Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 21:16, реферат
Бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту- баршамыздың басты парызымыз. Осындай күрделі міндетті ойдағыдай орындау үшін мұғалімге бұрыңғыдан да зор талаптар қойылады.
Оқытудың жаңа технологиясының бірі-педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі іліміне сүйене оқыту болып табылады. Нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек ете білетін, қабілетті жастар керек. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады.