Құқық қорғау органдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 20:51, реферат

Краткое описание

Қоғам дегеніміз — адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады

Вложенные файлы: 1 файл

кукык коргау.docx

— 28.57 Кб (Скачать файл)

                                                   Құқық қорғау органдары

Қоғам дегеніміз — адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады. Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады. Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен. Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.        Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.

    Заңдылық табиғатын  түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:

— Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың бәрі бірдей жәнө бәрі де оған бағынуы тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла алмайды.

— Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің бүкіл аумағына таралады.

— Заңның үстемдік қағидаты. Ол дегеніміз — мемлекеттің өмір сүруі лауазым иелерінің өздерінің міндеттері мен құқықтарын қатаң іске асыруы арқылы тек заң негізінде ғана жүзеге асырылуы тиістігін білдіреді. Мемлекет құқық Корғау органдарының қызметкерлеріне өз ұйғарымы бойынша еркін әрекет етуге, өз дегенімен шешім шығаруға, қандай да бір себептермен заңды орындап не орындамауына жол бермейді.

— заңдылықты іске асырудың тұрақтылық қағидаты. Заңдылықты іске асырудың тұрақтылығы кез келген заң бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан оның жолы кесілетіндігін, заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылмайтындығын білдіреді.

— Заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қоюға болмайтындық қағидаты. «Жоғары мүдделер», «халық талабы», «мораль (өнеге) талабы» деген желеулермен заңылықтан кез келген кері шегініс қоғамның тұрақсыздығына әкеліп соқтырады, құқықтық нигилизмнің (немқұрайлықтың) өсуіне жағдай жасайды. Егер заң ескіріп, оны пайдалану орынды болмай қалса, онда оны тек заң арқылы белгіленген рәсімге сәйкес өзгерту, толықтыру қажет, Заң өзгеріс енгізілгенге дейін өмір сүреді, әрекет етеді. Бұрынгылар «заң қатал болса ғана заң» («Dura lex, sed lex») деп бекер айтпаған.

— Заңдылық пен мәдениеттілік қағидаларының байланыстылығы. Мәдениеттіліктен ада заңдылық туралы әңгіме болуы да мүмкін емес: тұтас алғанда қоғамның, жекелеген азаматтардың мәдени деңгейі жоғары болған сайын, заңдылықтың да деңгейі жоғары болады.

       Басқа  бір құқықтық құбылыс — құқықтық тәртіп заңдылығымен байланысты. Құқықтық тәртіп — бұл заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың тәртіптілік жай-күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтық нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі. Заңдылық — талап, құқықтық тәртіп — осы талаптарды орындау тәжірибесі. Құқықтық реттеудің мақсаты құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де нормативтік құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар жүргізіледі. Құқықтық тәртіп пен заңдылық арасында бір-біріне тікелей тәуелділік бар: заңдылықтың нығайтылу құқықтық тәртіпті нығайтады, ал бұған керісінше, егер заңдылық бұзылса, онда құқықтық тәртіп те іле-шала бұзылады.

    Құқық қорғау  қызметі кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына заңмен белгіленетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға болады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің төрт түрі белгілі:

1) қылмыстық-құқықтық (қылмыс  жасаған жағдайда)

2) азаматтық-құықтық (қылмыстық  жауапкершілікке әкеліп соқтырмайтын мүліктік зиян келтірілген жағдайда);

3) әкімшілік-құқықтық (әкімшілікке теріс қылық жасау; мысалы, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу);

4) тәртіптік (өзінің еңбек ету және басқа міндеттерін атқармау немесе оларға салдыр-салақ қарау).

Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал ету шараларын қолдануды талап етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі санкция қарастырылған болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану шегін қажетті тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.

Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы

Құқық қоргау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды. Қылмыстың жасалуына итермелеген себеп пен жағдай және қылмыстылықтың жолын кесу шараларын қабылдау.

 Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады.  Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б. Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді. Полиция органдарының қызметі. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б. Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті. Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық береді. Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып табылады. ПМ-нің полициялық органдарынан басқа Қаржы полициясы агенттігінің жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс істейді. Қаржы полициясының құқықтары төмендідей: салықтарды төлемеуге байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау; салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану; салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу  Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді.

Құқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттік органдардың бірі — соттар. Сот әділеттілігін іске асыра отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан босату т.б. сияқты шешімдер қабылдай отырып, құқықты қолданып, өзінің биліктік құзыретін жүзеге асырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, олардың мүдделерін, әділ, заң арқылы қорғауға тиіс орган. Адамдар қажет болғанда әділдік үшін сот төрелігіне жүгінеді. Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады.

  Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:

— Сот әділдігін тек  қана сот жүзеге асырады.

— Сот әділдігі қатаң түрде  заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді. Сот әділдігінің барлық маңызды мәселелерін тек қана заң анықтайды.

Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгенін көрсетеді. Сот шешімін орындамау мемлеттік мәжбүрлеу, тіптен бостандығынан айыру шарасын қолдануға алып келеді. Қазақстан Республикасында сот әділдігі соттар арқылы ғана жүзеге асырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар сот әділдігін жүзеге асыра алмайды. Соттың шығарған шешімдерін бұзуға немесе өзгертуге тек қана соттардың ғана құқығы бар.

Сот билігін жүргізуші — судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз соттап жіберуден қорғайды. Әр азамат заң жүзінде кінәлілігі дәлелденгенше кінәлі емес деп есептеледі. Тек сот үкім шығарғаннан кейін ғана оны қылмыскер деп айта аламыз.

Қазақстан Республикасының  прокуратурасы — Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Парламент сенатының келісімімен қызметке бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады. Бас прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын бірінші орынбасары және орынбасарлары болады.

Прокуратура органдары жүйесіне: Бас Прокуратура облыстардың прокуратуралары; республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары; ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді. Басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілерін, айрықша тапсырмалар жөніндегі көмекшілерді, аға прокурорлар мен басқармалардың және бөлімдердің прокурорларын қызметке Республиканың Бас прокуроры тағайындайды және қызметінен босатады.

Адвокатура — заңгерлердің азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, сот әділдігін іске асыру, заңдылық тәртібін нығайту мақсатында заңдық көмек көрсету үшін ерікті түрде ұйымдасқан бірлестік

Жеке және заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсету, құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, заңдылықты сақтау және нығайту, жеке адамдардың құқықтарын қандай да болмасын қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күресу, сот әділдігіне жәрдемдесу.

 

Адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтары  шебер, істі жақсы біліп, біліктілік танытып, құқығы қорғалғанда ғана толық көлемде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда заңды білу ғана емес, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану тәжірибесін білетін білікті маман керек. Азаматтар, әдетте, заңнаманың негізгі ережелерімен ғана таныс. Ал субъективтік құқықтарды қорғау үшін заңды неғұрлым терең білу және оларды қолдану тәртібін меңгеру қажет. Бұл кәсіби білімі бар заңгерлер мен адвокаттардың көмегін қажет етеді.

Адвокат — адвокаттық қызмет шегінде кәсіптік негізде заңдық көмек көрсететін, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын азамат. Қазақстан Республикасында болашақ адвокаттарға белгілі талаптар қойылады. Болашақ адвокат Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары заңдық білімі, заң мамандығы бойынша екі жылдан кем емес жұмыс өтілімі болуы міндетті. Адвокаттық қызметпен айналысу үшін біліктілік емтиханын тапсырып, Әділет министрлігінің лицензиясын алуы керек. Адвокат адвокаттар алқасының мүшесі болуға міндетті.

Қазақстан Республикасының әділет органдары мен мекемелері

Әділет саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін атқарушы биліктің орталық органы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аумақтық әділет мекемелеріне, нотариалдық кеңселерге, азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін органдарга (АХАТ), қылмыстық атқарушылық жүйеге, оку орындары мен ғылыми мекемелерге басшылық қызметін атқарады.

Әділет министрлігінің негізгі міндеттері:

Саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірдің құқықтық негіздерін бекітуге ықпал ету;

Информация о работе Құқық қорғау органдары