Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 17:41, курсовая работа

Краткое описание

Әлеуметтік мобильділік (лат.mobiles-жылжымалы) – әлеуметтік жылжымалылық жекеліктің немесе әлеуметтік топтың бір йлеуметтік жіктен екіншісіне өтуін, ауысуын, әлеуметтік тұғырдың өзгеруін білдіреді. Әлеуметтік мобильділік ұғымын енгізген – П.Сорокин. Әлеуметтік мобильділік көп мәнді жәйттерге тәуелді болатын әлеуметтік өмірдің маңызды көрсеткіші. Әлеуметтік мобильділік тік және көлбеу болып бөлінеді. Тік жылжымалылық өрлеуші және құлдыраушы түрлеріне бөлінеді. Бұл әлеуметтік мәртебенің жоғарлауын немесе төмендеуін көрсетеді. Көлбеу жылжымалылық бір әлеуметтік деңгейдегі өзгерістерді білдіреді. Мысалы, қарапайым құрылысшы айлығы бірдей, бірақ үйіне жақын зауытқа ауысады. Керісінше тік жылжымалылық осы жұмысшының немесе оқытушының басқа қалаға, айлығы жоғары орынға баруын көрсетеді.

Вложенные файлы: 1 файл

№4(1).docx

— 22.72 Кб (Скачать файл)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ№4

Баяндама

Тақырыбы:Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері

 

 

 

 

Орындаған: Балмұрзаева Г.М. ШТ-15

Тексерген: Исабаева Ш.С.

 

 

Астана,2013ж

Әлеуметтік  мобильділік және оның түрлері

Әлеуметтік  мобильділік (лат.mobiles-жылжымалы) – әлеуметтік жылжымалылық жекеліктің немесе әлеуметтік топтың бір йлеуметтік жіктен екіншісіне өтуін, ауысуын, әлеуметтік тұғырдың өзгеруін білдіреді. Әлеуметтік мобильділік ұғымын енгізген – П.Сорокин. Әлеуметтік мобильділік көп мәнді жәйттерге тәуелді болатын әлеуметтік өмірдің маңызды көрсеткіші. Әлеуметтік мобильділік тік және көлбеу болып бөлінеді. Тік жылжымалылық өрлеуші және құлдыраушы түрлеріне бөлінеді. Бұл әлеуметтік мәртебенің жоғарлауын немесе төмендеуін көрсетеді. Көлбеу жылжымалылық бір әлеуметтік деңгейдегі өзгерістерді білдіреді. Мысалы, қарапайым құрылысшы айлығы бірдей, бірақ үйіне жақын зауытқа ауысады. Керісінше тік жылжымалылық осы жұмысшының немесе оқытушының басқа қалаға, айлығы жоғары орынға баруын көрсетеді. Ашық, демократиялық қоғамда тік жылжымалылық жоғары деңгейімен сипатталады.

Әлеуметтік мобильділік  жекеше (жеке адамдікі) немесе коллективтік болуы мүмкін. Коллективтік әлеуметтік мобильдік қоғам өмірінде, құрылысында  ірі өзгерістер тудыруы мүмкін. Бұл  соңғы экономикалық салада немесе саяси-идеологиялық салада болуы мүмкін.

Әлеуметтік мобильділіктің екі типі болады, олар: вертикальды және горизонтальды.

Вертикальды мобильділік –индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильділік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында болады. Жоғары өрлеу бағытындағы мобильділікке адамның қызметінің жоғарылауы (кәсіби вертикалды мобильділік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикальды мобильділік) жатады.

Адамның вертикальды төмен  бағыттағы құлдырауы да өмірде  жиі кездесетін мобильділіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильділіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.Э. Гидденс мобильділіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильділігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильділіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады.Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады,керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.

Горизантальды мобильділікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Сол сияқты көлденең бағыттағы  мобилділіктің мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші бір азаматыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылқан жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрнде де индивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды. Көлденең мобильділікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің  әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аудуруды жатқызуға болады.

Мобилділіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильділіктер деген де түрлері бар.

Ұрпақтар арасындағы мобильділікте балалар өздерінің әке-шешелерінің әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін.Мобильділіктің бұл түрі ұзақ мерзімдік процеске және әлеуметтанушылардың зерттеуіне таптар арасындағы мобильділік себептері жатады.

Ұрпақтар ішіндегі мобильділікте индивид өз өмірінде вертикальды өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. Жоғары өрлеу-әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид өз өмірінде токарь, инжинер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін. Мобильділіктің бұл түрі керісінше қысқа мерзімді процеске және әлеуметтанушылардың зерттеуіне дене еңбегінен ой еңбегіне ауысу себептері жатады.

Жоғарыда көрсетілген  әлеуметтік мобильдіктің негізгі типтермен  бірге оның ұйымдасқан мобильділік түрі де болады. Мұнда топтардың жоғары, төмен, көлденең бағыттағы мобильділігі мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар адамдардың келісімі бойынша және олардың келісімінсіз де болуы мүмкін.

Әлеуметтік мобильділік құбылысының екі өлшемі бар. Олар – мобильділіктің жылдамдығы және көлемі.

Әлеуметтік мобильділіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке индивидтің  осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді.

Ал, мобильділіктің көлемі немесе қарқыны белгілі бір уақыт аралығындағы өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің санымен өлшенеді. Бұл сан абсолюттік болады да, оның қоғам халқының  жалпы санына қатынасы салыстырмалы көлемді пайызрақылы көрсетіледі.

Американ әлеуметтанушылары  П. Балу мен О. Дункан дамыған елдердегі  әлеуметтік  қарқынын зерттеу нәтижесінде  АҚШ-да тік жоғары бағыттағы мобильділік басым деген қорытындыға келген. Батыс ғалымдары постиндустриалдық  қоғамдарда «төменгі» және «жоғары таптардың» үлес салмағына қарағанда «орта таптың» үлес салмағының өсіп  отырғындығын айтады. Мәселен, С. Липсет  АҚШ-тың әлеуметтік таптың құрылымын бүйірі шығыңқы ромб бейнесінде көрсетуге болады дейді.

П.А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: “Егер мобильділік абсолютті түрде әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда әлеуметтік страталар да болмас еді .”

Олай болса барлық қоғам  страталарға жіктеледі. Қоғам өзінше бір “елеуіш”тәрізді, яғни онда индивидтер мен тптарды белгілі бір өлшемдерге байланысты іріктеп, жіктеу бар. Соның  нәтижесінде біреулер әлеуметтік сатымен  жоғары көтеріледі, ал, екінші біреулер төменгі сатылардан орын алады”.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. “Социология”Ә.Х.Тұрғынбаев
  2. “Әлеуметтану негіздері”Ш.Қ.Қарабаев
  3. “Социология”М.Тажин
  4. “Шетелдің әлеуметтанушылар тарихы”Б.Ж.Смағамбет

Информация о работе Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері