Социология ғылымының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 23:03, реферат

Краткое описание

Алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық құбылыстар мен үдерістерді түсіндіру көбіне мифтік сипатта болды да, әлеуметтік қатынастарды философиялық тәсілдермен талдаудың алғашқы элементтері Ежелгі Египетте, Қытайда, Индияда, антикалық Грекияда және т.б. ертедегі мемлекеттерде басталды.
Ғылымдар атасы философия тарихында әлеуметтанудың бастауын танытатын толып жатқан әлеуметтанулық ойлар дүниеге келді. Оларды дамытуға елеулі үлес қосқан сол кездің Конфуций, Сократ, Платон, Аристотель сияқты ғалымдардың әлеуметтік философиясы туралы ойлары теориялық әлеуметтанудың тууына алғышарт дайындады.

Содержание

Кіріспе. Социология туралы алғашқы түсініктер.
Негізгі ой. Социологияның ғылым ретінде қалыптасуы, социологияның негізін қалаушылары.
Қорытынды.

Вложенные файлы: 1 файл

баяндама социология.docx

— 37.01 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының білім  және

ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік  техникалық университеті

 

 

                                                                                    Кафедра: Социология

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА



 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Социология ғылымының  тарихы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Бужкенов С.

ВТ-13-1

Тексерген: Қазбеков

Қарағанды 2013

Жоспар:

  1. Кіріспе. Социология туралы алғашқы түсініктер.
  2. Негізгі ой. Социологияның ғылым ретінде қалыптасуы, социологияның негізін қалаушылары.
  3. Қорытынды.

 

Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылық-тары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Қандай ғылым болса  да қоғамдық қажеттіліктен туатыны  белгілі. Әлеуметтанудың да пайда болуының, дамуының, қалыптасуының өзіндік  алғышарттары тікелей қоғам туралы ой-тұжырымдармен байланысты болды.

    Алғашқы қауымдық  құрылыста қоғамдық құбылыстар  мен үдерістерді түсіндіру көбіне  мифтік сипатта болды да, әлеуметтік  қатынастарды философиялық тәсілдермен  талдаудың алғашқы элементтері  Ежелгі Египетте, Қытайда, Индияда,  антикалық Грекияда және т.б.  ертедегі мемлекеттерде басталды.

    Ғылымдар атасы  философия тарихында әлеуметтанудың  бастауын танытатын толып жатқан  әлеуметтанулық ойлар дүниеге  келді. Оларды  дамытуға елеулі  үлес қосқан сол кездің Конфуций, Сократ, Платон, Аристотель сияқты  ғалымдардың әлеуметтік философиясы  туралы ойлары  теориялық әлеуметтанудың  тууына алғышарт дайындады.

     Қытайдың ұлы  фиолсофы және алғашқы әлеуметтік  утопиялық жобаның авторы Конфуций (б.з.б.552 – 479 ж.) айтуынша,  мемлекет ізгілікті,  үлкен жақсы отбасы іспеттес құрылуы керек, ал басқарушы әкей сияқты азаматтар жөнінде қамқорлық жасауы, сол сияқты азаматтар да оны құрметтеп, туысқанындай бірін бірі жақсы көруі қажет. Ол қоғамда әлеуметтік үйлесімділік принципін ұсынды, мемлекетті тірі организм санады.

Ежелгі дәуірдегі социологиялық  көзқарастар грек философтары Платон мен Аристотель есімдерімен байланысты. Бұл ойшылдар әдеп-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды одан әрі жетілдіруге бағытталған  практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар  түзді. Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді.

Платонның «Мемлекеті» жалпы социология саласындағы алғашқы еңбек болды. Оның негізгі тұжырымы әлеуметтік проблемаларды  сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды  жетілдіруге бағытталған саяси  ұсыныстар жасаумен аяқталатын ғылымның көмегімен жетілген мемлекетті негіздеп құруға болады дегенге саяды. Ол еңбек бөлінісінің ерекше рөлін баса көрсетіп, бірінші болып стратификация теориясының негізін қалады. Оның теориясы бойынша қоғам үш топқа (кастаға) бөлінеді: 1) Жоғарғы мемлекет басшылары, даналар, аристократтар; 2) орта, тәртіпсіздік пен бүлікшіліктерді басатын әскерлер; 3) Төменгі, қолөнершілер мен шаруалар кіреді. Жоғарғы топ үлкен артықшылықтарға ие, олар қашанда билікті теріс пайдаланылады. Мұндай жағдай болмас үшін, ақсүйектерді жекеменшіктен айыру керек, өйткені Платон түсінігінде жекеменшік ар-ожданнан бездіреді. Қоғамды басқаруға 50 жасқа толған жоғары білімді, талантты адамдарды жіберу керек. Олар бұл дүниенің қызығынан бас тартып, тіршілік арбауына түспей, өзіне шек қоя біледі.

Әлеуметтанулық ой жүйесінде Аристотельдің  орны ерекше. Оның ілімінде қоғамдағы  тәртіптің тірегі – орта топ. Одан басқа қоғамды екі топ бай  – плутократия және меншігі жоқ - пролетариат бар. Мемлекет мынадай  жағдайда жақсы басқарылады, егер кедейлер тобы мемлекетті басқарудан шеттетілмесе; 2) байлардың мүдделілік өзімшілдігі  шектелсе; 3) Орта топ көпшілікті құрап  қоғамда тұрақтылық қалыптасады. Қоғамды  жетілдіру адамдарды теңестіру  емес моральдық жағынан елді көтеру керек деп үйретеді Аристотель. Әкімдер  жалпыға ортақ теңдікке ұмтылмай, тек мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз етуі керек. Ол жеке меншікті жақтайды. Өйткені, адамдар өзіне қатысты  заттарға көп қамқорлық жасайды  да, таза, адал мүдде қалыптастырады. Меншік ортақ болған жерде оған олар ерекше ынта бөлмейді, енжарлық танытады, ықыласын кемітеді. Екінші жағынан, мемлекет үшін адамдар арасындағы теңсіздіктің шектен шығуы - қауіпті. Аристотель орта топ көпшілікті құраған қоғамды алға тартады.

Алайда, осынау шығармаларда тұтас  алғанда коғам азаматтық қауымға  немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде  қарастырылады, ал  Рим  империясы заманында,  орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кейбіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төртіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты өмір тұтастығын түсінуге бас қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жүйелі қолданыла бастады және де ол қолданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады.Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес.

Сонымен, бұдан кейінгі дәуірлерде (орта ғасырларда қайта өрлеу дәуірінде  де), қоғамдық өмір жайлы жан-жақты  пікірлер болды, бірақ, оларды толық  әлеуметтанулық ілім деп айтуға болмайтын  еді. Өйткені, олар тек әлеуметтік ойлар философиясы немесе алғашқы әлеуметтанулық болжамдар ғана бола алады.

2. "Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Конт нақты ғылым мен білімді үгіттеуші болды және әлеуметтанушыларды қоғамды қатаң ғылыми негізінде зерттеуге шақырады. Алайда, бәрі бірдей оған бір ауыздан үн қата алмады. Сондықтан да кейінірек қоғамтануда екі бәсекелестік бағыт қалыптасты, ол: позитивизм және антипозитивизм. «Конттың 1830 жылдары «Позитивті философияның негізгі курстары» атты еңбегі жарық көрді. Міне, осы еңбегінде негізгі ойлары айтылады. Конт негізін қалаған позитивзмнің (Латын тілінде positivus-жағымды) негізгі мәні мынада, әлеуметтану субъективті пікір мен абстрактілі дәлелсіз философиялыққа салынбауы керек. Ол қоғамды зерттейді, қоғам тірі табиғат сияқты «организм». Табиғат заңдары сияқты, оның дамуын объективті заңдар басқарады. Сондықтан да ол әлеуметтану, биология, анатомия және т.б. жаратылыстану ғылымдары үлгісіндегі нақты ғылымдар жүйесіне кіреді, ол нәтижесін тексеріп білуге болатын дәлелді ғылым. Мұндай «түсіндіруші әлеуметтану», олардың ойынша, қандай да болсын идеология мен жеке адамдардың пікіріне тәуелді болмауы керек.

Конт пен Веберден басқа  әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасып дамуына неміс ойшылы К.Маркс (1818-1883), ағылшын философы әрі әлеуметтанушысы  Г.Спенсер (1820-1903) және француз әлеуметтанушысы  Э.Дюргейм (1859-1917) үлкен үлес қосты. Бұл  ойшылдар қоғамтанулық мәселелерге  жауап іздеді, ол: қоғам дамуының жолдары қандай; ондағы қатынастарды қалай реттеу керек, адамның әлеуметтік мінез - құлқын не анықтайды және т.б. Олардың әрқайсысының зерттеу тәсілі мен теориялық тұжырымы болды.

Э. Дюргейм әлеуметтік таным  жеке индивиттердің мінез-құлқы  мен санасына емес, қоғамның әрбір  мүшесінен жоғары тұратын әлеуметтік фактіні зерттеуге бағытталуы керек  деп түсіндіреді.

Әлеуметтік фактілер –  адамдардың біріккен әрекеті мен  ұжымдық санасынан қалыптасқан  ерекше қоғамдық құбылыс. Бұл қоғамда  әрекет ететін моральдық және құқықтық нормалардың белгілі салт-дәстүрлер  мен әдеттерге, дінге, ғылымға, ағарту ісіне т.б құндылықтарға қатынасы. Осы әлеуметтік фактілер бір қоғамды  екінші қоғамнан ажыратады. Олар индивидтің көпшілік адамдар арасындағы мінез-құлқын айқындайды.

К.Маркстің ерекшелігі, оның дүниені танып, білу ғана емес оны  өзгертуге үндеуі. Өзгерістің негізгі  тәсілі революция-қоғам өміріне  күшпен өзгеріс енгізу. Тек бір  таптық (пролетариаттық), екінші тапты (буржуазияны) жоюуы, қоғамдағы қарама-қайшылықты шешеді.

Бұған қарама - қарсы Г.Спенсердің қоғамды өзгертуге негізгі идеясы-эволюция. Ол табиғаттың тірі организмдердің мыңдаған жылдар бойына қалыптасқаны сияқты, адамзат  қоғамында биологиялық организм сияқты, қоғам жәй формадан күрделі  формаға қарай дамитынын айтады. Әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынан ғана емес, Дарвин мен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол ушін тіклей әлеуметтік құбылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар қажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның туғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының кейбіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы,  экономист,  статист  қана емес,  биолог  жене психолог  болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді. Осылайша, эволюциялық негізде және эволюцияшыл ойшылдар еңбегінің арқасында осы заманғы әлеуметтану қалыптасты. Ол адамдар коғамын жаратылыстык себептілік арқылы тәпсірлеу болып табылады. Ол адамзатты ғарыштык процестерден тыс турған және өзі үшін өзінің ерекше заңына ие тіршілік иесі деп қараудан бас тартады. Әлеуметтану қоғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы мен кызметін эволюция процесінде қосыла карекет жасайтын тәндік, өмірлік және психикалық себептердің карекеті деп түсіндіру әрекеті болып табылады.

М.Вебердің негізгі ойы-жалпыны  қамтитын рационалдық (латын тілінде  «rationalis» - ақыл-парасаттық) идеясы, яғни ақыл парасатқа бағытталып, мақсаттандырылып ұйымдастырылған өмір. Бұл: 1. рационалды тиімді шаруашылық; 2. рационалды бюрократия, яғни пісіп-жетілген қоғамды басқару жүйесі; 3. рационалды құқық – адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін нақты және іс-әрекеттегі нормалар мен тәртіптер; 4. рационалды дін, адамдар бойында еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, адалдық пен әделеттілік қалыптастырды.

Франклин Гиддингс (1855- 1931) – Герберт Спенсердің эволюциялық идеяларын салыстырмалы және тарихи талдау саласында колданған алғашқы американ әлеумет-танушыларының бірі. Оның бастапқы еңбектері психологиялық эволюционизм мәселелеріне арналған болатын. Он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған оның еңбектері американ әлеуметтануының дамуындағы бірнеше сипатты бағытты, соның ішінде психология саласындағы теорияларға ынта қойғанын көрсетеді. Кеиінгі еңбектерінде бихевиоризм мәселелерін құлшына зерттеп, бұл жұмыс американ неопозитивизмін дамыту ушін елеулі турткі болды. 
       3. Әлеуметтік ырықта да, физикалық эволюцияны да, оларды ғылыми татуластыру негізінде біріктіруге саналы талпыныспен бірге мойындауды біз тек жүйелі әлеуметтанудан ғана табамыз. 
        Конт философиясында мүлдем шынжау объективті тәнсір кейінгі ойшыларда шапшаң дамып кеткені секілді, сорымызға қарай, соншалық дәрежеде болмаса да, субъективті тәпсірлер де дәл солай дамыды. Конт ғылымы, білімі бар мемлекет қайраткерлер қоғамды қайта құрып, оның прогресіне жетекшілік ете алады деп топшылады. Спенсер философиясында бұл пікір ішінара теріс ыңғай алды. Мемлекеттік қайраткер өз өнерімен қоғамды жақсарта алмайды, есесіне оны шексіз құлдырата алады. Лестер Уолд шығармаларында(Dinamic Sosiology, Psychis Factors of Civilization) бұл пікір қайтадан оң ыңғайда көріне бастайды. Ол өзінің тағдырын қалай болса солай өзгерте алды. Ол теологиялық жағынан прогресшіл бола алды. Натуралисттік ойлау жүйесі салтын ұстанатын, бірақ өздерінің шығармаларында социализм талаптарынының мұқият зерттелуін берген Лименфильдтің (Gedanken uber eine Sozialwissenshaft der Zukunft) А. Шефленнің(Ban und Leben des sozialen Korpers) және профессор Гильом де Грифтің (Introduction a la sociologie) аса көрнекті туындыларында біз әлеуметтік философия саласындағы идеализм мен натурализмнің тарихи қарым-қатынасының егжей-тегжейлі шолуы мен физикалық және ырыстық құбылыстардың бірдейлігін дәлелдеудің тамаша әрекетін көреміз, оларды Фулье «Күштер идеясы» (La Psychologie des idees forses6 L Evolutionisme des idees forses) эволюциясының фазасы қарастырады. 
Осынау ауқымды еңбектерді неғурлым зейінді зерттеу, алайда, бізге олардың қоғамды ырық процесі арқылы түсіндіру, олардың физика арқылы түсіндірілуіндегідей ғылыми дәлдікпен талдап әзірленбегендігін көрсетеді. Шынында да, ең көрнекті әлеуметтанушылардың кейбіреулері устанатын әдісте олардың ғылымына орынсыз кінәларды төндірген маңызды кателік жатыр. 
Осының барлығына сәйкес әлеуметтанушылар алдында үш міндет пайда болады. Біріншіден, ол қарапайым агрегация мен бірігуді анықтайтын талаптарды ашуға тырысуға тиіс. Екіншіден, ол әлеуметтік таңдауды басқаратын заңды, яғни субъективті процесс заңын ашуға тырысуға тиіс. Үшіншіден, ол сондай-ақ жаратылыстық сұрыптауды және таңдауын басқаратын заңды, яғни объективті процесс ашуға тырысуға тиіс.

Қолданылған әдебиеттер: 

  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. 
  2. «Қазақ энциклопедиясы» , 7 том

3. К.У. Биекенов, С.К. Биекенова, Г.А. Кенжакимова. Әлеуметтану: Оқу кұралы. - Алматы 2012.

4. Әбдікерова Г. О. Әлеуметтану: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2011.


Информация о работе Социология ғылымының тарихы