тіршілік ететін жануарлардың үйірі (бір аталық, бірнеше аналық) тұрақты болады. Оған викунья, зебр, кашалот, құлан, т.б. жатады. Полигиния тобындағы құстар мен сүтқоректілерде жыныстық диформизм жақсы байқалады. Бұл топқа жататын жануарлардың аталықтары ірі әрі реңді келеді, аналықтары үшін аталықтарының арасында үлкен бәсекелестік болады.

  • Полигамия (поли… және грек. gamos — неке) — көп некелік. Полигамия көп әйел алуды білдіретін атау ретінде де қолданылады.

 

 


Информация о работе Полиандрия мен полигамия неке