Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 19:50, реферат
Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. world politics] - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды.
Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. world politics] - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа сая¬си қатынастарға жол ашты. Ол бойын- ша мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет өз аумағында толық билікке жетті және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Өзіне тән басқару тетіктері мен аппараты, саяси және құқықтық нормалары бар ішкі және мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бас- тады. Осы уақыттан бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын "молекула" күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық қарым- қатынас мүшелері - қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға бірік- кен немесе өз беттерінше әрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси қатынастарды талдаумен айналысатын ғылымдар да пайда болды: мемлекетті талдау деңгейінде - саясаттану; мемлекеттердің қарым-қатынасы деңгейінде - халықаралық қатынастар
Әлемдік саясат ұғымы.
Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар — сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық, Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады
Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметгік топтар мен жеке адамдар жөне т.б. мемлекетгік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халыкаралық қатынастарда сыртқы және халыкаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және ха-лықаралык саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы коғамның мүддесін корғайды. Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шартгар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.
Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты Солардың ішінде ең бастысы — мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қазір де жоғары бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазына-сын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Өйткені қаңдай артта калған ел болмасын қазір ха-лықтардьщ сана-сезімі өскен, ез басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күңде де қолына тусіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады.Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп-төстеу өте қымбатқа түседі ,және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Буған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те жеткілікті.
Қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы күрделі мәселелер
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында "қырғиқабақ соғыс" пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезенде әскери-саяси басымдылықка зор сенім артылды. Глобальды (латынның "глобус" — Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын қамти-тын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке "глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда іс істе" деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екіжақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.
Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді. Сондықтан 80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біз солардың негізгілеріне тоқгалып өтейік.
Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.
Бүгінгі таңда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық оқбасы (боеголовкалар) қауіп төндіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең. 80 жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың жарылысының өзі 58 млрд. адаңды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірердей күші бар.
Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүние-жүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында "ядролық қыс" тууы мүмкін. Оған себеп — ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. Соның салдарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа соқтырады. Жер тез суи бастайды. Климат жағдайлары күрт озгеріп, биосферада қайта айналмас процестер басталады. Демек, ядролық соғыстың салдары тек оған қатысушыларды ғана қамтып қоймай, барлық адамзатқа апат әкеледі.
Қазіргі заманда жеке елдер арасындағы дау-жанжал, аймақтық әскери қақгығыстар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қаупі бар. Мұндай жағдайдақай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік тек бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық, жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.
Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда. Оған жоғарыда сөз етілген термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология мәселелеріжатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір, мұнай, газ, темір және т.б. адамдарға әте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ.
Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда. Мамандардың айтуына қарағанда, жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80%-і сапасыз судың салдарынан пайда болатын керінеді.
Терроризмнің кең таралуына, оынң өте-мөте Азия құрлығында көбірек етек алуына байланысты бұл құбылыстың табиғаты жөнінде әр түрлі пайымдаулар пайда болуда. Кейбір саясаттанушылар тіпті әлде бір террористік өркениеттің пайда болғаны, қазіргі заманғы әлемді батыстық үлгіде жаңғыртуға, яғни, жаһандастыруға өзіндік жауап ретінде деген сәуегейлікті де айтады. Белгілі зерттеуші С. Хантингтонның пікірінше, терроризмнің тамырлары «батыс имперализмі» саясатында және оның жиырмасыншы ғасырдың басым көпшілігі бойына мұсылман әлемінде үстемдік жүргізуінде жатыр. Сонымен қатар, «бұл мұсылман халықтарының өз мемлекеттері ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа, үкіметтердің тиімсіз жұмысы, олардың қуғын-сүргін әрекеттеріне және өздері осы режимді қолдайды деп білетін батыс елдеріне қарсы жауабы».
Жаһандастыру жағдайында - әлемдегі экономикалық, мәдени және қаржылық байланыстардың бір біріне тартылысуы және бірігуі кең көлем алып, күшеюде – біз көбіне «орын кеңістігінде» емес, «ағымдар кеңістігінде» өмір сүреміз. Бұл кеңістік «қысқарып» келеді, уақыт «жоғалып келеді», біз «қысылып бара жатырмыз» және сондықтан да бәріміз бірігіп те келе жатқандаймыз.
Алайда адамзат қауымы өзінің даму барысындағы ең бір күрделі кезеңді басынан өткеруде, әлем бір жағынан ұйымдасқан, екінші жағынан хаосқа кірген, бір жағынан жаһандасуда, екінші жағынан локалдықты жақтайды, бір жағынан бірігеді, екінші жағынан бөлінеді.
Саясаттанушылар ескертеді: әлемде үлкен соғыс жүріп жатыр, бірақ ол атыссыз, оқсыз, соғыс тіршілік үшін соғыс. Бұл соғыстың жаңа түрі - әлемді билеу үшін психологиялық және экономикалық соғыс. Бәсекелестік әлемде әмбебап кредоға, идеологияға айналған. Трансұлттық компаниялар планетаны тұтас бір жаһанды базар деп есептейді. Жаһандастыру мемлекеттер арасындағы өзара бейбітшілікке қауіп тудырады – осы жағдайда қарамағында, яғни қол астында жаңа технологиялар мен арзан, бірақ жоғары білікті жұмыс күшін иеленген кейбіреулер ғана бекіп, өзін өзі көрсетіп тұрақтап қала алады.
Сонымен бірге кең таралған пікірлер де бар. Мысалы, жаһандастыру саяси билік пен ұлттық мемлекеттерді басқаруды құртуға әкеледі, бұл Д. Беллдің формуласы бойынша «үлкен тұрмыстық мәселелерге бұл кішкентай болуы, керісінше кішкентайларға- тым үлкен болуы мүмкін». Бұл жағайда жаһандастырудың бесігі – Батыс болғандықтан, олар жаһандастыру тенденцияларын ойлап шығаруда.